Оқытушы: Кабдулданов С. А аурутарихы т. А.Ә.: Кабдыгалиева Сания Агыпаловна 33 жаста Қорытынды диагноз



бет1/5
Дата19.06.2023
өлшемі41,14 Kb.
#178982
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Абдрахим Аяп-ауру тарихы


ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ішкі аурулар кафедрасы


Оқытушы: Кабдулданов С.А

А У Р У Т А Р И Х Ы

Т.А.Ә.: Кабдыгалиева Сания Агыпаловна 33 жаста
Қорытынды диагноз: Жіті обтурационды флегмонозды-калькулезді холецистит

Студент: Абдрахим Аяп
Группа: 410А
Курация уақыты:
«__»бастап «__»дейін_____20__ж.
ПАСПОРТТЫҚ БӨЛІМ

  1. Фамилиясы, аты-тегі: Кабдыгалиева Сания Агыпаловна

  2. Жасы, жынысы: 25.05.1990 әйел адам

  3. Ұлты: қазақ

  4. Мамандығы: жұмыссыз

  5. Тұрақты мекен-жайы: Алматы қаласы.Ауезов ауданы.Б.Момышұлы көщесі-114А

  6. Ауруханаға түскен күні: 12.06.2023

  7. Ауруханадан шыққан күні:

  8. Жолдамалы құжаттағы диагноз: Жедел калькулезді холецистит

  9. Түскен кездегі диагноз: Жіті калькулезді холечистит. Қант диабеті, ІІ типті, орташа ауырлықта, инсулинді формалы.

  10. Клиникалық диагноз: Жіті обтурационды флегмонозды-калькулезді холецистит

Науқастың шағымдары.
Түскен кездегі шағымы: оң жақ қабырға астында ауырсыну, жүрек айну, көп ретті құсу, дене температурасының жоғарлауы, жалпы әлсіздік.
Курация кезіндегі шағымы: операция алаңының ауырсынуы, жалпы әлсіздік,
Негізгі аурудың даму тарихы.
Науқастың айтуы бойынша өзін 3 тәулік бойы диетаны сақтамағандықтан оң жақ қабырға астында ауырсыну, жүрек айну, көп ретті құсу, дене температурасының жоғарлауы, жалпы әлсіздік мазалады. 12.06.2023ж ургентті клиникаға қаралды. Дәрігер науқасты тексеріп 4-Қалалық аурухана Жедел калькулезді холецистит деген диагнозбен жолдады.
Өмір анамнезі.
Науқас 1990 жылы 25 мамыр айында Семей қаласында дүниеге келген.
Нәресте кезінде тамақтану – табиғи жолмен. Жалпы дамуы өз қатарындағы құрбыларына сай болған,
Шылым шекпейді, арақ-шарап, наркотикалық заттар қолданбайды.
Қант диабеті ІІ тип, инсулинді формалы және артериялық гипертензиямен бұрыннан ауырады.
Ата – анасында және жақын туысқандарында тұқым қуалайтын аурулары жоқ.
Инфекциялық аурулармен ауырмаған, егілулерді өз уақытында алып отырған.
а) жанұясында аллергиялық аурулары жоқ.
б) қан құюлар болған жоқ.
в) вакцина енгізуде аллергия болмаған.
г) суық тию аурулары жылына бір-екі рет (ангина, тұмау).
д) маусымдық аурулары жоқ.
Аурудың қазіргі жалпы жағдайы.
аурудың жалпы жағдайы орташа ауырлықта, интоксикация белгілеріне байланысты.
аурудың төсектегі қалпы: белсенді
ақыл есі: анық
бет әлпеті: қалыпты
басы мен мойнын қарау: басының көлемі және қалпы қалыпты, мойында деформациялар байқалмайды.
көз және көз айналасын қарау: көздің асты ісінуі жоқ, жарыққа реакциясы оң.
мұрынды қарау: қалпы өзгермеген және жұмсақ тіндердің деформациясы жоқ
ауыз қуысын қарау: қалпы қалыпты
дене бітімі: дұрыс, конституциясы нормостеник, салмағы 75кг, бойы 172 см.
тері жабындылары:
а) түсі: қалыпты
б) терінің депигментациясы: жоқ
в) терінің эластикасы: қалыпты
г) тері астында : қан құюлулар жоқ
д) терісінің ылғалдығы: ылғалды
е) бөртпелер: жоқ
ж) веналардың варикозды кеңеюі: жоқ.
шырышты қабаттар:
а) түсі: қалыпты
б) энантемалар: жоқ
тері асты май қабаты:
а) тері асты май қабатының дамуы: қалыпты
б) ісінулер: жоқ
а) даму дәрежесі: қалыпты
б) тонусы: қалыпты
в) сипап сезгенде: ауырсынулар жоқ
сүйектер деформациясы: жоқ
буындары: қозғалысы қалыпты сипап сезгенде ауырсынбайды
Тыныс алу жүйесі.
тыныс алу сипаты – мұрын арқылы еркін демалады.
көмекей – даусының сипаты қалыпты, қарлығулар жоқ
кеуде клеткасын қараған кезде: көкірек клеткасы симметриялы, бұғана асты және үсті шығыңқылары өзгеріссіз, жауырын қалпы өзгермеген.
кеуде клеткасын динамикалық қарап көруі: кеуде клеткасы екі жақты бірдей тыныс алу актісіне қатысады. Науқаста кеуделік тыныс алу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет