ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


Аманкулова К.С., Байхадамова Б.Е.(Жамбыл)



бет45/56
Дата31.12.2019
өлшемі27,72 Mb.
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56

Аманкулова К.С., Байхадамова Б.Е.(Жамбыл)

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы – шығармашылықпен жұмыс істей алатын, қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Сондықтан XXI ғасыр оқыту процесіне педагогикалық технологияны пайдалануды талап етеді. Бұл тәсіл оқытудың мазмұнын жетілдіреді, олардың әдістері мен құралдарының бірлігін қамтамасыз етеді. Бұл заңды процесс, себебі мемлекетімізде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша тұрғыда қарауды талап етіп отыр.

Педагогикалық технология оқушылардың оқу процесіндегі белсенділігін арттыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауға, күтілетін түпкі нәтижеге жетуге тікелей әсер етеді. Соңғы он жылдықта оқу – тәрбие процесіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етеді. Соның бірі, он екі жылдық білім беру жүйесінің дүниеге келуі – қоғамдағы өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Мұндағы жаңа білім мазмұны әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтиды.

Оқытудың жаңа жүйесіне көшу әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін, өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басына, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру, оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауына ықпал ету болып табылады. Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беру үшін олардың танымдық қасиетін дамыту басты мақсат болып отыр. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу – әр пән мұғалімінің міндеті.

Білім сапасын арттыруға қолайлы жағдай туғызудың бір жолы − бұл оқу процесіне тұлғаға бағдарланған технологияларды енгізу деп ойлаймын. Міне осы бағытта қазіргі білім беру жүйесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиялары кеңінен қолданылып жүр.

Оқыту процесін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я.А. Коменский оның пікірінше оқыту “технологиялық” болуы қажет. Оның мағынасы нені үйретсе де, нені оқытса да оқу процесі табыссыз болмауы керек. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды.

АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда “білім берудегі технология” термині пайда болды. Бұл көбіне оқу процесінде техниканы пайдалануға байланысты да болды.

60-шы жылдарда америкалық және батыс Европалық білім берудегі реформаларға байланысты “оқу процесінде межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады” мағынасын беретін “педагогикалық технология” термині пайда болды. Ал дидактикалық технологияның мәселелері біздің заманымыздың екінші жартысында техника мен технологияның қарқынды дамуы нәтижесінде пайда болды. Оқыту технологиясы, яғни кеңірек айтқанда педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен құралдарының табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады. Педагогикалық технология ғымының қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология ғылымының мәні түрліше қарастырылады. Педагогикалық технология мәселесіне арналған П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов, В.М. Кларин, Ж.А. Қараев, Т.Т. Галиев т.б. ғылымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған.

Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Берілген анықтамалардан “технология” technе - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады.

Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын және маңызды құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогикалық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихи-педагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды.

Педагогикалық технологиялардың көкейтестілігін анықтауда төмендегі қайшылықтарды атауға болады:

- қоғамның педагог мамандарға қойып отырған талабының күшеюі мен кәсіби білім беруді жүзеге асыруда кездесетін қиыншылықтар арасындағы;

- қайта дамып отырған жекелеген педагогикалық жүйелер мен оларды жылдам өзгеріп отырған еңбек шараларына бейімдеу, білім беру жүйесінің консервативтілігі арасындағы;

- ғылымның даму деңгейі мен өндірістің оны іске асыруға мүмкіндік деңгейі арасындағы;

- мұғалімнің әлеументтік ролі және қоғамдық ақпараттық-коммуникациялық қызмет арасындағы;

- педагогикалық жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларының мазмұнының әдістемелік құралдары және қоғам мәдениеті арасындағы болатын қайшылықтар.

Қоғамдық-тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік-қызметі – білімді жинақтауда емес, бар білімді қайта қалыптастыруда. Сондықтан қазіргі заманғы мектептер оқушылардың ойлау белсенділігін кеңінен дамытып, білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға, оларды теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті. Мұны П.П. Блонскийдің, Л.С. Выготскийдің, С.Л. Рубинштейннің, А.Л. Леонтьевтің, П.Я. Гальпериннің, Н.Ф. Талызинаның, Дж. Брунордың және т.б. зерттеулері дәлелдейді.

Білім берудің сапасын мәнді жоғарылату жолдарын іздестіруде, нақтырақ айтсақ, жоғары білімнің Н. Чебышев пен В.П. Коган пәнаралық байланыстың тұжырымдамасын негіздей отыра оны жоғары білім беру тәжірибесіне енгізудің нақты оқу-әдістемелік механизмін ұсынады. Бұл бағыттағы, инновациялық іс-әрекет мәселесі жалпы білім беру мектептерінде шешілуі қажет.

Сондықтан, әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор. “Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі”, - деп көрсетеді С.В. Селевко.

Қоғам өмірінің барлық салаларында яғни экономикасы мен әлеуметтік қатынастарында көптеген өзгерістер туып отырған жағдайда білім беру ісінде де өзгерістің болуы заңды нәрсе. Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды. Бүкіл қоғам өмірінде бой көрсеткен келеңсіздіктің халыққа білім беру саласына да соқпай өтпегені мәлім. Сонымен, халыққа білім беру жүйесі қоғамдық әрекеттердің басқа салаларымен де қатарлас алға басуы керек.

Педагогикалық техногогияны қолдану білімді сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларға ірге болуға нақты негіз болып, әрбір мектепке өзіндік тұлғасын табуға, әрбір мұғалімге өзіндік әдістемелік жүйесін құруға себептігін тигізеді. Оқытудың нәтижелі болуы оны ұймдастыру әдістеріне және бастамашылдыққа жаңа педагогикалық инновациялық әдістемелікке байланысты. Өйткені, ХХІ ғасырдағы технологиялардың соншалық жылдам қарқынды дамуы адамзат өмірінде болып көрмеген шапшаңдықты талап етеді.Қазақстанның бұрынғы жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшуі, қоғамдық құрылыстың күрт өзгеруі білім беруді уақыт талабына сай үйлесімді құрып, оның әлемдік деңгейдегі мәжеге сәйкестікте оқытудың екі бағдарда өріс алуы.

1. Дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау.

2. Оқыту үрдісіне инновациялық оқыту енгізу.

Бұл жүйелерді таратып айтсақ, дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау оқушыға берілетін білім мен игерілуге тиіс ұғым-түсінікті меңгеру, уақытқа үйлесімді жетілдіріп жаңа педагогикалық технологияға сәйкес дамыту. Дәстүрлі оқу пәндерінде шоғырландырылған мақсат пен міндеттер қойылмайды, пәнді меңгерудің басты міндеті болып, ғылыми міндеттерді фотографиялық түрде меңгерту, көбінесе есте сақтау мен қайта жаңғырту деңгейінде (кей кезде ойлау қабілетінің қатынасынсыз) ғана қалады. Мұғалімдердің жұмыс тәжірибелерін зерттеу, когнитивті ауқымдағы (Б. Блум) білім беру мақсатының технологиясымен сәйкес, мұғалімнің зейіні мен меңгерілген материалды “Білімділігіне” және “Түсініктілігіне” шоғырланады, ал талдау-жинақтауға, оқушылардың әрекетін өздік бағалауына, мұғалім іс-әрекетіне аз деңгейде назар аударылатынын көрсетіледі.

Ал иновациялық оқыту: оқушының мүмкіндігі мен шамасына қарай мәселенің байыбына барып, үлгі көрсетер өнегелеріне еліктеп, тағылымдық жолдарын қабылдау, оған шығармашылық тұрғыдан пайымдау жасауға үйрету. Сонымен қатар шығармашылдық ойлау мен бастамашыл іс-әрекеттегі саналылықты өрістетуге зерттеушілік тұрғыдан белсенділігін жетілдіріп, іс-әрекетке бейімділігін, қызығуын қалыптастыратын жол. Инновациялық оқытуда мұғалім көшбасшылық міндет атқарғанмен, жүзеге асырылатын істің бәрін өз қолына алмайды, менің айтқанымдай болсын деп қарамайды, әміршілік жолды ұсынбай режиссерлік міндет атқаруға бейімделеді.

Кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады. Философия жалпы реттеуші білім беру технологияларын әдіснамалық қамтамасыз етеді. Философиялық тұрғы білім беру мазмұнында, пән мазмұнында басшылыққа алынады. Бірақ, идеологиялық бағдарда бірізіділік жоқ, сондықтан мектептегі білім мазмұны әлемнің бүтіндей картинасын бере алмайды. Әдістер мен тәсілдердің философиялық негізін байқау қиын, ал технология бөлігі бір философиялық негізді ұстанушы ретінде қызмет ете алады.

Көптеген педагогикалық технологияларда кездесетін философиялық бағыттар:

- материализм және идеализм;

- диалектика және метафизика;

- гуманизм және антигуманизм;

- антропософия және теософия;

- прагматизм және экзистенциализм.

Педагогикалық технология дерекнамасы педагогика, психология және әлеументтік ғылымдар, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, халықтық педагогика, отандық және шетел педагогикасындағы озық идеялар болып табылады. Кез-келген қазіргі педагогикалық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктері дғстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеументтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы болады.

Бір технологияның өзі әр орындаушыда әр түрлі сипатта болуы мүмкін, өйткені, шебердің тұлғалық компетенттілігі, оқушылар контингенті, сыныптағы психологиялық ахуал, көңіл-күй әр түрлі болуы мүмкін. Бір технологияны қолданғандағы әр педагог алған нәтиже әр түрлі болғанымен, бірі-бірімен ортақ технологияның сипатына сай белгілері болады.

Педагогикадағы ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде В.П. Беспалько: “Оқу технологиясы – тәжірибеде жүзеге асырылатын, белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы”, - деп көрсетеді. Мұнда ғалым педагогикалық ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қарастырады.

Педагогикалық технология білім алу іс-әрекетіндегі амалдардың негізінде таңдалған кәсіптік қызметтің тәсілдерін, қабылдаушылардың танымдық іс-әрекеті деген анықтама береді. Сонымен, технология деп белгіленген мақсатты тиімді орныдау үшін материалдарды түрлендіру процестері мен әдістердің жиынтығы және бір ізділігін, кешенді бірлігін айтуға болады.

Сонымен ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.

Әдебиеттер

1. Кукушкин В.С. Современные педагогические технологии. Начальная школа. Пособие для учителя. (Серия “ Учение с увлечением”). – Ростов н/Д: изд-во “Феникс”, 2004.- 384 с.

2. Подласый И.П. Педагогика начальной школы: Учебное пособие .- М.: Гуманит. Изд.центр ВЛАДОС, 2000.- 400 с.

3. Ш.Т.Таубаева, С.Н.Лактионова Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования.- Алматы, Научно-издательский центр “Ғылым”, 2001 г., 296 с.



ЖАҢАША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН САБАҚТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Байтохина А.Т.(Ақтөбе)
Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Жаңа ғасырға сай өзгеше қабілет, қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Ал осының барлығы тікелей білім-ғылым саласына байланысты. Сондықтан білім беруді жетілдіру, ақпараттандыру, білім алушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін арттыру, оқу дағдысын жетілдіру мәселелері көтерілуде. Педагогикалық инновация, жаңа педагогикалық технологияға негізделген сабақтың дәстүрлі емес типтері, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану тірек-сигналдар технологиясы, проблеманы оқыту, интерактивті оқыту, интеграция, модульдік оқыту тағы басқа қайсысын алсақ та, жас жеткіншекті, жеке тұлғаны біліммен, біліктілікпен қаруландырудың түрлі құралдары болып табылады.

Бүгінгі күнде ең алдымен, оқушыға оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл аударуды күшейтіп, әр оқушының жеке тұлғалық қасиеттерінің барлық байлығын дамытып, оны толық ашуға мүмкін болған жағдайды құру қажет. Осыған байланысты қазіргі мұғалімдер алдында тұрған міндет оқушыға белгілі бір білім жүйесін терең меңгертіп қана қоймай, оқу белсенділігін арттырып, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін айтарлықтай дамыту болып табылады. Сондықтан оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, әр сабақты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін,ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани ошағына, жетпес қазынасына айналатыны сөзсіз.

Осы айтылган талаптарды орындау үшін Қазақстан білім және ғылым министрлігі тарапынан Кембридждік оқу бағдарламасын білім беру саласына енгізу туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда шетел әріптестеріміздің тәжірибесімен бөлісу мақсатында үш айлық оқыту курстары жүргізіліп жатыр. Сол курстың білім алушыларының бірі болып мен де қатысып білім алдым. Осы курста мен аталған жеті модульдің сабақта қарастырылған идеялары мен байланысын ескере отырып, сапалы оқыту –мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылатынын, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылатынын оқу барысында түсіндім. Кейін мектептегі тәжірибеде өз біліп үйренгенімді өзіме жүктелген мұғалімге үйреттім. Ал кейін өзім осы үш айлық курсына тренер болып өз білгендеріммен ой бөлістім.

Әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз.Сіз өзгересіз,себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз,балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз,оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет.Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет. (С.Бич, 2012 ( Ресурс 15-бет) айтып кеткендей курс бағдарламасындағы Абрагам Маслоудың гуманистік теориясы, Лев Выготскийдің әрекеттік тұрғыдан оқыту теориясы, Джон Дьюидің сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру идеясы, Джонн Хэттидің метаанализі, талдау, жинақтау, қорыту, бағалауды жүзеге асыруы негізінде ұлттық мәдениетімізді ескеретін, жеті модульден тұратын біліктілікті арттырудың ерекше жүйесіне батыл қадам жасалды. Курстың құрылымының өзі американдық психолог Б.Блумның адамның танымдық ойлауының алты деңгейіне негізделген. Бірінші кезеңінде бағдарлама идеясын түсіну, еске сақтау, ал қашықтан оқыту кезеңінде қолдану, талдау, екінші кезеңінде жинақтау, қорыту, соңғы кезеңінде бағалау бойынша ұйымдастырылуы менің алғашқы күннен зерттеушілік қабілетімді жетілдірді.

Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізу үшін мұғалімдердің қалыптасып қалған көзқарасын өзгерту негізгі мақсатым болды. Өйткені «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім». (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық). Сабақты ұйымдастыру барысында әрбір сабаққа ерекше дайындалып Бағдарлама негізінде ұсынылған жоспардағы тапсырмаларды талдауда түрлі жаңа әдіс - тәсілдерді пайдаландым. Бұл арқылы мен алдымда отырған мұғалімдердің әр бір тапсырманы ынтамен, қызығушылықпен жасағанын байқадым.

Сонымен менің тобымдағы мұғалімдер оқу барысында нені үйренгендігі туралы әр модульге тоқтау арқылы сипаттаймын:

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»модулін оқытуда төмендегідей нәтижелерге қолым жетті:

1.Мұғалімдерді оқытуда техникалық тәсілдер мен педагогикалық құралдарды түрлендіре алуға үйренді, оқушылардың өз бетімен білім алудың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгере бастады, қиындықтарды тәжірибелік дағдыларымен жеңуге бет бұрды, оқуда кездесетін кедергілерді жоя білу тәсілдерін меңгерді.

2. Оқыту барысында мұғалімдер зерттеу дағдыларын және диалогтық тәсілді жетілдірді.

3. Мұғалімдердің санасында өз бетіндік оқыту туралы өзіндік идеялары қалыптасты.

«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»модулін оқытудан төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздім:

1. Мұғалімдер өзара кәсіби даму саласында ғылыми-зерттеушілік және практикалық тәжірибелермен алмасты;

2. Оқыту мен оқуда сыни ойлауға үйренді, тапсырмаларды сыни ойлау негізінде жоспарлауды үйренді;

3. Гуманитарлық білім беру мақсаты мен құндылығында мұғалімдерді сыни ойлай білуге тырысты;

4. Оқушылардың білім негіздеріндегі сыни көзқарастарын ажырата алуды үйренді;

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»модулінің оқыту нәтижесінде:

1. Бағалау жүйесінің өзгерісін білді.

2. Мұғалімдер қалыптастырушы және жиынтық бағалау тәсілдерін тәжірибеге енгізді. сонымен қатар жұптарда өзара бағалау, топтардағы өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, критериалды бағалау, формативті тесті арқылы өзін-өзі бағалау, жауап үлгілері арқылы өзін-өзі бағалау, екі жұлдыз және бір тілек, т.б..

«Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану»модулінің оқыту нәтижесі:

1.Оқушылардың қабілеттерін жетілдіруде АКТ арқылы ақпараттың негізгісін таңдауға, өңдеуге, түзетуге, бақылау жүйесін жетілдіруге, тестлеуге және психодиагностика жасауды тиімді пайдалана білуді меңгерді.

2. Кең көлемді ақпараттарға оқушының өз күшімен қол жеткізуге мүмкіндік береді.

3. Мұғалімдердің желілік қоғамдастық жүйесін тиімді қолданудың басымдықтарын жетілдіре алды.

4. Қашықтан біліктілікті арттырудың заманауи жүйесініндегі мәселелерді бірлесе шешуді меңгерді.

5. АКТ пайдалану модулінде мұғалімдердің АКТ –ны пайдалануда өздерінің өзгерісін жете танытты.

«Талантты және дарынды балаларды оқыту»модулін оқытудағы нәтиже:

1. Талантты және дарынды оқушылармен жұмысты жоспарлауды үйренді.(тапсырмалар деңгейін анықтай білу) және дарынды оқушыларды дамытудың инклюзивті тәсілдерді пайдалануды білді.

«Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу»модулін оқытудағы нәтижем:

1. Мұғалімдердің оқушылардың қызметін жасерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыруды жоспарлай білуді үйренді; сонымен бірге үйрене отырып үйретуде оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере алуды үйренді.

«Оқытудағы басқару және көшбасшылық» модулін оқыту нәтижесінде:

1. Мұғалімнің жеке міндеттерін анықтай біледі;

2. Мұғалімдердіңәріптестерімен серіктесуде оқыту тәжірибесінің жетілетінін, өзінің іс-тәжірибесін таратуда кәсіби дамудың қажеттілігін түсінді.

Бағдарламадағы барлық модульдер оқушы туралы теориялық білім қалыптастырды, оқыту үрдісіне барлық оқушыларды оқуға қалай тарту қажеттігін үйретті.

Әр модульдің мазмұны мұғалімдердің кәсіби қызметінде құндылығы мен сенімділігін арттырды. Бағдарлама аясында мен қалай өзгердім дейтін болсам,

-дәріс оқудан өз бетімен білім алып өз тәжірибемді жетілдірдім;

-топтық, диалогтық тренингтер жүргізуді үйрендім;

-АКТ технологияны тиімді пайдалануды үйрендім;

- оқушының тұлғалық дамуын жетілдіруде қалыптастырушы және жиынтық бағалауды,өз-өзіне есеп беруді, рефлексивті кері байланысқа түсуді үйрендім;

- тапсырманы орындауда ойды саралап, сын тұрғыдан ойлауға үйрендім;

-әр адамның айтылған ойы құнды екендігін түсіндім;

-оқыту сапасын бағалауда шынайы көріністі тануды білдім;

-мұғалімдердің көшбасшылық сапасын анықтадым және дамытуға тырыстым, сонымен қатар өзім көшбасшы болуды үйрендім.

Болашақта жоғарыда атап өтілген өзгерістерді жетілдіріп, сабақ өткізудің техникасы мен тәсілдерін түрлендіріп, оқыту үшін дерек (ресурстар) көздерін толықтыруды жоспарлаймын. Сонымен қатар мен өзімнің кәсіби білімімді, біліктілігім мен дағдымды дамытудамын. Мысалы:

Жоспар құруда:

- жоғары дәрежелі сұрақтар қою техникасын одан әрі жетілдіру;

- мұғалімдердің қажеттіліктерін алдын ала анықтау;

-мұғалімдерге SMART-бойынша мақсат -міндеттерді қоя білуді үйрету;

-Стандартқа жетпеген тұста сындарлы пікір беруді жетілдіру;

-бағдарламаны талдау мен жоспарлауда мұғалімдердің қажеттілігін қанағаттандыруға аса мән беруді;

-сыныпта талданатын мәселелер оқушылардың дамуына, алға жылжуына қадам жасайтындай болуы;

-сабақ құрылымында жеті модульдің үйлесімділігіне мән беру;

-оқыту үшін қосымша ресурстар (тәжірибеден) жинақтау;

-сын тұрғыдан ойлауын дамыту идеяларын сабақ беру үрдісінде жетілдіру;

-оқу мен оқыту сапасын бағалауға дайындау;

Оқытуда:

-оқытуда ой қозғайтындай жағдай туғызу;

-айтылған ойды, өзкөзқарасымен түсінікті жеткізе білуге мән беру;

-білім алушылар тәжірибесін сапалы оқытуға негіз ретінде қолдану;

-жаңа тың идеяларды жетілдіру;

-оқыту мен оқуда түрлі стратегиялар пайдалану;

-білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіруде жеке, жұппен, топпен жұмыстарды ұйымдастыру;

-мұғалімдерді көшасшы болуға жетелеу.

-бірлесіп ізденуге және ойлануға шақыратын дамытушы орта құру қажет деп шештім.

Бағалауда:

-мониторинг үшін бағалау әдістерін одан әрі жетілдіру;

-қалыптастырушы және жиынтық бағалау тәсілдерін қолдану;

-өзін-өзі бағалау және өзара бағалауды жетілдіру;

-мұғалімдердің портфолиосын бағалау арқылы шынайылықты;

-мұғалімдердің таныстырылымында дәлелдемелердің нақтылығы;

-бағалау түрлерін оқушының білім алуын жақсарту мақсатында қолдана білгендігіне талдау жасау.

Білім алушылардың құндылығын білу және түсіну:

-білім алушылардың үйренуге деген ынтасын арттыру;

-оқыту сапасын арттыруда оқушы тәжірибесін ескеру;

-әр адамның кәсіби әлеуетін ашуға мүмкіндік туғызу;

-жоғары кәсіби шыңға жетуге бейімдеу;

-көшбасшылық қасиеті арқылы өзгенің кәсіби жетілуіне ықпал ете білуге;

Мұғалімдер әлеуетіне, өзімнің мектептегі, мұғалімдерді даярлаудағы тәжірибеме талдау жасай отырып, оқытуға енгізіліп отырған бағдарламаның түйінді идеяларын оқу үрдісінде қолдануды өзектендіру.

Сонымен менің тыңдармандарым, мен бұл Бағдарламадағы барлық айтылатын пікір ғылыми тұрғыдан ғана емес, тәжірибелік түсінікті дамыту мақсатында қарастырылған. Бұл мұғалімдерді ескі стереотиптерден арылтып, өз ойын, өз пікірін ашық айтып жеткізе білетін, оқуды саналы түрде ұғынатын жеке тұлғаның тұлғалық қасиетін жетілдіреді деп есептеймін. Қорыта айтқанда, бұл бағдарлама идеяларын жетілдіруде екінше рет курс өткізуім маған көптеген ой тастап, әлде де білім беру жүйесіне ізденіс арқылы табысты тренер, құзыретті мұғалім болатыныма мол сенім білдіремін. Бұл Бағдарламаның оқу мен оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдері сабақ беруде өте тиімді екеніне көз жеткіздім. Ең алдымен өзіңе деген сенімділік болу керек екен. Мұғалімнің ұстанымы – оның көзқарасы, қабылданған шешімнің және іс – әрекетінің негізі. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 7 – бет)



Сөз соңында өз ойымды белгілі педагог К.Ушинскийдің «мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді – тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жоғалады», - деген пікірмен аяқтауды жөн көрдім.

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы, 2012.

2. Барбер М., Муршед М. (2007). Как добиться стабильного высокого качества обучения в школе. Сентябрь.

3.Мишра Р., Келёр М., Технологиялық педагогикалық мазмұндық білім: мұғалімнің білімі үшін құрылым, 2006.

4.Барнс Д., Сұхбаттасудан оқыту бағдарламасына дейін, 1971.

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ МОДЕЛЬДЕРІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бакенова Ж.А., Хайырмуханбетов Р.А. (Ақтөбе)
Қазіргі заманғы білім кеңістігіндегі жаңалықтар кеңінен қанат жайып, күннен-күнге қарыштап дамуда. Ұлы ағартушымыз Ыбырайша айтқанда көзді ашып- жұмғанша айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған ғажайып қоғамның барлық мүмкіндіктерін пайдаланып отырмыз. Солардың бір куәсі ретінде қашықтықтан оқыту білім беру саласында пайдаланылуда.

Қашықтан оқыту - білім беру мекемелерінен қашықта орналасқан адамдардың дамуы мен оқу әрекетін мақсатты және әдістемелік ұйымдастырылған түрде, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың көмегімен басқара отырып оқытудың бір түрі: оқулықтарды және т.б. баспа басылымдарын, оқытылатын материалдарды компьютерлік телекоммуникациялар арқылы жүргізілетін бейнетаспалар, пікірсайыстар және семинарлар, ұлттық және аймақтық теледидар мен радиостанциялар арқылы оқу бағдарламаларын тарату, кабельдік теледидар және электронды пошта, екі жақты бейнеконференциялар, телефон арқылы кері байланыспен бір жақты бейне таратулар және т.б. түрінде ұйымдастырылатын жұмыс түрі.

Қашықтықтан оқу технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын on-line режимінде немесе off-line режимінде өткізуге негізделген.

On-line режимі – нақты уақытта жүзеге асырылатын оқудағы өзара әрекет ету үрдісі.

On-line режиміндегі байланыс - оқытушының (тьютордың) тыңдаушымен қарым-қатынасы.

«On-line» режиміндегі оқу сабағы берілген уақыттағы оқу үдерісінің өзара әрекетін қамтиды (бейнеконференция, форум, чат, телефон бойынша байланыс).

Қашықтықтан білім беру модулі: білім ақпаратын білім алушыға жеткізуін, сонымен қатар тыңдаушының оқу курсы бойынша меңгеретін білімін тексеруін қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар, әдістер және ұйымдастыру шаралар кешені;

Мультимедиа(ағыл. multimedia лат. multum – көп және media, medium - жұмылдыру, құрал) пайдаланушыға графикамен, мәтінмен, дауыспен, видеомен жұмыс істеуге рұқсат беретін аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені.

Қашықтан оқыту процесін ұйымдастыруда оқытудың білім беру, тәрбиелеу, дамыту, дәйектілік, жүйелілік ұстанымдарының мақсатқа сай қолданылуы басшылыққа алынады. Пәннің жұмыс оқу жоспары мен білім алушылардың жекелеген оқу жоспары білім беру процесінің негізі болып табылады.

Қашықтан оқытуда гипер тілдегі жаттығу тапсырмалар, электронды оқулықтар, тест тапсырмалары, интернет жүйесі, телефон т.б. құралдарды пайдалану арқылы және төменде сипатталған технологиялар бойынша іске асырылады



  • Кейс-әдісі (кейс - технология) – өндіріс жағдайларын модельдеу мен шешуге мамандырылған кәсіптік дайындаужүйесі.

  • CD-ROM технологиясы. КурсCD дискісі түрінде беріледі. Курс компьютер көмегімен үйде немесе жұмыс орнында оқытылады;

  • Желілі технология. Курс білім ұйымдарының оқу серверіне желілі қатынас арқылы оқытылады.

  • Интернет-курстары (интернет-технология) сабақтарға қатысуды интернет желісі құралдарының көмегімен ойластыратын, ашық қашықтан оқу процеснің бөлімі.

  • Ақпараттық - білім беру ортасы – пайдаланушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруына бағытталған ақпараттық қорлар, қарым-қатынас хаттамалары.

  • Виртуалды білім беру ұйымы – оқытуды ақпараттық (компьютерлік) технологиялардың қолдануға сүйене отырып ұйымдастыратын оқу орындарының жаңа үлгісі.

К.Ж.Шабденова өз еңбегінде оқу сатыларын игеру үшін топтастыру, тығыз байланыс, кейс, кәсіби даярлық немесе қайта даярлау нұсқаларын ұсынады.

Топтастыру нұсқасы. Қашықтан оқыту нұсқасының мөлшері және алуан түрлі тәсілдері көпқырлы нысандарды зерттеу, дәл бағдарлау үшін топтастыруды қажет етеді. Топтастыру - жалпы сызба нұсқасының формасы бойынша ұсынылатын, олардың арасындағы байланыстарды бейнелейтін құрал ретінде пайдаланылатын, нысандардың көпқырлылығын дәл бағдарлауға арналған нысандар жүйесі.

Тығыз байланыс нұсқасы. Білім алушылар қашықтан оқу кезінде педагог кадрлардың жетіспеушілігі болған жағдайда бұндай проблемаларды сезінбейді, себебі қашықтан оқыту әдістемесі бұл жағдайды бәсеңдетеді. Қашықтан оқыту кезінде білім алушылар тьюторлармен жүзбе-жүз кездесуді, мүмкіндік болса, аптасына бір өткізген дұрыс. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда өз бетінше оқып, білім алу барысында тьютормен телефон, телефакс, электронды пошта және байланыстың басқа да құралдарының көмегімен кеңес алуына болады.

Кейс нұсқасы. Білім алушыларға кейс нұсқасы бар «кейс» тапсырылады және кіріспе сабағы өткізіледі. Білім алушылар өзінің жұмыс тобымен, тьютор, сабақты ұйымдастыру жоспары және оқытушының әдістемесімен танысады. Содан кейін қашық аймақтағы білім алушыларға CD-ROM-ға, аудиокассеталарға жазып, жұмыстың үлгілерін жіберуге болады. Сондай-ақ арнайы жүйемен барлық оқу материалдары бар мәтіндерді ИНТЕРНЕТ қызметінің WEB беттеріне салып ұсынуға болады.

Кәсіби даярлық немесе қайта даярлау нұсқасы. Оқытудың барлық жүйесі практикалық және ұйымдастырушылық тәжірибесі бар адамдарды оқытуға даяр болуы керек. Оқыту курсында білім алушылар телефон арқылы, тіпті тікелей кездесіп ақыл-кеңес алуына болады. Сөйтіп тұрақты байланыс жасауды қамтамасыз етеді. Бұл оқу барысында туындаған өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Курс соңында білім алушылар өздерінің білім деңгейін ретке келтіру, топтық жұмыстың практикалық дағдыларын дамыту, тәжірибе алмасу және іскерлік байланысты орнықтыру үшін көшпелі жексенбілік мектепті ұйымдастыруына болады.

Т.П.Воронина, В.П.Кашицин, О.П.Молчановалар еңбектерінде қашықтан оқыту технологиясын дамытудың төрт модельді кезеңдерін анықтайды. Олар: ашық, телешоулық, дәстүрлі және сырттай модельдер.

Л.Керімов, А.Әлиева және басқа да отандық ғалымдар мынадай төрт түрлі модельді ұсынады: кейс технологиялық модель, корреспонденттік оқыту, радиотелевизиялық модель, желілік оқыту.

Келесі ғалымдар тобы қашықтан оқытудың мынадай ұтымды модельдерін сұрыптайды:



  1. Кейс технологиялық модель.

  2. Корреспонденттік модель.

  3. Желілік оқыту моделі.

  4. Іскерлік ойындар моделі.

Кейс технологиялық модель бойынша оқытылатын пәннен кешенді оқу материалдары әзірленеді. Мұндай оқыту кезінде жекелген нысандарды жинақтауды көздеген жалқыдан жалпыға келу әдісі пайдаланылады. Бұл әдіс оқытуды белгілі тәртіппен жүргізуге, жүйелі оқытуға игі ықпал етеді. Кейс құрамына пәнге қатысты төмендегідей материалдар жинақталады:

  • Оқу бағдарламасы;

  • Қарапайым және мультимедиялық компьютерлік оқыту бағдарламалары;

  • Оқу құралдары (тірек конспектілері, дәріс конспектілерінің жоспары);

  • Аудиокассеталар (тапсырмалар жүйесі);

  • Бейнекассеталар (шолу дәрістері, телеконференциялар);

  • Жұмыс дәптерлері (тапсырмаларды орындау үлгілері, өзіндік жұмыстар);

  • Білім алушылардың өзіндік жұмыстарының жоспар кестесі, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға арналған нұсқаулар;

  • Практикалық сабақтарға арналған сұрақтар;

  • Курсты оқып- үйренудің әдістемелік нұсқауы;

  • Әдебиеттер тізімі;

  • Тестілік сұрақтар (бастапқы, аралық, қорытынды).

Корреспонденттік модель. Білім алушылар білімін бағалауды журнал-жұмыстық дәптер түрінде зерделеумен өзін байқап көреді. Оқытудың мүмкіндік қарқыны баяу, қалыпты және шапшаңдатылған болынып бөлінеді. Журнал нұсқаулар оқу материалдары, бақылау тапсырмалары, аудиокассеталардың жинақтамаларынан тұратын дидактикалық материалдарды қамтиды.

Желілік оқыту моделі. Жоғарыда келтірілген моделдердің ішінен желілік оқыту ИНТЕРНЕТ желісін қолдануға негізделгендіктен, кез келген жоғары оқу орындары үшін оны қашықтан оқыту жүйесінің моделі ретінде таңдау тиімді болып саналады.

Іскерлік ойындар моделі. Білім алушылар оқу-танымдық қызметінің негізгі формасы - дидактикалық материалдармен өз бетінше жұмыс. Сонымен бірге оқытудың тиімділігін арттыру үшін «іскерлік ойындар», «топтық пікір сайыстары» кеңінен пайдаланылады. Дербес түрде өз бетінше орындалатын тапсырмалар білім алушылардың ойлау қабілетін жетілдіруді қамтамасыз етеді. Іскерлік ойындар білім алушыларды өздеріне тиісті кәсіби біліммен қаруландыралы.

Электронды күйде немесе бейнекөрініс түріндегі топтық пікірсайыстарда проблемалық мәселелерді талқылау кезінде білім алушылардың өзіндік көзқарастары қалыптасады.

Осындай мотивацияны арттыру үшін оқу-әдістемелік жұмыс негізгі амалдар, тәсілдер және жаңа техникалар арқылы жүзеге асырылады.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланатын әдістер мен ғаламтор секілді қазіргі тәсілдер жеке бағдарламалық бағытта көмегін тигізеді, білім алушылардың қабілетіне қарай оқытудың дифференциясын қамтамасыз етеді және пәнге деген қызығушылығын арттырады. Бүгінгі таңда компьютер адамзат өмірінің әр саласында белсенді қолданылуда.

Психологиялық тұрғыдан қарағанда да қашықтан оқытудың тиімділігі мол. Оқу-әдістемелік жұмыстың тиімділігін, практикалық сабақтың қызығушылығын қамтиды.

Қазіргі уақытта адам іс-әрекетінің барлық салаларына ақпараттық коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданылатын болды және оның маңыздылығы барған сайын арта түсуде.



Әдебиеттер

  1. Андреев А. А. Введение в дистанционное обучение. Учебно-методическое пособие. - М.: ВУ, 1997 г. 

  2. Ахаян А.А. Виртуальный педагогический вуз. Теория становления. - СПб.: Изд-во «Корифей», 2001. - 170 с. 

  3. Гусев Д.А. Заметки о пользе дистанционного обучения 

  4. Зайченко Т.П. Основы дистанционного обучения: Теоретико-практический базис: Учебное пособие. - СПб.: Изд-во РГПУ им. А.И. Герцена, 2004. - 167 с. 

  5. Зайченко Т.П. Инвариантная организационно-дидактическая система дистанционного обучения: Монография. - СПб.: Изд-во «Астерион», 2004. - 188 с. 

  6. Малитиков Е.М., Карпенко М.П., Колмогоров В.П. Актуальные проблемы развития дистанционного образования в Российской Федерации и странах СНГ // Право и образование. – 2000. – №1 (2). – С. 42–54. 

  7. Полат Е.С, Моисеева М.В., Петров А.Е. Педагогические технологии дистанционного обучения / Под ред.Е.С.Полат. - М., «Академия», 2006. 



ПӘНДІ ОҚЫТУДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ЖАҒДАЯТ ЖАСАУДЫҢ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Бекенова А.А.(Қызылорда)
Проблемалық оқыту- проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады. Негізін салушылар мен зерттеушілер: Американдық: Дж.Дьюи мен оның шәкірті В.Клипатрик, орыс ғалымы М. Махмутов.Негізгі идеясы: Проблема қойып, оны шешу арқылы оқып үйрену.

Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.Оқыту технологиялары оқушының тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа оқу ақпарлары мен біліктіліктерді меңгеру мақсатына жақындау деңгейлерін әр қырынан бағалау және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді.

Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процесінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.

Проблемалық оқыту

Проблемалық жағдаяттың пайда болуы


Проблемалық міндетті қою және оның қиыншылық мәнін жете түсіну


Болжам арқылы шешім тәсілдерін табу


Болжамды дәлелдеу

Проблема шешімінің дұрыстығын тексеру


Проблемалық оқыту технологиясы-баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады.

Проблемалық оқыту технологиясы мұғалім басшылығында өтетін үйренушілердің оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында үйренушілерде жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділіктері, қызығулары, ой-өрістері, шығармашыл ойлары жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В. Кудрявцев, А.М. Матюшкин, М.И. Махмудов жəне т.б.).

Проблемалық технологияның қазақ тілін оқытудағы мүмкіншіліктерін қарастырайық. Проблемалық әдіс туралы белгілі ұстаз Қ. Бітібаева «Проблемалық талдау оқушылардың танымын арттыру, ойлау белсенділігін жетілдіруде үлкен рөл атқарады және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады әрі дамыта оқытудың негізгі жолы ретінде де пайдалы болып келеді», - деген.

Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда: Оқушының белсенділігін арттыру; Оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу; Оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді; Оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстылығы Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, дағдылары, білімдерін дамытып, түрткі болатын эвристикалық сұрақтар жүйесі

Эвристикалық сұрақтар түрлері. Дидактикалық мақсаты:

Басты идея қандай? Түйіні неде?

Кім, не, қашан, қайда? Анықтама беріңіз...

Теореманы құрастырыңыз... Білімді тереңдету, кеңейту

Сипаттаңыз... Түсіндіріңіз... Қалай қолдануға болады? Айырмашылығы неде? Мысал келтіріңіз...

Қорытындылаңыз... Жүйелеңіз... Топтаңыз.... Дағдыны дамыту

Басқа жолмен қалай шешуге болады?

Себебі неде? Осы пайымдаумен келісесіз бе?

Қарсы қандай аргументтер келтіресіз? Кемшілігі неде? Сіздің болжамыңыз? Қатесін табыңыз? Шығармашылық қабілет пен сыни тұрғыдан ойлауды дамыту

Проблемалық оқытудың негізі– проблемалық ситуацияны туғызу. Проблемалық ситуация дегеніміз шешуді талап ететін, іздендіретін, ойландыратын күрделі жағдайдың тууы. Ол үйренушілердің ойлауына, ізденуіне, өздерінше қорытынды жасауға да жетелейді. Проблемалық ситуацияны пікірлесім түрлері, пікірлесім тақырыптары арқылы салыстыру, жетелеу сұрақтары арқылы шешуге болады. Мысалы, Отан туралы сабақта сыныпты төрт топқа бөліп, келесі проблемалық сұрақтарды дайындауға болады: Біздің Отан қандай? Отанымызда қандай ұлттар тұрады? Олар қай тілде сөйлеу керек? Мемлекеттік тілдің мәртебесі қандай? Мұндай сұрақтарды сабақтың басында, қорытынды семинар сабақтарда қолдануға болады. Мысалы, «Тәуелсіз Қазақстан» атты нәтиже сабақта үйренушілер топтарына «Сіздердің туған жерлеріңіз сіздер үшін неге қымбат? Тәуелсіз деген сөзді қалай түсінесіздер? Қазақстанға оралмандар неге қайтып келіп жатыр?» деген проблемалық сұрақтар өткен материалды қайта жаңғыртып, үйренушілерді іздендіріп, әрі айтыс та тудыратын сұрақтар, әрі топтың ойлау белсенділігін арттыру да ерекшелігін көрсетеді, үйренушілердің білік пен дағдыларын және білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндіктерін тудырады.

Проблемалық оқытуда үйренушілерді топтарға бөліп, пікірлесімнің топтық жұмыстарының тиімділігі зор, өйткені үйренушілер өздеріне берілген проблемалық сұрақтар төңірегінде топ болып пікірлесіп, өз тобын қорғауға әзірленеді. Мысалы, «Өскемен қаласы атты тақырыпты меңгерту барысында қаладағы экологиялық мәселе бойынша пікірталас ұйымдастыруға болады. Үйренушілерді төрт топқа бөліп, біріншіден, проблемалық жағдаяттуғызып, екіншіден, проблемалық сұрақтар арқылы рөлді койын ойластыруға болады.

Бірінші топ – қала тұрғындары.

Екінші – экологтар.

Үшінші - «Қала тазалығы» орталығының қызметкерлері.

Төртінші – дәрігерлер.

Қала тұрғындары басқа топтарға келесі жетелеу сұрақтарын қояды:

Экологтарға – Өскемен қаласы дүниежүзіндегі ең ластанған қалаларының бірі деген пікір бар, сіздер осы пікірмен келісесіздерме?;

Орталық қызметкерлеріне – Қалада қоқыстар жатады, олар қала ауасына, қала тұрғындарына зиян келтіреді, Сіздердің орталықтарыңызда осы мәселені шешуге қандай шаралар қолданып жатыр?

Дәрігерлерге – Біздің қаламыздағы экологиялық жағдай төмен екені бәрімізге мәлім, экологиямызға байланысты көптеген аурулар пайда болды, ал сонда неге медициналық қызметтің бағасы күннен-күнге өсіп келеді? Мемлекеттің тарапынан бұл мәселеге көзқарас қандай?

Я.А. Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина деп аталатын оқыту механизмін жасау. Ол дұрыс құрастырылған жағдайда және дұрыс пайдаланғанда күтілген нәтижені береді.

Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе:

1) қатал қойылған мақсат;

2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтар;

3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табу».

Сонымен Я.А. Коменскийдің пікірінше: «Мақсат – құрал – оны қолдану ережелері – нәтиже» - бұл білім саласында кез келген технологияның ядросы болып табылады.

Қазіргі уақытта қоғам шығармашылық әлеуеті жоғары азаматтарды қажет етеді. Шығармашылық ізденіске жетелейтін бір жол – проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі – жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерін белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуында. И. Лернер проблемалық оқытудың 4 түрін атап көрсетеді: ділгірлік баяндама, эвристикалық (пікір алысу), жеке ізденіс, (жартылай) зерттеу әдістері. Проблемалық баяндаудың негізгі мазмұны: мұғалім проблемалық жағдай туғыза отырып, ізденіс материалдарын өзі баяндап түсіндіреді, логикалық іс-әрекеттің, қайшылықтардың пайда болу негіздерін, оларды шешудің жолдарын көрсетіп береді. Үйренушілер әңгіменің желісіне зер салып, сұрақтар қояды, өз болжамдарын ұсынады, ғылыми ізденіс жүргізеді. Жеке жартылай ізденіс әдісі үйренушілерден қойылған ділгірлікті өз бетінше шешуді талап етеді. Проблемалық оқытудың үшінші, төртінші деңгейі кейде екінші зерттеумен байланысты болады, яғни оқытудың мұндай түрі стандартты емес тапсырмаларды шешуге үйрету. Үрдіс барысында үйренушілер жаңа білімдер алады, дағдыларын қалыптастырады, маңызды шығармашылық іскерлікке үйренеді.

Жалпы түрінде проблемалық оқыту технологиясы сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, үйренушілер алдына міндет (мәселе) қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал үйренушілер мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін белгі-лейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді.

Проблемалық оқытудың мақсаттары:



  • Логикалық, ғылыми, шығармашылық ойлауды үйрету;

  • Оқушыларда тек білімді қалыптастырмай, оқу материалын дәлелді және сенімді етіп жасау, ғылыми, диалектикалық – материалистік дүниетаным қалыптастыруға негізделген білім беру;

  • Білімнің беріктігін қалыптастыруға ықпал ету, өйткені оқушылардың өз бетімен тапқан ақпараттары есте жақсы сақталады;

  • Оқушының эмоциялық өрісіне әсер ету, яғни оларға өз күшінің сенімділігіне, ойлау іс-әрекетінің күрделілігіне қанағаттандыру сияқты сенімдер қалыптастыру;

  • Ізденіс және зерттеушілік іс-әрекетінің қарапайым дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушының білуге ұмтылу ынтасына мән бере отырып, оның ілімге деген танымын қалыптастырып, қызығушылығын жебеу арқылы белсенділігін дамыту.

Проблемалық оқытудың міндеттерін М.И.Махмутов жалпы және арнайы міндеттер деп екіге бөлді.

Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері:



  • Оқушылардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет тәсілдерін меңгеруі;

  • Оқушылардың танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Мектеп оқушыларының диалектикалық –материалистік ойлауын қалыптастыру.

Проблемалық оқытудың арнайы міндеттері:

  • Білімді шығармашылық жолмен меңгеру дағдыларына тәрбиелеу;

  • Білімді шығармашылықпен қолдану дағдыларына (меңгерген білімдерді жаңа ситуацияға қолдану) және оқу проблемаларын шешу шеберлігіне тәрбиелеу;

  • Шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру және жинақтау;

  • Оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру;

  • Ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тиімділігін арттыру.

Проблемалық оқытудың негізгі өзекті –проблемалық жағдаят туғызу. Проблемалық жағдаят – бұл педагогикалық жағдаят, мұнда оқытушы өзі немесе оқушымен бірге тұжырымдаған проблемаға жауап іздеуге оқушыны мәжбүр етеді. Демек, проблемалық оқытудың негізгі идеясын былай тұжырымдауға болады: білімнің елеулі бөлігі оқушыларға даяр күйінде берілмейді, оларды оқушылар проблемалық жағдаятты шешу барысында дербес танымдық іс-әрекет процесінде алады. Елестету, еске түсіру әдістерінің біріне проблемалық жағдаят жатады. Проблемалық жағдаят оқу процесінде оқушылардың кейбір қиын сұрақтарды шешуі үшін қолданылады. Проблемалық жағдаят оқушыға ой салады. Оны не өзі, не ұстаз көмегімен шешеді. Проблемалық жағдаяттың ең құндылығы оқушылардың оқу материалдарын тереңірек меңгеруіне, терең ойлануына мүмкіндік береді. Себебі, ол ғылыммен жалғасып жатыр, оқушы ғылымға бет бұрады.

Оқытушы проблемалық жағдаятты шешуде оқушымен ынтымақтастықта болуы керек, сонда оқушы инициативті, тапсырманың дұрыс немесе дұрыс емес жауабын батыл айтып, проблеманы шешуде бірлескен күш жұмсайды.

Проблемалық оқыту жүргізу үшін мынадай үш шарт орындалуы қажет:


  • Проблемалық жағдаяттардың болуы;

  • Оқушының шешім табуға дайын болуы;

  • Проблеманы шешудің мүмкіндігі.

Л.С.Выготский бойынша баланың ақыл-ойының даму деңгейлері:

Өзекті даму деңгейі

Жақын даму аймағы

Ықтималдық деңгейі

Бұл оқушының нақтылы даму деңгейі, яғни бұл оның осы шақта жеткен даму деңгейі. Ол оқушының өз бетінше қойған мәселені орындауымен сипатталады.

Бұл өзекті және ықтималды даму аймағы арасындағы ара қашықтық.

Оқушының мәселені ересектердің немесе озат оқушылардың көмегімен бірлесе шешуі.

Проблемалық оқытудың кезеңдері

Проблемалық оқытуды жүргізу бірнеше кезеңдерден тұрады:

Проблеманы қабылдауға дайындық. Оқытудың алдыңғы кезеңдерінде,басқа пәндерде, күнделікті өмірде игерілген білімдерін еске түсіру, яғни білімді өзектендіру.Проблемалық жағдаятты құру. Бұл өте күрделі және жауапты кезең. Проблемалық жағдаят құру мұғалімнен жоғары шеберлікті талап етеді. Мұнда оқушы өз білімі мен іс-әрекеті негізінде қойылған міндетті шеше алмайды, яғни оны шешу үшін жаңа немесе қосымша білім қажет. Оқушы қосымша білім қажеттігін сезінуі қажет. Бірақ проблеманы шешуге оқушының дәрмені жететіндей болуы керек. Оқушының тапсырманы орындауға білімі жетпесе, мұғалімнен қосымша нұсқау алады. Проблемалық жағдаяттың анық тұжырымдалуы басты шарт.

Проблеманы тұжырымдау. Туындаған проблеманың жағдаяты негізінде танымдық есеп немесе тапсырма түрінде тұжырымдау. Мұғалім қай сұраққа жауап іздеуді көрсетеді. Егер тұжырымды оқушының өзі жасаса ол өте тиімді болады.

Проблеманы шешу процесі. Бұл бірнеше сатыдан тұрады:

Болжам айту;

Әр болжамды тексеру мақсатында оны шешудің жоспарын жасау;

Болжамды растау немесе жоққа шығару.

Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. Мүмкін болған жағдайда практика жүзінде дәлелдеген ұтымды.

Проблемалық оқытудың ең кең қолданылатын әдістері; материалдың проблемалық мазмұндалуы, эвристикалық әңгімелесу, өз бетімен іздестіру және оқушылардың зерттеу іс-әрекеті.

Проблемалық баяндау.Бұл оқушыда жеткілікті білім болмаған жағдайда, қандай да құбылыспен бірінші кездескен кезде болады. Бұл кезде мұғалім өзі ізденеді. Мұғалім жаңа білімді іздеу және ашу жолын зерттеуді көрсетеді, сөйтіп оқушыны өз бетімен ізденуге үйретеді.

Материалдың проблемалық мазмұндалуы мұғалімнен тек материалды толық білу емес, сонымен қатар ғылым қай жолмен дамығанын білуін қажет етеді. Материалды проблемалық баяндағанда мұғалім оқушының ойлау процесін басқарады, сұрақ қояды, оларды ойландыруға итермелейді. Оқушылар ішінен жауап беріп, оны мұғалімнің талқылауымен салыстыра алады. Эвристикалық әңгімелесу.Оқушылардың білімі оқу проблемасын шешуге белсенді қатысуға жеткілікті болса қолданылады. Осылай әңгімелесу барысында қойылған проблемалық сұраққа оқушылар мұғалімнің басқаруымен өз бетінше жауап береді. Оқушылар өз бетінше іздеу этаптарын белгілейді, әр түрлі болжамдар айтады, проблеманы шешудің әр түрлі гипотезасын ұсынады. Ізденушілік сипаттағы әңгімелесу – оқушылардың зерттеу деңгейіне өту үшін керекті дайындық деңгей.

Оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы – өз бетімен ізденушілік және зерттеушілік іс-әрекеті. Бұл оқушылардың жорамал ұсынуға және ғылыми тұжырымдауға білімдері жеткілікті болғанда жүзеге асады.

Проблемалық оқыту кезеңдері 

Мұғалімнің іс-әрекеті оқушының іс-әрекеті

↓ ↓


Проблемалық жағдаят қойылады, проблемамен танысу

↓ ↓


Қосымша ақпарат береді . Қажет болса оқушылардан көмек алады

↓ ↓


Теориялық материалдарды оқиды

Методологиялық материалдарды оқиды



↓ ↓

Ақпарат жинау жөнінде нұсқау береді Деректі материалдарды талдайды

↓ ↓

Шешімнің әр түрлі вариантын салыстырады Заңдылықтар немесе байланыстар ашады



↓ ↓

Ұтымды вариантын таңдайды Шешімнің әр түрлі вариантын жасайды


Пәнді оқытуда проблемалық жағдаят туғызудың бірнеше тәсілдері бар. Олар:

  1. Оқушыларға белгісіз және түсіндіруді қажет ететін деректерді хабарлау немесе көрнекі көрсету;

  2. Оқушының білімі мен қарастырылатын фактілер арасында қарама-қайшылық туындау;

  3. Белгілі теория негізінде фактілерді түсіндіру;

  4. Белгілі теория негізінде болжам жасап, оны практика жүзінде тексеру (тапсырмалар эксперимент арқылы);

  5. Бастапқы шарттары мен нәтижеге берілгенде шешімнің тиімді жолын табу;

  6. Берілген шарттар бойынша шешімді өз бетінше табу;

  7. Тарихи принципті қолдану.

Оқу зерттеуіне бірқатар ерекшеліктер тән:

Оқушылардың ғылыми белгісі, оқу проблемасын шешу барысында алатын шындығы. Оқушылар үшін бұл фактілер жаңа және олар өздерін бірінші ашушылар ретінде санайды;

Оқу зерттеуі әрқашан мұғалімнің басшылығымен, жеке қатысуымен және көмегімен өткізіледі. Бірақ, оқушылар мақсатына өздерінің жеткендеріне сенуі керек.

Оқу зерттеуі жан-жақты тәсіл болып саналмайды.Оқушылардың шығармашылығына зерттеудің тек белгілі бір элементтерін қосуға болады. Зерттеуді тек бөлек тақырыптар мен сұрақтарды меңгерген кезде ғана қабылдау керек;

Зерттеу тапсырмасы алдымен мәліметтерді жинау жұмысынан, содан соң олардың теориялық анализінен тұрады. Проблема мәліметтердің сай келмеуінен және қайшылықтың орын алуынан байқалады.

Әдебиеттер


  1. К.Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология.Оқулық.Тараз.ТарМУ.2003.

  2. А.К.Ахметов. Принципы технологии и содержание образовательной программы.Алматы.1995

  3. Әбдіғалиев Қ. Осы заманғыпедагогикалықтехнология // Қазақстанмектебі. – 2001. - №2. – б.8-13.

  4. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии. - М., 1995.

  5. Бітібаева Қ. Қазақәдебиетіноқытуәдістемесі. - Алматы, 1999.



ФОРМИРОВАНИЕ КЛЮЧЕВЫХ КОМПЕТЕНЦИЙ НА УРОКАХ ТЕХНОЛОГИИ
Бектенгалиев А.Х., Бухарбаев Б.К.(Актобе)
Модернизация образования – это обеспечение его соответствия запросам и возможностям современного общества. Система образования должна быстро, адекватно реагировать на изменения в обществе и быть готова к новым запросам времени. Главные изменения в обществе: ускорение темпов развития общества. Школа должна готовить выпускников к жизни, к переменам, развивая у них такие качества как мобильность, динамизм, конструктивность.

Почему система образования не может ответить на вызов времени?

Образование – это то, что остаётся у человека после того, как он забывает всё то, чему его учили. Эти слова имеют глубокий смысл. Качественное образование помогает в конкретной жизненной ситуации и находить в ней наиболее правильный вариант решения. «Компетентность есть не что иное, как готовность мобильно, быстро действовать». Компетентность – готовность к выполнению своих профессиональных функций, а компетентностный подход в образовании – это ориентация учебного процесса на формирование ключевых, наиболее приоритетных компетенций. Что нужно менять? В современном жизни востребован специалист, который не будет ждать инструкций, а вступит в жизнь с творческим, конструктивным, личностным опытом. В чем отличие компетентностного подхода от традиционного? Главной задачей должно стать производство компетентных людей – таких людей, которые были бы способны применять свои знания в изменяющихся условиях, и чья основная компетенция заключалась бы в умении включиться в постоянное самообучение на протяжении всей своей жизни. В процессе обучения должны создаваться условия, мотивирующие учащегося на путь саморазвития, самосовершенствования, самореализации.Что такое компетенция и компетентность? Понятия «компетенция» и «компетентность» отличаются от традиционных понятий ЗУН. Отличие понятия «компетенция» состоит в том, что она предполагает взаимосвязанные качества личности (ЗУН+ способы деятельности) по отношению к определенному кругу предметов, а также направленность личности (мотивацию, ценностные ориентиры), гибкость мышления, самостоятельность, волевые качества.

«Компетентность» – это владение, обладание человеком компетенцией, включающей его личное отношение к ней и предмету деятельности.

Какие ключевые компетенции нужны сегодня, в реальном мире. Чтобы ученик был максимально успешен в жизни, важно точно определить основные знания, «фундамент» компетенций, которыми должны обладать ученики, чтобы подготовиться к самостоятельной жизни.

В чем актуальность: целевая направленность ОУ связывается с формированием ключевых компетенций учащегося. В общеобразовательном учреждении нужно создать условия, обеспечивающие постоянное самообразование и саморазвитие ученика, способного к социализации и самоопределению в предстоящей жизни.

Как сформировать ключевые компетенции учащихся?

Как создать условия для формирования ключевых компетенций учащихся?

Приоритетные задачи:

Узнать потребности и запросы учащихся, родителей.

Полностью перестроить процесс обучения и воспитания.

Выяснить какие ключевые компетенции важны ученику.

Изучить способы, методы и средства обучения.

Что для этого нужно?

В совершенстве владеть современными технологиями.

Использовать разностороннюю информацию (библиотеки, СМИ, ТВ, радио и Интернет).

Постоянно развивать у учащегося наиболее важные качества: коммуникабельность, коммуникативность; сотрудничество; умение работать с информацией; умению решать проблемы и т.д.;

Чем же должен руководствоваться учитель для их выполнения? Главное - есть личность, которую вы формируете. Не предмет формирует личность, а учитель своей деятельностью, связанной с изучением предмета. Воспитывать в учениках активность, чтобы они овладевали активными методами обучения, необходимо чтобы ученик постоянно задавал вам вопрос – почему? Воспитывать в них самостоятельность, творчество, всесторонний анализ проблемы, решать задачи несколькими способами, узнавать в каждом ученике их индивидуальные способности, интересы, чтобы они систематически интересовались последними достижениями науки, ученики ясно должны понимать, что является жизненной необходимостью.

Что такое “компетенция” и “компетентность”?

Компетенция – это круг вопросов, в которых кто-нибудь хорошо осведомлен; - это круг чьих-то полномочий, прав.

Компетентный – это знающий, осведомленный; авторитетный в определенной отрасли; - это специалист, владеющий компетентностью

Компетенция – это круг вопросов, явлений, в которых человек обладает авторитетностью, познанием, опытом.

Компетентность – это способность установить и реализовать связь между “знанием – умением” и ситуацией.

Компетенции – это цели (поставленные перед человеком), а компетентности– это результаты.

Компетентный специалист, компетентный человек– это очень выгодная перспектива. Каковы ее основные составляющие формулы компетентности?

Знание-это нужная информация, которая быстро изменяется, разновидная, которую необходимо уметь найти, перевести в опыт собственной деятельности.

Умение использовать эти знания в конкретной ситуации.

Реальное адекватное оценивание – своего места в мире, конкретных знаний, необходимости их для своей деятельности, а также метода иx получения и использования. Формула компетентности:

Компетентность = мобильность знаний +гибкость метода + +критичность мышления.

Компетентностный подход не отрицает, но изменяет роль знаний. Знания полностью подчиняются умениям. В содержание обучения включаются только те знания, которые необходимы для формирования умений.

Процесс формирования ключевых компетенций сложен в связи с недостаточностью научного, педагогического, методического опыта, неподготовленностью участников образовательного процесса к реализации, с недостаточной заинтересованностью учителей.

Чтобы внедрить компетентностный подход, нужно создать условия для формирования ключевых компетенций, чтобы учитель мог обеспечить качественно новый уровень образования, способствующий саморазвитию личности и успешности ученика, что соответствует социальному заказу участников образовательного процесса и общества.



Литература

  1. Хуторской А.В. Технология проектирования ключевых и предметных компетенций // Интернет-журнал "Эйдос". - 2005. - 12 декабря.

  2. Масикин В.В., Петренко А.А., Меркулова Т.К. Алгоритм перехода образовательного учреждения к компетентностному подходу. Практическое пособие, Издательство «АРКТИ» М., 2006.



СУММАТИВНОЕ ОЦЕНИВАНИЕ ПОРТФОЛИО - КАК ФОРМА УЛУЧШЕНИЯ ПРОЦЕССА ОБУЧЕНИЯ УЧИТЕЛЕЙ
Давлеткалиева Е.С. (Актобе)
Резюме

В статье рассказывается о суммативном оценивании портфолио в процессе обучения на курсах повышения квалификации по уровневой Программе Кембриджского проекта, как методе оценивания. Суммативное оценивание портфолио учителя автор предлагает осуществлять, опираясь на уровни учебных целей, предложенных в таксономии Б. Блума. Автор считает, что целью всей деятельности по введению новых форм оценивания учителей на данных курсах стало повышение их образовательных достижений, а значит, качества образования посредством внедрения новой культуры оценивания.

Ключевые слова: суммативное оценивание, достижения учителей, качество образования.

Resum

In the article is told about the summativ evaluation portfolio in the process of instruction in the courses of an increase in the qualification according to the level program of Cambridge project as the method of evaluation. Summativ evaluation portfolio of teacher the author proposes to achieve, relying on levels of the educational goals, proposed in the taxonomy B. Bloom. The author considers that an increase in their educational achievements became the purpose of entire activity in the introduction of the new forms of the evaluation of teachers in the given courses, and it means, the qualities of formation by means of the introduction of the new culture of evaluation.


Білім беруді реформалау жағдайында оқушы тұлғасын әлеуметтендірудегі педагогтардың кәсіби педагогикалық қызметі
Полиязычие-основа формирования поликультурной личности
Орфографическое чтение.
Мұғалімнің шығармашылық ізденісін дамыту
Пайдаланылған әдебиеттер
I. рефлексия деятельности
Мультимәдени білім берудің негізгі принциптері:

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет