Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет518/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   514   515   516   517   518   519   520   521   ...   679
Әдебиеттер

  1. Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі»

2. Қазахстан мектебі. 2008 ж. №11 «Электрондық оқулықтардыпайдаланудың педагогикалық ұстанымдары».

  1. Смирнов С.А. Технология как средство обучения второго поколения –М. 2001.

  2. Чернышевский Д.В. Технология обучения и ее выбор \Д.В. Чернышевский Энциклопедия профессионального образования в 3 т.-М. 1999. – т.2.

БИОЛОГИЯ ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ: ІЗДЕНІСТЕР, ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ


Ермекбаева Л.Ж., Есенгосова Э.Е., (Ақтөбе)

Бұл сұрақты талқылау барысында оқушыларда жаратылыстану пәндеріне қызығушылық арттыру қиынға соғатынын мойындауымыз қажет, себебі оқушылар көп жағдайда табиғаттан оқшауланған, жанды қарым-қатынас жасау аз.


Олар бос уақытының көп бөлігін компьютердің алдында, Ғаламтор желілерімен қарым-қатынас жасап өткізеді, таза ауаға аз шығады, бұл олардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Оқушылар үнемі бас ауыратынын, тез шаршайтынын айтып, сабаққа қызығушылығы кемиді, есте сақтау қабілеті азаяды.
Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту тұрғысында оларда денсаулығын мәдениетін қалыптастырып, салауатты өмір салтына, өз денсаулығы жағдайын анықтай алуға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге дағдыландыру қажет. Бұл проблемаларды шешуде маңызды рөл биология сабақтарына бөлінген.
Оқыту үрдісіндегі маңызды тұс биология сабағын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Биологияны білу материалдық дүниетанымдықты, табиғат жүйесіндегі адам орнын, тірі ағзалар мен қоршаған ортаның өзара байланысын, сондай-ақ жалпы дамуды түсіну үшін қажет.
Биологиялық білім берудегі ҚР мемлекеттік стандарты білім беру мазмұнын жас ерекшелігіне сәйкестендіруге бағытталған. Стандарт тек «білімдік» бағытқа ғана емес, біріншіден оқытуды ынталандыруды арттыратын және баланың қабілетін, мүмкіндіктерін, қажеттіліктері мен қызығушылықтарын жүзеге асыратын оқытудың қызметтік бағытына да бағдарланған.
Биология сабақтарында білімге, білікке, дағдыға және қызмет тәсілдеріне негізделген әлем туралы біртұтас ұғым қалыптасады; түрлі қызмет түріне арналған (жеке және ұжымдық), танымдық және өзін-өзі тану тәжірибесі қалыптасады; жеке білім алу жолын таңдауға даярлық жүргізіледі.
Білім алушылар дербес мақсат қойып, оны орындау жолдарын анықтауды үйреніп, сабақта алынған тәжірибені нақты, оқуы үрдісінен тыс жерде өмірде қолдана білуді үйрену керек.
Сабақ эмоционалды өтіп, қызығушылық туғызып, білімге құштарлық оятқан; қарқыны мен желісі тиімді, мұалімнің және оқушының іс-әрекеті аяталған; мұғалім мен білім алушының толық қарым-қатынасы бар, педагогикалық әдеп пен педагогикалық оптимизм сақталған, мейірбандылық пен шығармашылық еңбек атмосферасы басым; мүмкіндігінше оқушылар қызметін өзгертіп отыратын, оқытудың түрлі әдістері мен тәсілдері тиімді үйлестірілген; сабаққа қойылатын біртұтас талап қамтамасыз етілген болуы керек.
Биология сабақтарында жоғары нәтижелерге жету көп жағдайда тақырыпты оқу барысында логикалық тіркесі және негізделген байланысы бар, сондай-ақ, оқушылардың білімі, дағдысы мен білігін арттыруды қамтамасыз еткен оқу-тәрбие үрдісін жоспарлау сапасына байланысты.
Қазіргі қоғам адамдар өмірін түпкілікті өзгертетін ғылым мен техниканың қырқынды дамуымен, жаңа ақпараттық технологиялардың құрылуымен сипатталады. Білімнің жаңартылу қарқыны өте жоғары болуы адамның өмір бойы бірнеше рет қайта оқып, жаңа мамандықтарды меңгеруіне әкеледі. Үздіксіз білім алу адам өмірінде нақты және қажетті құбылыс болып қалмақ.
Өмірдің тез өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайында балаларға бірден өміріне жетерлік білім беру мүмкін емес, сондықтан да, оларды оқуға, өмірдің кез-келген жағдайында қолдануға болатын білім мен білікті дербес ала білуге үйрету керек.
Қазіргі кезеңде сабақтың тиімділігін арттырудың тәсілі оқытудың белсенді және жоғары белсенді түрі мен әдістерін қолдану. Жаттығулар, оқулық және рөлдік ойындар, жағдаяттарды құрастыру, жарыссөздер, конференциялар, «ми штурмы», презентациялар және көптеген басқа да әдістер оқытудың жоғары белсенді әдістерін құрайды. Олар оқушыларға білімді, білікті, дағдыны өз тәжірибелері, ойынға жеке қатысу, жаттығулар арқылы алады, бұның дайын, алдын-ала құрастырылған білімнен айырмашылығы бар.
Белсенді әдістердің тиімділігі, адамның естігеннің 10 пайызын, көргеннің 50 пайызын, айтқанының 70 пайызын, өзі істегенінің 90 пайызын қабылдайтынымен түсіндіріледі.
Сабақтың жоғары белсенді түрлері қазіргі білім беру тұжырымдамасының құрамдас бөлігі болып табылады. Олар танымдық қызығушылықты ынталандырады, оқу үрдісін түрлендіреді, оқу тұлғасын тәуелді етеді, оны шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді, оқушы мен мұғалім арасында тығыз психологиялық байланыс орнатады.
Білім беру ортасы: оқушыны білімді, білікті және дағдыны ізденуге және алуға ынталандыруы, психологиялық қасиеттерін дамыту арқылы танымдық ортасын дамытуы керек.
Биологиядан білім беру үрдісінің жемістілігі кәсіби білімі, педагогикалық қабілеті мен техникасы, өз педагогикалық стилі, педагогикалық шеберлігі бар мұғалім тұлғасына тәуелді.
Оқу үрдісінің сапасын арттыру үшін оқушының жасына қарай ерекшелігі мен мүмкіндіктерін психикалық дамуы заңдылықтарын білу оларды оқу-тәрбие үрдісінің нақты жағдайларында қолдануға маңызды.
Сабақ технологиясының үш постулатын білу қажет:
1. «Сабақ ақиқатты ашу, ақиқатты іздеу және ақиқатты пайымдау». Қазіргі сабақ – топтың педагог ұйымдастырған рухани қарым-қатынасы, оның мазмұны ғылыми білім, ал соңғы нәтижесі – сабақтағы қарым-қатынас субъектісінің ақыл-ойы, оның рухани толысуы.
2. «Сабақ бала өмірінің бір бөлігі, сол өмірде өмір сүру жоғары жалпыадамзаттық мәдениет тұрғысында өту керек». Педагогтың сабақта өмір сүру батылдығы болу керек, оқушыларды қорқытпай, өмірдің барлық көрінісіне ашық болуы қажет.
3. «Адам ақиқатты пайымдайтын тұлға ретінде және сабақтағы тұлға ретінде ең жоғары құндылық болып қала береді». Сабақ – бұл адамның басқа адаммен қарым-қатынасы. Педагог балаларға қарым-қатынастың ең жоғарғы мәдениетін береді.
Оқу құралдарын, оқытудың техникалық құралдары мен жабдықтарын биология сабақтарында дұрыс қолдану және жоспарлау балалардың танымдық қабілетін жаңа деңгейге шығарып, дағдының ары қарай қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Әр сабақта оқушылардың таңданысын, қуанышын туғызатын түйін болуы қажет. Бұл қызықты факт, күтпеген жаңалық, әдемі тәжірибе, проблеманы шешуге бағытталған дәстүрсіз шешім болуы мүмкін. Балалардың шығармашылығын дамыту үшін түрлі тәсілдерді қолдануға болады, мысалы: «Ашық ойлар», «Егер де мен жануар болсам, қандай және не үшін боламын?», «Кез-келген өсімдікке (жануарға) сыйлық» және оның оған жауап ретіндегі әсері, «Егер де мен биология оқулығы болсам...», «Торға саяхат», «Мен – тамырмын», «Менің досым – жапырақ» шығарма-ой-толғаулар, биологиядан портфолио конкурсы және тағы басқалар.
Сабақ – кері байланысы бар танымдық процесті басқару жүйесі. Оқушыларға ең бастысы қазіргі биология сабағы қызықты, оқыту түрінде ғене емес, сондай-ақ, тәрбиелік мазмұны бар болуы тиіс, мұндай сабақ оқушыларда есте сақтауды, сөйлеуді дамытады, пайдалы, денсаулық сақтаушы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   514   515   516   517   518   519   520   521   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет