«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек. Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауды осы сабақтарда үйренеді. Бұл технология «Сорос-Қазақстан қоры» арқылы келген.

Жобалап оқыту технологиясы.
Жобалау - оқыту технологиясының кең таралған түрлерінің бірі. Жобалық технология оқушылардың іс-әркетін түрлендіріп кеңіте түседі. Жобалауға арналған жұмыс бір тақырыпта балалар ұжымының және зерттеудің әртүрлі бағытын жалпылайтын жұмыс. Оқушылардың ғылыми жобалардың пайдалылығы аздаған болса да зерттеу жұмысын жүргізіп, оның әдіс-тәсілдерінде болады.
Жобамен жұмыс істеудің басында мұғалімге қажеттісі
• Жобаға қатысты оқу мақсаттарын, оны әдістемелік және дидактикалық қамтамасыз етуді ойластыру;
• Жобаға қатысушылардың санын анықтау;
• Бұл жоба бір пәннің арнасында, әлде бірнеше анықту;
• Жобаның орындалуын бір мұғалім, әлде мұғалімдер тобы жүзеге асыра ма, соны шешу;
• Ақпарат көздерін анықтау (кітапша, кеңес дәріс, анкеталар, бақылау, теледидар, арнайы әдебиет, білім беру мекемелері, т.б.)
Жобамен жұмыс 4 кезеңді қамтиды:
• Жоспарлау;
• Талдау кезеңі;
• Ақпаратты жалпылау кезеңі;
• Алынған нәтижені көрсету кезеңі.
І кезең. Жоспарлау.
Бұл кезеңде тақырыпты топ болып талқылау кезеңі болады. Оның нәтижесінде 5-6 тақырыпта бөлініп шығады және оны орындаушылар анықталады. Жобаны жоспарлау дегеніміз орындалатын іс-әрекетті жоспарлау болып табылады.