Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет237/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   679
Балмаканова Ұ. Б. (Ақтөбе)

Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңында атап өткендей, бiлiм беру жүйесiнiң негiзгi мiндетi – баланың рухани және тәндiк мүмкiндiгiн дамыту, оны оқыту, тәрбиелеу мен шығармашылық әлеуетiнiң дамуына жағдай жасау.


Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының іс-әрекетін, дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін, мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға тікелей байланысты.
Қоғам өзгерiстерiне байланысты қазiргi кезеңде әрбiр оқушыға жеке адам ретiнде, өзiне тән ой-өрiсi, еркi, дербес әрекет жасауға қабiлетi бар, батыл пiкiр айта алатын тұлға екенiн ескере отырып тәрбиелеу мiндетi қойылып отыр. Демек, мектептерiндегi оқу үрдiсi оқушылардың iзденiмпаздығын, танымдық белсендiлiгiн арттырып, шығармашылық дербестiгiн дамытуға жол ашуы қажет.
Абай: “ғылым-бiлiмдi әуел бастан бала өзi iздеп таппайды. Басында зорлық, яки алдау мен үйiр қылу керек, үйрене келе өзi iздегендей болғанша …” – дейдi.
А.Байтұрсынов: “Бала бiлiмдi тәжiрибе арқылы өздiгiнен алуы керек. Мұғалiм балаға жұмысты әлiне қарай шағындап беру мен бетiн белгiленген мақсатқа қарай түзетiп отыру керек”, - дейдi.
А.Е.Әбiлқасымова: “Танымдық iзденiмпаздық - жеке тұлғаның сан қырлы бiлiм алуы, бұл бiлiм алу танымдық әрекетке сезiм, таным мен ерiк процесiнiң нәтижесi болып табылатын өзiн-өзi икемдеу көрiнiсiмен; танымдық мотив пен iзденiмпаздық мiнез-құлық тәсiлдерiнiң синтезiмен; оқушының мiнез-құлқындағы танымға деген тұрақты көзқараспен сипатталады. Алайда, танымдық iзденiмпаздықтың мұндай түсiнiктемесiн негiздеу үшiн жеке тұлғаның бiтiмiн талдау қажет. Өйткенi жеке тұлғаның бiтiмi – студенттiң танымдық iзденiмпаздығының қалыптасу негiзi”, - деп тұжырымдайды.
Танымдық іс-әрекет құрылымын: танымдық қызығушылық, танымдық белсендiлiк, танымдық iзденiмпаздық және шығармашылық әрекетке жiктейміз.
Танымдық қызығушылық адам мiнез-құлқының тұрақты сапасына айнала отырып, iзденiмпаз, шығармашылық дербестiгiнiң қалыптасуына мүмкiндiк туғызады. Ал шығармашылық дербестiгiнiң нәтижесiнде адамның интеллектуалдық және ерiктiк арналары кеңiп, танымдық iс-әрекетте жоғары жетiстiктерге жету, жаңалықтар ашу, белгiсiздiктi жою, күрделi мiндеттердi шешу тәрiздi жаңа сапалық көрсеткiштерге жетуге мүмкiндiктер туындайды.
Ендеше, әр жеке тұлғаны тану үшін ұстаз алдымен өз мүмкіндіктерін саралап, өзін үнемі ізденіс, даму үстінде табу керек. Бүгінгі күні түрлі хабарлар тасқыны ғаламтор, теледидар, қоршаған орта арқылы мөлшерден тыс құйылып жатқан заманда оқытушы оқушыдан кем түспеуге ұмтылатын тұстар көп. Әр баланың тұлғасы жеке зерттеуді қажет ететін ғылым іспеттес. Тетігін дәл бассаң іске қосылады. Жанын түсінген, жүрегін ұққан ұстазға бар мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады. Себебі, жүрегін қуантқан адамға сенеді. Сондай жақындыққа қол жеткізген мұғалім әр баланың мүмкіндігіне қарай тапсырма бергенде дұрыс нәтиже болады.өз бетімен істейтін жұмыс деп берілген тапсырманы мұғалімнің басшылығымен, бірақ оның көмегінсіз баланың өзі атқаратын жұмысты айтады. Бұл жұмыс арқылы оқушының ісерлік дағдысын, өз бетінше ойланып ізденуін қалыптастырамыз. Бұл көшіріп алуға бейім бала санын кемітіп, тапсырманы өздігінен орындауға құлшыныстары артады, білімдері жоғары сатыға көтеріледі, жауапкершілікпен қарауға үйренеді. Өз бетімен жұмысты сабақтың кез-келген уақытында беруге болады.
Өз бетінше жұмыс істеп дағдыланған бала кездескен қиындықтарды жеңе алатын, өз ісіне тыңғылықты, алға қойған мақсатына жетпей тынбайтын азамат болып өседі. Мұғалімнің міндеті – баланың ерік-жігерін дамыту, ұқыптылыққа үйрету, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру. Бастауыш сынып оқушыларына өзіндік жұмыс ұйымдастырудың маңызы зор. Өйткені, сол арқылы оқушылардың іс-әрекетінің дербестігі артады. Өзіндік жұмыстар өткен тақырыптарды пысықтап, бекіту үшін өздігінен жұмыс жасауға жетелейді. Алған білім, білік, дағдыны жүйелейді. Ойын еркін жеткізуге, ойланып тұжырым жасауға машықтандырады. Санасына сіңірген ақпараттарды орынды қолдана білуге төселеді.
Төменде өзім сабақтарда қолданып жүрген оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар мен жұмыстарды ұсынамын. Образға кіру, талдау және қиялдау, суырып салма ақын, диолог ертегі, жұмбақ, мақалдар құрастыру.
Образға кіру- жансыз заттардың жануарлар мен өсімдіктердің орнына өздерін қойып, олардың қандай күй кешіп, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мысалға: мен – доппын. Мені бала қуана құшағына алады. Иеме мен қуаныш, шаттық сыйлаймын. Түрімнің көбі сонша әр бала өз қалауын таңдайды. Қызметім ойнату. Мені ұрады, тебеді, бірақ мен ренжімеймін. Себебі, бала күш,қуат алып, ер жетеді, азамат болады.
Жаңа тақырып, оны пысықтап, бекіту мақсатында ұлттық ойынды жие пайдаланамын. Дене, ақыл-сана, шығармашылық, қарым – қатынасты дамытумен бірге шешендікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйренеді. Ұлттық ойындарда мақал – мәтелдер, жұмбақтарды жие қолданамын. «Кім ұрды?», «Орныңды тап», «Қалай айтуды білемін» ойындарында кейбір ұяң балалардың өзі еркін қимылдап, ортаға түсіп, ашылуына көп септігін тигізеді.
«Өзінің әлсіз тұсын мойындаған адам күшейе түседі» деген екен О.Бальзак. Топтағы бес баланың бірі ұшқырлық танытса, өзінің әлсіз тұсын сезген бала топ нәтижесіне зиянын тигізуге қорқады. Іштей қиналады, бірақ ұмтылады, намыс та осындайдан оянады.
Берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынасқа түсетін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланады.
Өз бетімен жан-жақты жұмыс жасауға дағдыландырудың өзі – өз бетімен әр нәрсені шын тану, шын түсіну, шын игеру деген сөз деп түсіндіремін. Сондықтан тек тиісті пәндерді игеру ғана емес жеке тұлға боп қалыптасу, өмірге бейімдеу.
Сөйтіп, баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру - тәрбиешінің инновациялық қызметінің маңызды бөлігі ретінде қарастыра отыра, уақыт пен кеңістік өлшемінде оның динамикасына назар аудару қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет