ОҚытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан



бет7/8
Дата27.02.2020
өлшемі0,69 Mb.
#57736
1   2   3   4   5   6   7   8

«Молекулалар»

Жүргізуші қатысушыларға енді олардың атомдар екенін айтады. Содан соң «10 атомнан молекулаға бірігіңдер!» деген пәрмен береді. Осылайша, атом санын азайта береді. Айтылған санға біріге алмағандар ойыннан шығып отырады. Соңында қалған екі атом жеңімпаз атанады.



«Мотивация»

Қатысушылар 2 шеңберге бөлінеді. Ішкі шеңбердегілер қарсы тұрғандарға жеке қасиеттері, дағды, тұлғалары, мінез-құлқы, өздерін ұстауы т.с.с. комплимент айтады. Тыңдаған қатысушы: «Рақмет, мен де солай ойлаймын. Сонымен қоса мен кестені жақсы тіге аламын» деген секілді өз бейімділігі мен ерекшелігін қосып отыру керек. Бұл оқушылардың өздеріне деген сенімдерін арттырып, жаңа жұмысты құлшына атқаруға кірісуге мотивация болады.



«Мүмкін»

Сұрақ қоя отырып, оқушыларға болжалды жауаптарды ойлануға және зерделеуге мүмкіндік беру үшін, арасында «мүмкін» деген сөз орамын қолданыңыз. Мысалы, Демократияның маңызы қандай? Демократияның мәні қандай болуы мүмкін?

Бірінші сұрақ мұғалімге таныс, жалғыз ғана жауапты көздейді. Ал екінші сұрақ анағұрлым ашық болып көрінеді.

«Мынандай адамды табыңыз...»

Оқушылар топ ішін аралап, төмендегі кестеде көрсетілген ерекшеліктер барларын жазып, 4-6 адамнан тұратын шағын топ құрайды, бір-бірімен жақынырақ танысады.

Кітап оқуды ұнататын

2-ден көп бауырлары бар

Үш тілде сөйлейтін

Ақ түсті киім киюді ұнататын

Киімінде жасыл түс бар

Музыкалық аспапта ойнайтын

Шетелде болған

Бейтаныс адамдармен тез тіл таба білетін

Барлық нәрсені қағазға жазбай, есінде сақтай алатын

Астанаға дейінгі пойыз билетінің бағасын білетін

Ән салуды ұнататын

Алма жеуді ұнататын

Билеуді ұнататын

Жұмыс жасағанда музыканы қоюды ұнататын

Лекцияның алғашқы 15 минутына ғана шыдай алатын

Шаңғы тебуді ұнататын




«Нақтылық – талант»

Сынып 3-4 адамнан топқа бөлініп, бір-бірінен алысырақ орналастырылады. Мұғалім 3 классикалық әдебиет тізімін ұсынады. Әр топтың міндеті осы 3 әдеби шығарманы 3 сөйлеммен сипаттау керек. Сөйлем құрылымы ерікті.

Мұнан соң әр топ өз сөйлемдерін оқып, оны басқа топтар талқыға салады.

«Не жақсы?»

Оқушы мен сіздің араңызда «жақсы» деп саналатын жұмысқа қатысты келісімнің бар екеніне және оған қалай қол жеткізуге болатынына көз жеткізу үшін біршама уақыт жұмсаңыз. Мынадай сұрақтарды қолданыңыз:

Нені «жақсы» жұмыс деп айтуға болатынын айта аласыз ба?»

«Түсініктемелер туралы не ойлайсыз?»

«Сіз әрқашан бұдан әрі не істеу қажет/не туралы ойлау қажет екенін білесіз бе?»

«Сіз өз жұмысыңыздың «жақсы» екенін анықтай аласыз ба?»




«Неліктен бұл үздік?»

Үй жұмысы ретінде оқушылардан өзінің жақсы деген жұмысын таңдауын және не үшін олай ойлайтынын сұраңыз. Мұндай түсіндіру кезінде оқушы табыс критерийлеріне, деңгей, мақсаттарына және т.б. сілтеме жасай алады.



«Нұсқауды орындау»

Топқа 3 минуттық тест беріледі. Нұсқауды дұрыс орындау тапсырылады:



  1. Тапсырмаларды орындамас бұрын барлық пункттерді оқып шығыңдар.

  2. Осы қағаздың оң жақ бұрышына өз есіміңді жазып қой.

  3. Екінші пункттегі есім сөзін қоршап қой.

  4. Сол жақ жоғары бұрышқа бес шаршының суретін сал.

  5. Өз есіміңді дауыстап айт.

  6. Өз есіміңді тағы бір рет жазып қой.

  7. Үш рет «Иә», «иә», «иә» деп жаз.

  8. Бесінші пунктті қоршап қой.

  9. Парақтың сол жақ төменгі бұрышқа «Х» белгісін қой.

  10. Осы тест ұнаса, «Иә» ұнамаса, «Жоқ» деп дауыста.

  11. Өз тегіңді дауыстап айт.

  12. Оң жақ бұрышқа 66-ны 7-ге көбейт.

  13. Төртінші пункттегі «бес» сөзін қорша.

  14. Егер нұсқауды дұрыс орындап келе жатырмын деп ойласаң, «Иә, дұрыс келе жатырмын» деп дауыстап айт.

  15. Осы парақтың сол жағына 69 және 98 сандарын жазып қой.

  16. 10-нан 1-ге дейін дауыстап сана.

  17. Орныңнан тұрып, бір айналып отыр.

  18. Дауыстап: «Мен нұсқауды орындап аяқтап қалдым,» - деп айт.

  19. Егер мұны бәрінен бұрын айтсаң: «Тестің бұл кезеңінің көшбасшысымын!» - де.

  20. Енді бірінші пунктте айтылғандай, бәрін түгел оқып шыққан болсаң, тек №2 пунктті ғана орында.

Кім нұсқаулық бойынша жұмыс жасағаны анықталады. Нұсқаулықпен жұмыс жасауда нені ескеру керектігі ортаға салынады.



«Ой жалғау»

Мұғалім мәтінді жартылай оқиды, ары қарай 1-топқа - қайғылы, 2-топқа – көңілді, 3-топқа – юмормен жалғастыруға, аяқтауға тапсырма беріледі. Жұмыс аяқталған кезде топ мүшелері белгі береді. Спикер шығып оқиды.



«Ой күмбезі»

Бұл әдіс тақырыптық тапсырмаларды сатылай, деңгейлеп орындауға негізделген. Ол мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:

«Ой қазығы» - айтылған ойдың негізгі сөзін тауып, қарапайым түсініктер мен ұғымдардың табиғатын айқындайды;

«Ой желісі» - негізгі сөзден өрбитін ой-пікірді талдап, алған білімді қолдану және жан-жақты зерделеуге мүмкіндік береді;

«Ой өрімі» - оқушылардың пікірлері мен ой түйіндерді жинақтап, салыстыру, дәйектеу, дәлелдеу,өзге ұқсайтын (ұқсамайтын) құбылыстармен салыстыру, ой көркемдігі мен құрылымдық сипатын ашуға, ізденіске бағдар беруді көздейді;

«Ой күмбезі» - шығармашылық және ізденіс нәтижесінде ойдың маңызы мен мәнін ашуға, олардың қажеттілігі мен орнын айқындап, баға беруге жетелейді.



«Ой қозғау» (brainstorming, «Ми шабуылы» деп те аталып жүр)

Шығармашылық ойлауды сын немесе сыннан сескену тежейтіні белгілі. Әрине, кез келген жаңа идеяның дұрыс болуы шарт емес. Егер автор сыннан қорқатын болса, онда ол өзінің кейбір дәлелденбеген идеяларын келтірмеуі де мүмкін. Алайда әзірше дәлелденбеген ойлардың қаншасы кейінірек жақсы идеяларға айналады емес пе? Ал сын айту мен сыннан қорқу жақсы идеяларды жоғалтып жібереді.

Тәсіл негізінде сынға еш көңіл бөлмей, назар аудармай, еркін ассоциациялар арқылы жаңа идеяларды көптен келтіру мен оларды жинақтау жұмысы жатыр. Мұндағы басты мәселе идеялар мен ойлардың сапасында емес, керісінше, олардың санында болып тұр. Ал сыни пікірлерді келтіріп, идеялар мен ұсыныстарды іріктеу жұмысы шығармашылық әрекеттер аяқталғаннан кейін басталады.

«Ой қозғау» тәсілін қолданғанда мынадай ережелерді ұстану қажет:


  1. Проблеманы негізгі терминдер арқылы құрастырып, бір ғана ең басты мәселені айқындау.

  2. Бір де бір идеяны жалған деп танымай, оны зерттеуді тоқтатпау.

  3. Кез келген идеяны (тіпті оның қажеттілігі қазір күмәнді көрінсе де) жалғастыруға ұмтылу.

  4. Қатысушылар өзін ыңғайлы сезініп, «ашылуы» үшін оларды қолпаштап, ынталандырып отыру.

  5. Идеяларды бағалау мен іріктеуді тек шығармашылық идеялар келтіру жұмысы аяқталғаннан кейін ғана бастау. Мұндай жұмысты алғашқы әрекетке (идея келтіруге) қатынаспаған сарапшыларды жұмылдыру. Сарапшылар ой қозғауда келтірілген барлық ұсыныстар мен идеяларды мұқият зерттеп, оларды жүзеге асыру мәселесіне баса назар аударады. Сарапшылар ұсынылған идеялардың ішінен нақты жағдайларда қолдануға тұрарлықтарын таңдап алады.

«Ой қозғауды» сабақта былайша қолдануға болады:

  • Оқушылар қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін берілген уақыт ішінде жазбаша келтіреді.

  • Мұнда ең бастысы идеялардың көптігі, олардың еркін жағдайда айтылуы болғандықтан, оқушылар өз ойындағыларын еш күмәнданбай (мәселен, олардың дұрыс-бұрыс, қажет-қажет еместігіне қарамай) келтіре беруі керек;

  • Идеялар ешқандай сынға ұшырамауы керек, өйтпеген жағдайда оқушылар тосылып қалып, идеяларды келтіре алмауы мүмкін;

  • Барлық идеялар сарқылмайынша, олар қағазға түсіріле беріледі;

  • Идеяларды келтіру жұмысы аяқталғаннан кейін ғана оларды талқылау жұмысы басталады.

Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт (2-6 минут) аяқталған соң, оқушылар бірлесе (жұптасып, шағын топ ішінде, бүкіл сынып болып) жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады (4-20 минут)

«Ой қозғауда» балама келтіру (аналогия), қиял-фантазия, инверсия, эмпатия тәсілдері кеңінен қолданылады.



«Ойлан, бірік, бөліс!»

Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).



«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»

Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.



«Ойланып сурет саламыз!»

1-нұсқа. Суретті қозғалыста салу керек. Ол үшін оқушылар қолдарына дәптер мен қаламсаптарын алып, шеңберлене тұрады, сол жаққа бұрылып, сынып ішінде шеңберді бұзбай жүре бастайды. Олар алдында тұрғанның арқасына дәптерін қойып, арттағы оқушының суретін салуға тырысуы керек. Бұл жерде мынандай ережелерді сақтаған орынды:

-Тоқтауға болмайды!

-Шеңбер жүруін тоқтатқанша суретті сала беру керек.

-Суретке ренжуге болмайды!

2-нұсқа

Жоғарыда келтірілген мақсатта (мидың екі жарты шарын іске жұмылдыру үшін) бала кезден белгілі мынадай әрекет жасауға болады: оқушылар сол қолымен қарындарын сипалап, оң қолдарымен төбелерін ақырындап шапақтайды. Мұғалімнің берілген командасы бойынша («Үш, төрт! Қолдарыңызды ауыстырыңыздар!) олар қолдарын алмастыруы қажет.

Әрине, бұл тапсырманы орындау оңайға соқпайды.

3-нұсқа. Аталмыш мақсатта (мидың екі жарты шарын іске жұмылдыру үшін) тағы да бала кезден белгілі мынадай әрекет жасауға болады: оқушылар сол қолымен мұрнын ұстаса, оң қолымен сол құлағын ұстайды. Мұғалімнің берілген командасы бойынша(«Үш,төрт! Қолдарыңызды ауыстырыңыздар!») олар қолдарын алмастыруы қажет.

4-нұсқа. Оқушылар дәптерін төбесіне (басына) қойып, өзінің жұптасына қарап отырып, берілген қысқа уақыт ішінде (1-1,5 минут) оның суретін салуға тырысады. Суретті салып бітіргенше, дәптерге қарауға болмайды. Әрине, салған суреттердің қисық-қыңыр болатындығы сөзсіз, алайда олардың оқушыларға қызық болып көрінуі сөзсіз. Оқушылар сурет салынған парақтарға өз қолдарын қойып, бір-біріне тарту етеді.



«Ойлаудың алты қалпағы»

Оқушылар алты топқа бөлініп, өз көзқарастарын білдіреді. «Ақ қалпақ» (проблемаға қатысты деректерді талассыз келтіреді), «сары қалпақ» (өмірінің сәтті кезеңдерін айтады), «қара қалпақ» (өмірінің сәтсіз тұстарын айтады), «көк қалпақ» (талдау жасайды, топтар Не үшін? Неге? Неге байланысты? деген сұрақтарға жауап іздейді), «жасыл қалпақ» (кейіпкер өміріне қатысты тың идеялармен болжамдар айтады), «қызыл қалпақ» (оқиғаны оқу барысында бастан кешірген сезімдерін тұжырымдайды).



«Ой-толғаныс»

Бұл кезеңде күнделікті оқыту үдерісінде оқушы өзіндік толғаныс, дағды-машықтарын ұйымдастыру, өзіне де, өзгеге де сын көзбен қарап, баға беруге үйренеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды салмақтап, салыстырып, түйіндеп өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жо- лын, кестесін жасау мақсатында басқалармен пікір алмастырады, үйренеді. Бұл үйрену сатысы - ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын қорытынды кезең болып табылады. Әртүрлі шығармашылықпен ой салыстыру болашақта қолданылатын мақсатты әрекеттерге жетелейді.




«Оқиғаны басқаларға жеткіз»

Әр топта 7-8 адамнан келетіндей топтарға бөлінеді. Әр топтың басында отырған оқушыға оқиға беріледі. (Әр топқа түрлі оқиға беруге де болады.) Ол жанындағы адамға басқаларға естіртпей оқиғаның желісін жеткізеді. Осылайша бәрі айтып болған соң, соңғы қатысушы оқиғаны дауыстап айтып шығады. 1-оқушы мәтінді оқиды. Қай топтың оқиғасы түпнұсқаға жақын болса, сол топ жеңіске жетеді.



«Оқуды реттеу»

Оқушылар қайсыбір жаттығуды орындап жатқан кезде бөлмеде қозғалып жүру мұғалімге оқу үдерісі туралы ақпарат жинауға, бағалаудың әр түрлі стратегияларын қолдануға және қажет жерлерде үдеріске араласуға мүмкіндік береді.



«Оқу күнделігі»

Оқу күнделігін бастаңыз, онда оқушылар оқу туралы және ол бойынша шолуы туралы ойларын жазып қалдыра алады. Бұған бүкіл сыныпқа арналған тапсырмалар, мақсат, тапсырма кестелері және т.б. кіруі мүмкін



«Оқушылардың бағалауы»

Бағалау үдерісіне қатыса отырып, оқушылар тақырыпты, бағалау үдерісінің өзін және өз жұмысын орындай отырып, не жасағандарын аса тереңірек түсінуге қол жеткізеді. Бұл оларға оқудың не екенін білуге, осылайша өзінің оқуын қарастыруына көмектеседі.Оқушылар өз үй жұмыстарын немесе сыныптастардың жұмысын бағалай алады. Бұл жаттығу «ресми» немесе оқушы жасаған бағалау схемасы бойынша жұппен немесе дербес түрде орындалуы мүмкін.



«Оқушылар сұрақ қояды»

Оқушыларға сұрақтар қоюға мүмкіндік жасаңыз. Сұрақтар сыныптастарға, мұғалімге қойылуы мүмкін немесе талқылауды дамыту құралы ретінде қолданылуы тиіс.

Жазбаша түрдегі сұрақтарға арналған «Сұрақтар қорапшасы» оқушылар үшін қарым-қатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып табылады.

Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына уақыт беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы түсінілуін болдырмауға көмектеседі.



«Оқушылар сұрақ құрастырады»

Мысалы –


  • Сіз жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келді?

  • Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұраңыз;

  • Сіз өз біліміңізді бұдан әрі жақсартқыңыз келген білім/түсінбеу саласын көрсетіңіз.

Сыныпта сұрақтарға арналған қорапша қоюға болады, оқушылар оған сабақ аяқталғаннан кейін өз сұрақтарын салады.

Немесе арнайы сабақ ұйымдастыруға болады, онда оқушылар бүкіл сынып болып жұмыс істейтін немесе келесі сабаққа негіз болатын сұрақтарды құрастырады.



Оқылым бойынша ширату жаттығулары

Соңғы сөз – сөйлемнің басы

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Олардың бірі қозғалып жүре бастайды да, кездейсоқ бір оқушының алдына тұрып, оған бір пікірді айтады, мысалы, «Сенбі – менің аптадағы ең жақсы көретін күнім». Біріншінің артында тұрған оқушы шеңберді айналып жүріп, басқа баланың алдына барып тұрып, жаңа бір пікірді айтады, жаңа пікір осының алдындағы пікірдің соңғы сөзінен басталуы тиіс, «Күнартынан күн өткенімен, жаңбыр толастар емес». Бұл тапсырма барлық оқушылар қатысып болғанға дейін жалғасады.



Анықтамасын табу

Тірек сөздер мен олардың анықтамалары жазылып, қиылған жинақ

араластырылған күйінде оқушыларға беріледі. Олар әр сөздің анықтамасын табу керек. Мысалы: Салыстыру. Жансыз затқа адамға тән сипаттар берілуі.

Метафора. Екі элементтің арасын салыстыру, мысалы «А Ә-ға ұқсайды» немесе «А дәл Ә сияқты». Кейіптеу. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.



Сөйлемнен алынып тасталған сөздердің орнын толтыру

Оқушылар мәтіндегі қалдырылып кеткен сөздердің орнын толтырады.

Тапсырмада қалдырып кеткен сөздер беттің төменгі бөлігінде орналастырылуы (қате тәртіпте) мүмкін.

Мысалы:


Бұл ________ түн болатын. _______ қиылысқан _________ секілді жап-жарық

қылып сәулелендіріп тұрды. _________ бұрын ешқашан _________ сияқты болған жоқ.



A – Я

Оқушылар тақырыппен байланысты тірек сөздерді әліпби әріптерімен

сәйкестікте жазады, олар қанша әріп жаза алса, сонша жазады. Мысалы, егер тақырып поэзия болса, онда оқушылар былай істей алады:

A – Абай


Ә – Әсірелеу

Б – Байғанин Нұрпейіс




Оқылым дағдысын дамытуға арналған жұмыс түрлері

Мағынаны ұғынуға арналған оқылым (танысу үшін оқу)

 Оқушылар белгіленген уақыт ішінде қысқа әңгіме мен ақпараттық мәтін оқиды.Олар негізгі мәселелерді анықтап, пікірлерін ауызша ұсынады.

 Оқушылар дәлелдерді анықтай отырып, қысқа дискурстық мәтін оқиды.

 Оқушылар бірқатар мәтінді топтарға бөледі, мысалы, сюжеті/тақырыбы ұқсас мәтіндер т.б.

 Оқушылар өздері жаңа ғана тыңдаған немесе оқыған мәтінге қатысты: Кім? Не? Қашан? Қайда (егер қолдануға келсе: Неліктен? және Қалай?) деген сұрақтарға жауап береді.

 Мұғалім жылдам оқып, топқа негізгі мәселелерге қатысты ауызша кері

байланыс ұсыну үшін жеке, ұзын мәтін береді. (Бұл жаттығуды күрделілігіне

қарай саралауға болады).

 Топ мәтіннің мазмұнына қатысты шын/өтірік сұрақтарға команда ретінде жауап береді.

 Оқушылар басқа оқушыларды мәтіннің мағынасына қатысты «тестілеу» үшін, шын/өтірік және мәтіннен алынған үзінділермен байланысты сұрақтарды әзірлейді.

 Топтар/сынып мәтіннің мәнісін анықтауға арналған әдіс-тәсілдер тізімін

жасайды.


 Оқушылар мәтіннен алынған үзінділермен белгілі бір уақыт ішінде танысады және олардың әрқайсысында болып жатқан оқиғаны жалпылайтын суреттермен сәйкестігін анықтайды.

Егжей-тегжейлі білуге (түсінуге) арналған оқылым (сканерлеу)

 Оқушылар мәтінді қайта оқиды және өздерінің бірінші рет оқығанда нені

қалдырып кеткенін және екінші рет оқығанда байқағанын айтады.

 Оқушылар мұғалім/сыныптасы оқыған қысқа мәтінді тыңдайды, сосын __________нені естерінде сақтағанын айтады. (Олар, бәлкім, маңызды бір тұстарды естерінде сақтар, мысалы, атын, кейіпкерлерін немесе статистикалық деректер).

 Оқушылар жұптасып оқиғаны немесе негізгі идеяны өзгертпестен алып тастауға болатын, мәтіндегі екінші дәрежелі элементтерді атап көрсетеді. Оқушылар баса көрсетілген материалсыз ненің жоғалтылуы мүмкін екенін түсіндіреді.

Нақты нәрсені анықтауға арналған оқылым

 Оқушыларға белгілі бір сала туралы ақпараты бар бірнеше мәтін ұсынылады. Олардан аталған жағдайда аталған адам үшін тиісті іс-әрекеттерді анықтау сұралады. Мысалы, ақпарат түрлі жастағы ұлдар мен қыздарға арналған жергілікті клубтарға және/немесе жергілікті көрікті жерлер мен ойын-сауық орындарына қатысты болуы мүмкін. Оқушылар бұл адамдар қандай жұмыстардың қандай түрлерін орындай алатынын анықтайды және өздерінің нені және қашан істей алатынын көрсететін график құрастырады.

 Жұптасып отбасының әртүрлі мүшелеріне арналған жұмыс түрлерін талқылау (әртүрлі жас санаттары, қолжетімдік және т.б.).

 Жұптар романнан үзінді тыңдайды немесе оқиды/бірнеше сюжеттік желісі бар шоудан үзінді көреді, сосын нақты осы кейіпкермен немесе сюжеттік желімен не болғанын түсіндіреді.



Жаңа сөздерді үйренуге арналған оқылым

 Оқушыларға бірқатар таныс емес сөздері (10-нан артық емес) бар мәтін

беріледі, олар оқу барысында ол сөздердің астын сызу керек. Оқушылар

төмендегі белгілерге қарап ол сөздердің мағынасын анықтайды:



  • таныс сөздермен ұқсастығы;

  • өзіне таныс басқа тілдегі сөздермен ұқсастығы;

  • мәнмәтіндегі байланыс;

  • сөздердің буынға бөлінуі (жалғау мен жұрнақтарды қоса алғанда).

 Оқушылар мағынасын көрсету үшін жаңа сөздерді синонимдерімен немесе

оларды басқа сөзбен жазады.

 Оқушылар мағынаны түсінгенін көрсету және бекіту үшін, сөйлемде жаңа

сөздерді пайдаланады.

 Оқушылар газеттің бірінші бетін өздері білмейтін/олардың ойынша басқаларбілмейтін көп дегенде он сөзбен көшіреді. Сөздікті пайдалана отырып, оларанықтамасын тауып жазады – жұптар/топтар сосын басқалардан сөздің (сөздердің) мағынасын анықтауды сұрайды.

 Оқушыларға балама анықтамалары ұсынылады немесе олар оны өздері

құрастырады. Сосын мәнмәтінге қарай олардың ішіндегі дұрысы таңдалады.

Мақсатын анықтауға арналған оқылым

 Оқушыларға шағын топта әрбір мәтіннің мақсатын және мақсатты

аудиториясын талқылау үшін үш мәтін беріледі: проспект (анықтамалық), саясибаяндама (біреудің көзін жеткізу) және қайырымдылық хат (үндеу).

 Оқушылар сынып/топ ресурсын жасау үшін «Қармақ тілін» пайдаланады.

Мысалы, оқушылардан, олардың ойынша, әртүрлі мақсатта/әртүрлі аудиторияғаарнап жазылған кем дегенде үш мәтін табуды сұрайды. Кейін мәтіндердіұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша топтастырады,

айырмашылықтарын, мысалы, Венн диаграммасының көмегімен жазып алады.

Бұл мәтіндерді курс барысында басқа жаттығу аясында ақпарат көзі ретінде

пайдалану үшін сақтап қоюға болады.

 Оқушылар жұптасып оқырман мәтіннің қалай қатыстырылатынын, тілдік

қолданыстардың қандай эмоция тудыратынын анықтайды.



Стильді анықтауға арналған оқылым

 Оқушылар жұптасып екі мәтінді зерделейді, олардың жанры мен мазмұны

ұқсайды, бірақ стилистикалық деңгейлері әртүрлі, мысалы, жасөспірім достарарасындағы диалог және жасөспірім бала мен мұғалім/ата-ана арасындағы диалог. Оқушылар жазба жазып, сөйлемдердің лексикасы, грамматикасы жәнеқұрылымдарындағы айырмашылықтарға қатысты кері байланыс ұсынады.

 Оқушыларға ұқсас ақпарат ұсынылады - мысалы, көркем әдебиет, нұсқаулықтанүзінді, мерекелік брошюра және туысқанға жазылған хат сияқты әртүрлі жанрдажазылған (әйгілі) жердің сипаттамасы. Оқушылар мұғалім атаған мәнмәтіндердің біріне әрбір жазбаның сәйкестігін анықтап, нәтижелерін жазады («Қай мәтін нұсқаулықтан алынған? Оны қалай дәлелдей аласыз?»)

 Оқушылар стильдердің бірін талдау үшін топтасып жұмыс істейді, сосын

мәтіндердің бірі туралы өз пікірлерін мысал келтіре отырып, сыныптағы қалғаноқушыларға таныстырады.

 Оқушылар белгілі бір мәтінді дауыстап оқиды және сынып болып оның сарыныстильмен қалай байланысатынын, яғни тілдік қолданыс пен сөйлемдердіңқұрылымы арқылы эмоция қалай берілгенін талқылайды.

 Оқушылар әдетте қандай жанрларда образдардың қолданылатынын, ал

қайсыларында қолданылмайтынын және бұның себептерін талқылай алады.

«Он сұрақ»

«Он сұрақ» әдісі арқылы алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю: Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады. Қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не «ИӘ» не «ЖОҚ» деп беріледі. Оқушы сол арқылы бүгінгі сабаққа қатысты ұғымды табады.



«Ортақ әңгіме»

Мақсаты:Топ мүшелерінің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Бәрі шеңбер бойымен отырады. Біреуі қандай да бір тақырыпта әңгіме бастайды (мысалы, детектив), бірақ тек бірінші сөйлем ғана айтады. Жанында отырған қатысушы екінші сөйлемін, оның жанында отырған үшінші сөйлемін және т.с. шеңбер бойымен орындалады.

Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңыздар?



«Ортақ портрет»

Оқушылар өз тобының ортақ портретін құрастырады. Бұл үшін олар топ құрамындағы оқушылардың арасында дене мүшелерін бөліп (мәселен, біреудің көздері мен қолдары, екіншісінің құлақтары мен иықтары, үшіншісінің шашы мен аузы, төртіншісінің мойыны мен мұрыны т.с.с), оларды біріктіріп, ауызша сипаттайды.

Әрине, әдеттегідей сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушылардың бірін-бірі мақтағаны дұрыс.

Топтар өз портреттерін сыныпқа оқып береді.



«Орынсыз жауаптар»

Оқушыларға кезекпен кез келген сұрақ қоюға рұқсат етіледі. Бірақ жауап беруші тікелей ол сұраққа жауап бермейді. Мысалы:

«Сағат неше болғанын айтып жібере аласыз ба?» - «Рақмет, мен түстеніп алғанмын»

«Марста тіршілік бар деп ойлайсың ба?» - «Маған ертегі оқығанды ұнатамын»

Сұрақтарды бүгінгі өтілген материалды еске түсіруге арнап құрастырғызуға да болады.

«Өзгертулерді тап!»

Оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынандай тапсырмалар беріледі:



  • Жұбыңызға қарама-қарсы тұрып, бір-біріңізге 10-15 секундтай қарап алыңыздар.

  • Енді сырт айналып, бір-біріңізге арқа беріп тұрыңыздар. Сыртқы пішініңізге (киіміңізге, шашыңызға) қандай да болмасын 3 өзгерту (немесе 5-те болады) енгізіңіз.

Бұл жерде оқушылар шаштарының жатуын өзгертіп, сыртқы киімін, сағат,сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін өзгертулері керек.

  • Екі жақ та өзгертулерді аяқтағанда, бір-біріңізге қараңыздар да, сол өзгертулерді табыңыздар.


«Өзін-өзі бағалау»

Өзін-өзі талдау біздің қалай оқуға үйреніп жатқанымызды білдірсе, өзін-өзі бағалау дегеніміз - біз оқып жатқан нәрсе. Балаларды өзін-өзі талдауға үйрету үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз:



  • Оқу үдерісінде не болып жатқаны туралы ойланыңыз

  • Атап айтқанда не сізді ойлануға мәжбүрлейді? Не нәрсе қиын болып көрінді?

  • Сізге қандай жағдайда көбірек көмек қажет?

  • Сіз не үшін разысыз?

  • Сіз Х туралы не білдіңіз?

  • Сіз оқып жатқан тапсырманы басқа сыныптың қажеттілігіне сәйкестендіру үшін қалай өзгертер едіңіз? Мұғалім оқушыларға өзі-өзіне қалай талдау жүргізу қажеттілігін көрсету үшін жауаптарды модельдейді.

«Өзін таныстыру»

Сабақ басында бір оқушы тақта алдына шығып, өзі туралы 1 минут әңгіме айтады: өз сөзінде ол өзі туралы қызықты деректер келтіруге тырысуы керек. Қалған оқушылар оның сөздерін жағымды тұрғыдан қабылдап, үнемі қол шапалақтап және қуаттап отыруы керек.

Осы әрекеттер арқылы сынып ішінде оқушылардың бір-біріне деген сенімді қатынасын орнату көзделеді.

«Өз таңбаңды (герб) жаса»

Оқушылар бір парақ қағазда фигураны сызып, оның ішіндегі бөліктерге өздері туралы келесідей деректерді жазады:



  • Өз есіміңізді жазыңыз.

  • Ұялы телефоныңыз бен электрондық поштаңызды жазыңыз.

  • Сүйікті пәніңізді жазыңыз.

  • Зерттеу тақырыбыңызды жазыңыз.

  • Өз қолыңызбен жақсы жасай білетін екі заттың суретін салыңыз (жиһаз, тағам түрі, тоқыма түрлері).

  • Өзіңізді жақсы сезінетін бір жердің суретін салыңыз (үй, бөлме, табиғат аясы).

  • Өміріңіздегі ең елеулі ықпал жасаған үш адамның суретін салыңыз.

  • Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді? Бір сөз жазыңыз.

  • Өзіңіз туралы естігіңіз келетін үш жағымды сөз жазыңыз.

Оқушылар өз таңбаларын жасап бітіргеннен кейін шағын топ ішінде суреттерін талқылап, сұхбаттасады.

«Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!»

Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны дұрыс. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады.



«Өзі туралы кластер»

Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таратылатын шеңберлерге өздерінің өмірде «ойнайтын» бес негізгі рөлін жазады. Мысалы, жанұяда: біреудің баласы, әкесі, бауыры, ағасы; оқуда: оқушы, шәкірт, курстас жолдас; сабақтан тыс уақытта: дос, жолдас.

Әр рөлден туындайтын шеңберлерге өзінің осы рөлдегі ахуалын сипаттайтын сын есімдерді жазады.

Жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар өз жазғандарын жариялайды: топ ішінде талқылайды немесе қабырғаға іліп қояды, басқалардың сұрақтарына жауап береді.



«Өзін-өзі таныстыру»

Танысудың бұл тәсілін қолдану үшін бір қапшық (немесе пакет) керек және топтағы әрбір оқушы сыныптағы барлық адамдар санына сәйкес бір қағаз тілімін дайындау қажет: мәселен топта 20 оқушы орнынан тұрып, өзін елге қысқа түрде таныстырады, өзі туралы 15 секунд ішінде жағымды ақпарат келтіреді, өздерін мақтайды. Осы уақыт ішінде басқалар бір қағаз тіліміне сөйлеп тұрған оқушыға мадақ пен комплимент жазады. Сөйлеп болғаннан кейін оқушы қапшықты алып, сыныпты аралайды, басқалардан өздері туралы жазылған қағаз тілімдерін жинап алады. Қағаз қиындыларын әзірше оқуға болмайды. Осындай әрекетті барлық оқушылар қайталап шығады.

Өзін-өзі таныстыру аяқталғаннан кейін оқушылар өздері туралы қағаз тілімдеріне не жазылғандығын оқиды.

«Өкіл»

Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады. Бұл - зеріктіретін және қайталана беретін «өз тобына хабарлау» әдісінен аулақ болу үшін қолданылатын тиімді әдіс. Сондай-ақ, бұл өкіл тілін қолдануға және белсенді тыңдаушылар тобын құруға жағдай жасайды.



Өлең оқуға арналған тапсырмалар

 Өлеңнің атауына қарап оның не туралы екенін болжау

 Басқа атау ұсыну

 Өлеңнің «тарихын» 100 сөзбен әңгімелеп беру

 Өлеңнен ұнатқан жолыңызды «Маған қатты ұнататын өлең жолдары» деген плакатқа жазу

 Қалдырылып кеткен сөздерді толықтыру

 Қалдырылған аралықтарды синонимдер тобынан алынған дұрыс сөзбен толтыру;

 Өлеңді қайтадан дұрыс ретіне қайтару

 Қалдырылып кеткен жолды табу

 Ұсынылған нұсқалардың ішінен қалдырылып кеткен дұрыс жолды таңдау

 Түсінікті/түсініксіз сөздерді бөліп көрсету және оларды серігіңізбен бірге нақтылау

 Әртүрлі лексикалық өрістерді бөліп көрсету, мысалы, оң/теріс

 Өлеңнен ұнатқан эпитеттерді таңдап, оларды қағазға түсіру

 Өлеңнің әлеуметтік, мәдени және тарихи мәнмәтіндерін зерттеу

 Ақынның өмірбаянын жазу

 Өлеңдерді топтарға сұрыптау/артығын анықтау

 Бүкіл сынып болып өлеңді оқып шығу – өлеңдерді хормен ұсыну үшін, сыныптағы әрбір оқушы өлеңнің бір жолынан жаттайды

 Өлеңнің суретін салу – негізгі образдарын

 Өлеңді сүйемелдей алатын сурет табу

 Өлеңдегі көңіл-күйге немесе оның тақырыбына сәйкес келетін музыка таңдау

 Өлең туралы пікір жазу

 Кейбір негізгі сұрақтарды қоя отырып, ақынға хат жазу

 Поэманың оқиғасын әңгімелеушісі бар стоп-кадрлар түрінде ұсыну

 Өлең/ақын туралы мектеп журналына мақала жазу

 Оқушылар басқа оқушыға сұрақ қояды; сұрақтарға жауап береді, бұл ретте мәтіннен әртүрлі реңктегі тиісті бөліктерінен дәлелдер пайдаланылатын болады

 Нақты әдістерді/тәсілдерді пайдалана отырып, өлең жазу

 Салыстыру кестелерін пайдалана отырып, кем дегенде екі өлеңді салыстыру

 Нақты әдістер мен тәсілдерді белгілеу үшін өлеңнен бөліп көрсету: салыстыру, кейіптеу, метафора, ұйқас, аллитерация, үндестік, қайталау, оң және теріс жауап; жекелеген салалар, лексика. Туындының мағынасына әсер ететін тиісті құрылымына баса назар аударған жөн. Неліктен ол осы түрде бөлінген? Неліктен ол парақта осы түрде орналастырылған?



«Өмір ұраны»

Әр қатысушы өзінің өмірдегі ұранын қағазға жазып, қағаздар араластырылады. Содан соң біртіндеп оқылады. Басқалар оқылған ұранның кімнің өмірлік ұстанымы екенін табу керек.

Оқушылардың бір-бірін қаншалықты білетінін анықтау үшін, бірін-бірі жақынырақ тану үшін жүргізуге болады.

«Пазлдар»

Мақсаты: Командалар құру, топ ішінде рөлдерді бөлу дағдысына үйрету.

Ресурстар: Кішкентай «миқатырғыш пазлдар» (суретті открытканы бірнеше бөліктерге бөлуге де болады)

Ойын барысы: Әр топ «миқатырғыш пазлдар» алады. Мақсат – бөліктерді жылдам жинау.

Жаттығудың психологиялық мәні: Қатысушылар ойын түрінде командада тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.

Талдау: Командада тапсырманы орындау қалай болды? Неліктен? Тапсырманы тиімді орындау үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

«Пальма, піл, қолтырауын»

Қатысушылар үш-үштен бөлініп тұрады. Модератор топтардың қайсысы нені бейнелейтінін көрсетеді. Мысалы, «пальма» десе, ортадағы ойыншы пальма ағашын бейнелейді, қалған екеуі пальмаға соғып тұрған желді бейнелеуі тиіс. «Піл» десе, ортадағы ойыншы пілдің тұмсығын қалған екеуі құлақтарын; «қолтырауын» десе, ортадағы ойыншы қолтырауын аузын, екеуі жотасын көрсетуі тиіс.

Мұнан басқа да тапсырмалар арқылы топтың алғырлығы мен қиялы тексеріледі.



«Парасатты диалог»

Оқушы мен мұғалім арасындағы диалог парасатты, рефлексивті, түсінушілік білдіру мен тексеруге бағытталған болып, барлық оқушылар өз ойлары мен пікірлерін білдіре алатындай болуы тиіс. Оқушылармен диалогтің сапасын талқылаңыздар және олардың мақсатын айтуды және оны қалайша жақсартуға болатынын (қажет болуына қарай) айтуды сұраңыз.



«Паровоз»

Сырттан сыныпқа немесе тақтадан партаға келіп отыру үшін 3 қатысушы бір сапқа орналасып алады. 1-тұрған оқушы, 2-тұрған кедергі, 3-мұғалім. Кедергі оқушының көзін байлап тұрады, паровоз болып дыбыстайды. Мұғалім сөзбен оқушының қалай жүруін бағыттап отырады. Оқушы есту арқылы қабылдаушы, орындаушы. Оның жұмысын қиындататын ортадағы кедергі. Міне, осы ойын арқылы оқудағы кедергілер тақырыбы басталады.




«Плюс, минус, қызықты»

Бұл рефлексияны ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Жазбаша орындау үшін үш бағаннан тұратын кестені толтыру ұсынылады. «Плюс» бағанына сабақта ұнаған кезеңдердің барлығы жазылады. «Минус» -оқушының пікірінше, бұл ақпарат ол үшін керексіз, пайдасыз. «Қызықты» бағанына оқушылар қызығушылық тудырған деректер мен әдістерді, ол туралы басқа дерек көздерінен көбірек білгісі келгендіктері туралы жазады.


Ұнамады, түсініксіз болып қалды

Барлық деректер мен әдістер қызықты

«Пойыз»

Әрбір вагон белгілі бір тапсырмаға сәйкес келеді. Мысалы, сабақты бекіту кезеңіне үш шағын ойын мен бір шығармашылық жұмыс жоспарладыңыз делік. Сізде – төрт вагон. Оқушыларыңызға қай вагонның тапсырмасын тез, дұрыс, жеңіл орындағандарын белгілеуін сұраңыз. Сол вагонға адамдарды, жануарларды отырғызуға немесе жетондармен белгілеуге болады.



«ПОПС формуласы»

озиция Объяснение Пример Суждение)

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....»

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....»

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

«Портрет»

Қатысушылар төбелеріне А4 форматтағы қағазды қойып алып, 5 минут музыка әуенін тыңдай жүріп өз тобындағы қалаған біреудің портретін салады. Музыка тоқтаған соң, астына өз қолтаңбасын қалдырып, портретті иесіне сыйлайды.



«Прогресс білдіру»

Бағалауды прогресті білдіру үшін, сол арқылы олардың не істеп жатқандарына мән берудің тәсілін табыңыз.



  • Түрлі тарауларды байланыстыра оқытыңыз;

  • Оқу журналын пайдаланыңыз;

  • Оқушылар оларға қол жеткізгендігін атап көрсете отырып, алдыңғы мақсаттарға сілтеме жасаңыз;

  • Сізде оқушының прогресі нақты бейнеленген мақсаттар сызбасы болсын;

  • Бағалау үдерісі мен оқушының өзіне мақсат белгілеу үдерісін байланыстырыңыз.


«Психологиялық бой»

Барлық қатысушылардың көзін байлап, бойлары қысқадан ұзынға қарай орналасу тапсырылады. Сөйлесуге тыйым салынады. Кім өзінің бойының шамасын дұрыс бағамдады? Кім бойын ұзын, қысқа деп ойлап орнын таба алмады? Анықталады.



ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕР ТОПТАМАСЫ

«Шеңбер бойынша сөз тізбегі» ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.

Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз - құзыретті, кәсіби білімді маманбыз”.  Енді оң жақтағы  ойыншыдан бастап  осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен  айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса, ойынан шығарылады. Осылайша, ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.

  «Комплимент» жаттығуы

Жаттығудың тапсырмасы – қатысушылардың бірін-бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, бірі-бірін толық тануын дамыту. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез - келген қатысушы жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын табады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша, ойын аяқталмайды.

Осы жаттығу тренингке қатысушылардың қаншалықты қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын дәлелдеді.

Тренинг аяқталғаннан кейін қорытынды ширингте «Тренинг саған не берді?» деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салды.

Осыдан тренинг нәтижесінде бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен өзгеруіне тікелей ықпал етеді.

«Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі» жаттығуы

Ойын ережесі: Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін атайды. Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз қасиеттер тізімі құрылды (жалқаулық, асығыстық, артық сөйлеу және т.б.). Топтың міндеті осы жағымсыз қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді және жағымды жақтарын табу мен оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып табылады. Ал жағымды сипаттама жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы оны өзіне алады.

Жоғарыдағы жаттығудан кейін эмоциялық қысымды шығару үшін «Жағымсыз эмоциялық күйді шығару» арт-терапиялық тапсырма орындалды.

Тапсырма ережесі: Қатысушыларға А4  және А1/4 қағаз беріледі. Олар А1/4 қағазға жағымсыз көңіл күйін түсіреді.  Сол қағазды үлкеннің үстіне жапсырып өзінің қалауы бойынша суретті жалғастырады. Кішкентай қағазды жапсырар алдында мына сөздерді айту маңызды «Өмірді ашық, жарық, көңілді  жағдайлар өте көп». Сурет қатысушының қалауы бойынша, өзі қалай өзгергерткісі келгенше салынады, боялады.

Тапсырманы қорытындылау үшін талқылау сұрақтары берілді:

-  Суретте ненің бейнесі салынған?

-  Осы суретті салғанда қандай сезімде болдыңыз?

-  Бұл сурет сізге нені көруге әсер етті? т.б.

 «Әрекет» жаттығуы

Ойын ережесі: Қатысушыларға келесі тапсырмалар берілді. Олар жылдам жауап қайтарулары тиіс:


  • Қандай жағдайда үстелде тамақ жеуге, ал үстелде отыруға болады……

  • Астроном айға телескоппен  қарап тұр, ал егер оған айдан біреу қарап тұрса ше?

  • Еден мен төбені аударыңыз……

  • Картинаны аяғынан басына төңкеріңіз……

  • Кеме мен балықтың ауада ұшып жүргенін елестетіңіз……

«Қане танысайық!» жаттығуы

Нұсқау: Әр қатысушы 30 секунд ішінде өзін-өзі таныстырады. Бұл жерде өзінің есімін, өмірінің қызықты жайларына тоқталуға болады.

– Біз бір – бірімізбен таныстық. Енді өзімізді өзіміз білеміз бе?



«Өзіндік таным»

Нұсқау: Әр қатысушыға карточкалар таратылып беріледі. Ондағы «Мен» дегенді ары қарай жалғастырады.

  1. Мен ..........................

  2. Мен ..........................

  3. Мен ..........................

  4. Мен ..........................

  5. Мен ..........................

  6. Мен ..........................

  7. Мен ..........................

Мен туралы басқалар не деп ойлайды? ..........................................................

«Орныңды жылдам ауыстыр» жаттығуы

Нұсқау: Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап, команда береді. «Кімнің киімінде қалтасы бар, солар орын ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос орындыққа отырып қалу керек. Қай қатысушы орынсыз қалса, сол келесі жүргізуші болып ойынды жалғастырады.

«Қызықты сұрақ» жаттығуы

Сыныпқа тақырыпты ашатын, бірақ жауабы қиындау сұрақ қойылады.

Тапқан оқушыны мадақтап, ешкім таппаса, жауабын мұғалімнің өзі айта

отырып, сабақтың тақырыбын айтады. Сұрақтар: Неліктен? Ол кім, бұл не?

сипатында болып келеді.

«Еден-төбе-мұрын» жаттығуы

Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе», «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.



«Мен таптым» жаттығуы

Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.



«Белгісіз басшы» жаттығуы. Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса, немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады.

«Дирижер» жаттығуы

Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам сол қимылды қайталауы керек. Кім тез қайталай алмаса, сол ойыннан шығады. Жүргізуші бір қимылды бірнеше адамға жасата отырып, белгілі бір дыбыстар шығаруы керек.



«Жыланша» жаттығуы

Қатысушылар айнала отырады. Сосын бірі бастап, келесі адамның кезекпен қолын алып, тілегін айтады. Оның соңынан келесісі ереді. Ойын осылайша қашан барлығы бір-біріне тілек айтып болғанша жалғасып кете береді.



«Жер сілкіну» жаттығуы

Оң жақта отыратын көршіге қарап, ол адамның туылған айы қандай, мінез - құлқына қарай байланыстыру. Сонан кейін жыл жүйесі бойынша орындарын ауыстыру ұсынылады. Қайтадан оң жақта отыратын көршіге қарап, ол адамның айы неге сондай екенін түсіндіреді

Үш адамнан ұстасып үй соғады, ортасында бір адам тұрады, 1-қимылдайды адамдар десе ішіндегі адамдар жүгіріп, келесі үйдің ішіне кіріп кетеді. 2- қимылдайды - қимылдайды үйлер қимылдайды десек, үйлер жүгіріп барып тұрған адамды қоршайды, 3- жер сілкінді десек үйлер қолын түсіріп, басқа үйлермен үй соғады. Кезек - кезек ауысып тұрады.

«Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?» жаттығуы

Қажетті заттар: түрлі –түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер.

1а) Интерпритация

Қызыл қуанышты көңіл-күй

Алқызыл-ұнамды көңіл-күй

Сары-жағымды көңіл-күй

Көк- суық көңіл-күй

Қоңыр-қиналған қиналған көңіл-күй

Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй

Қара-күш қуаттың төмендеуі

Ақ –анықталмаған көңіл-күй.

2а) Әр қатысушы өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды.

Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны оқиды. Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады.

«Әнмен бой сергіту» жаттығуы

Жүргізуші танымал 3-4 ән аты жазылған қағаз таратады. (Әр әнге сондай қағаз саны тең келеді) Қатысушылар өзіне тиген ән әуенін жүріп ыңылдап салады. Ойынның міндеті өзі сияқты ән әуенін салып тұрған адамды іздеп тауып, қосылуы түптеп келгенде осындай үш, не төрт топ құралады. Мысалы: Азамат бригаданың әуенін салып тұрса Хадиша өз әуенін естіп Азаматпен бір топты құрайды.



«Мимикалық ситуация» жаттығуы

Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Қызығушылық», тақырыптар берілген. Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.



«Ақ тілек» жаттығуы

Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады.

Қатысушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды.

«Менің көңіл-күйім» жаттығуы

Мақсаты: Адамның бет әлпеті арқылы оның ойын, сезімін айыра білуге үйрету. Сезімнің сыртқы көріністерін көрсете білу. Топта эмоциялық жайлылық қалыптастыру.

Сәлемдесу. «Өз күлкіңді шеңбермен көршіңе сыйла» жаттығуы. Шеңберде тұрып, «Мен саған өз күлкімді сыйлаймын, ал сен көршіңе сыйла» деп жалғастыру.


  • Әңгімелесу. «Көңіл-күй деген не?» Адамдарда қандай көңіл-күй болады? Көңіл - күйге не әсер етеді? Басқа адамның көңіл-күйін қалай анықтауға болады? Көңіл-күй құжатын ойлап табу.

  • «Көңіл-күйіңді ауа-райына теңеп, суретін сал.» Өз эмоциясын сурет арқылы көрсете білуге үйрету.

  • Оқушылар өз көңіл-күйін ауа - райына теңеп суретін салады.

  • Ойын. Көңіл- күйім қандай тап?

  • Бір оқушы ортаға шығып, көңіл-күйді эмоция арқылы көрсетеді, қалған балалар табу қажет.

Пікірлесу. Өз көңіл-күйіңді қалай өзгертуге болады? Қандай көңіл-күйде болғың келеді? Қандай көңіл-күй ұнайды?

«Мен және басқалар» кешенді жаттығу

Мақсаты: Қарым-қатынасқа түсе білуге үйрету



1- жаттығу «Сәлеметсіңдер ме?»

Мақсаты: эмоционалдық қарым-қатынас және эмоционалдық комфорт орнату.

Балаларға 3 түрлі әдіспен амандасу ұсынылады:


  • Қол алысу;

  • Мұрындарын түйістіру арқылы;

  • Құшақтасу;

Қазір біз бір-бірімізбен амандасамыз, бірақ амандасу әртүлі. Бірінші бір- бірімізбен қол алысайықшы. Ал енді мұрнымызбен амандасамыз. Соңында бір-бірімізбен құшақтасамыз.

2.Әңгіме «Мені қоршаған адамдар»: адамға жалғыз болу оңай ма? Достар не үшін қажет? Бірлесе не істеуге болады?



Пікіралысу.

2-жаттығу. «Жалғыз аяқ жол». Тыңдаушылар шеңберде тұрып, музыкамен қимыл жасауды бастайды.

«Төбе» деген бұйрық бойынша барлық тыңдаушылар шеңбер ортасына қарай қолдарын көтереді, ал «шұңқыр» деген бұйрық бойынша қолдарын бастарына қойып, шеңбер ортасына қарай жиналып отыра қалады. «Жалғыз аяқ жол» деген бұйрық бойынша, бірінің артына бірі тұрып, қолдарын алдында тұрған адамның иығына қойып, музыка ырғағымен жүреді.



Пікіралысу.

4-жаттығу. «Кішкентай суретші»

Мақсаты: Қоршаған адамдарға назар аудара білуін дамыту.

Қатысушылардың біреуі «суретші». Ол бір тыңдаушыны «натура» ретінде біреуін таңдап, теріс қарап «сурет салуды бастайды» (сөзбен портретін сипаттайды) Қалғандары бұл кім екенін шешулері қажет.

Жаттығуды талқылау.

«Мен қарым-қатынас жасаймын!» жаттығуы

Мақсаты: Тыңдаушылардың қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі маңызын түсінуге және бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту.

Сәлемдесу. Жаттығу «Көңіл-күймен бөліс» басқаның көңіл-күйін сезіне білуін дамыту.

Қатысушылар қолдарын ұстап, шеңбер жасап тұрады. Қоңырау шылдырлағаннан соң әркім өз көңіл-күйі туралы әсерлеп айтады, қалғандары бұл көңіл-күйді сезінуге тырысады.

Әңгіме «Қарым-қатынас деген не?»: Адамдар не үшін қарым-қатынас жасайды? Әр уақытта қарым-қатынас жасағың келе ме? Қалай қарым-қатынас жасауға болады? Қарым-қатынас жасағанда, қандай жағдаяттарды айта аласың?

«Құшақтасу» жаттығуы

Мақсаты: топты эмоционалдық біріктіру, эмоционалдық қатынас орнату.

Қатысушылардың біріншісі біреуін құшақтайды, екіншісі ол екеуін, үшіншісі ол үшеуін солай жалғаса береді, соңында үлкен құшақтасқан- шар пайда болады. Микротоп арасындағы пікірлесу жаттығуы.

«Өз қуанышың мен сәтсіздігің жайлы бөліс» вербалді, вербальді емес сезіммен бөлісу әдістері арқылы коммуникативтік дағдыны қалыптастыру.

Қатысушылар үш-үштен бөлініп, топта өткен жұмада болған қуанышты жағдай туралы әңгімелеп айтады, сосын, мимика және жестпен ең ренішті уақиғаны көрсетеді. Пікіралысу.

«Адамдар не үшін дауласады?» жаттығуы

Мақсаты: Коммуникативтік дағдыны қалыптастыру, нәтижелі қатынас жасай білуді таңдай білу, басқаның сезімімен санаса білуге және коммуникация процесін әсерлі құруын дамыту.

1.Сәлемдесу. 2. Пікірлесу. «Адамдар не үшін ұрысады?.»

-Дау-дамай қайдан туындайды? Адамдар не үшін дауласады? Татуласу үшін

не істеу қажет?

«Дауласу». Психологиялық дискомфортты, агрессияны, төмендету, басқаның позициясын ескеруге дағдыландыру.Тыңдаушылар екі-екіге бөлініп, арқаларын түйістіріп, қолдарын айқастырып, бір-біріне ренжулі адамдар сияқты аяқтарын басады. Сосын бір-біріне қарап, татуласуға көңіл білдіреді (қолынан ұстап, құшақтауға болады)

«Бояулар» өз көңіл-күйін көрсетіп, басқаның жай-күйін сезіне білуін дамыту. Белгілі бір көңіл-күйге қандай түс сәйкес келетіндігін шешу. (мыс қызыл түс қандай көңіл-күйді білдіреді?, осылай әрбір түске қатысты көңіл күйді белгілеп алу) Сатушы мен сатып алушыны таңдап алып, қалғандары бояу болады. Әрбір тыңдаушы бір түсті таңдап, осы түске қатысты көңіл-күйді бейнелейді. Сатып алушы келіп, бояу-тыңдаушылар арасынан, өз көңіл- күйі бойынша өз бояуын таңдайды. Егер сатып алушы таба шеше алмаса, ол бояу болады.

«Шырмалу» топтық бірлестікті сақтауға тыңдаушыларды белсендідендіру. Санамақ арқылы басқарушыны таңдау. Ол аудиториядан шығады, қалғандары қолдарын ұстасып, шеңбер жасайды. Қолдарын босатпай шырмауық сияқты шырмалады, ал басқарушы қолдарын үзбей шешуі қажет.

«Мен бақыттымын!» жаттығуы

«Көңіл-күйіңмен бөліс» Қатысушылар дөңгеленіп, қолдарын ұстасып тұрады. Қоңырау шылдырлағанда, әркім өз көңіл-күйі жайлы айтады, қалғандары сезінуге тырысады.

«Күн шуағындағы менің сезімдерім» Өзін өзі-тану, өзін-өзі зерттеу. Қатысушыларға Күн салынған қағаздар таратылады. Күннің ортасына дәл қазіргі уақытта сезінгісі келетін қандай да бір сезімі жайлы суретін салу немесе сипаттау. Әрбір шуаққа бұл сезімді алу үшін не айтқысы немесе не істегісі келетіндігінің барлығын жазуға болады.

«Күн шуағындағы менің портретім». Өзін-өзі бағалауын, сенімділігін арттыру. Тыңдаушыларға Күннің суреті таратылады, тыңдаушылар күннің әрбір шуағына өз суреттерін салады.

«Маған өте қажет...» Өзіне деген сенімділікті арттыру, өзінтану. Тыңдаушыларға ұшатын шары бар аюдың суреті таратылады. Тыңдаушылар осындай шарды ұшырса, тілегі орындалатындығын елестете отырып, әрбір шарға тілектер жазады.


  • Мен тілеймін, менде....болғанын.

  • Мен тілеймін, мағат қажетті .....болғанын.

  • Мен тілеймін,

  • Мен.......барғанымды. Мен тілеймін....

Өз сезімің бойынша «бақыт» деген не екенін сипаттап, суретін салу

«Сәлемдесу рәсімі» жаттығуы

Басқарушы. Менің қолымда оралған жіп. Мен бүгін сендердің көңіл-күйлерің қандай, қандай көңіл-күймен келдіңдерді білгім келіп тұр. Бірінші мен өзім туралы айтамын, сосын жіптің бір ұшын саусағыма байлап, көршіме ұсынамын, ол өзі туралы айтып, көршісіне береді. Жаттығу осылай жалғаса береді.



«Мен жақсы көремін...» жаттығуы

Басқарушыдан бастап «Мен ...жақсы көремін» (нені жақсы көретіндігі туралы айтып) деген фразаны аяқтап, шеңбер бойымен жіпті жібереді. Соңынан барлығына жіпті қозғап көргенде қалай созылатынын сезіну ұсынылады, бәрі бір жіпке байланысты сияқты.



«Түймедақ» жаттығуы

Әрбір тыңдаушы түрлі - түсті қағаздан жасалған дөңгелектерді алып, өз атын, туған күнін, не істегенді ұнататынын жазады. Сосын барлық дөңгелекшелерді ватманға жапсырады. Басқарушы: «Бұл дөңгелектер неге ұқсайды, адамдарға байланысты ақпараттар жеткілікті ме? Осындай жолмен сабаққа қатысушы әрбір адам жайлы ақпарат көз алдымызда тұрады.



«Бір затқа дейін қолыңды тигіз» жаттығуы

Басқарушы. Біз бүгін бір-бірімізбен жақынырақ таныстық, ал енді кім қандай киім кигенін және ол қандай түсті екенін мұқият қарап алыңдар. Мен «бір затқа қолыңды тигіз» дегенде, сендер көршіңе немесе басқа қатысушыға қолыңды тигізуің қажет.

Мыс. «Көк түске қолыңды тигіз!» Бастаймыз!

Тақтада сұрақтар тізімі

жазылып тұрады:

• Сенің жасың нешеде?

• Сенің мекен-жайың қандай?

• Сенің сүйікті фильмің, мультфильмің?

• Сүйікті асың?

•Сүйікті ойыншығың?

• Саған не істеген ұнайды?

• Саған не істеген ұнамайды?

Басқарушы допты лақтырып, қатысушыларға тақтада жазылған бір сұрақты береді. Ол жауап беріп, басқаға келесі сұрақты қояды.

Басқарушы барлық қатысушыларға допты бергенін және 2-3 сұрақтан қойылғанын қадағалап тұрады.



Қазір менің ішкі жан-дүнием қандай? «Ұлпалар» жаттығуы

Қатысушыларға әртүрлі көңіл-күйдегі ұлпалардың суреті салынған фигуралар таратылады. (көңілді, көңілсіз, ашулы т.б.) осылардың арасынан таңдап алып, өз көңіл- күйіне ұқсатып, ұлпаны бояу тапсырылады.



«Акула - күш беруші » жаттығуы

Еденге бірнеше «аралдар» сызылады. Басқарушы барлық қатысушыларға нұсқау береді. Сендер қазір барлықтарың балықтар боласыңдар. Сендер бөлмеде яғни, өзенде жүзесіңдер, ойнайсыңдар, көңілденесіңдер. Ал, мен «Акула!»-деп айғайлағанда, аман қалу үшін аралға секіріп шығасыңдар. Ал мен «акула кетті!» дегенде көңілденіп, жүзуді қайта бастайсыңдар. Акула әрбір келіп-кеткен сайын бір аралды алып тастау қажет. Ойынның соңында тек қана бір арал қалады , бірақ қатысушы балықтар неғұрлым көп сақталып қалуы тиіс.



«Көңіл- күйімді тап» жаттығу

Қатысушыларға әртүрлі көңіл-күй мен эмоциядағы суреттер таратылады. Қатысушы тез арада сұраққа жауап беруі тиіс: «Бұл қандай эмоция және көңіл-күй, адамдарда мұндай көңіл-күй қайдан болады? Сенде осындай көңіл-күй болды ма?» Осындай көңіл-күйді пантомимо арқылы көрсету, біреу көрсетеді, қалғандары қайталайды. Нақты, анық көрсетуге тырысу қажет (қимылды, мимиканы, белгілі бір сөзді қолдана отырып). Топтың қалған мүшелерінің міндеттері –бұл эмоцияны табу, басқа адамның уайымын сезіне білу, оны көре білу және шеше білу.



«Лимон және марғау» эмоциялық қысымды босаңсытуға арналған жаттығу

Басқарушы: көз алдарыңа елестетіңдероң қолымызға лимонды ұстап, оның шырыны шыққандай қатты сығуға тырысамыз. Жұдырығымызды түйіп қатты-қатты қысамыз. Шырынды шығардық! Ал енді бәріміз мысықтың баласы марғау сияқты боламыз, олар енді ғана оянды және керіліп жатыр. Жақсылап керіліп-созылды! Қолымызды жоғары көтеріп, оңға, солға, жоғары қарай тартыламыз, мойнымызды бұрып, арқамызды созамыз!



«Жел соғады...» жаттығуы

Басқарушы ойынды мына сөздермен бастайды: «Жел соғады..» Қатысушылар бірін-бірі жайлы көбірек білу үшін ойды келесідей сөздермен аяқтау қажет «Жел соғады қызыл түсті көйлек кигенге, немесе кімнің інісі, ағасы, апасы, сіңлісі барларға немесе тәттіні жақсы көретіндерге» Осы аталғандар топпен жиналып, жел соққан сияқты теңселіп, ағаштар сияқты қозғалып тұрады.



«Бізге жақсы болған кезде...» жаттығу

Өткен жаттығудың жалғасы ретінде, қатысушыларға төмендегідей сәттер болғанда өзімізді қалай сезінетінімізді еске түсіріп, мимика және пантомимамен көрсету ұсынылады. Басқарушы көрсетуге көмектеседі.



  • Бізге ұрысып жатыр;

  • Бізді мақтап жатыр;

  • Бізге қорқынышты;

  • Бізге көңілді;

  • Тақтада жауап беріп тұрмыз;

  • «5» алдық;

  • «2» алдық;

Жұмысты аяқтау, нәтижесін пысықтау.

(Оралған жіпті бір- біріне беріп...) «Мен армандаймын...»

Рефлексиялық әңгіме «Қалай өзгерді , біз не істедік?»



«Дәннен бастап-ағашқа дейін»жаттығуы

Тыңдаушыларға, олардың әрқайсысы үлкен болып өсіп ағашқа айналғысы келетін- кішкентай дәндер екенін елестетуді ұсынады. Міне олар өсіп жатыр. Ол бірінші ісінеді, сосын жер астынан өніп шығады, сосын жапырақтарын жаяды, өсіп-өніп, үлкен ағаш болады- өкшесін көтеріп жоғары қарай созылу, қолдарын жайып сабақ сияқты жайқалу.



«Менің қиялымдағы ғажап құс» жаттығуы

Барлық тыңдаушыларға қағаздан ғажап –құстың фигурасын жасау ұсынылады. Бұл қиялдауға, бір нәрсе ойлап шығаруға үйретеді. Топтық жұмыс «Біздің қиялымыздың әлемі»

Қатысушылар ватманда қиял әлемін ойдан құрып онда өз құстарының фигурасын орналастырады. Өз құстарына ат қойып, қысқаша әңгіме құруды ұсынуға болады. Рефлексиялық әңгіме.

Аяқтау рәсімі.

«Алманы жұл» жаттығуы

Сенің алдыңда үлкен ғажайып алма өсіп тұр. Алмалар сенің нағыз төбеңде өсіп тұр –деп елестет., бірақ оны оңайлықпен алу мүмкін емес. Сенің оң жақ төбеңдегі үлкен алманы алу үшін, оң қолыңды неғұрлым жоғары көтеріп, аяғыңның ұшымен тұрып, тез терең тыныс ал, сосын алманы үзіп алып, жердегі шөптің үстіне қой да тынысыңды ақырын шығар. Келесі қолмен осыны орында.



«Басқа планета адамы» жаттығуы

Басқарушы басқа планета адамы рөлінде ойнайды. Ол сыныпта жүріп, бір затты көрсетеді (кітап, үстел, сөмке, көзілдірік т.б.) және бұл не екенін түсіндіруді сұрайды. Әрбір затқа түсініктеме қысқаша анықтамасын айтқанша жалғаса береді.

Басқарушы. Барлық жазушылардың қиялы өте бай болуы қажет. Сендер де қиялдап көріңдерші. Ұсынылған тақырыптың таңдаған біреуін алып, қиялдап, жаңа ертегі ойлап шығару. Ескі ертегінінің аяғын жаңаша аяқтау. (Мысалы: «Бауырсақ», «Шалқан», «Қасқыр және жеті лақ»)


«Пікір алмасу» (Showdown)

Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ дайындайды.Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен

стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.


«Пікірлер базары»

Оқушылардың әрбір шағын тобы плакатқа (флипчартқа) сабақтың өздері ең маңызды деп шешкен бір тұсын жазады. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Әр плакаттың қасында сұрақтарға жауап беретін оқушы тұрады. Басқа топтар «Галереяны шарлау» тәсіліндегідей плакаттан плакатқа көшіп, оның төменгі жағына стикерлермен өздерінің комменттарийлерін, сұрақтарын, пікірлерін, қарсы дәлелдерін, қойған бағаларын жазады. Сұрақтарға жауап беруші оқушылардың алмасып тұрғаны дұрыс. Соңында топтар өз плакаттарына қайта оралып, барлық пікірлерімен танысады, оларды талқылайды, сұрақтарға жауап іздейді, нәтижелерін сыныпқа ауызша жариялайды.



«Радиоға қоңырау шалу»

Талқылау тақырыбы радио жүргізушісімен таңдалады.Төрт қонақ рольдік карточка алып, сол карточкадағыдай рольдерін ойнауы тиіс. Құрдастар аудиториясы, сұрақтарымен «қайта-қайта қоңырау шалады», белгілер жасап және т.б. жазып отырады.



«Рөлдік ойындар»

Рөлдік ойындар әдісінің негізгі қатысушалардың басқа адам кейпіне (рөліне) еніп, соның ішінде әрекет етуінен тұрады. Рөлдік ойындар оқушылардың бір-біріне мейірбандықпен қарап, түсіну дағдысын дамытады. Басқа біреудің рөлін ойнағанда, оның көзқарасы, ойы мен сезімдерін түсіну жеңілге түседі. Сонымен қатар бұл әдіс сыни ойлауды күшейтіп, шешім қабылдауға және өз көзқарасыңды қорғауға мүмкіндік береді.




«Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»


«Сатушы және қалпақ»

Лев Толстой ойлап тапқан 2-сыныпқа арналған есеп ұсынылады. Қазір бұл есепті тек 30% жоғары сынып оқушылары, 20% ЖОО студенттері, 10% банк қызметкерлері шеше алады деп есептелінеді. Қатысушылар алдымен жеке шығарады, содан соң топта талқылайды. Есеп:

Сатушы қалпақ сатады. Қалпақ 10 000 теңге тұрады. Сатып алушы келіп, оған тұтас 25 000 теңгелік береді. Сатушының майдасы болмағандықтан, көршісіне 25 000 теңгені 10 000+10 000 +5 000 теңгелік етіп майдалатып алады. Сатушы қалпақты және 15 000 теңгені қайтарып береді. Сәлден соң көршісі келіп, 25 000 теңгенің жалған ақша екенін айтып, өз ақшасын талап етеді. Сатушы амал жоқ 25 000 теңгені қайтарады.

Сұрақ: Сатушы қанша теңгеге ұтылды?

Жауап: 25 000 теңге.

Бұл есеп оқушылардың ойлау қызметін белсендендіріп, дәлелдеме келтіру дағдысын қалыптастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет