ОҚытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан


«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»



бет6/8
Дата27.02.2020
өлшемі0,69 Mb.
#57736
1   2   3   4   5   6   7   8

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан тік сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталып қойылған дұрыс.

Бұл әдіс те оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға, ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, кұдіретін, сипаты мен табиғатын ашып түсінуге бағыттайды. Сондай-ак, әдістің тиімділігі - мұнда сабақтан тыс калатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды.



«Екі қолды жұмысқа жұмылдыру»

Оқушылар екі қолына да қаламсап алып, бір мезгілде екі қолымен мынадай әрекеттерді атқарады:



  1. Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төртбұрыш салады.

  2. Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үшбұрыш салады.

  3. Оң қолымен өзінің есімін, ал сол қолымен фамилиясын жазады. Бұл жерде жазуды оңайлату үшін есім мен фамилиядағы әріптер санын теңдестірген дұрыс: егер фамилия ұзын болса, ондағы «-ов/-ев», «-ова/-ева» жұрнақтарын алып тастап, есімге «жан» түбірін қосса болады.

Оқушыларға салғандары мен жазғандарының олқы шыққандығы назар аудармауларын ескерту керек. Мұнда ең бастысы –жазудың өзі, сол себепті де тоқтамай, әрекеттене беру керек.

Бұл ойсергектің мақсаты мынандай:

Әдетте оңқайлардың (оң қолымен жұмыс жасайтындардың) миының сол жақ жарты шары жұмысқа жұмылдырылады да, ал оң жағы жұмысқа белсене араласпайды. Екі қолмен бір мезгілде әртүрлі әрекеттер жасағанда, мидың екі бөлігі де жұмысқа қосылатын болады.

«Екі лагерь»

Жүргізуші сыныптағы бір оқушының өз қалауымен сыртқа шығып кетуін ұсынады. Ол сыртқа шыққанда қалған оқушылар бір ұқсас белгілеріне қарай екі топқа бөлініп, бір-бірінен алыс отырады. Сырттағы оқушы кіріп, екі топтың қандай бір-біріне ұқсамайтын белгі арқылы бөлінгенін табу керек.

Бұл ойын топқа бөлгенде, оқушылардың ықыластылығы мен зейінділігін анықтау үшін жүргізіледі.

«Елестету көрінісі»

Мәтіннің басты мәнін мүмкін болса, елестетуге тырысу керек. Егер мүмкіндік болса, сурет, сызба, тірек сызба т.б ретінде қағазға түсіріп, суреттерді қорғау.



«Ең зейінді»

Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады. Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді.



«Еркін жазу»

Бұл әдіс «ой толғаныс» кезеңінде пайдалануға лайықты да тиімді. Мұғалім сабақ барысында қарастырылған жаңа ақпарат жайында, одан алған әсері, не үйренгені, нені әлі де біле түсу керек екені т.б. туралы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде, оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.

Оқушылардың алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

«Еркін пікір»

Пікірталастар ұйымдастыру, баяндамалар жасау, реферат, шағын ғылыми жұмыстарды қорғау – оқушының білім қорын, ізденісін көрсетумен қатар, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін меңгеруіне қызмет етеді.



«Еркін талқылау»

Бұны шағын топта қалай болса, сондай-ақ барлық сыныппен орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады, бірақ жұмыс топтарда өтсе мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін. Нұсқа ретінде бір оқушыны көмекші болуды сұрауға болады, бұл техника оқушыны, ол оқушы әрекеттерінің оң тәжірибесін алысымен пайдалануға және осы рольдегі мінез-құлқының негізгі аспектілерін талқылауға болады.



«Ертегі құрастыру»

Бастаушы ертегінің бірінші сөйлемін айтады. Қалғандар бір-бір сөйлемнен өздері қалауынша ертегінің сюжетін құрастырады. Қатысушылардың қиял жүйріктігі, тіл байлығына қарай түрлі ертегі құрастырылып шығады.



«Есімдер арқылы топқа бөлу»

www.classtools.net – «жеміс-жидек машинасы» бағдарламасы, мұнда сізде есімдерді енгізуге, оларды сақтауға және оқушыларды кездейсоқ тәртіпте таңдауға мүмкіндік болады.

Есімдерді балмұздақтардың таяқшаларына жазыңыз және жауап беру үшін кездейсоқ тәртіппен оларды тартып шығарыңыз.

Сандарды допқа немесе оқушылардың саны немесе сыныптағы отыратын орнының нөмірі жазылған санауыштарда жазыңыз – әр сыныпта қолданыңыз.




«Жағымды тілектер алқасы»

Алдын ала топтағы оқушы санына сай ұзын (70 см) және көбірек түрлі-түсті қысқа (10 см) жіптер дайындалады. Жағымды әуен арқылы барлық қатысушылар бір шеңберге топтасады. Мұғалім қолындағы жіптерді көрсетіп: «Менің қолымда түрлі-түсті, ұзын-қысқа жіптер бар. Шын мәнінде, бұлар жай жіптер емес, біздің шығармашылығымыздың ұшқындары. Аңызға сүйенсек, егер таза жүректі адамдар бір жерге жиналса, бұл ұшқынды әдемі алқаға айналдырады екен. Қазір ұзын жіптерді әрқайсысың алып, өз мойындарыңа тағып, ұшын байлауларыңды сұраймын. Содан соң түрлі-түсті қысқа жіптен алып бір-біріңнің мойындарыңдағы алқаға жағымды тілек айтып байласаңдар. Осылайша қысқа жіптер алқамыздың моншақтарына айналады.»

Барлығы байлап болған соң, осы күннен естелік ретінде сақтап қою ұсынылады.


«Жазылым дағдыларын дамытуға әдіс-тәсілдер»

Құру

Құру үдерісі және жоспарды жобаға айналдыру үдерісі: ой дамыту, қолдау

бөліктерін енгізу, проза түрінде жазу, азат жол пайдалану, азат жолдарды

байланыстыру, басым тиімді бастау және аяқтау. Жазу бойынша бірнеше жоба болуы да мүмкін.

Оқушылар жобаны жазу кезінде критерийлерге жүгіну керек. Мазмұндама

мұғалімге жауап беруде, қатарластар ескертпесінде немесе жаңа ақпаратқа, сондай-ақ, өзгерту үдерісі кезінде байқалған кез келген сұраққа жауап беру кезінде өзгереді.



Өзгерту

Өзгерту – мазмұн сәйкес ақпараттан тұратынына және оның ақпаратты бірыңғайберетініне көз жеткізу үшін қайта оқу немесе шығарма жобасын қайта қарау.

Оқушылар орфография, грамматика, пунктуациядағы қателерді анықтау және

түзеу үшін, сондай-ақ, өшіріп, қосып, материалды нақтылау үшін түрлі түсті

қаламдарды пайдалану керек.

Өзгерту бірнеше кезеңнен тұруы да мүмкін, себебі, жазушы әртүрлі

элементтерді жазуға назар аударады. Ол мыналардан тұрады:

Мазмұн – жазбаша мазмұндаманың мазмұнына қараңыз, ол нақты бір мақсат

пен аудитоияға сәйкес келеді ме, барлық сәйкес ақпарат жеткілікті деңгейде

енгізілген бе?

Құрылым – Мазмұндауда басы, ортасы және соңы анық берліген бе? Немесе

хабарлы мәтінде анық кіріспе мен қорытынды болады ма? Ақпарат қисынды,

байланысқан және прогрессиялы бірізділік болу керек. Қызықты әрі тиімді

болатын кіріспе және қорытынды фразалар болу керек.



Мәтінді құрылымдау – Абзацтар сол абзацта талқыланатын ақпаратты

айрықшалайтын немесе соған сілтейтін тақырыптық сөйлемнен басталу керек.

Жаңа абзац орын, уақыт және сөйлеуді бастайтын жаңа кейіпкер/адамды

ауыстыра отырып, жаңа тақырыптан басталу керек. Маңызды әрі нақты сөйлемқұрылымдарының әр түрлілігін әсер алу үшін саналы түрде пайдалану қажет.



Айқындық - барлық жаңа тұжыырымдамалар нақты түсіндіріліп нақты

анықталған ба? Әр сөйлемнің мағынасы түсінікті ме? Ненің айтылып тұрғанытүсінікті ме?



Сөздік – Сөздік таңдау қажетсіз қайталаудан қаша отырып, дәл әрі маңызды

болу керек. Тезаурус пайдалану кезінде мұқият болған жөн, себебі оқушылар

маңызы бірақ мәнмәтінге сәйкес келмейтін синонимдерді пайдаланып қоюы

әбден мүмкін.



«Жақсарту жөніндегі нұсқаулық»

Оқушылардың жұмысына түсініктеме бере отырып, бұл үдерісті оқушыларға жақсарту жөнінде нұсқаулық беру үшін қолданыңыз. Оқушылардан сыныптастарының жұмыстарын бағалаған кезде түсініктемелерді қолдануын сұрай отырып, үдерісті дамытыңыз. Нұсқаулық ұғымын және оның басқа ереже түрлерінен қалай ерекшеленетінін талқылаңыз (мысалы, ұйғарым, ескерту және т.б.).



«Жақсылық тамшысы»

Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.



«Жақсы сұрақ деп нені айтады?»

Оқушылармен «жақсы» сұрақ ұғымын талқылаңыз. Үдеріс ашық және жабық сұрақтардың арасындағы айырмашылықтарды анық түсінуге мүмкіндік береді. Одан кейін олар тақырып бойынша сұрақтар қоя алады және олардың қайсысы жақсы болғанын шеше алады, одан кейін сұрақтардың жауаптарын талқылауға ауысады.




«Жаңалық ашамыз»

Заттардың негізгі қасиеттерімен қоса қосалқы қасиеттерін ашу үшін тапсырма беріледі. Бұл таптаурын болған ойдан арылу, айналаға сын көзбен қарау, жаңалық ашуға ұмтылу үшін керек.

Мысалы, «Сіріңке жанып, жарық беріп қана қоймайды, бір жағынан салмағы мен ұзындығын жоғалтады; су – сұйық, бірақ оны қатырған кезде, құрылыс материалы ретінде қолдануға болады (мұз қала салу) т.с.с.

Оқушыларға қарапайым заттардың өзгеше қасиеттерін ашу тапсырылады. Мысалы, полиэтиленді қақпақ, қаламсаптың пайданылған өзекшесі, шеге, балмұздақ т.с.с.

Бұл тапсырма талантты және дарынды балалардың қабілетін ашуға көмектеседі.

«Жауап беретін әріптес»

Жұптармен немесе әріптестермен жұмыс істегенде ауызша бағалау. Оқушылар әріптесті немесе топты өз жұмысына түсініктеме беруге немесе талқылауға шақырады. Бұл үдеріс тиімді жүруі үшін оқушылар оқу мақсаты мен табыс критерийлерін білуі қажет. Олар сонымен бірге жауап беретін әріптестің рөлін бағалауы – оқу мақсаттарына сәйкес құрылымды және жағымды кері байланыс ұсынуы тиіс. Оқушыларға жұмысты орындап жатқан адамға қоятын сұрақтар тізімі берілуі мүмкін.



«Жәшіктегі кітаптар»

Ортаға әсем безендірілген жәшік әкелінеді. Мұғалім: «Сыртындағы суреттерге қарап, осы жәшіктің ішінде не бар екенін тапқан оқушыға сыйлығымыз бар.» «Дұрыс, кітап!»

Қазір әрқайсысың бір кітаптан алып, 10 минут көлемінде кітапты оқып, қарап шығады. Содан соң кітапты жұбымызбен ауыстырып, тағы 10 минут оқимыз. Қысқаша қажетті деген мәліметтерді, қызықты ойлар мен кейіпкерлерді өздеріңе түсіріп алуларыңа болады,» - дейді.

Балалар 20 минут оқып болған соң, бір-біріне осы кітап туралы ойларын жеткізу тапсырылады. Бір-бірін толықтырады. Қызығушылық танытқан кітаптарын үйге оқуға алуларына рұқсат етіледі.



«Жеміс себеті»

Топ шеңбер құрып орындықта отырады. Жүргізуші әр қатысушыға жеміс аттарын айтып шығады. Мысалы, алма, алмұрт, лимон, жүзім, апельсин, анар, банан т.с.с. Жүргізуші екі жемістің атын айтқанда, олар орын ауыстыруы керек. Ортадағы адамның міндеті - орын ауыстырушылардың бірінің орнына орналасу. Ол енді екі-үш жемістің атын бірге немесе «жеміс салаты» деп бәрін бірге айтуына болады.



«Жетістік баспалдағы»

«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.



Өте жақсы түсіндім

Жақсы түсіндім

Түсіндім


Аздап түсіндім

Түсінбедім




«20 сұрақ – иə-жоқ деген жауап»

Оқушыларға ақпарат алу үшін, 20 сұрақ қоюға болады. Алайда сұрақ

қойылып жатқан адам «иə» не «жоқ» деп қана жауап береді. Мысалы,оқушы бір геометриялық фигура -- ромбыны жасыруы мүмкін, ал сыныптың қалған бөлігі қасиеттерін атау арқылы оның қандай фигура екенін табуы керек.

«Жұмбақ зат»

Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру.


Ойынның шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат әкелінеді. Сол затты мұғалім, жауабын айтпай сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет.

«Жұмбақ сөздер»

Негізгі сөзді, терминді немесе тақырыпты көрсететін оқушыны таңдаңыз. Оқушылар оны табуы керек.



«Жұппен жұмыс»

Бұл жұмыс түрінің мақсаты – балаларды басқа адамды естуге, тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дәлелдеуге, басқаның пікірімен санасуға мүмкіндік береді. Жұппен жұмыс істеуде балалар өз серігін өзі таңдайды. Жыл көлемінде әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа жасауға үйренеді.



«Жұптасып сурет салу»

Екі оқушы бір қағазға сурет салулары керек. Бірақ не салып жатқанын бір-біріне айтпайды, жұмыс барысында сөйлеспейді.

Рефлексия: Сурет салып болғаннан кейінгі көңіл күйді білу. Ойында не ұнамады, не ұнады? Ойын барысында қандай қиындық кездесті? Нені жеңе алдыңдар?


«Жүз теңге»

Әр жұпқа 100 теңге беріледі. Олар 5 минут ішінде бір-біріне күш көрсетпей, ақшаны біреуіне қалдыруға шешім шығаруы керек. Ал пікірталастыра отырып ақша кімде қалатынын шеше алмаса, кері қайтарып береді.

Уақыт аяқталған соң әр жұп неге жүз теңге сол ойыншыда қалғанын баяндайды. Әділ шешім марапатталады.

«Жылдам фото»

Бұл ойын оқушылардың зейіндерін шоғырландырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жүргізіледі. Оқушылар шеңбер құрып отырады да, 1-2 минут бір-бірін көзбен жылдам фотоға түсіреді. Содан соң кері бұрылып отырып, мұғалімнің түрлі сұрақтарына жауап береді. Өзінен кейін үшінші кім отырғанын, қарсы отырған оқушының үстіндегі киім түсін, кімнің көк көзілдірік тағып отырғанын т.с.с сұрауға болады.

Соңында қайта бір-біріне қарап, өз фотоларының дұрыс-бұрыстығына көз жеткізеді.

«Жыл мезгілдері»

Қатысушылар үнсіз өздері дүниеге келген жыл мезгілдері бойынша топқа бөлінеді. Содан соң әр топ өз жыл мезгілдерін пантомимо арқылы бейнелейді, қалған топ табады.



«Зерттеудің алты қадамы»

1. Тапсырманы анықтау: Мен нені анықтауым керек? Мен не істеймін? Мен қазір не білемін? Маған қандай лексика керек? Мен өз жұмысымды қалай таныстырамын?

2. Ақпараттың орналасқан орны: Мен ақпаратты қайдан таба аламын? Маған кім көмектесе алады?

3. Тиісті ресурстарды таңдау: Бұл ақпарат пайдалы ма? Мен нені сақтауым

керек? Маған нені өшіріп тастау керек? Ресурстар қаншалықты сенімді болыптабылады?



4. Ақпаратты ұйымдастыру: Мен жазбаларды өз сөзіммен жаза аламын ба?

Мен оларды қалай ұйымдастырамын? Мен ақпараттың қайдан алынғанын белгіледім бе? Мен жеткілікті ақпарат алдым ба?



5. Идеяларды ұсыну: Менен өз жұмысымды қалай таныстыруды сұрады? Мен оны қалай құрылымдауым керек? Мен өз жұмысымды кімдерге таныстыратын боламын? Мен тез тіл табысқышпын ба?

6. Соңғы өнімді бағамдау: Мен бірдемені қалдырып кеттім бе? Менің

жұмысымның мәні бар ма? Мен орфографиялық және грамматикалық нормалардыңсақталуын тексердім бе? Мен өз жұмысымды оқыған адамның алдында мақтанышсезіне аламын ба? Мен не үйрендім?




«Иә, жоқ»

Мақсаты: ұсынылып отырған жаттығу арқылы оқушылар жиналып қалған жағымсыз эмоцияларынан арылып, жағымды қарым-қатынас құруға ынталанады. Жаттығу соңында сынып оқушыларының жұмыс істеуге деген қабілеті байқалады. Сыныпта шу болуы мүмкін. Кейде балалар бір емес, бірнеше адаммен жауаптасулары да мүмкін.

Нұсқау: «Жұптарға бөлініп, бір-біріңе қарама-қарсы тұрыңдар. Жұптарыңда кім «Иә», кім «Жоқ» жауаптарын тыңдайтынын анықтаңдар. «Иә» жауабынан ойын басталады. Екінші бірден «Жоқ!» деп жауап қайтару керек. Бірінші адам аздап дауысын көтеріп, тағы да «Иә» десе, екіншісі де көтеріңкі дауыспен «Жоқ!» дейді. Әрқайсыларың әуел бастан таңдап алған сөзді ғана қайталауларың қажет. Ол сөздерді өздеріңнің қалауларың бойынша ақырын, қатты, дөрекі, сыпайы түрде айтуларыңа болады. Осы екі сөздің көмегімен шағын дау өткізулеріңе болады, бірақ бір-бірлеріңді ренжітуге болмайды. Тоқтату туралы белгі берілісімен, ойын тоқтатылады».

Жаттығуды талдау:

  • Өзіңді қалай сезініп тұрсың?

  • Саған қай сөзді айтқан ыңғайлы: «Иә» сөзі ме, әлде «Жоқ» па?

  • Сенің дауыс ырғағың қалай болды? Қатты ма, әлде ақырын ба?

«Иә, жоқ - 2»

Оқушыларға парақ таратылып беріледі. Олар жанындағы жұбына көрсетпей, оны балайтын бір ертегі, әдеби немесе мультфильм кейіпкерінің атын жазады. Мысалы, әдебиеттен оқыған шығарманың кейіпкерлерін жазғызуға болады. 7-сыныпта: «Құрмаш, Аян, Тортай, Қали т.с.с.» Содан соң жұбының арқасына қағазын жапсырып қояды. Енді бәрі сыныпты аралап жүріп, бір-біріне сұрақ қоя жүріп өз жұбын табу керек (сол әңгімедегі барлық кейіпкерлер бірін-бірі тауып алулары керек.) Сұрақтарға «Иә, жоқ» деп қана жауап беру керек.



«Идея туралы пікір»

Сіз сұраққа жауап алған болсаңыз, бұл ой туралы басқалардың пікірін сұрай отырып, ойлау логикасын дамытыңыз.

Мысалы. “Сіздер _________идеясы туралы не ойлайсыздар?

«Инсерт»

Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу.

INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - әрине, ынта-зейінді қажет ететін күрделі әрекет. Сондықтан да зейіні тұрақсыз оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өз пікірін өмірдегі жайттармен ұштастыра алмау кемшіліктері жиі кездеседі. Бұл орайда үйретуші мұғалім баланы дағдыландыруға күш салады. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Үйретушілер білетіндерін аңықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни, байланыстар құруға дағдыландырады. Сурет арқылы бейнелесек:

Бұрынғы білетін Түсініксізді Зерделей Жаңа ақпаратты қабылдау

нәрсе анықтау қарау, тану



«Иық тірескен шеңбер»

Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, сабақ туралы өз пікірлерін білдіреді. Мұғалімнің де бұл шеңберден орын алғаны дұрыс.



«Калейдоскоп»

Оқушылар жарты шеңбер бойына орналасады, жүргізуші ортада тұрады. Әр қатысушы өзіне ұнайтын түстерін айтып шығады. Содан соң жүргізуші теріс қарап тұрады. Ойыншылар орын ауыстырады. Жүргізуші ретімен кім қай түсті ұнататынын айтып шығу керек.

Бұл ойын зейін қоюға, есте сақтауға дағдыландырады.

«Капитан»

Ойынның шарты кемеден топ болып, теңізге құламауы керек. Капитан пәрмен беріп тұрады.



Капитан, капитан, ......!

Капитан: 1 адамнан рафт беріп жүреді;

Құтқарушы: 2 адамнан балон лақтырады;

Қайықта: 3 адамнан ескек еседі

Түскі ас: 4 адамнан тамақ жейді

Кемеде : 5 адамнан дөңгеленіп тұрады.

Мақсаты: Топты ынтымақтастықпен бірлесе жұмыс істеуге бағыттайды.



Алгоритм:

  1. Топқа бөлу;

  2. Нұсқаулық;

  3. Бұйрық беру

  4. Қорытынды.

  5. 5 минут

«Карусель»

Ойын шарты: оқушылар екі топқа бөлініп, ішкі және сыртқы қосарлы шеңберге бір-біріне бетпе-бет қарап, екі шеңбер құрады. Ішкі шеңбер – қозғалмайтын шеңбер, шеңбер ортасына олар арқасын беріп тұрады. Сыртқы шеңбер – қозғалмалы, шеңбер ортасына бетін қаратып тұрады. Әрбір оқушы өзіне қарама-қарсы тұрған оқушыға бір сөйлем айтып, оңға қадам жасайды. Сөйлем қойылған мақсатқа байланысты болады. Мысалы, әріптесінің жағымды жақтарын көрсету үшін «Мен сен сияқты ақылды, ұстамды болғым келеді» деуге болады. Әрқайсысы жаңа әріптесі келген сайын оның қасиеттерін айтып отырады. Жаттығудың бұл түрі барлық оқушылардың белсенді жұмысқа тек өзінің таңдауымен ғана емес, әртүрлі серіктерімен бір мезгілде араласуына мүмкіндік береді.



«Кезбе тілші»

1-оқушы телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды. (мысалы: су тасқынының деңгейі)

2-оқушы Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді.

3-оқушы Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады.

4-оқушы Тілші сұхбат алатын куәгер.

2-нұсқа


Әр топтан бір оқушы шығып, тілші ретінде сұрақ қойып, жауаптарын бірі диктафонға, бірі камераға түсіріп, топтарында өңдеп, диктор арқылы экранға шығарады.

«Кейіпкерлер әлемі»

Ойын шарты: оқушылар топқа бөлінеді. Әр топ бір-бірлеріне әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады.



«Кейіпкер»

«Кейіпкерлерге мінездеме»

Көркем шығарманы сатылай-кешенді талдау үлгісі:

Шығарма авторы:

Тегі, түрі:

Тақырыбы:

Идеясы:

Шығарманың композициялық құрылысы:



  1. Сюжеттік басталуы;

  2. Сюжеттік байланыс;

  3. Шиеленісуі:

  4. Шарықтау шегі;

  5. Шығарманың шешімі;

  6. Шығармадағы кейіпкерлер;

  7. Әдеби теориялық ұғымдар:

- теңеулер;

- эпитеттер;

- афаризмдер;

- мақал-мәтелдер:



«Кемпірқосақ»

Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.



«Кесте толтыру»

Танысу алдында әрбір оқушы мынадай кесте толтырады:


Менің өмірім

Маңызы мезеттері

Менің аты-жөнім

Қыстаубаев Бақытжан Құсайынұлы

Туған жерім, мекен-жайым

-Туған жерім: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы.

-Мен қазір Алматы қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 129-үй,10-пәтерде тұрамын.

Менің жанұям

-Біздің жанұяда алты жан бар: әкем, анам, мен, үлкен ағам мен әпкем, қарындасым 10- сыныпта оқиды.

Менің ермегім (хобби)

-Қолым боста мен шым-шытырық оқиғаларды оқығанды ұнатамын. Маған, әсіресе, детективтік романдар ұнайды.

Менің достарым

-Ауылда менің Әбілғазы мен Сейітжан деген достарым бар, ал Алматыдағы достарымның есімдері - Мұрат, Жүніс және Сейілхан.

Өмірімнің қызықты мезеттері

-Бала кезде бірінші рет Ақтау қаласына Біржан ағамыздың үйіне барып, сол жерде Каспий теңізінде қайықпен жүзіп, балық аулағанымыз есімде қалды.

-Бірінші курста Астана қаласында оқушылардың форумына қатысуым.

Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар шағын топ ішінде өз кестелерін бір-біріне оқып, оларды талқылайды. Әр топтан бір-екі оқушының кестесі бүкіл сыныпқа жарияланады.



«Кері байланыс бутерброды»

Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.

Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:

1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....

«Кері ой қозғау»

Техникалық объектінің кемшіліктері, қарама-қайшылықтары мен ақауларын айқындап, оларды жетілдіру қажет болғанда қолданылады. Тура «ой қозғаудан» айырмашылығы: мұнда сыни пікірлерге негізгі мән беріледі, қатысушылар зерттеу объектісінің олқылықтары мен жетіспеушіліктерін анықтауға тырысып, нақты техникалық проблеманы шешуге ұмтылады.



«Кластерлер»

«Жүзімнің шоқтары» деген мағынада қолданылған – идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер.

Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы әңгімелейді.

Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап ізденген де тиімді. Әдетте кластерлер оқушының жеке орындалуынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады.



«Комплименттердің бұрқасыны»

Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Комплименттердің жеке сөздер (эпитеттер) түрінде болмай, толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс. Жазып болған соң оқушылар бұл парақтарды домалақтап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. Содан кейін мұғалім оқушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырады.

Комплименттерді барлық оқушылардың кезектесіп оқуына да болады.

«Конверт – сұрақ»

2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.

«Константинополь»

Бүгінгі негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастыру қажет.



«Концептуалдық кесте»

«Көк диван»

Бастаушы диванның ортасында отырады да, «мен – көк диванмын» дейді. Келесі оқушы оның жанына отыру үшін диван ұғымына қатысты сөйлем айту керек: «Ал мен диван жастықшасымын», - дейді де оң жағына отырады. Келесі оқушы: «Мен диван жапқышымын», - деп сол жағына отырады. Бастаушы қалаған адамымен жұп болады. Қалған оқушымен жұп болғысы келген оқушы тіркесті жалғастырады. Ол екеуінің ішінен қалған оқушы өз жұбын таңдайды. Осылайша жұпқа, топқа бөлу жалғасады.

Мұны сабаққа байланысты жүргізуге де болады. Мысалы, бастаушы: «Мен сөйлем мүшесімін» десе, 1-ойыншы – Тұрлаулы, 2-ойыншы – Тұрлаусыз сөйлем мүшесі болады. Сөйлем мүшесі Тұрлаулы мүшені таңдап, неге олай таңдау жасағанын түсіндіреді. Ортада қалған Тұрлаусыз мүше жанына Анықтауыш пен Пысықтауыш келіп отырады. Тұрлаусыз мүше Анықтауышты жұп етіп, ол туралы айтады. Енді қалған Пысықтауыш жанына оның түрлері келіп отырады. Осылайша жұпқа бөліну әрі өтілген материалдарды қайталау жүзеге асады.

«Көкпар»

Топтық тапсырма: сұрақ- жауап арқылы білімін бағалау. Мұнда топ мүшелеріне сұрақтар қойылады. Жауап мазмұны, дәйектілігі ескертіледі. Сұраққа дұрыс жауап берген адам шарик (1 балл) алады. Көп шар жинаған адам - көшбасшы.



«Көңіл күй букеті»

Оқушылар гүлдерді вазаға қояды. Ваза суреті плакатқа салынған. Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді вазаға бекітуі қажет.

Қызыл түс – проблема бар, көмек қажет.

Сары түс – барлығы түсінікті емес.

Жасыл түс – барлығы жақсы.

Стикер түстері әртүрлі болуы мүмкін.



«Көңіл күйді анықтау»

Сабақ басында оқушылар бір параққа өзінің көңіл-күйін келтіретін сурет (немесе смайлик) салады: суретте олар адамның бет-әлпетін келтіру керек (мәселен, күліп немесе езу тартып тұрған, қабағын түйіп тұрған, бейтарап т.б).Олар суреттерін бір-біріне көрсетеді.Оларға сабақтың аяғына дейін көңіл-күйлерін көтеріңкі деңгейге жеткізу жұмысы тапсырылады.

Немесе көңіл-күй табиғат құбылыстары арқылы көрсетуге болады: жарқырап күн шығып тұр, аспанды бұлт торлаған, жаңбыр немесе қар жауып тұр т.с.с.

«Көрсет және әңгімеле»

Әр оқушы өз жауабын жазуға/салуға мүмкіндігі болатындай және оны тез арада сізге (сыныптастарына) көрсететіндей етіп, шағын маркер тақтасын қолданыңыз.




«Көршіңе әңгімелеп бер»

Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.

· сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз;

· одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз;

·оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.

«Көршіңізге айтыңыз»

«Көршіме айтамын» әдістемесі оқушылардың өз ойларын ауызша білдіруі үшін қолданылады.



  • -  Сұрақ қойыңыз, ойлануға уақыт беріңіз, содан кейін оқушылардан өз ойларын көршісімен бөлісуін сұраңыз.

  • -  Оқушыға жаңа тақырыпты атаңыз және оларға аталған тақырып бойынша ненің мәлім екені туралы бәрін көршісіне айтуын сұраңыз

«Кубизм»

Кубиктің көмегімен төмендегі тапсырламарды бөлу:



  1. Суретте (түсі, пішіні, өлшемі).

  2. Салыстыр (неге ұқсас, неге ұқсамайды?).

  3. Байланыстыр (бұл туралы ойлағаныңызды көзге елестетіңіз).

  4. Таңда (Неден жасалған? Неден тұрады? Не үшін?).

  5. Қолдан (бұнымен не жасауға болады?).

  6. Дәлелде («ия», «жоқ» деп оған дәлел келтіру, бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Неге?)

Әр топ кубик бойынша өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды, тақырыпқа сәйкес әр оқушының жеке жауабы тыңдалады.

Жазған мәліметтерін топта талқылайды, топтың атынан ортақ жауап дайындайды және презентацияға дайындық жасайды. Жасаған жұмыстары бойынша презентация, бағалау.



«Күн! Тас! Қоршау!»

Ойын оқушылардың зейіні мен қозғалыс жылдамдығын дамытуға бағытталған. Ойын шарты: оқушылар бірнеше топтарға бөлініп отырады. Кезек-кезек балаларға «Күн!», «Тас!», «Қоршау!» атты бұйрықтар беріледі. Сөздердің айтылу ретін үнемі өзгерту қажет. Оқушылар әрбір сөзге қимылмен жауап берулері шарт. Егер «Күн!» деген сөз айтылса, олар алақандарын ашып, саусақтарын тарбитып, қолдарын жоғары көтереді. «Тас!» сөзінде қолдарын түюлі жұдырықтарымен көтереді. «Қоршау!» сөзінде алақандарын ашып, қолдарын көтереді, бірақ саусақтары бір-біріне тығыз жанасып тұруы керек. Ойын жылдамдығы біртіндеп жоғарылауы қажет. Ешбір қате жібермеген топ жеңімпаз атанады.

«Күту уақыты»

Күту уақыты оқушыларға ойлануға және жауап беруге мүмкіндік береді. Сыныптағы барлық балалар бір бағытта және бірдей ойлай бермейді – күту оқушыларға өз ойын жинақтауға және берілген сұраққа жауапты ойластыруға мүмкіндік береді.

Күту уақытының 2 түрі:


  • Мұғалім айтады, содан кейін оқушылар өз жауаптарын бергенге дейін үзіліс жасайды.

  • Оқушы жауап беруді аяқтайды және мұғалім оның жауабына қатысты әрекет еткенге дейін кідіріс жасайды. Бұл амал оқушыға ойын толықтыруға және жалғастыруға немесе басқа оқушыға жауап беруіне мүмкіндік береді.

«Күтіңіз және түйіндеңіз»

Оқушыларға олардан күткен негізгі сөздерді анықтауға уақыт беріңіз және сол кезде сұрақты басқаша қойыңыз – анық жауапты, азат жолды және т.б. біріктіру арқылы пікірталасты түйіндей отырып, оқушылардан жалпы қорытынды беруді сұраңыз.



«Қағаздағы сұрақтар»

Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді.

Бұл - үй тапсырмасын сұрағанда қолдануға тиімді тәсіл.

«Қазымыр оқушы»

Ойын шарты: оқушылар өз араларынан жүргізуші сайлайды. Оқушылар мәтінді тағы бір рет жылдам және мұқият оқып шығады. Ойынның бірінші кезеңінде белгілі бір уақыт аралығында мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Кім көп сұрақ құрастырса, сол жеңіске жетеді! Ойынның екінші кезеңінде оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Жауап қысқа да нұсқа болуы керек. Жауап берушіні жүргізуші таңдайды. Ойын соңында көп сұрақ қойған «Қазымыр оқушы» анықталады.



«Қазына іздеу жолында»

Сабақ тақырыбына қатысты ақпаратты жасырыңыз. Оқушылар жасырылған ақпаратты табуы керек. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, тақырыпқа қатысы жоқ ақпарат қосып, оқушылардан оларға қажетті жəне қажет емес ақпаратты ажыратуды сұрауыңызға болады.



«Қайтадан құрастыру»

Сабақ уақытын жұмысты қайта өзгерту үшін қолданыңыз.

Бұл оқушыларға жақсартуға бағытталған кері байланысқа назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл үдеріс сонымен бірге кері байланыстың құнды екендігін қуаттайды және оқушыларға қолайлы атмосферада жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

«Қане, қайтала!»

Ойын шарты: мәтінді оқып шыққаннан кейін қолдарына қалам мен қағаз алып, сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын өз іштерінен сайланған жүргізушіге өткізеді. Барлықтары сұрақ құрастырып болған соң, жүргізушіден кез келген парақты алып, жауабын ойластырады. Жауаптарын талдағаннан кейін, мәтін тәртібі бойынша орналастырады. Содан кейін өздерінің жауаптары бойынша құрастырылған мәтінді мазмұндап береді. Ойын соңында өз мәтіндерін берілген үзіндімен салыстырады. Ойын қорытындысы бойынша ең белсенді оқушы анықталады.



«Қарама-қарсы бағалауға негізделген диалог»

Бұл - «ой қозғаудың» түрі. Оның негізгі ұстанымы мынадай: идеялар «Ой қозғау» тәсіліндегідей ұжымдық тұрғыдан келтірілгенде, оларға қарама-қарсы идеялар да құрастырылып отырады.

Бұл тәсілді қолданғанда төмендегідей кезеңдерді ұстану қажет:

Бірінші кезең.


  • Диалогқа қатысушылар топтарының құрамын белгілеу.

Екінші кезең.

  • Проблеманы (мәселе, сұрақ, жағдаятты) талдау тобының құрамын белгілеу.

  • Шешімін қажет ететін мәселені құрастыру.

  • Құрастырылған мәселе мен тәсілді қалайша қолдануға болатындығын қатысушыларға хабарлау.

Үшінші кезең.

  • Идеяларды бірлесе отырып, тура «Ой қозғау» тәсілі бойынша жинақтау. Талқылауда шығармашылық пен бірін-бірі сыйлау атмосферасын құрастыру қажет.

  • Алдын-ала дайындалған идеялар тізімін оқуға рұқсат етілмейді: барлық ойлар осы жерде туындауы қажет.

  • Әр қатысушының бірнеше рет сөз алуына болады, алайда оның үздіксіз бірнеше рет сөйлеуіне рұқсат етілмейді.

Төртінші кезең:

  • Проблеманы талдау тобы туындаған идеяларды жүйелейді. Жүйелеу барысында келтірілген идеялардың тізімі жасалынады.

  • Әрбір идея басқа да толықтырушы немесе қосалқы идеяларды айқындау мақсатында талданады.

Негізгі және қосалқы, толықтырушы идеялар топтамаларға (кешендерге) біріктіріледі. Олардың ұқсас қасиеттері мен ерекшеліктері зерттеліп, проблеманы шешудің жалпылама мәселелері анықталады.

Бесінші кезең:

  • Идеяларды «жоққа шығару»: бұл жерде «ой қозғау» оларды жүзеге асыруда қандай кедергілер бар екендігін анықтауға бағытталған.

Алтыншы кезең:

  • Айтылған сын мен сыни ескертпелерді бағалау.

  • Іс-тәжірибеде қолдануға мүмкін идеялардың қорытынды тізімін дайындау. Тізімге сыннан өткен идеялар мен оларға қарама-қарсы келтірілген идеялар жазылады.

Қарама-қарсы бағалауға негізделген диалог қатысушыларды үш топқа бөлген жағдайда тиімді әрі нәтижелі болады: 1) идея туындатушы; 2) проблемалық жағдаятты талдау және идеяларды бағалау, 3) қарама-қарсы идеяларды келтіру. Біраз уақыт жұмыс жасағаннан кейін топтардың рөлдерін алмастырып отырған да орынды.

«Қарама-қарсы саптар»

Оқушылар екі сапқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады, екі минут ішінде олар қарсы тұрғанмен әңгімелеседі, бір-біріне таныстық сұрақтарын қояды. Берілген уақыт аяқталған соң, мұғалім бір саптың оң жаққа, ал екінші саптық сол жаққа бір қадам жылжуын сұрайды. Оқушылардың жұптары өзгеріп, олар басқалармен сұхбаттасады (шетте тұрғандар саптың басына оралады).

Осылайша оқушылар бір-бірімен танысып шыққанша жылжи беруге болады.

«Қар көшкіні»

Оқушылар шеңбер құрайды, мұғалім да оқушылар арасынан орын алады. Әрбір қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есімін (эпитет) қосады. Мәселен, «Айнаш» есімі «А» әрпінен басталады, яғни Айнаш өз есіміне «алғыр» (немесе «ақылды», «айбынды», «асқақ», «айлалы», «арынды»т.б) сиақты сын есімді қосады. Келесі оқушы да дәл осылай өз есімін атайды, оған сын есім қосады да, алдында тұрған барлық оқушылардың есімдері мен эпитеттерін қайталап шығуы керек: «Алғыр Асан, думанды Дәмеш, сабырлы Сейітжан, әділ Әбілғазы, реңді Рызуангүл, жалынды Жомарт! Ал мен - берекелі Бақытпын!».

Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға мұқият тыңдау мен зейін қою қасиеттерін іске қосу қажет. Мұғалімнің танысуды өзінен бастауына болады, ал егерде ол оқушыларға өзінің жады мен есте сақтау қабілетін көрсеткісі келсе, онда ең соңында жауап береді.

«Қар үйіндісі»

Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұбы ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.



«Қателескен мұғалім»

Мұғалім мәтінді оқу барысында қате жібереді. Оқушылар тыңдап отырып, қателескен тұсты бірден тауып, дұрыстау керек. Мұғалім қате жіберетін болғандықтан, оқушылар асқан қызығушылықпен мәтінді қалт жібермей тыңдайды.

Мұнан соң қате басылған әңгімені оқушыларға таратылады. Енді «Жаңсақ басылған мәтін» ойнына ауысады.

«Қатені тап»

Ойын шарты:

Үш топқа өз қалаулары бойынша бөлінеді. Әр топ өз тапсырмасын алады. Тапсырманы орындауға белгілі уақыт беріледі.



1-топ тапсырмасы: ертегінің кез келген үзіндісін сурет арқылы беру. Суретте міндетті түрде 1-2 қате болуы керек.

2-топ тапсырмасы: ертегіден бір үзіндіні шашыраңқы сөздер ретінде жазу керек.

3-топ тапсырмасы: ертегі мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар құрастыру керек. Сұрақтарда 1-2 қате болуы керек. Тапсырмалар жазылып болған соң, топтар бір-бірінің қателерін тауып, түзетулері керек. Түзетулерді арнайы параққа жазуға болады:

Топ №


Тапсырмасы

Қателері

Тексерген топ

«…қатысты 10 сөзді атаңыз»

Оқушылардан нақты бір тақырыпқа, ұғымға қатысты 10 сөз атауды

сұраңыз.

«Қашықтықтан басқару»

Оқушыларды кінәмшіл, эмоционалды немесе қайшы келетін тақырыптардан қашықтықта ұстау үшін әңгіме, драма, рольдік ойынды және т.б. қолданыңыз. Мысалы, жоғалту (айрылу) кезіндегі сезімдерін ашық талқылауды сұрағанның орнына, одан да жоғалтқан жас жігіт атынан айтылған әңгімені қолдануға болады, сосын оқушылардан оның не сезінгенін талқылауды сұрауға болады.



«Қолыңды төмен ұста»

Оқушыларға жауап беру үшін емес, сұрақ қою үшін қол көтеруге рұқсат беретініңізді айтыңыз. Одан кейін мұғалім жауап беретін оқушыны таңдайды, осылайша, барлығы оқитынын тексереді.



«Қорқынышты-керемет сурет»

Қатысушыларға бір парақ қағаз бен бір фломастерден таратылады. Алдымен «керемет сурет» салу тапсырылады. Содан соң оң жағындағы оқушыға беріп осы бейнені 30 секундта «қорқынышты суретке» айналдыру тапсырылады. Ал келесі орындаушы мұны «керемет» суретке айналдырады. Шеңберді айналып, сурет иесіне қайтып келеді де, жаттығу талқыланады.



«Қос шеңбердегі комплименттер»

Оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Ішкі және сыртқы шеңберде бір-біріне бет қаратып тұрған оқушылар кезектесіп бір-біріне комплимент айтуы керек. Содан кейін ішкі шеңбердегілер оң жаққа бір адым жасап, алдында алмасып тұрған басқа оқушымен комплименттермен алмасады.



«Қос шеңбер ішінде танысу»

Оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Ішкі және сыртқы шеңберге бір-біріне қарап тұрған оқушылар бір-бірімен әңгімелесіп, танысады. Берілген уақыт өте оқушылар жұптарымен алмасады: ол үшін бір шеңбердің оңға немес солға бір қадам жасауы керек.



«Қорқыныштан арылу»

Мақсаты: қорқыныштан, абыржудан арылу, күтілетін стрестік жағдайға дайын болу.

Орындалуы: «Жайбарақат күйге түсіңдер, ашық күн астында, жасыл құрақта отырмын деп есептеңдер. Аспан кемпірқосақпен көмкерілген, оның бір бөлігінің сәулесі сендерге тиесілі. Ол мыңдаған күн сәулелерінен де жарық....оның сәулелері сендердің бастарыңа шуағын шашып, бүкіл денелеріңе тарайды, денелеріңді тазартады, айықтырады. Сендердің барлық реніштерің мен өкпелерің, барлық жағымсыз ойларың, болжамдарың сол сәуленің ішінде жанып кетеді. Денелеріңнің барлық ауру бөлшектері қара түтінге айналып, желмен ұшып кетеді. Сендер қорқыныштан арылдыңдар, сендердің көңілдеріңе қуаныш пен жарық ұялады!»

«Құндылықтар спектрі»

Бұл форматта оқушылар топтары келісіп немесе келіспей арандататын мақұлдауларға жауап берулері керек. Бірнеше әдістері: оқушылардан жіптің қасына келіп өздері келісетін мақұлдаудың қасына келіп тұруды сұрайды, сондай-ақ, басында оқушылардан мақұлдауды топта талқылауды, кейін топтың атынан, жіптің немесе сызықтың, олар келісетін жағына, өз ұстанымдарын түсіндіре отырып, карточканы орналастыру сұралады.

•Ортақ проблемамен жұмыс істеу үшін, барлық оқушылар өз сұрақтары немесе тапсырмаларына сәйкес сарапшы топ болып, қайта топталады. Талқылау соңында әр оқушы өз сұрағы бойынша сарапшыға айналады, себебі сарапшы топта басқа оқушылармен ол сұрақты талқылады.

•Бастапқы топ қайта құрылады. Тарату басталады. Бастапқы топқа соңғы тапсырма беріледі. Бұл шешім немесе жаңа тапсырма болуы мүмкін. Бұл жаттығудың шешуші мәні - тапсырманы аяқтау үшін оқушылардың бастапқы топтың біріккен «даналығын» құруы болып табылады.



«Құпия»

Мұғалім барлық қатысушылардың уысына құпиялап бір зат салады (түйме, моншақ, түйреуіш, сағат секілді... сабақтың тақырыбына сай немесе осы заттардың бас әріптерінен бүгінгі тақырып шығатындай болса да болады)

Бір оқушы ортаға шығып басқалардың қолындағы затты сұрақ қою арқылы құпияны ашуға тырысады. Құпиясы ашылған оқушы ортаға шығып әрекетті жалғастырады.

«Құпия зат»

Оқушыларға затты көрсетіңіз. Олардан оның не екенін жəне сабақпен

қалай байланысқанын анықтауды сұраңыз.


«Құпиясы жоқ қабырға»

Шәкірттің өлең, сурет, қолөнер т.б. шығармашылық туындылары көпшілік назарына ұсынылып отыруын қамтамасыз етеді. Сабақтағы бала еңбегі көп алдына шығарылып, асықпай танысуға, тіпті жазбаша пікір қалдыруға мүмкіндік береді.



«Құрастыр және жауап бер»

Емтиханға дайындалғанда оқушылар өз сұрақтарын құрастырады да, сосын соларға жауап беріп жаттығады. Бұл оларды бағалау құрылымы туралы және өзі жұмыс істеп отырған материал туралы тереңірек ойлауға жетелейді. Нысан және функция!



«Құрастыр, сосын жауап бер»

Оқушыларға жауап бергенге дейін өз ойларын жинақтауға мүмкіндік беріңіз–

· жауап алдындағы 30 секундтық үнсіз ойлау;

· жұптағы 2-3 минуттық миға шабуыл;

· жауап бермес бұрын бірнеше ойларыңды жаз;

· өз көршіңмен болжамды жауапты талқыла.



«Құсты құтқар»

Нұсқау: «Қолыңда кішкентай құстың дәрменсіз балапаны бар деп елестет. Қолыңды алақаныңды жоғары қаратып соз. Енді оны жылыт: баяу қимылмен бір-бір саусақтарыңды алақаныңа жұмылдыр, балапанды алақаныңа тығып қой, оны деміңмен жылытуға тырыс. Алақаныңды кеудеңе бас, балапанға өзіңнің демің мен жүрек жылуыңды бер. Енді алақаныңды аш, балапан аса бір қуанышпен ұшып кеткенін бақыла. Оған қапаланба, қуанышпен шығарып сал: ол саған әлі қайта оралады!»



«Қызығушылықты ояту»

Оқушы ұстаздың тереңнен ойластырылған әдіс-тәсілдеріне сүйене отырып, жаңа ұғымдарды, түсініктерді игеруге қадам жасап, қызыға жұмыс істеп, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.



«Қызыл табан»

Мақсаты: Балаларды ұжыммен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке үйрету.

Ойынның шарты түсіндіріледі. Осы сыныптағы бір адамның табанына «қызыл табан» белгісі жапсырылған. Ол белгі кез-келген адамда болуы мүмкін. Қай топ сол адамды бірінші тауып, әуелі әдепті сөздер көмегімен табанын көрсетуін сұрап, дәл тапса, солар ұтады.

«Қысқа аутотренинг»

Әрбір қатысушы ыңғайлы орналасады. Жүргізуші: Біркелкі демалыңдар! Бойларыңды еркін ұстаңдар! Сендер аяқтарыңда,қолдарыңда жағымды ауырлықты сезінесіңдер... Қабақтарың ауырлай бастады... Біркелкі, терең демалыңдар... аяқтарыңда, қолдарыңда жағымды ауырлықты сезінесіңдер. Қабақтарың одан әрі ауырлай бастады... Біркелкі, терең дем алыңдар... Сендер аяқтарың мен қолдарыңды сезінбейсіңдер. Сендер ауада қалықтайсыңдар. Сендердің көз алдарыңа өмірдегі ең бір керемет оқиғалар келеді. Сендер өздеріңді сергек сезінесіңдер. Қазір мен үшке дейін санаймын. «Үш» сөзінде көздеріңді ашыңдар, сендер белсенді, сергек, балғын сезінесіңдер. Бір, екі, үш...



«Мағынаны тану»

Ойлау мен үйренуге бағытталған әрекет мағынаны тану (түсіне білу) деп аталады. Мағынаны ашып, мәнін тану үшін оқушы бұл кезеңде жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жүмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады (арнайы мәтіндер, тапсырмаларды, түрлі амалдарды қолдана беру, әртүрлі әдістерге сәйкестендіру, т.т.).




«Мағынасы қандай?»

Ойынның мақсаты: Оқушыларды сөздердің мағыналарын ажырата білуге үйрету.


Ойынның шарты: Өлең жолдарына сүйеніп, қарамен жазылған сөздердің мағыналарын табу.
Қайыпбайдың, қарашы,
Қандай ерке баласы.
Нан жемейді нансаңыз,
Тек қант пен бал – асы.
* * *
Тұр уылжып жемістер,
Еңбек қызды егісте.
Күз – береке,
Күз – ырыс,
Тер сіңіріп,
Жеміс тер!
* * *
– Үй бола ма ауласыз?
Қоршап таста бау – бақты, –
Деп ем,
Інім:
– Аула сыз
Тартады, – деп зар қақты.


«Мадақтау»

Оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп, бір-біріне мақтау мен комплимент айтады: «Бүгін тіпті құлпырып кетіпсің ғой!», «Мен сені шыншылдығың мен әділеттілігің үшін өте сыйлаймын!», «Сен өте әдепті жансың!», «Маған сенімен бір топта жұмыс жасау ұнайды!»т.б.

Бұл жұмысты шағын топ ішінде де ұйымдастыруға болады.


«Мамандық таңдау»

Мақсаты: Баланың мамандықтар туралы білімін кеңейте отырып, еңбек ету арқылы өз мақсатына жетуге болатындығын ұғындыру.

Ортаға әр түрлі мамандықтар аты жазылған қағаздар тасталынады. Әр бала бір-біреуден алады. Әркім өзіне тиесілі мамандық бойынша: шағын көрініс, тақпақ, қысқаша монолог, сипаттама т.б. жасап, мамандықты барынша дәріптейді, презентация жасайды. Ойын соңында «Ең жақсы презентация» марапатталады. Барлық қатысушыларды қамту мақсатында әр түрлі марапаттар ұйымдастыруға болады.

«Мәтінмен жұмыс»

Тапсырмалар:



  • мәтінді бірнеше бөліктерге бөлу;

  • әр бөлікке атау беру;

  • әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтау;

  • кейіпкерді сипаттайтын сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді табу;

  • мәтіндегі барлық кейіпкерлерді кезегімен атап беру;

  • мәтіндегі оқуға орын алған жерлерді атау;

  • мәтінді аяқтаудың нұсқасын ұсыну.


«Мен кіммін?»

Оқушылардың маңдайларына жапсырма қағазға сабақта өтілген тұлғалардың аты жапсырылады. Жұптас көршісіне сұрақ қою арқылы өзінің қай тұлға екенін табу керек.

Мысалы: «Мен жазушымын ба? Менің «Ақбілек» деген романым бар ма?..» Көршісі тек «иә, жоқ» деген жауаптар айтады.

«Мен ешқашан...»

Қатысушылар кезекпен «Мен ешқашан...» деп басталатын сөйлем айту керек. Мысалы, «Мен ешқашан парашютпен секіріп көрген жоқпын». Қалған қатысушылар бұл фраза өздеріне қатысты болмаса, саусақтарын бүгіп отырады, яғни олар парашютпен секірген болса. Бұл ойында кімнің өмір тәжірибесі ерекше болса, жеңіске жетеді.



«Мені түсін»

Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін он шақты сөз жазуларын талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келген сөздері көп болса, сол жеңімпаз деп танылады.



«Менің тұлғамның формуласы»

Сынып оқушыларын бір-біріне жақынырақ таныстыру, жағымды ахуал тудыру үшін қолданылады. Әр оқушы өзінің қызығушылығын, мінез-құлқын, дарыны мен талантын формулаға түсіріп айтуы керек. Көбінесе оқушылар «қосу», «азайту», «көбейту», «бөлу» ұғымдарын қолдана отырып, математикалық формула шығарса, кейбірі химияны еске түсіретін формулалар құрастырады.

Мысалы: Жанбота = (0,7 талғам + 0,5 түйсік) : 0,1 сенімсіздік – 0,5 жалқаулық

Сыныпта «бөлу» мен «азайту» амалдары көбірек болған оқушылар мен «көбейту» мен «қосу» амалдары көп оқушылары араластырып отырғызу, бір-бірімен пікір алыстыру т.с.с жұмыстарда мұғалім қаперінде ұстау үшін формулаларын жазғызып, жинап алып қарап отыру.



«Миға шабуыл»

Қойылған проблеманы оқушылардың шығармашылық белсенділігіне сүйене отырып шешуге бағытталған, оқушыларға проблеманы шешуге жауап нұсқасын таңдауға еркіндік беріліп, оны шешудің неғұрлым көп жолдарын көрсетуге негізделген. Кейін ең жақсы идеялар, шешімдер таңдалынып алынады. Берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады. Маңыздысы – айтылған көзқарасқа баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр пікір тақтаға немесе қағазға жазылғаны дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері тиіс.



«Минуттық шешім»

Оқушылар сабақ немесе тарау кезінде оқылған аса маңызды тармақтарды (пайдалы, мағынасы бар) анықтайды.



«Миыңның суретін сал»

Оқушылар мидың суретін дəптерге салады да, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.



«Мозаика»

«Мозаиканың» басымдылығы - оның топтық жұмыс істеу үшін құрылымдауы, ол сондай-ақ сөйлеуге және тыңдауға мүмкіндік береді.

• Мұғалім барлық сыныпты кішкентай топтарға бөледі (топта шамамен төрт оқушыдан). Мұғалімнің мұндай бастамасы барлық топтарда гендерлік теңдік сақтап, барлық сыныптың мүмкіндіктері мен қарым-қатынасын көрсетуге арналған.

•Барлық бастапқы топқа жалпы тапсырма беріледі. Үлестірме материал ұсынылған. Оқуға арналған материал күрделі емес, әрі көлемі шағын. Егер топта төрт оқушы болса, онда топқа арналған негізгі тапсырманың ішінде төрт сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр топта сұрақтар мен тапсырмаларды оқушылар өздері бөледі.




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет