Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ



бет23/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   679
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ


Барлыбаева Р.Д., Барлыбаева Л.Е. (Жамбыл)

Заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру- ұстаздың басты парызы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында: қазіргі білім берудегі басты мәселе-білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау екенін атап айтады[1]. Болашақтың бүгіннен де нұрлы, шуақты болуына тікелей ықпал етіп, адамзатты алға апаратын күш білімде ғана,- деген ұранмен оқу үрдісін ұйымдастыру қажет.


Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек»,-деген еді. Демек,ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында білім беру саласына «заманауи технологияларын енгізу үшін оқу орындарының педагог кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау тұрақты түрде іске асырылатын болады» деп атап көрсетілген. Сондықтан бүгінгі таңда педагогтардың алдында білім беруде түйінді құзыреттілікті меңгеру қажеттілігі туындап отыр. Екінші жағынан, еліміздің халықаралық экономикалық қауымдастыққа енуі білім беру саласындағы өзгерістерге байланысты жаңа жағдайда жұмыс істеуге қабілетті педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарқынды өндірістер үшін кадрлар қорын жасақтауымыз керек» деген сөздері бар. Демек, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі технологияны тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндетінің бірі болып отыр.
Қай ұстаз болсын қазіргі күн талабына сай оқытудың ең тиімді жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білімін тереңдетіп, оны практикада қолдана білуге, таным белсенділігін арттыруға тырысатыны анық.
Қазіргі талаптың басты міндеті – педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми-әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып отыр.
Әдістемелік ізденіс - жаңалыққа жол ашу. Ендеше сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.Инновациялық және интербелсенді әдістемелерді сабақ барысында пайдалану сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізеді.
Қазіргі заманауи білім беруде әр оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуда. Өйткені, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді.
Жаңа технологиялардың мақсаты мен тиімділігі:

  • шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға қалыптастыру;

  • демократиялық білім беру;

  • білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру;

  • білім сапасын көтеру;

  • өзін бағалай білу және өзгелердің ой-пікірімен санасуға, құрметтеуге басқаны баулу;

  • әр оқушы өз мүмкіндігінше дамиды;

  • жауапкершілігі, қызығушылығы артады;

  • пікір айтуға, жаңаша ойлауға жағдай туғызады;

«Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін; мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын»,- деп ұлы ғалым А.Эйнштейн айтқандай интербелсенді оқыту іскерлік пен ынтымақтастықты, оқушылардың мүдделері мен қызығушылығын, өзара сыйласымдылығын, бірлескен іс-әрекеттерге негізделеді. Сондықтан интербелсенді әдістердің мақсаты мен шарттарын үнемі қадағалау міндетті:
1.Жағымды психологиялық орта орнату;
2.Білімді игеруге деген қызығушылықты (мотивация, ынта, ұмтылыс) тудыру;
3.Білім игеруде үйренушілерді сәттілікке бағыттау;
4.Білім игеру процесін коммуникативтік процесс деп түсініп, бірлескен әрекеттерді қолдану.
І.Жағымды психологиялық климат құру – әр сабақтың және жалпылама алғанда бүкіл білім игеру процесінің басты мақсаты, яғни:

  • үйрену процесіне қатынасушылардың әрқайсымен өзара сыйластық пен сенімге негізделген жеке қарым-қатынас орнатуға мүдделі болу;

  • қарым-қатынаста қысымнан бас тартып, «жұмсақ» әдістерді қолдану;

  • әрбір оқушы мен бүкіл топ жұмысына көмек пен жәрдем жасау, қол ұшын беруге дайындық,әрбір пікірді тыңдай білу, оны сыйлау және онымен санасу;

  • жағымды (позитивті) және конструктивтік көзқарас ұстану, ешкімді де, ешнәрсені де (өзгенің пікірі мен көзқарасы) сөкпеу, даттамау;

  • жұмысқа әртүрлі тәсілдер мен құралдарды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отыру;

  • шығармашылыққа негізделу, шығармашылық тұрғыдан қатысушылардың ашылуына мүмкіндік беру;

Жағымды психологиялық орта орнату – жақсылық пен ізгілік нышаны.
2.Мотивация тудыру және қызығушылықты ояту түсінігі:
Мотивация - әр үйренушінің білімге деген қажеттілігі мен мұқтаждығы, құлшынысы мен ұмтылысы, ынтасы мен көңілі, қызығушылығы мен құмартушылығы, оның білім процесінде алдына қойған мақсаттары мен мүдделері.

  • мотивацияны тудырмай, қызығушылықты оятпай тақырыпты терең игеру мақсатына жету екіталай.Сол себепті қызығушылық тудырып, оны үнемі қолдап, қыздырып отыру керек;

  • әр тақырыптың басында «мен осы тақырып бойынша не білемін? Не білгім келеді? Бұл білім маған қалайша және қаншалықты қажет болады?» деген сұрақтарға жауап іздеу орынды;

  • сабақта алған білімдердің практикалық маңызына ерекше көңіл бөлу керек. Әр сабақ прагматикалық (пайда тұрғысынан) сипат алуы керек;

  • оқушыларды үнемі мақтап, қолпаштап, қолдап отыру керек;

  • мұғалім өзі де шабыттанып, сол көтеріңкі күйін оқушыларға көрсетуі керек;

  • сабақ барысында тұлға аралық қатынастардың дамуына ықпал жасау керек;

3.Сәттілікке бағытталу - өмірге оптимистік көзқарас қалыптастыру.

  • басты назарды жұмыстың сәтті шыққан жерлеріне аудару;

  • жіберген қателерді кемшілік ретінде қабылдамай, оларды үйренудің заңды көрінісі деп түсіну, қателерді түзетуді оқушылардың өздеріне тапсыру;

  • «сөйлеу» ұғымын «әңгімелесу» ұғымымен алмастыру, «ұстамды», «сабырлы» қарым-қатынастық тәсілдерді қолдану;

  • Әр оқушының атқарған жұмыстарының қорытынды нәтижелерінің сәтті шығатындығына сендіру, оларды өздеріне жеңімпаз сезімін қалыптастыруға ынталандыру;

4.Бірлескен топтық жұмыс – әрекеттесу, қарым-қатынас, бірлесе жұмыс істеу. Қарым-қатынас дегеніміз- өзімізді басқаларға бейімдеу, яғни өзгенің пікіріне, идеяларына, көзқарасына, мінезіне бейімделу.

  • қарым-қатынас жасау және өзара әрекет ету машығын дамытады;

  • топтың бағалық-бағыттаушылық бірлігін қалыптастырады;

  • жағдайға байланысты әлеуметтік рөлдер сменасының икемділігін кеңейтеді;

  • әр оқушыға өзінің қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға (көрсете білуге) жағдай жасалады;

  • оқушылар арасында еркіндік және сенім атмосферасы қалыптасады;

  • оқушылар топ жұмысында позитивтік, конструктивтік, шығармашылық қағидаларды ұстанады;

Оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашуда жаңа технологиялар мен интербелсенді әдістердің ролі жоғары.Жоғары технология мен интербелсенді әдістерді білім беру саласында тиімді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарының сапасын арттыруға көмектеседі. Егемен Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып қалуының кепілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет