Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


Тәуелсіз мемлекеттер достастық елдері арасында қазақ елінің көп ұлтты екендігі баршамызға мәлім



бет645/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   641   642   643   644   645   646   647   648   ...   679
Тәуелсіз мемлекеттер достастық елдері арасында қазақ елінің көп ұлтты екендігі баршамызға мәлім. Ұлтына,нәсіліне, сенімі мен нанымына, саяси көзқарасы мен ұстанған бағыт-бағдарына т.б ерекшеліктеріне қарамастан, Республикамыздың әрбір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін көріп отырған мемлекетін «Туған елім, Отаным» деп тануы қажет. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарау, оның тілі мен дінін сыйлау, заңдарына бағыну, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану-қоғамның әрбір мүшесінің басты міндеті. Қазақстан әлемге өзін жасампаз ел ретінде таныта білді. Бұл белгілі мағынада ,мемлекетіміз саясатындағы толеранттылық ұстанымына тікелей қатысты. Елімізде 130 этнос пен 40-тан астам конфессия арсында сенімділік пен төзімділік басты қағидаға айналғандықтан,бейбіт даму салтанат құрып, тату-тәтті тіршілік орныға бастады. Дүние-өмір үшін ең бірінші құндылық-адамның өмірі мен бостандығы,әлеуеті мен белсенділігі. Біздің ұлттық дүниетанымымыз, конституциялық жүйеміз-бәрі өркениетке апаратын төзімді толеранттылық идеясына негізделген.[4]
Патриоттық тәрбие – Отан, туған жер, атамекен, туған ел деген адам санасында мәңгі өшпейтін ұғым. Өскелең ұрпақтың, жастардың, болашақ мамандардың кез-келген жағдайда ерлік ,отаншылдық істерге баруы үшін, оған алдымен рухани жағынан дайын болу керек.
Жастардың патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру және өзін-өзі тәрбиелеуін, не істесе де Отаны, ұлты, халқының мүддесін көздеу деп санаймыз. Өз мүддесін көздеп орындаған жұмыстарының саналы болуының өзін Отанға қосқан үлес ретінде қарастырудың да маңызы зор. Осыны әркімнің санасына сіңірген күнде ғана біз нағыз патриоттар тәрбиелей аламыз.
Бүгінгі Қазақстан жағдайындағы ұлттық патриотизмнің басты көрінісі – қазақтың ана тілінде сөйлеуі , жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруі, ұлттық мінезбен болмыс қалыптастыру, ізеттілік , құрметтеу , қайырымдылық, мейірімділік сынды сезімдерін дамыту. Толерантты қоғамды пайдалана отырып тілдік,ұлттық басымдылыққа жетудің жолдарын қарастырған жөн.Жақында Ассамблеяның кезекті сессиясында Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақ тілі елімізді мекендейтін халықтарды тұтастыратын негізгі құрал» деп ашық айтты.Осы ретте біздер Президентке қолдау көрсетіп, қазақ тілін дамытуға өзіміздің үлесімізді қосуымыз керек. Қазір телеарналарда орыс тілді дикторлардың қазақ тілінде хабар жүргізу үрдісі қалыптасты. Бүгінде Елбасы тапсырмасымен орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқытатын оқу бағдарламалары күшейтіліп жатыр.Көздеген меже бойынша 2020 жылы еліміздің мектеп бітірушілері қазақ тілін білуі басым бағыттардың біріне айналып отыр.
Өскелең ұрпақ - болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзіміздің қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану заманына сай болуы шарт.
Ел өміріндегі бірқатар проблемаларды шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз еліне деген мақтаныш сезімге , Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышты орындауға дайындығын тәрбиелеуге байланысты.
Қасиетті хадисте: «Отанды сүю иманнан –дүр», дейді. Елін сүю, Отанын қорғау қашаннан ер жігіттің парызы болған. «Отаншыл сезім жас ұрпақ бойына қайдан беріледі ? «Отан от басынан басталады», дейтін халықтың ұрпағы бұл сенімнен шыға алып жүр ме ? Қазіргі күні жастарымыздың бойындағы отаншыл рух, патриоттық сезім қай деңгейде?» деген сауалдардың бізді ойландыруы зандылық. Жеке тұлғаның әлеуметтенудегі негізгі бағыттың бірі жеке адамның Отанмен сәйкестігі болып табылады. Бұл ретте «Отан» ұғымы адамның туған жерімен, жақындарымен және туыстарымен ғана шектелмейді, сонымен қатар эмоциялық – психологиялық сезімдер (махаббат, патриотизм, шынайы берілгендік, ұлттық мақтаныш сезімдері және басқалары) қырынан да ұғынылады. Көпшілік адамдардың санасында өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру тек әскери борышын орындау деп ұғынылуы патриоттық тәрбие түсінігінің мазмұн аясын тарылта түседі. Бүгінгі күні балалар мен жастардың патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы,өз Отанына деген адалдық пен берілгендік сезімін қалыптастыру, азаматтық борыш пен негізгі конститутциялық міндеттерді орындауға деген дайындық талаптарына толығымен сай келе бермейді. Атқарылып отырған жұмыс еліміздің азаматтарының бойында патриоттық сананы қалыптастыру жөнінде стратегиялық міндеттерді толықтай кешенді шешуді қамтамасыз ете алмайды. Әлемде азаматтардың бойында ұлттық нышандарға - Туға, Елтаңбаға, Әнұранға, ұлттық мерекелерге патриоттық сезімді, оларға құметпен қарауды мақсатты түрде қалыптастырып отырған дамыған елдер аз емес. Көптеген елдерде мемлекттік нышандар мемлекттің оң бейнесін жасаудың негізі ретінде пайдаланылады, ұлттық мақтаныштың белгісі болып табылады, патриоттық сезім мен ерік – жігерді танытудың нысанасы ретінде пайдаланады. Мемлекттік нышандардың көмегімен азаматтар бойында еліне деген мақтаныш пен патриоттық сезім дәйекті де табанды тәрбиеленеді. Елдің азаматын тәрбиелеудегі тежемелі факторлардың қатарында патриотизм мен демократиялық нанымдарды нысаналы қалыптастыру үшін жаңа қазіргі заманға технологияларды пайдалануға қабілетті, біліктілігі жоғары мамандардың жеткіліксіздігін , азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі әлеуметтік технологияларды әзірлеуде жеткілікті тәжірибесі бар гуманитарлық бейіндегі ғылыми- зерттеу ұйымдарының аздығын атаған жөн. Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселелеріндегі қазіргі проблемаларды шешу үшін тұтастай алғанда тәрбиеге принципті түрде тарту қажет. Білім беру ұйымдарында қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдық және мәдени шындықтарға негізделген және қазақстандықтардың ділімен байланысты дүниетаным мәдениеті мен төзімділігі жөніндегі сапалы, мазмұны жағынан тиімді ақпараттық – дидактикалық материалдардың жеткіліксіздігін, балалар мен жастарға арналған, олардың санасында патриоттық сезімді, өз Отанына деген сүйіспеншілікті оятуға , өз Отанына пайда келтіру ұмтылысын тудыруға ықпал ететін кітаптардың аздығын атап өткен жөн. Балалар мен жастарға арналған кітаптар негізінен батыстық мұраттар мен құндылықтарды насихаттауға бағдарланған немесе таза технократиялық түсінікті қалыптастырады. Әскери- патриоттық тәрбие – азаматтардың, әсіресе жоғары сынып оқушыларының, студенттердің, әскерге шақырылғанға дейінгі және әскердегі жастардың бойында жоғары патриоттық сезімді , өз Отанына деген берілгендік сезімдерін тәрбиелеуді қалыптастыру жөніндегі маңызды бағыттардың бірі. Жастарға әскери - патриоттық тәрбие берудің мақсаты- азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышы мен конституциялық міндеттерін орындауға дайындығын тәрбиелеу.[5]

Каталог: downloads
downloads -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
downloads -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
downloads -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   641   642   643   644   645   646   647   648   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет