Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет391/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   679
Репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты.

  • Алгоритмдік деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.

  • Эвристикалық деңгей – оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.

  • Шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады.

    Жұмысшының басты мақсаты:
    -оқушылардың ұлттық бағықа бағдарлай отырып, қоғамның даму үрдісін, ғылым мен білімнің технологияларын меңгерту;
    -ақпараттандыру (қосымша оқулық, БАҚ хаб-ы көз-нен)
    -жоғары дәрежедегі білім деңгейіне жету;
    -шығармашылық қабілетін тереңдету.
    Әдістемелік кешенді жүйе; күнтізбе жоспары, жұмыс дәптері, әңгімелесуші құрал, СДОТ құрылымларынан тұрады.
    Күнтізбелік жоспар ерекшелігі 1 – 4 сыныптарға арналған.
    Жасалған бағдарламаның жылдық сағатын 10 модульге бөлдім, әрбір модуль соңында, әрбір тоқсан және жыл аяғында бақылау жұмыстары алуында екі сағат даярлыққа беріледі.
    Әңгімелесуші оқу құралы оқу –әдістемелік кешенінің өзегі оқушының танымдық әрекетін басқарудың әдістемелік жүйесі тұтастығын қамтамасыз етеді.
    Жұмыс дәптерінің мазмұны қазіргі қолөнердің шығармашылық деңгейдегі жетістіктеріне негізделіп, саралап деңгейлеп оқыту технологиясын басшылыққа алып жасалды.
    Тиімділігі:

    1. Жұмыс қорытындыы тез, уақытында шығады.

    2. Уақытты тиімді пайдалану жақсылыққа үйретеді.

    3. Баланың сенімге ие болуы оның жауапкершілігін арттырып, өзін – өзі бағалауды үйренеді.

    4. Оқушы мен оқытушы арасында өзара сыйластық, еңбек бірлестігі қалыптасады.

    5. Мұғалім еңбегі жеңілдейді.

    Нәтижесі:

    1. Сыныптың 92 пайызы сабақтың қорытындысын сол сабақта шығарып, көрсеткштерін анықтауға үлгереді.

    2. Әрбір қыз бала өзіне папка арнап, өз шығармашылық деңгейін анықтауға оқу жылының соңына дейін міндеттеме алады.

    3. Кезең тапсырамасын жүйелі түрде орындауға оқушының қабілеті анықталады.

    Ұсынысым:
    Технология пәні шығармашылық деңгейде өтетін сабақ болғандықтан СДОТ технологиясы – технология пәні үшін тиімді әрі жемісті болады деген тәжірбиелік пікірімді ұсына отырып, Әл-Фарабидің: «Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық игіліктер мен өнерлерді дарыту» ,- деген сөзді әр мұғалім өз сабағына эпиграф етіп алса екен деймін.
    Әдебиеттер
    1.Білім журналы.2011 жыл
    2.Технология журналы.2005 жыл
    3.Президенттің 2020 жолдауы.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   679




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет