ОҚытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан



бет2/8
Дата27.02.2020
өлшемі0,69 Mb.
#57736
1   2   3   4   5   6   7   8

«Байланысқан оқу»

Өз оқуын бір сөйлеммен түсіндіретін оқушыны таңдаңыз. Келесі

оқушы өз сөйлемін құру үшін жалғаулық шылаулар мен жалғауларды пайдаланады.

«Балалар философиясы»

Тақырыппен таныстырып, үдерісті түсіндіріңіз. Оқушыларға ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек. Оқушылар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс тақырыпқа/пәнге қатысты сұрақтарды ойластыру үшін, оларға бір-екі минут беріледі. Осылайша дауыс беру және сұрақтарды талқылау анықталады. Мұғалім сұрақтарды дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, делдал ретінде қатысады.



«Балық, құс, аң»

Мақсаты: Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң» - деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып:

- Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.

«Барлық оқушылармен жұмыс»

Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың барлық сұрақтарына мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді де алаңдатпайды.



«Бас бармақ»

Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.

Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.



Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.




«Батискаф»

(Су астын байқайтын құралдармен жабдықталған, өз бетімен қозғалу қасиеті бар терең су камерасы.)

Екі топ бір-біріне кезекпен сөздер жасырады. Топтың бір оқушысы қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек.



«Баяндама»

Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.



«БББ»

Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан тұратын сурет салады - Олар нені біледі?

Олар нені білгісі келеді?

Олар нені білді?

Миға шабуыл өткізгеннен кейін оқушылар алғашқы екі бағанды толтырады және бөлімді оқып біте бастағанда, үшіншіге қайта оралады (немесе бөлімді оқу барысында толтыруы мүмкін).

Ұсыным: «Қалайша оқып-үйренетін боламын?» деген қосымша баған қосуға болады.



Белсенді оқылым тәсілдері

Бастапқы танысу

Құрылымы мен мазмұнын түсіну үшін тақырыбын, тараушаларын, фотосуреттер берілген жазбаларды және т.б. зерделеуді көздейді.

Мысалы: Мәтінді оқырдың алдында оқушыларға тақырыбын беріңіздер де, олардан ассоциация жүргізуді сұраңыз, яғни тақырыпты оқыған кезде олардың ойына не келгенін айтады. Оқушылар өздерінің ассоциацияларының негізінде мәтін не туралы болады деп ойлайтынын талқыға салады.

Болжау

Мазмұны қандай болатынын және қандай сөздік қор қолданылатынын болжау үшін тақырып, автор туралы бұған дейінгі білімдері пайдаланылады.

Мысалы:

Оқушылар мәтіннің бір бөлігін оқып болғаннан кейін, олардың ойларынша әрі қарай не болатынын болжайды. Оқушылар оқылған мәтінде келтірілген, өз болжамдарына негіз болған ойларға сүйене отырып, өз болжамдарын дәлелдеулері тиіс.



Танысу үшін оқу және сканерлеу

Бұл тәсіл мәтіннің негізгі идеясын, стилі мен құрылымын анықтау үшін, мәтінді тез көз жүгіртіп оқып шығуды көздейді. Бұл тәсілді болжамдарды дәлелдеу үшін пайдалануға болады.

Мысалы: Мәтінді оқырдың алдында оқушылар өздерінің қандай негізгі ақпарат іздейтіндерін анықтап алулары керек. Олар қандай тірек сөздердің мәтіндегі сол ақпаратты меңзейтініне назар аударуы тиіс. Оқушылар тірек сөздерді іздей отырып, мәтінді жылдам оқып шығады. Оларды тапқан жағдайда, өздерінің іздегені осы ақпарат па екенін тексеру үшін оқушылар тиісті бөлімді оқып шығады.

Мәнмәтінге қарап болжам жасау

Бұл тәсіл оқушылардың таныс емес сөздердің мағынасын анықтау үшін

мәтіндегі ишаралар мен бұған дейінгі білімдерін пайдалануын көздейді.

Мысалы: Осы тәсілді тексеру үшін мұғалім оқушыларға ойдан шығарылған сөзі бар сөйлем ұсынады, мысалы, «Гелаклаф сынып қалғандықтан маған жолдың қалған бөлігін жаяу жүріп өтуге тура келді». Оқушылар қалған сөздерге қарап, бұл сөздің не мағына беруі мүмкін екенін анықтауға тырысады. Бұл жағдайда сөйлеп тұрған адам бұның алдында жаяу болмай, бірдеңені мініп келе жатқандықтан, олар мұны көліктің бір түрі деп ұйғаруы мүмкін, сондықтан бастапқыда «велосипед», «автобус» немесе «автомобиль» деген болжамдар ұсынылуы мүмкін. Барынша нақты болжам жасау үшін оқушылар мәтіндегі қосымша ақпаратқа назар аударуы тиіс.



Басқа сөздермен айту

Белгілі бір ойды бірдей уақыт өткен сайын басқа сөздермен айтуды білдіреді.



Мысалы: Оқушылар өздері жаңа ғана үйренген нәрсені қорытады. Жаттығуды күрделі және қызықты етіп өткізу мақсатында оны бейімдеуге болады, мысалы, өзінің үйренгендерін екі сөйлеммен болмаса он немесе одан да аз сөзбен қорытындылау.

«Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет