ОҚытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан



бет8/8
Дата27.02.2020
өлшемі0,69 Mb.
#57736
1   2   3   4   5   6   7   8

«Сəлемдеме жіберіңіз»

Затты бірнеше қабат қағазға/газетке ораңыз. Оқушылар əуен ойнап

жатқанда оралған затты сынып ішінде береді; музыка тоқтаған кезде,оқушы бір қабатын ашады. Əр қабатқа тақырыпқа қатысты бір сұрақ немесе затты анықтауға көмектесетін ишара қойыңыз, оқушылар оны тауып, одан кейін оралған затты əрі қарай береді. Осылайша заттың орамасы біткенше жалғасады.

«Сәлеметсің бе!»

Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді. Бас бармақтан бастайды:

Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді);


  • Табыс (сұқ саусақ);

  • Үлкен (ортаңғы);

  • Барлығында (атаусыз);

  • Барлық жерде (шынашақ);

  • Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді).

«Сендер суретшісіңдер»

Нұсқау: «Сендер – суретшісіңдер. Картина салайық. Бұл жаз кезінде болады. Көздеріңді жұмыңдар. Шөпті оң жаққа саламыз. Әр суретшінің шөбі әртүрлі: біреуде биік, біреуде аласа, біреуде шөптің түсі ашық болса, біреуде ашық емес, күңгірт, қалың немесе қалың емес. Енді жеңіл бұлттар қалықтаған ашық аспанды бейнелейік: Бұлттан шыққан күнді көрсетейік. Оның сәулелері ұзын әрі жарық. Кенет сендердің картиналарың «тіріліп» кетеді. Сендерге жылы әрі жарық. Оның жарығы жан-жағына шуағын шашады. Сендер ақырындап көздеріңді ашасыңдар».



«Серпілген сауал»

Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.

Мысалы, “Жандос, Салиманың жауабы туралы сен не ойлайсың?”

“Салима, Күнсұлудың жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”

“Күнсұлу, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”

«Сингвейн»

1-жол: Тақырыптың атауы (зат есім).

2-жол: Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім).

3-жол: Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік).

4-жол: Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.

5-жол: Тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.

«Синектика»

Ой қозғаудың жетілдірілген түрі. Егер ой қозғауда идеяларды топ құрамына кездейсоқ түрде жиналған оқушылар келтіретін болса, синектикада идеяларды сарапшылар (бұл мәселе бойынша хабардар, осы бағытта жұмыс жасап жүрген оқушылар) талқылап, қорытындылайды. Мұнда проблема құрастыру жұмысы бірнеше кезеңдерден өтеді: идеялар туындаудан- сараптауға қарай, сараптаудан қайтадан идеяларды келтіруге қарай.

Синектиканың мақсаты: ой қозғаудағыдай жаңа идеяларды келтіріп, бірлесе талқылау барысында оларды проблема шешетіндей деңгейге жеткізу.

«Смайликтер»

Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады.

Жалғастыруға дайынмын

Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес

Түсінбеймін, қайталап қарау қажет



«SMART (ақылды мақсат)»

S - нақты, M - өлшемді, A - қолжетімді, R - шындыққа негізделген,T - уақытпен шектелген дегенді білдіреді. Әр сабақ осындай мақсатқа негізделіп жүргізілуі шарт.



«SMS – хабарлама»

Оқушыларға қағаздан жасалған қалта телефондарынан SMS хабарлама жазу тапсырылады. Хабарлама ұсынылған сөйлемдердің толықтырылған немесе аяқталған нұсқасы болуы қажет.

«Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ... білдім, ақиқатына жеттім»;


  • «Бүгінгі сабақта мені қуантқаны....»;

  • «Мен өзімді....үшін мақтар едім»;

  • «Маған ерекше ұнағаны....»;

  • «Сабақтан соң мен... жасағым келді»;

  • «Мен... туралы армандаймын»;

  • «Бүгінгі сабақта мен....жасай алдым»;

  • «Мен... орындадым»;

  • «...қызықты болды»;

  • «...қиын болды»;

  • «...мен түсіндім»;

  • «Енді мен ...»;

  • «...сезіндім»;

  • «Мен үйрендім»;

  • «Мені... таңқалдырды» және т.б.

«Соңғы сөзді мен айтайын»

Жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам: Мәтіннен үзінді оқу барысында оқушылар түсінік беруге лайықты бір немесе бірнеше дәйексөз табады.

2-қадам: Оқушылар дәйексөзді кеспеқағазға жазып, қай беттен, қайдан алғанын белгілеп қояды.

3-қадам: Кеспеқағаздың артқы жағына дәйексөзге берген өз түсінігін жазады. Оқушылар онымен келіспеуіне де болады, оны қалай өзгертем десе де өз еріктері.

4-қадам: Мұғалім дәйексөзді дауыстап оқуға оқушылардың бірін шақырады.

5-қадам: Ол оқып болған соң, мұғалім басқа оқушылардан осы дәйексөзге өз көзқарастарын білдіруін сұрайды. Ең бастысы – пікірталастың бағытын ұстап тұру және пікірге, ащы мысқылға жол бермеу. Сондай-ақ, бұл уақытта мұғалім де өз түсінігін беруіне болады.

6-қадам: Дәйексөз жайында пікірталасты аяқтау үшін мұғалім дәйексөзді оқыған оқушыны шақырады және ол өз түсінігін дауыстап оқиды. Міне, осы жерде пікірталас аяқталады.

7-қадам: Енді мұғалім басқа оқушыны дәйексөз оқуға шақырады, барлығы басынан қайта басталады.

«Соқыр паровоз»

Қатысушылар үштен бөлініп тұрады. Алдыңғы ойыншының көзі байланады. Ол үшінші ойыншының айтқанымен жүреді, ортадағы ойыншы кедергі, ол паровоздың дауысын салады. Бірнеше паровоз осылайша діттеген жерге жету керек. Мұнда көшбасшыға сенім, сенімсіздік, көшбасшының кедергіге қарамастан, топты алып жүруі сарапқа салынады.



«Социометрия»

Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.

Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады.

«Сөзден – сөйлем, сөйлемнен - мәтін»

Шашылған түрлі сөздердің ішінен бір-біріне мағыналық қабыспайтын 3 сөз суырылады. Мысалы, «өзен, қарындаш, аю» деген секілді. Осы үш сөзді кіріктіре отырып, сөйлемдер құрастыру керек. Кімнің сөйлемі қызықты әрі ерекше болатынына көңіл аудару. Былай құрастырылуы мүмкін: «Бала қолына қарындаш алып, өзенде шомылып жүрген аюдың суретін салды.» Немесе шығармашыл: «Қарындаштай ап-арық бала өзен жағасында тұрып, аюдай ақырып, өгіздей өкіріп жылады.»

Бірнеше нұсқаның ішінен біреуін таңдап алып, тақтаға жазып қояды да, келесі 3 сөзді суырып, сөйлем құрайды. Одан да бір сөйлем жазып қояды. Соңында тақтада жазылған сөйлемдерді құрастырып, мәтін жазу керек. Мәтінді әрқайсысы өз дәптерлеріне жазуларына болады.

«Сөздерден әңгіме құрастыру»

Оқушылардың әрқайсысына қандай да болмасын бір-бір сөз ойлауды тапсырып, бірнеше секундтан кейін ол сөздерді (жалпы саны 15-20 сөздей) тақтаға жазып, оқушылардың шағын топтарына осы сөздерді қолданып, 2 минут ішінде оқушылар өмірін суреттейтін ауызша әңгіме құрастыруды ұсыну керек. Әңгімеде топ оқушыларының және мұғалімдердің есімдері міндетті түрде аталуы керек.



«Сөздік қорды байытуға арналған әдіс-тәсілдер»

1. Тірек сөздерді олардың қолданылу шамасына қарай тақтаға жазу

2. Жұмыс парақшаларында, жазбаларда және мәтіндерде тірек сөздерді белгілеу

3. Оқушылар сөздерді тыңдап, қайталауы үшін, сөздерді тізім бойынша оқу

4. Бөлмеде тірек сөздерді/терминдерді жазып іліп қою

5. Сөйлем құрастыру – оқушылар каточкадағы сөздердің мағынасын көрсететіндей етіп пайдалана отырып, сөйлем құрайды

6. «Сөзді тап» – оқушы бір сөзді алады, сосын сөздің өзін атамастан, ол туралы басқа сөздерді айтады. Топтағы қалған оқушылар неғұрлым жылдамырақ сол сөзді табулары тиіс

7. Сөздерді іздеу – анықтамасымен бірге

8. «Блокбастер» – телевизиялық ойынның нұсқасы, онда оқушылар немесе оқушылардан құралған топтар анықтамасы берілген пәнге қатысты терминдердің бастапқы әріптерден тұратын құрылым құрудан жарысады

9. Пәнге қатысты сөздіктер

10.Интерактивті глоссарийлер – пәнге қатысты лексикадан алынған тізімдер, оқушылар оларға сабақ аяқталысымен, сол сабақта өтілген жаңа сөздерге қатысты анықтамаларды қосады

11.Постерлер – сөздердің мағынасын көрсететін визуалды суреттер

12.Сөздердің жанындағы белгілер – пәнге қатысы бар сөздердің жанындағы белгілер немесе нышандар

13.Пәнге қатысты сөздері түсіріліп жазылған тестілер

14.Жеке сөздіктер, онда оқушылар өздері танысқан жаңа сөздерді жазып отырады

15.«Джигсо карточкалары» – оқушылар сөздерді анықтамаларымен қосады

16.«Лотерея барабаны» – оқушы сөзді суырып алып шығады да, ол туралы не білетінін айтады

17.Сөздерді/тұжырымдарды топтастыру – тұтас топ сөздер мен олардың анықтамаларын тақырыптар мен тұжырымдар бойынша бөледі

18.«Бір минут» – оқушылар жәшіктен сөз таңдап алады да, ол жайында бір минут бойы сөйлейді

19.«Сөзді бейнеле» – «Суреті __________бойынша анықта» ойынының нұсқасы. Қатысушылар жәшіктен сөзді алып шығады да, 30 секунд бойы топтың басқа мүшелері үшін оның суретін салады

20.«Сөздік бинго», мұнда мұғалім анықтаманы оқиды, ал оқушылар өз карточкаларынан сол анықтаманы білдіретін сөзді белгілейді

21.Анаграммалар

22.Жазба құрылымдарына салынған пәнге қатысты терминдер сөздігі (сөздер банкі, топтамасы)

23.Сөзжұмбақтар

24.Оқушылармен пәнге қатысты терминдер бойынша мнемоника құрастырады

25.Сөз кластерлері жазылған постерлер



«Сөзді тап»

Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді алып түсіндіруді жалғастырады.



«Сөз ойыны»

Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын арттыру.


Ойынның шарты: Өлеңдегі әріптерді пайдаланып, басқа сөз жасап шығару.
Балаға да,
Ағаға да –
Пайдасы мол аңдағанға.
Қызықты бұл ойын түрі,
Қызықтайық біз де мұны.
Бұрын ойнап көріп пе едің?
Жеке бір сөз әріптерін
Алды – артына таратамыз,
Жаңа сөзге жаратамыз:
“Балмұздақтан” пәлен сөзді,
“Тоқылдақтан” түген сөзді,
“Оспақшылдан” он бес сөзді,
“Жүзтаныстан” жүз бес сөзді,
Құрастырып, тіл ұштаймыз,
Сөз ойынын қызықтаймыз.


«Сөйлеу арқылы ойлану»

Сөйлеу оқушыларға өз пікірін білдіріп, сол арқылы білім алуға көмектеседі. Төмендегідей жаттығулардың көмегімен сөйлеу арқылы ойлануды ынталандырыңыз:



  • -  талқылауға арналған жаттығу;

  • -  құрылымдалған топтық/жұптық жұмыс;

  • -  мұғалім мен оқушының модельдеуі (шағын топтық тапсырмалар бүкіл сыныппен талқылауға қарағанда, сыныптағы әңгімелесудің санын арттырады).

«Стикер»

Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз. Оқушылар топтарда, жұппен немесе дербес түрде мынадай сұрақтарға жауап бере алады:



  • Мен нені үйрендім?

  • Маған не қиын болып көрінді?

  • Не күрделі болды?

  • Мен енді нені үйренгім келеді?

«Стикерлермен диалог»

Түрлі әдістері көп – қант қағазын алып және онда сұрақтар немесе мақұлдауларды жазып қоюға болады, ал оқушылар оқып түсіндірулерін жазады; 3/4/5 адамнан құралған топтар стикердегі сұрақтарға жауап беріп немесе түсіндіріп, кейін бөлісіп, талқылап және таныстырулары керек; «Қабырғадағы роль» қолдануға болады және оқушылар өз пікірлер мен эмоцияларын стикерлерде білдіре алады.



«Стоп кадр»

Оқушылардан тақырыптың, хикаяның және мақұлдаудың стоп-кадрын жасауды сұрайды. Стоп-кадр бұл «камера» өз жұмысын тоқтатқан нүкте – стоп-кадрдың сыныпқа көрінбейтін басы және аяғы бар (Сонымен де ол фотографиялық суреттен айрықшаланады). Топтар өз стоп-кадрларын сыныпқа, суретте не болып жатқанын талқылау үшін, көрсетеді.



«Stop-кадр»

Stop-кадр — видеофильмнің бір сәтімен (кадр) жұмыс. Кадрды экранда

тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға болады. Сыныпта жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады: оқушылардың біреуіне кадрды көрсетіп, екіншісіне осы көріністі толықтай сипаттап беруін тапсыруға болады, екінші оқушы оған нақтылау сұрақтарын беру арқылы көмектесуіне болады.


«Сурет сал»

Мұғалім тақырыпты атайды. Фишкалардың көмегімен оқушыларды әртүрлі төрт топқа бөледі. Әр топқа 7 минутта аталған тақырыпқа сәйкес бірлесе отырып сурет салу ұсынылады. Жұмысқа берілген қысқа уақыт шағын топтардың тез және үйлесімді жұмыс жүргізіп, кенеттен пайда болған ойларын суретке түсіруге жұмылдырады. Шағын топтардың салған суреттері бойынша ортада жалпы пікір алысады, оларды түсіндіреді. Топтық талқылаудың негізгі сөздерін мұғалім тақтаға жазады. Бұл сөздер келешекте жаңа сабақ мазмұнының жоспарын жасауда пайдаланылады.



«Суреттер: Не болды?»

Оқушыларға сурет көрсетіңіз. Оқушылар суретте не болып жатқанын

жəне оның себебін түсіндірулері қажет.


«Сұрақ – жауапқа құрылған хат»

Бұл ойынды итальян жазушысы Дж. Родари ойлап тапқан.


Ойынның шарты: Алты оқушыға алты түрлі сұрақ беріледі. 
Бірінші сұрақ: “Кім? Не?” (яғни бір оқушы зат есімнен сөз жазады)
Екінші сұрақ: “Қай жерде?” (яғни жатыс септігіндегі тұрған кез келген сөзді жазады) 
Үшінші сұрақ: “Не істеді?” (оны үшінші оқушы жазады)
Төртінші сұрақ: “Ол не айтты?” (бұл сөйлем төл сөз арқылы жазылады)
Бесінші сұрақ: “Адамдар не деді?” (бұл сөйлем де төл сөз арқылы жазылады)
Алтыншы сұрақ: “Оқиға немен тынды?” (1-оқушының зат есімін көріп, қорытынды жазады)

Бір қызығы әр оқушы қандай сұрақ берілгенін білсе де, басқалардың сұрағы мен жауабын білмейді. Сондықтан қызықты мәтін құрастырылады. 


Мысалы:
а) Құмырсқа
Қонақта
Топырақ жеді
Ол айтты: “Мен бақыттымын”
Адамдар: “Ғұмырың ұзақ болсын”, – деді.
Құмырсқа жарылып өлді.
ә) Шегіртке
Мектепте
Доп тепті.
Ол айтты: “Мен кетемін”
Адамдар: “Біз де кетеміз”, – деді.
Шегіртке сылқ – сылқ күлді.

«Сұрақ-жауаппен қатынас»

Әр оқушыға сұрақ дайындап, сабақ уақытында параққа жазу керектігі туралы тапсырма беріледі. Содан соң осы парақтар бір оқушыдан екіншісіне кезекпен беріліп отырады. Сұраққа жауап бергісі келгендер жауапты алдыңғы оқушының жазған жауабының астына жазады. Егер сұраққа жауап бергісі келмесе, парақты жауапсыз келесі оқушыға береді.



«Сұрақтар шеңбері»

Бұл әдіс бойынша оқушылар кезекпен сұрақ қояды. Оқушылар төрт немесе бес адамнан шеңберлер құрады. Тақырып және ойлануға біршама уақыт беріңіз. Сосын талқылауды бастаңыздар, әр оқушы үш минут (немесе басқа уақыт ) үзбей сөйлейді. Бұл уақытта ешкімге еш нәрсе айтуға рұқсат етілмейді. Барлығы айтарын айтып болғаннан кейін шағын топ үшін және ортақ талқылау үшін тақырыпты ашыңыз. Оқушы сөзін, өз ойымен емес алдында айтып кеткен оқушының айтқанымен құру керек, сондай-ақ олар жаңа идеялар келтірмеу керек.




«Сұрақты төңкеріңіз»

Фактінің қайталануын көздейтін сұрақты қоюдың орнына, ол оқушыны ойлануға мәжбүрлейтіндей етіп құрыңыз. Мысалы, «Франция – демократиялық ел ме?» деген сұрақ. «Демократиялық ел дегеніміз не?» деген сұраққа айналады.



«Сұрақты ұстап ал!»

Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.



«Сүйікті адамыңызға тілегенді - өзгелерге тіле!»

Мұнда оқушылар тек алдымен сүйікті адамды көз алдында елестетіп, оған бір немесе бірнеше ізгі тілек тілейді. Содан кейін оқушылар тілектерін жұп немесе топ ішінде өзгелерге айту керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны орынды.



«Сыныптағы заттар»

Оқушылар сыныптан қандай да болмасын бір затты таңдап, бір минут ішінде оны өзіне немесе өзінің көңіл-күйіне ұқсастығын ойластырып, топ ішінде бір-біріне айтып беруі керек. Мысалы, «Мына төбедегі шам маған ұқсас екен: менің де көңілім қазір жарқырап тұр!».

Қалауы бойынша кейбір оқушылардың әңгімесін (немесе әр топтан бір оқушының) бүкіл сыныпқа да жариялауды сұрау керек.

«Сыныптан шығу билеті»

Оқушыларға олардың оқуына қатысты сұрақтар жазылған қағаз беріңіз, олар сұрақтарға жауап беріп, оны сыныптан шығуға рұқсат етілген уақытқа дейін мұғалімге беруі керек.



«Сынып ішінде жүру»

Əртүрлі жағдайларға бейімдеуге болады: 1) сыныптың əр бұрышы «толықтай келісемін», «келісемін», «келіспеймін, «толықтай келіспеймін» деген көзқарастарды көрсетуі мүмкін; 2) сіздің көзқарасыңызға анағұрлым сай келетін суреттің жанына тұрыңыз; 3)дұрыс мысал/анықтаманың жанына тұрыңыз.



«Сіз кімсіз?»

Қатысушылар өздері жауабын қалаған 3 сұрақ жазулары керек. Содан соң шеңбер арқылы айнала жүріп, өз сұрақтарына жауап алады. Мұнан соң әрқайсысы өздері жайлы айта бастайды, қалғандары сұрақтары арқылы білген мәліметтері арқылы оны толықтырып отырады.



«Табыс ағашы»

Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедің», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «қателер көп болды». Әр оқушы өз ағашын сәйкес жапырақтармен безендіреді. Қалаулары бойынша жапырақтарға өздерін толғандырған мәселе мен қиындықтарын жазуларына болады.



«Табыстылық ассоциясы»

Оқушылардың әрқайсысында «табыс» сөзімен байланысты өзіндік пікірлері бар екенін ескеріп, «табыс» сөзімен 1 минуттың ішінде топ ішінде қабылданған жалпы анықтама беру талап етіледі. Мысалы, 1, 4-топ – – зат есімдерден тұратын сөздер, 2, 5-топ сын есімдерден, 3, 6-топ – етістіктерден тұратын сөздер ойлайды. Топтардың сөздері талқыланып, «табыс» сөзінің формуласы тұжырымдалады.



«Табыс баспалдағы»

Оқушылар алдын-ала дайындалған плакатқа өздері таңдаған баспалдаққа стикерлер (қалауынша түсіндірмесімен) жабыстырады.




«Табысты тыңдаушыларды дамытуға арналған оқыту әдіс-тәсілдері»

 Оқушылар жаттығуды бастамас бұрын, олардың бұған дейінгі білімдерін

жандандыру арқылы дайындаңыз.

 Нақты тақырып беріңіз немесе тыңдалымды құрылымдаңыз.

 Есеп берудің нақты әдіс-тәсілдерін пайдаланыңыз, мысалы, әртүрлі жолдарментоптастыру (мысалы, Джигсо, өкіл, кемпірқосақ). Бұл жоспарлы әңгіме және ауызша мазмұндауға жол ашады, соның нәтижесінде жазбаша жұмыстың нәтижесі жақсарады.

 Көптеген жаттығулар сабақтың қысқа бөліктеріне тамаша сай келеді, мысалы, ширату жаттығулары.

 Тиісті ақпаратты немесе салалық тілдің нақты бір ерекшеліктерін естіген кезде оқушылардан дене қимылымен жауап беруді сұраңыз, мысалы, қол көтеру, орнынан тұру.

 Оқушыларды 1-ден ...-ге дейін нөмірлеу арқылы бірлесе жазба жазуды

ұйымдастырыңыз. 1 нөмірлі оқушылардың барлығынан ақпаратты тыңдап, кейбір элементтерін жазуды, 2 нөмірлі оқушылардан – басқа нәрсеге баса назар аударуды және т.б. сұраңыз. Топтар ақпарат жинап, оны керекті нысанда – ауызша немесе жазбаша ұсыну үшін пікір алмасады.

 Оқушылардан әңгімені тыңдап, тексеруге болатын фактілерді немесе біреулердің пікірлерін жазып алуды/оларға жауап беруді сұраңыз. Олар өз шешімдерін негіздеп, кез келген күрделі мәселелерді талқылауы тиіс.

 Оқушылардан мәтіннен негізгі сөздер немесе тіркестерді белгілі бір санын (және одан көп емес), мысалы алтауын тауып, жазуды сұраңыз. 6-дан артық болмауы тиіс екенін айқын түсіндіріңіз.

 Оқушылардан ақпаратты диаграмма, логикалық сызба, кесте, график сияқты арнайы құралдың көмегімен жазуды сұраңыз (мысалы, кім, не, қайда, қашан, қалай және неліктен немесе себебі, салдары, әсері, орналасқан орны).

 Мұқият тыңдауды модельдеңіз.

«Тазалық кері байланысы»

«Таңғалдыру сәттері»

Сөз бен сөйлемдегі ойдың құрылымын, сипатын, табиғатын бейнелі де көркем суреттей жеткізетін суырыпсалма тапқырлық пен ұшқыр қиялға негізделген. Белгілі бір тақырыптағы сөзге не сөйлемге қатысты өзіндік тапқырлығы мен еркін қиялына ерік беріледі.



«Талқылау тəсілдері»

Оқушыларға жазу мен оқу бойынша тапсырмаға берілетін уақыт сияқты ауызша пікірталасқа берілетін уақыт та мұқият құрылымдалуы керек. Төменде талқылауды құрылымдауға көмектесетін əдіс-тəсілдер тізімі берілген.



Төрт бұрыш Əр бұрышқа әртүрлі пікір ілінеді. Оқушылар өздерінің жауаптарына жақын бұрышқа барып тұра алады: мысалы, толықтай келісемін, келісемін, келіспеймін, толықтай келіспеймін.

Сократ шеңбері Екі шеңбер, бірінің ішінде бірі. «Ішкі шеңбердегі» оқушылар тақырыпқа қатысты мәселені сұрақ-жауап арқылы талқылайды, ал «сыртқы шеңбер» оларды тыңдап, дəптерлеріне ескертпе жасап отырады және талқылау соңында өз пікірлерін айтады. Мұғалім оларды сырттан

бақылап, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы пікірталасты қажетті арнаға бұрып отырады. Шеңбердегі оқушылар белгілі бір уақыт өткен соң рөлдерімен алмасуына болады.



Шеңберге жиналатын уақыт Оқушылар орындықтарды шеңбер етіп сынып ортасына қояды. Тақырып/сұрақ/сөйлем беріледі, оған оқушылар жауап беру керек. Алайда олар белгіленген затты ұстап тұрмаса, сөйлей алмайды. Бұл тапсырмада мұғалім барлық оқушының бір кісідей қатысып отырғанына көз жеткізу үшін қатаң түрде бақылайды, сондай-ақ оқушыларға қай кезде сөйлеу керектігіне қатысты өздерінің шешім қабылдауына мүмкіндік береді.

Попкорн Оқушылар сыныптағы ауызша кері байланысты басқарады,

қай кезде орнынан тұрып жауап беру керек екендігін шешеді. Егер бірнеше оқушы қатар тұрса, онда оқушылар кімнің бірінші болып сөйлейтінін шешуі қажет.



ТӨДК Сыныптастардың пікірін тыңдай отырып, оқушылар берілген пікірді ТОЛЫҚТЫРЫП, ӨЗГЕРТІП, ДАМЫТЫП немесе КҮРДЕЛЕНДІРЕ алатынын шешуі керек. Барлық оқушылар қалай жауап беретіндерін шешуі қажет, ал мұғалім олар таңдаған мəнерде жауап беру үшін бір оқушыны таңдайды.

«Тақырыптық теннис»

Тақырыпқа сай бір сөзден айтып, әр топ сол сөздің мағынасын ашып отырады.



«Тапқыштар»

Ойын мақсаты: Әр түрлі тақырыптағы астарлы сұрақтарға жауап іздеу арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту.

Тапқырларға арналған әзіл викторина:

Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)


Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)

Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен» тұр)


Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен тұрады)
Қай өзен ең қорқынышты ? («Тигр» өзені)
Страус өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)
Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)
Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)

Қай қолмен шайды араластырған дұрыс? (шайды қасықпен араластырған дұрыс)


Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)
Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады.)

«ТВ шоу»

Мұғалім жүргізуші оқушылармен, түрлі кейіпкерлермен сөйлескендей тақырыпты талқылайды. Аудитория сұрақтар қояды, талқылауға қатысады, құрдастар бағалайды және т.б. Бұл Ньюзнайт, Опра, Паркинсон, Монтель және т.б. стилінде болуы мүмкін. Панель отбасылық және т.б. күйіндегі шоу.



«Телебағдарлама жүргізушісі»

Мұғалім бүгін ерекше телестудияға баратындарын хабарлайды. Ол жерде оқушылар өздері қалаған телебағдарлама жүргізушісі болуға мүмкіндіктері болатынын айтады. Бір сынып бөлмесін бірнеше бағдарлама реквизиттерімен дайындап қоюға болады. Мысалы:

«Айтуға оңай» бағдарламасында «Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері» бас қосады. Жүргізуші олардың әрқайсысын тыңдап, проблемаларын айтқызу керек.

«Әйел бақыты» бағдарламасына «Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу», «Қалың мал», «Ақбілек» кейіпкерлері келіп, өз оқиғаларын баяндайды.



«Телетайп»

Қатысушылар бір-бірінің қолынан ұстап шеңберде тұрады. Бір қатысушы адресін айтып телеграмма жібереді. Телеграмма айтылған адамның адресіне байқатпай қол қысу арқылы жіберіледі. Ортада тұрған жүргізушінің міндеті - белгі арқылы кетіп бара жатқан телеграмма кімнің қолында екенін табу. Ұсталып қалған ойыншы ортаға тұрады.



«Терминдер конверті»

Ортаға өз қалауларымен 10 оқушы шығады. Мұғалімнің қолындағы 10 конвертті алып, әрқайсысы ішіндегі 10 терминді сыныптастарына түсіндіру керек. Терминнің өзін айтпайды. Тек сол жайлы айтады. Сыныптастар қандай термин екенін табу керек. Бұл емтиханға дайындыққа жақсы көмектеседі.



«ТИІМДІ СҰРАҚ-ЖАУАП ЖҮРГІЗУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ»

Мүмкіндігінше көп оқушыларды қамтыңыз

 Әр түрлі мақсатқа бағытталған сұрақтарды пайдаланыңыз;

 Барынша көп оқушы жауап бере алуы үшін ашық сұрақ қойыңыз;

 Жеке тақта, сан жазылған карточкалар және т.б. сияқты ресурстарды

пайдаланыңыз;

 Қарым-қатынас орнатуды қиынсынатын оқушылар үшін ым-ишара, белгілерді

пайдаланыңыз;

 Ойлануға уақыт беру үшін жауап алар алдында үзіліс жасаңыз;

 Тек «дұрыс» жауапты естігенге дейін ғана емес, бірнеше оқушының жауабын

тыңдаңыз.



Әртүрлі ашық және жабық сұрақтар қойылуын қамтамасыз етіңіз

 Түйінді сұрақтарды алдын ала жоспарлаңыз;

 Келесілер бойынша сұрақ қойыңыз:

нақты деректі есте сақтау,

нақты деректі қолдану, мысалы, «Белгілі бір сезім-күйді білдіру үшін қандай

етістіктерді қолдана аламын?»

болжам жасау, мысалы, «Кейіпкердің сөйлеген сөзіне қарап ол туралы не айта аласың?» амалдарды жоспарлау және салыстыру, мысалы, «Өз шығармаңда көңіл-күй одағайларын қалай қолдандың?» нәтижеге түсініктеме беру, мысалы, «Диалогқа қарап, одан қандай ақпарат ала аламыз?» логиканы қолдану.

 Бірнеше жауабы бар сұрақ қойыңыз, мысалы, «Шығарма кейіпкерінің мінез-құлқы туралы не айта аласың?



Сұрақтар оқу мақсатындағы ілгерілеуді бағалау үшін қолданылатынына көз жеткізіңіз

 Түсінігі мен білімін тексеру үшін сұрақ қойыңыз;

 Оқушылардың қате түсінуін анықтау үшін сұрақтарға назар аударыңыз;

 Түсінуді бағалау үшін бүкіл сыныппен талқылауды пайдаланыңыз және келесі сабақта ескеретін мәселелерді анықтаңыз.



Оқушыларға ойлануға және өз идеяларын талқылауға жеткілікті уақыт берілгеніне көз жеткізіңіз

 Оқушыларға жұппен немесе топта талқылауға уақыт беріңіз (Ойлан-Жұптас-Бөліс);

 Оқушылардың қалай жауап беретіндігі туралы нақты болжам жасаңыз – ол әртүрлі болуы мүмкін;

 Оқушылардың жауап беруіне дейінгі уақытты сақтаңыз (10-ға дейін санаңыз);

 Сабақ жоспарында талқылауға арналған уақыттың қарастырылуын қадағалаңыз.

«Топтық кері байланыс»

Сыныптастардың жұмысын бағалауға қатысты топтық кері байланыс мұғалімге оқудағы қажеттіліктерді қарапайым түрде анықтауға көмектесе алады. Егер топ кері байланыс ұсынатын болса, бұл мәселеге назар аудартып, жүйелендірілген, талқыланған тапсырмаларға қатысты ақпарат береді (сонда мұғалім қайталауға арналған жаттығуларды азырақ бере алады).



«Төрт сөйлем»

Бұл тәсіл арқылы оқушылар тақырып туралы пікірлерін білдіреді:



Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен айтыңдар немесе жазыңдар.

Дәлел. Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.

Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер.

Қорытынды. Аңыз мазмұны бойынша қорытынды шығарыңдар.


«Тұлғаны танып біл»

Мұғалім оқушыларға парақтар таратады, оларға Қазақстан тарихында елеулі із қалдырған кемеңгер адамдардың (саясаткерлер, өнер және әдебиет қайраткерлері және т.б) портреттері жапсырылған. Ойыншылар 5-6 адамннан топтарға бөлініп отырады. Балалар портреттердегі тұлғаның аты-жөнін, тарихтағы рөлін, қызмет ету кезеңін, оның атына байланысты оқиғаларды, ол жазған шығармаларды және т.б. естеріне түсіруі тиіс. Топ ішінде талдау 5 минуттан аспайды. Өз тобын топтың бір мүшесі қорғайды.



«Түзетулер»

Сіз бағаламастан бұрын, оқушылардың өз жұмыстарын түзеткендеріне дәлел келтіруді талап ете отырып, түсініктеме беру арқылы жауапты қайта тұжырымдауға және бағалауға назар аударыңыз (бұған уақыт бөліңіз).



«Түйінді сәттер»

Ауызша тапсырмалармен қатар, жазбаша тапсырмаларды әзірлеген кезде бұларды орындау оқушылар оқып жатқан тапсырмалардың түйінді сәттерін түсінуге және дамытуға әкелетін болсын.

«Түсініксіз тармақ»

Оқушылар өздеріне онша түсінікті емес бір немесе екі тармақты жазады. Бұл өткен сабақта оқылған материал, қалған бөлімнің, алдыңғы жаттығудың материалы және т.б. болуы мүмкін. Содан кейін мұғалім мен сынып осындай тармақтарды түсіндіру жолдарын іздестіреді.



«Түсініктеме арқылы бағалау»

Түсініктеме арқылы бағалау оқушыларға марапатқа немесе жазалауға тіреліп қалмай (баға қойғандағы сияқты), назарларын алға басу мен дамуға, аударуға мүмкіндік береді.

Түсініктемелерді оқулықтарда, оқулықтардың басындағы кестелерде, оқу күнделіктерінде немесе журналда қалдыруға болады. Соңғылары мұғалім мен оқушыларға түсініктемелердің көбеюі мен жақсаруын қадағалауда көмектеседі.

Түсініктемелерде оқушының нені жақсартуы керектігіне қатысты айқын нұсқаулықтар берілуге тиіс.

Кері байланыс беруді көздейтін жаттығулар мен жұмыстарды жоспарлаңыз – тапсырмалардың құрылымы үдеріске көмектессін.

«Түсініктемелермен жұмыс»

Оқушыларға мына түсініктемелермен жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз -



  • -  сабақта оқушымен жеке әңгіме жүргізу үшін уақыт бөліңіз.

  • -  оқушыларға арналған жинақта жазбаша түрде диалогтарыңыз болсын.

  • -  диалогты анағұрлым формалды ету үшін түсініктемелерді немесе мақсаттарды қадағалау парағын қолданыңыз.

«Тыңдайтын үшбұрыштар»

Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:

СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).

ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.

ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.

2-нұсқа


Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы рөлін атқарады. Сөйлеуші бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.

«Тізбектен не түсіп қалған?»

Оқушыларға бір сөз түсіп қалған тізбек көрсетіп, сол сөзді табуды

сұраңыз. Мысалы, жанама – ? (түзу)


  • «Тірек мәтін»



  • Мұғалім жеке оқушыға, жұпқа немесе топқа тақырып бойынша бірнеше сұрақ береді. Олар жазба түрінде жауап жазады. Жауап бере отырып, оқушылар осылай өтілген тақырыптарға тірек конспектісін жасайды.

«Уақыт шеңбері»

Мұғалім оқушылар сияқты орындықта немесе еденде отырады. Бұл мына ерекше сынып тапсырмасында мұғалімнің директор емес, делдал екенін білдіреді. Мұғалім Уақыт шеңберіндегі құрылымдық ережелерінің сақталуына, әр оқушының эмоциясын қорғауға және лайықты тапсырмаларды дайындауға жауапты. Егер оқушылар ережелерді үнемі бұза берсе, мұғалім тапсырманы аяқтауға дайын болуы керек.

Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже – талқылауға барлығы түгелдей қатысулары керек. Бұл - бірініші болып өткізілуге тиісті тапсырмалардың бірі. Негізгі үш ережені талқылау керек:


  • Тек біреу ғана сөйлеу керек – әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек.

  • Егер сіз бір тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді» басқаға бере аласыз.

  • Ешқандай қатты ескерту болмауы керек.



«Ұйқасын тап!»

Ойынның мақсаты: Балаларды өлең құрастыруға баулу.


Ойынның шарты: Өлең жолдарында айтылуға тиісті ұйқас сөздерді табу.
Қайсы күні қандай сабақ,
Қалай менің үлгерімім?
Еш жаңылып қалмай, санап
Жүреді ылғи … . (күнделігім)
Ой маржанын тере білген
Әр жазушың, әр ақының.
Әр сөзіңді емемін мен,
Ана сүті – … . (Ана тілім)
Достастырып әріптермен,
Білімге жол салып берген,
Алдымнан шам жағып берген
Айналайын … . («Әліппеден»)
Мекендеген портфелімді,
Беттер аппақ, ақ көңілді.
Қызаратын қатем үшін
Кірлетпеймін … . (дәптерімді)


  • «Үлдірленген критерийлер»

    1. Бағалау үшін достық пиғылдағы критерийлері бар үлдірленген карточкалар дайындаңыз.

«Үндеме!»

Мұғалім барлық оқушыларды «Бірінші» және «Екінші» деп санап, екі топқа бөледі.Тапсырма: екі топ үндемей, тек ишарат пен ыммен ғана түсінісіп, туған күндері бойынша сап түзеуі керек. Саптың алдында 1 қаңтарда туған оқушылар тұрады да, қалғандары туған күндерінің реті бойынша тізіле береді.



«Үш жақты күнделік толтыру»

Жүзеге асыру қадамдары:



1-қадам: Сабақ тақырыбы айтылады, оқылатын мәтін таныстырылады.

2-қадам: Мәтінді оқу барысында әрқайсысы жеке күнделік толтырады.

3-қадам: Жұмыс нәтижесін жұпта, топта талқылау.

Күнделік сол жақтан бастап толтырылады.

«Мұғалімге хат» - сұрақтар

«Үш пікір»

Ортаға бір тақырып тасталады. Сол тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады. Бұл әдіс сыныптағы оқушылардың бәрі тең дәрежеде пікір білдіруге мүмкіндік жасайды.



«3+2+1»

Ұнаған 3 кезең, ұнаған 2 сұрақ, келесі сабаққа 1 ұсыныс беру тапсырмасын орындайды.



«Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы»

Жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам: Мәтінді әр оқушыға жеке оқу.

2-қадам: Оқу үрдісінде қаңқаның басына мәтін қарастырылатын проблема белгіленеді.

3-қадам: Жоғарғы «қосымша бұтақтарында» проблеманың себебі белгіленеді, төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады.

4-қадам: Балықтың «құйрығына» қорытынды жазылады.

5-қадам: Жұпта, топта жұмысты талқылау.

6-қадам: Топ жұмысын аудиторияда презентациялау.

Себептері

Дәйектері

«Хабарлама»

Оқушылардан өздерінің не үйренгенін көрсететін мəтіндік хабарлама (SMS) құрастыруды сұраңыз. Барлық мəтіндік хабарламадағы сияқты мұнда да символдар саны шектеулі.



«Хат жазысу»

Шәкірт пен ұстаз арасында терең байланыс орнатуға, түсіністікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Баланың креативті-шығармашылық мүмкіндіктерін ашады. Сабақ кезінде еркіндік пен сенім артқан хаттар тақырып аясында қалып қойып отырады, ал сабақтан тыс уақытта жазылған хаттар шәкірт көңіліндегі алаңдататын сұрақтар мен сабақ кезінде ашылмаған ойларды қамтиды.

Қарапайым қарым-қатынас хаттары уақыт өте келе мәнді де маңызды, сауатты пікір жазбалары ретінде қарастырылуы қамтылады. Сонымен қатар, мұндай хаттар – ұстаз тарапынан ой салу, бағдар беру, шәкірт тарапынан жарқын ойлар мен еркін пікірлерді тізетін «идеялар аралы» болып табылады.

«X және Y»

Оқушылардан неліктен X Y-тің үлгісі болатынын сұраңыз, мысалы, неліктен алма жемістің үлгісі болып табылады? Неліктен түлкі сүт қоректілердің үлгісі болып табылады?

Осылай құрылған сауал фактілердің қайталануын болдырмай, нақты ойлануға жетелейді.

«Чемодандар»

Тақтаға чемоданның суреті ілінеді. Әр оқушыдан кезекпен өзімен бірге бүгінгі сабақтан қандай білім, білік, дағдыны алып кеткісі келетінін айтуларын сұрайды. Бұл сабақты қорытындылауға жақсы көмектеседі.




«Шаршыдағы қоңыз»

Тақтада төмендегідей сурет ілінеді. 9 ұсақ шаршыдан құрастырылған үлкен шаршы ортасында қоңыз суреті. Бастаушы суретке теріс қарап тұрып, қоңыздың ұшу бағытын айтады, егер қоңыз шаршы сыртына шығып кетсе, қатысушылар қол соғады. Бастаушы ауысады. Бірнеше рет қоңызды шаршы сыртына шығарып алса, онда сурет алынып тасталып, қатысушылар қоңыздың бағытын оймен елестете отырып, қол соғады. Мысалы: Қоңыз ортада, оңға ұшты, жоғарыға ұшты, оңға ұшты. Қатысушылар қол соғады, себебі қоңыз сыртқа шығып кетті.

Бұл ойын оқушылардың кеңістікте ойлау дағдысын дамытады, зейінді шоғырландырады.

«Шаршылар»

Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса - сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйды.



«Шаттанушы мен күдікшіл»

Бастаушы бір сөйлем айтады, келесі қатысушы оны жағымды пікірмен жалғастырады, одан кейінгі қатысушы соңғы сөйлемді алып, жағымсыз пікір қосады, келесі жағымды ой айтады. Осылайша жалғаса береді.

Мысалы, «Менің сабағыма тәлім беруші келіп қатысты», «Бұл жақсы, себебі сабақтан соң жоспарымды талқылаймыз», «Жоспарымды талқылаймыз, бұл жаман, себебі маған сын айтылуы мүмкін», «Маған сын айтылуы мүмкін, бұл жақсы, себебі келесі сабаққа ескертпелер бойынша дайындаламын», «Келесі сабаққа ескертпелер бойынша дайындаламын, бұл жаман, себебі өзіме сенімділігім жоғала бастайды» т.с.с.

Бұл тәсіл сыни ойлауға жетелейді. Кез келген ұғымның жақсы-жаман жағы, тиімді-тиімсіз жағы болатынын, жақтаушы-даттаушы болуға болатынын бағамдап жүреді.




«Шатасқан әңгімеші»

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Бастаушы әңгіме тақырыбын белгілейді. Дайындыққа уақыт береді. Қатысушылардың бірі әңгіме бастайды да, ортасына келгенде, әңгіме желісін басқа жаққа бұрып жібереді. Осылайша өз ойын, мүмкіндігінше, шатастырып жібереді. Өз сөзін ыммен келесі бір адамға жалғастыруға ұсынады. Сөзді жалғастыру кез келген қатысушыға берілуі мүмкін, сондықтан бәрі мұқият тыңдап отырады. Сөз тиген адам әлгі әңгімешінің сөзін соңынан басына қарай адасқан кейпінде жеткізу керек. Сөйтіп басына алып келеді де, енді өз оқиғасын басқаша шатастырып жеткізеді де, сөзді келесі қатысушыға береді.

Бұл әдіс оқушыларды сыни ойлауға, сөздік қорын молайтуға, қиялын жетілдіруге көмектеседі.


«Шеңбердегі доп»

Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады (немесе жүректің кішкене сұлбасын сағат тілі бойынша жылжытып отырады). Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.



«Шиыршық»

Өткен материалдарды өзара байланыстыра еске түсіре отырып, жаңа материалды меңгертуге, сабақ материалының сабақтастығы мен негізгі пікірлерді есте сақтауға арналған әдіс. Мәселен, толықтауыштың мағыналық (тура, жанама) түрлерін өту барысында өткен материалды (толықтауыш туралы алғашқы мағлұматтарды, сұрақтарын) пысықтай отырып, жанама және тура толықтауыштың ерекшелігін салыстыра көрсету арқылы, тіркесетін етістіктерге назар аударту, сабақты, салт етістіктерді ойға түсіру, ой-пікірлеріне ерік бере, түрлі қызықты сипаттамалармен есте сақтауға жол ашу.

Оқушыңың жеке басы қабілеттерінің айырмашылықтарын қарастыра отырып, табиғатын тануға жетелер болсаңыз, ол бізді таңғалдырар сипаттамалар берері сөзсіз. Осы орайда өз тәжірибемізден балалар жазбаларынан үзінділер келтірейік.

«Тура толықтауышта турашыл, елжанды (патриоттық) мінез бар екен. Мен оны қайсар мінезді жанға, өзінің тегін өзгертпей, ата дәстүріне берік болатын адал перзентке ұқсаттым.» (Елдар)


«Жанама толықтауыштарды жақсы көріп қалдым. Жанына келген етістіктермен үйлесе кетіп, табиғатын өзгертіп, мекенді, іс-әрекетті таныта білетіні жақсы емес пе? Ал Арман оларды қызметін өзгертіп кеткен сатқын деп ренжіп отыр. Меніңше, бұл – тым қатты сөз, мен олай демес едім. «Нағыз уақыт тынысына сай өзгере білетін батыл да іскер сөйлем мүшелері!» - деп мақтар едім. «Мен істей алмаймын, бұл маған жат», - деп тұрмады, батылдықпен өзгерді, мүмкіндігін кеңейтті...» (Мөлдір)


«...Мен сабақты, салт етістікті ұмытып та қалған едім. Тез есіме түсіре алмай қиналдым. Ал енді ұмытпаймын. Себебі мен жанама толықтауыштың достары салт, тура толықтауыштың досы болатын етістіктер сабақты деп аталатынын жақсы білетін боламын. Жанымда отыратын Асылбек екеуміз келіспей қалдық. Біз кез келген етістікті атап, оның алдына толықтауыш қойып отырғанбыз. «Кел» деген етістікті айтқанда, мен «маған» деген сөзді алдына қойдым. Егес осыдан басталды. Асылбек: «Ол салт етістік емес, себебі оның алдындағы сөз «кімге?» деген сұраққа жауап береді», - дедім. Осылай айта алғаныма қуанып отырмын. Әлде дұрыс айтпадым ба?» (Жанат)



«Ықшам тақталар»

Өз рұқсат қағаздарының екінші жағын пайдалана отырып, оқушылар: қысқаша сұрақтарға жауап жаза алады, олардың «талпынатын» деңгейін көрсете алады, оларды «ақиқат-жалған» жаттығуы үшін пайдалана алады.



«Ыстық орындық»

Бір оқушы алға шығып, өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар белгілі бір пікірмен немесе басқа оқушымен, сұрақты неғұрлым жеке емес қылу үшін немесе мазмұны жағынан кеңірек қылу үшін, бірге алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рольді немесе адамды сомдай алады.




«Элективті тест»

Мұғалім алдын ала әрбір оқушыға A, В, С, D, Е арқылы белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл, жасыл стикерді таратады. Әрбір сұрақты қойғаннан кейін 20 сек. кідіріп, сыныптан тест жауабына сәйкес әріпті көтерулерін сұрайды. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.




«Эмоционалдық көңіл-күйді анықтайтын тест»

Ағылшын психологі Пип Уилсон ойлап тапқан жылдам әрі жеңіл тест өте қысқа уақыт ішінде адамның эмоционалдық көңіл-күйін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар өмірден күтетін нәтижесінің қазіргі жағдаймен сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді.

Ұсынылған сурет тақтаға ілінеді. Оқушыларға тапсырма: ағаштың қай жеріне өзіңді орналастырар едің? Өзіңді ағаштың қай жерінде сезінесің? Ағашта отырған әрбір адамның өзіне ғана тән көңіл-күйі мен ішкі жан дүниесі бар, оны бет әлпетінен ажыратуға болады. Қайсысы саған ұқсайды? Өзіңе ұқсаған адамды қарындашпен белгілеңдер.


«Эстафета»

Мұғалім сыныпты үш топқа бөледі. Оқып-үйренуге тиісті мәтін бөлігін береді. Белгі бойынша оқушылар оқи бастайды. Мұғалім нөмірленген үш парақ дайындап, оларды әр топқа береді. Белгі бойынша оқушылар оқиғаларды, фактілерді, олардың мерзімдерін жазып, үндеместен бір-біріне жылжытып отырады (бір-бірін қайталамауы тиіс). Бұған үш минуттай уақыт бөлінеді. Қай топ неғұрлым көп фактілерді, оқиғаларды, олардың мерзімдерін көрсеткенін, қай топ неғұрлым толық, нақты, анық жауап бергенін мұғалім анықтап, жеңімпаздарды белгілейді.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Т.А.Акимова, Т.М.Копжасарова, З.Т.Кашкенова, Г.У.Дарменова «Разминки для тренингов» АОО НИШ ЦПМ, Астана, 2015

  2. Қ.Әбдезұлы, С.Ч.Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті әдістемелік нұсқау» «Арман ПВ», 2012

  3. А.Х.Әлімов «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Астана «НЗМ»ДББҰ, 2014

  4. Т.Н.Ермекова, А.А.Қасымбек, Н.О.Абдижаппапрова, А.Б.Бипажанова «Қазақ тілі мұғалім кітабы» «Арман ПВ», 2016

  5. А.К.Исабекова «Деңгейлік курстарда қолданылатын психологиялық тренингтер жинағы» Көкшетау,2014

  6. А.Т. Нұржанова «Формирование коммуникативных умений в контексте уровневых программ курсов повышения квалификации педагогов» АОО НИШ ЦПМ, Астана, 2015

  7. Г.Т.Тұрсынова, А.А.Қасымбек «Қазақ тілі әдістемелік нұсқау» «Арман ПВ», 2012

  8. С.Тұрсынғалиева, Р.Зайкенова «Қазақ әдебиеті мұғалім кітабы» «Арман ПВ», 2017

  9. Шимырбаева Ж.К. Идришева З.Е. «Активные упражнения для создания обучающей коллаборативной среды» АОО НИШ ЦПМ, Астана, 2015

  10. Ғаламтор материалдары

  11. http://www.tilortalyq.kz/kk/534.html «Қазақ тілі сабағында ойналатын ойындар жинағы»


ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ТІЗБЕСІ:

  1. «А Ә Б В»

  2. «А,В,С»

  3. «Айдаһар»

  4. «Айқын мақсат қоя отырып»

  5. «Айна»

  6. «Айналмалы бекеттер»

  7. «Айырмашылығы неде?»

  8. «Аквариум» әдісі

  9. «Ақындар мен жазушылар»

  10. «Алдын-ала берілген атаулар»

  11. «Алма, шие, өрік, банан»

  12. «Алфавит»

  13. «Ара ұясы» техникасы

  14. «Арқаға жазылған комплименттер»

  15. «Арқаға массаж жасау»

  16. «Арқаға сурет салу»

  17. «Артығын алып таста»

  18. «Ассоциативті қатар»

  19. «Ассоциацияның көмегімен көрініс»

  20. «Атаулар (терминдер) кестесі»

  21. «Атаулар туралы үш сұрақ»

  22. «Атмосфера орнату»

  23. «Атомдар мен молекулалар»

  24. «Аударыспақ»

  25. «Ашық және Жабық сұрақтар»

  26. «Аяқталмаған сөйлем» тәсілі

  27. «Әдебиет лотосы»

  28. «Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы

  29. «Әйнек арқылы сөйлесу»

  30. «Ән шырқау»

  31. «Әңгімелесетін әріптестер»

  32. «Әріптер мен сандар»

  33. «Әріптестер»

  34. «Әуенді атаңыз, әуен тақырыппен қалай байланысқан?»

  35. «Әуенді өрімдер»

  36. «Бағдаршам»

  37. «Байланысқан оқу»

  38. «Балалар философиясы»

  39. «Балық, құс, аң»

  40. «Барлық оқушылармен жұмыс»

  41. «Бас бармақ»

  42. «Батискаф»

  43. «Баяндама»

  44. «БББ»

  45. Белсенді оқылым тәсілдері

  46. «Бес саусақ» әдісі

  47. «5-5-1»

  48. «Бинго»

  49. «Биографиялық поэма» (Биопоэма)

  50. «Блиц кездесу»

  51. «Блок ортасында бағалау»

  52. «БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ»

  53. «Блум түймедағы»

  54. «Боди-арт»

  55. «Борт журналы»

  56. «Бөлмедегі заттар»

  57. «Броундық қозғалыс»

  58. «Бұл кім?»

  59. «Бұл жауабы болса, онда сұрағы қандай болады?»

  60. «Бұлт үстіндегі саяхат»

  61. «Бұрыштар»

  62. «Былғары қолғап»

  63. «Біз де»

  64. «Білетініңіздің барлығы»

  65. «Білімдарлар»

  66. «Бір ауыз сөз»

  67. «Бірге ойлаймыз»

  68. «Бір қадам алға...»

  69. «Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру»

  70. «Бірлік»

  71. «Бір минут»

  72. «Бір сөйлеммен түйіндеу»

  73. «Венн диаграммасы»

  74. «Веер»

  75. «Графикалық органайзерлер»

  76. «Гүлдер»

  77. «Ғажайып көрме»

  78. «Даналық ағашы»

  79. «Данышпан үкілер»

  80. «Дарабоз»

  81. «DEAL»

  82. «ДЖИГСО»

  83. «Диаманта»

  84. «Дизайн»

  85. «Динамикалық шеңбер»

  86. «Домино»

  87. «Домино - 2»

  88. «Допты лақтыру»

  89. «Достармен кездесу уақыты»

  90. «Дұрыс емес пікір»

  91. «Дыбыстау»

  92. «Егер ..., онда не болар еді?»

  93. «Екі жұлдыз, бір тілек»

  94. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі»

  95. «Екі қолды жұмысқа жұмылдыру»

  96. «Екі лагерь»

  97. «Елестету көрінісі»

  98. «Ең зейінді»

  99. «Еркін жазу»

  100. «Еркін пікір»

  101. «Еркін талқылау»

  102. «Ертегі құрастыру»

  103. «Есімдер арқылы топқа бөлу»

  104. «Жағымды тілектер алқасы»

  105. «Жазылым дағдыларын дамытуға әдіс-тәсілдер»

  106. «Жақсарту жөніндегі нұсқаулық»

  107. «Жақсылық тамшысы»

  108. «Жақсы сұрақ деп нені айтады?»

  109. «Жаңалық ашамыз»

  110. «Жауап беретін әріптес»

  111. «Жәшіктегі кітаптар»

  112. «Жеміс себеті»

  113. «Жетістік баспалдағы»

  114. «Жиырма сұрақ: иә, жоқ»

  115. «Жұмбақ зат»

  116. «Жұмбақ сөздер»

  117. «Жұппен жұмыс»

  118. «Жұптасып сурет салу»

  119. «Жүз теңге»

  120. «Жылдам фото»

  121. «Жыл мезгілдері»

  122. «Зерттеудің алты қадамы»

  123. «Иә, жоқ»

  124. «Иә, жоқ - 2»

  125. «Идея туралы пікір»

  126. «Инсерт»

  127. «Иық тірескен шеңбер»

  128. «Калейдоскоп»

  129. «Капитан»

  130. «Карусель»

  131. «Кезбе тілші»

  132. «Кейіпкерлер әлемі»

  133. «Кейіпкер»

  134. «Кейіпкерлерге мінездеме»

  135. «Кемпірқосақ»

  136. «Кесте толтыру»

  137. «Кері байланыс бутерброды»

  138. «Кері ой қозғау»

  139. «Кластерлер»

  140. «Комплименттердің бұрқасыны»

  141. «Конверт – сұрақ»

  142. «Константинополь»

  143. «Концептуалдық кесте»

  144. «Көк диван»

  145. «Көкпар»

  146. «Көңіл күй букеті»

  147. «Көңіл-күйді анықтау»

  148. «Көрсет және әңгімеле»

  149. «Көршіңе әңгімелеп бер»

  150. «Көршіңмен талқыла!»

  151. «Көршіңізге айтыңыз»

  152. «Кубизм»

  153. «Күн! Тас! Қоршау!»

  154. «Күту уақыты»

  155. «Күтіңіз және түйіндеңіз»

  156. «Қағаздағы сұрақтар»

  157. «Қазымыр оқушы»

  158. «Қазына іздеу жолында»

  159. «Қайтадан құрастыру»

  160. «Қане, қайтала!»

  161. «Қарама-қарсы бағалауға негізделген диалог»

  162. «Қарама-қарсы саптар»

  163. «Қар көшкіні»

  164. «Қар үйіндісі»

  165. «Қателескен мұғалім»

  166. «Қатені тап»

  167. «...қатысты 10 сөзді атаңыз»

  168. «Қашықтықтан басқару»

  169. «Қолыңды төмен ұста»

  170. «Қорқынышты-керемет сурет»

  171. «Қос шеңбердегі комплименттер»

  172. «Қос шеңбер ішінде танысу»

  173. «Қорқыныштан арылу»

  174. «Құндылықтар спектрі»

  175. «Құпия»

  176. «Құпия зат»

  177. «Құпиясы жоқ қабырға»

  178. «Құрастыр және жауап бер»

  179. «Құрастыр, сосын жауап бер»

  180. «Құсты құтқар»

  181. «Қызығушылықты ояту»

  182. «Қызыл табан»

  183. «Қысқа аутотренинг»

  184. «Мағынаны тану»

  185. «Мағынасы қандай?»

  186. «Мадақтау»

  187. «Мамандық таңдау»

  188. «Мәтінмен жұмыс»

  189. «Мен кіммін?»

  190. «Мен ешқашан...»

  191. «Мені түсін»

  192. «Менің тұлғамның формуласы»

  193. «Миға шабуыл»

  194. «Минуттық шешім»

  195. «Миыңның суретін сал»

  196. «Мозаика»

  197. «Молекулалар»

  198. «Мотивация»

  199. «Мүмкін»

  200. «Мынандай адамды табыңыз...»

  201. «Нақтылық – талант»

  202. «Не жақсы?»

  203. «Неліктен бұл үздік?»

  204. «Нұсқауды орындау»

  205. «Ой жалғау»

  206. «Ой күмбезі»

  207. «Ой қозғау»

  208. «Ойлан, бірік, бөліс!»

  209. «Ойлан, Жұптас, Пікірлес»

  210. «Ойланып сурет саламыз!»

  211. «Ойлаудың алты қалпағы»

  212. «Ой-толғаныс»

  213. «Оқиғаны басқаларға жеткіз»

  214. «Оқуды реттеу»

  215. «Оқу күнделігі»

  216. «Оқушылардың бағалауы»

  217. «Оқушылар сұрақ қояды»

  218. «Оқушылар сұрақ құрастырады»

  219. Оқылым бойынша ширату жаттығулары

  220. Оқылым дағдысын дамытуға арналған жұмыс түрлері

  221. «Он сұрақ»

  222. «Ортақ әңгіме»

  223. «Ортақ портрет»

  224. «Орынсыз жауаптар»

  225. «Өзгертулерді тап!»

  226. «Өзін-өзі бағалау»

  227. «Өзін таныстыру»

  228. «Өз таңбаңды (герб) жаса»

  229. «Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!»

  230. «Өзі туралы кластер»

  231. «Өзін-өзі таныстыру»

  232. «Өкіл»

  233. Өлең оқуға арналған тапсырмалар

  234. «Өмір ұраны»

  235. «Пазлдар»

  236. «Пальма, піл, қолтырауын»

  237. «Парасатты диалог»

  238. «Паровоз»

  239. «Плюс, минус, қызықты»

  240. «Пойыз»

  241. «ПОПС формуласы»

  242. «Портрет»

  243. «Прогресс білдіру»

  244. «Психологиялық бой»

  245. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕР ТОПТАМАСЫ

  246. «Пікірлер базары»

  247. «Радиоға қоңырау шалу»

  248. «Рөлдік ойындар»

  249. «Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»

  250. «Сатушы және қалпақ»

  251. «Сәлемдеме жіберіңіз»

  252. «Сәлеметсің бе!»

  253. «Сендер суретшісіңдер»

  254. «Серпілген сауал»

  255. «Сингвейн»

  256. «Синектика»

  257. «Смайликтер»

  258. «SMART (ақылды мақсат)»

  259. «SMS – хабарлама»

  260. «Соңғы сөзді мен айтайын»

  261. «Соқыр паровоз»

  262. «Социометрия»

  263. «Сөзден – сөйлем, сөйлемнен - мәтін»

  264. «Сөздерден әңгіме құрастыру»

  265. «Сөздік қорды байытуға арналған әдіс-тәсілдер»

  266. «Сөзді тап»

  267. «Сөз ойыны»

  268. «Сөйлеу арқылы ойлану»

  269. «Стикер»

  270. «Стикерлермен диалог»

  271. «Стоп кадр»

  272. «Stop-кадр»

  273. «Сурет сал»

  274. «Суреттер: не болды?»

  275. «Сұрақ – жауапқа құрылған хат»

  276. «Сұрақ-жауаппен қатынас»

  277. «Сұрақтар шеңбері»

  278. «Сұрақты төңкеріңіз»

  279. «Сұрақты ұстап ал!»

  280. «Сүйікті адамыңызға тілегенді - өзгелерге тіле!»

  281. «Сыныптағы заттар»

  282. «Сыныптан шығу билеті»

  283. «Сынып ішінде жүру»

  284. «Сіз кімсіз?»

  285. «Табыс ағашы»

  286. «Табыстылық ассоциясы»

  287. «Табыс баспалдағы»

  288. «Табысты тыңдаушыларды дамытуға арналған оқыту әдіс-тәсілдері»

  289. «Тазалық кері байланысы»

  290. «Таңғалдыру сәттері»

  291. «Талқылау тәсілдері»

  292. «Тақырыптық теннис»

  293. «Тапқыштар»

  294. «ТВ шоу»

  295. «Телебағдарлама жүргізушісі»

  296. «Телетайп»

  297. «Терминдер конверті»

  298. «Тиімді сұрақ-жауап жүргізу әдіс-тәсілдері»

  299. «Топтық кері байланыс»

  300. «Төрт сөйлем»

  301. «Тұлғаны танып біл»

  302. «Түзетулер»

  303. «Түйінді сәттер»

  304. «Түсініксіз тармақ»

  305. «Түсініктеме арқылы бағалау»

  306. «Түсініктемелермен жұмыс»

  307. «Тыңдайтын үшбұрыштар»

  308. «Тізбектен не түсіп қалған?»

  309. «Тірек мәтін»

  310. «Уақыт шеңбері»

  311. «Ұйқасын тап!»

  312. «Үлдірленген критерийлер»

  313. «Үндеме!»

  314. «Үш жақты күнделік толтыру»

  315. «Үш пікір»

  316. «3+2+1»

  317. «Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы»

  318. «Хабарлама»

  319. «Хат жазысу»

  320. «X және Y»

  321. «Чемодандар»

  322. «Шаршыдағы қоңыз»

  323. «Шаршылар»

  324. «Шаттанушы мен күдікшіл»

  325. «Шатасқан әңгімеші»

  326. «Шеңбердегі доп»

  327. «Шиыршық»

  328. «Ықшам тақталар»

  329. «Ыстық орындық»

  330. «Элективті тест»

  331. «Эмоционалдық көңіл-күйді анықтайтын тест»

  332. «Эстафета»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет