Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет29/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   679
Мысалға, сан есімді оқыту үрдісінде жоғарыда аталған әдісті қолдана отырып, оқушылардың сыни ойлауын дамыту барысында, сабақты төмендегі тәртіппен өткізуге болады.
Сабақты ұйымдастыру барысында топ оқушылары «Санамақ» ретімен төрт топқа бөлінеді, топтарға «Бірліктер», «Ондықтар», «Жүздіктер», «Мыңдықтар» деп ат қойылады.
Бірінші – ізденіс кезеңінде үйге берілген тапсырманы тексеру мақсатында 4 топқа да перфокарталар таратылады, тақырыпқа байланысты әр топқа мәтіндер беріледі: «Бірлік» тобына - «Тайқазан», «Ондық» тобына – «Жақсы мен жаман», «Жүздіктер» тобына – «Ақсүйек», «Мыңдықтар» тобына «Екі соқа» мәтіні. Ұсынылған мәтіндер бойынша келесі тапсырмалар орындалады:
1. Берілген мәтіндегі сан есімдерді тауып, оларды өздері тіркескен сөздерімен көшіріп жазып, тапқан сан есімдерді құрамына қарай талдаңыздар.
2. Мәтіннен сан есімдерді тауып, олардың қалай жасалғандығына қөңіл бөліңіз, сан есімге фонетикалық талдау жасаңыз.
3. Мәтіндегі сан есімдердің мағынасын түсіндіріңіздер.
4. Мәтін бойынша өз ойларыңызды қысқаша баяндаңыздар, сан есімдерді тауып, жасалу жолына қарай талдаңыздар.
Тапсырмалар орындалған соң, оқушылар жалпы есеп, сан, рет, реті, реттік сөздерінің мәні айтқызылады. Әр топ өз ойын қорытады және қорғайды. Оқушылар өз болжамдарын айтып, пікір алысады.
Екінші – жаңа білімді игеру кезеңінде оқушыларға төмендегі кесте ұсынылады.
Ішіне Сыртына
Келтірілген мысалдардан есептік сан есімнің басқа сан есімнің түрлерін жасауға ұйтқы екендігін өздері дәлелдейді.
Үшінші – тәжірибелік дағды қалыптастыру кезеңінде оқушылар ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет