Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет67/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   679
Литература

  1. Спиваковская А.С. Игра – это серьезно. -М.:Педагогика

  2. Зимний А.И. Элементы игры на уроках // Математика в школе.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ТАРИХ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ


Әшімова К. (Қызылорда)

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Халыққа арнаған жолдауында «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекет саясатының басты мақсаты», - деп атауы кездейсоқ емес, мұнда елдің болашақ дамуында өзіндік орны бар, қоғамның әлеуметтік жаңаруындағы өмір сапасының стандарттары мен капиталының деңгейін арттыруға ерекше мән беріп отыр. Соған орай, еліміздегі білім беру жүйесі тұтас алғанда экономикалық дамудың сұраныстарына сай болуды талап етеді. Жаңа заман талабына сай, қоғамның негізгі қозғаушы, бағалы байлығы – адам, сол себепті білікті де, білімді маман ғана экономиканың өркендеуіне үлес қоса алады. Қазіргі білім берудегі басты мәселе әлеуметтік – педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.


Біздің халқымыздың тарихына бірегей рухани тәжірибе, аса бай интеллектуалдық және адамгершілік эстетикалық күш-жігер, ұшан теңіз жан дүниесінің маржандары мен шығармашылық ой қабілетінің күш – қуаты бар.
Халық мінезінің ең жақсы ерекшеліктері – бұл Атамекенге деген сүйіспеншілік, азаматтық парызы, әлеуметтік оптимизм, басқа адамның өміріне түсіністікпен қарап, оған қол ұшын беруге деген іскерлік, т.с.с.
Мінекей, осындай тарихи сана арқылы жан-жақты дамыған тұлғаның құндылықтарын қалыптастыруда тарих пәнінің орны ерекше. Тарих – ойға бағындырылған. Ал, тарихты зерттеп үйрену – өткенді ұсыну, қоғамдық болмыс заңдарын түсіну деген сөз. Ал, тарихтан білім берудің мақсаты – оқушылардың дүниетанымының негізі болатын тарихи сананы, тарихи білімді құрметтеу мен сыйлау сезімін қалыптастыру, оқушылардың тарихи процесс желісін түйсінуге, тарихтың мәдени – идеологиялық плюралистік идеясын, бұралаң жолын сезінуіне негіз жасау. Басқа пәндер тәрізді тарих пәні оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа технологияларды маманның пайдалана ұйымдастыруымен тікелей байланысты. Менің алға қойып отырған мақсатым – оқу процесін ұйымдастырғанда әрбір оқушы өзінің іс-әрекетінен сезім алатындай, оқу – оқушы үшін қуаныш әкелетіндей етіп құру. Ал пәнді оқытудағы негізгі мақсаттарым:
1.Оқушыларды тархи оқиғаларды, үрдістерді терең түсінуге, салыстыра білуге ең мәнді ұғымдарды саралап алуына, тарихи оқиғалардың тарихтағы орнын бағалай білуге дағдыландыру.
2.Ойлау дағдыларының қалыптасуын ең ұтымды жауапты ісдестіре білуге баули отырып, өркениетті елдің білікті де, білімді жас ұрпағын қалыптастыру.
3.Оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылықтарын, оқуға деген ұмтылыстарын қалыптастыра отырып, іскерлігін дамыту.
Осы мақсаттарымды жүзеге асыру үшін қазіргі кезде қолданып жүрген оқытудың жаңа технологияларын пайдаланамын.

  • Ынтымақтастық

  • Білім берудегі ізгілендіру

  • Проблемалы оқыту

  • Тірек сигналдары арқылы оқыту

  • Түсіндіре басқарып оза немесе қарқынды оқыту

  • Деңгеймен саралап оқыту

  • Модульдік.

Барлық жаңа технологияның мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заман талабына сай, электронды оқулық, интернет, web сайдты қолданудағы жаңа ақпаратты технологияларды пайдалану тарих пәні үшін маңызды болмақ. Ақпаратты ағыны тасыған қоғамдағы оқушының тек пәнге ғана емес, өзіндік азаматтық парызын қай салада болмасын игеріп әкетудегі әрекеті. Оқытудағы технологиялардың тиімді пайдаланудағы құндылығы биіктей бермек.



Каталог: downloads
downloads -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
downloads -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
downloads -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет