70 – жылдары жүйелiлiк тәсiлдiң дамуына байланысты педагогикада педагогикалық технологиялар нақты белгiленген мақсаттарға сай оқу процесiн басқаруға бағытталған дидактикалық мiндеттердi шешуi тиiс деген идея қолданыс тапты. Бұл бағыттың мәнi мектеп жұмысының толық басқарымдылығы идеясында жатыр.
70-80 жылдары оқыту технологиясы және оқу процесiнiң технологиясы терминi пайда бола бастады. Кейiнiрек педагогикалық технология терминi көбiнде оқыту технологиясы терминiмен теңестiрiлдi.
Кеңiнен қолданылатын "оқыту технологиясы”, "бiлiм беру технологиясы”, "оқу процесiнiң технологиясы”, терминдерi ақыр аяғында оқу–тәрбие процесiн ұйымдастыру және басқару дегенге келiп соқты.
Жаңа педагогикалық технологиялар білімді демократияландыруға және ізгілендіруге, оқытудың сапасын арттыруға, басқару тиімділігін жетілдіруге, білім алушылардың дамуына бақылау жасауға негізделген. Студенттер мен тыңдаушыларды ХХІ ғасырдың ақпараттық заманында еркін өмір сүруге, өмірде еркін бағдар алатындай және өзінің жеке ойы мен пікірі қалыптасқан тұлға тәрбиелеуде инновациялық технологиялардың алар орны ерекше.

Қазіргі таңда елімізде заман талабына сай білім беруді ізгілендіруге үлкен мән берілуде. Бұрын орта білім беретін мектептің негізігі міндеті білім беру мен дағды біліктіліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі міндеті – ойы ұшқыр, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда уақыт талабына сай жаңа терминдер, жаңа ұғымдар пайда болып, педагогика ғылымының басқа да пәндермен байланысын тағы да толықтырып отыр.