Бақылау сұрақтары:
Электр жүйесі деген не?
Тұрақты пайдаланатын жер ауданы неге байланысты беріледі?
Уақытша пайдаланатын жер ауданы неге байланысты беріледі?
Тіректің қандай түрлері бар?
Электрлік құрылғылар деп нені айтады?
Электрлік жүйе?
Энергетикалық жүйе?
Электрлік жабдықтау дегеніміз?
Ш Тарау. Жанғыш газдар
3.1. Газ тәрізді отындардың сипаттамалары және
олардың қасиеттері
Табиғи газбен қамтамасыз ету мүмкіндігі нақты аумақта газ кен орындарының немесе газ құбырлары желлісінің болуына байланысты.
Тұтас алғанда ауылды елді мекенді газбен қамтамасыз ету мәселелерін шешу және энергетикалық ресурстарға қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:
магистральдық газ бөлу желіліерін салу;
кентішілік газ желіліерін салу;
орталықтандырылған сұйытылған газбен толтыру және баллондар алмастыру пункттерінің техникалық жарақтануын арттыру;
ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру.
Қазіргі таңда табиғи газбен Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары қамтамасыз етілді. Жергілікті желілердің дамымағандығына байланысты ауыл халқының баршасының бірдей табиғи газ алуға мүмкіндігі жоқ. Табиғи газбен неғұрлым қамтамасыз етілген облыстар – Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Атырау.
Қалалар мен елді мекендерді газбен жабдықтау үшін қолданылатын газ тәрізді отындардың негізгі түрлері 12,57 мДж/м3 артық емес, жанудың ең төмен жылулы жанғыш газдары болып табылады.
Газ отындарының газдары және газ мұнайлы кен орындарының қосарлас газдары, ал екіншісіне қатты отынды термиялық өңдеу арқылы алынған қоқыс, тақта тастық және басқа газдар, сондай-ақ мұнайды өңдеу барысында алынатын газдар жатады.
Газ отыны жанғыш және жанбайтын газдардың қоспасы болып табылады. Жанғыш газдар: метан, пропан, бутан, этан, сутегі мен көміртегі тотығы, жанбайтын газдар: азот, көмір қышқылы газ бен оттегі. Сондай-ақ шектелетін жанғыш және жанбайтын қоспалардың кейбіреулерінің саны ГОСТ 5542-78.
Таза газды кен орындарынан алынған табиғи газдар негізінен метаннан (СН4) тұрады, құрғақ санатына жатады және құрамының салыстырмалы тұрақтылығымен сипатталады, газ мұнайлы кен орындары газдарының құрамы тұрақсыз және мұнайдың негізгі қасиетіне, газ факторының шамасы мен мұнай газ қоспаларының бөліну шартына байланысты.
Мұнай қыртысының газ бөлігінен алынатын қосарлас газдарда, әдетте, олар ерітілген мұнайлы кен орындарынан алынған газдарға қарағанда ауыр көмірсутекті газдары аз болады. Жанғыш газдардың негізгі сипаттамалары кестеде келтірілген.
Халық шаруашылығында магистралды газ құбырларынан едәуір ара қашықтықтағы алыс ауылдық жерлерде және елді мекендерде қолданылатын сұйылтылған көмірсутекті газдары кеңінен қолданады.
Сұйылтылған көмірсутекті газдарға қалыпты жағдайда газ тәрізді күйде болатын көмірсутегілері жатады, ал қысымды біршама азғантай жоғарылатқанда (температураны төмендетусіз) сұйық күйге ауысады. Қысымды төмендеткенде бұл көмірсутекті сұйықтықтар буланып, бу фазасына ауысады. Бұл сұйылтылған көмірсутектерді сұйықтық сияқты тасымалдауға және сақтауға, ал газ тәрізді көмірсутектерді газ сияқты бақылауға, реттеуге, жағуға мүмкіндік береді.
Газ тәрізді көмірсутектердің қасиеттері. Ауаның тығыздығынан едәуір асатын жоғары тығыздығы, атмосфераға ақырын сіңуі, тұтану температурасы төмен, ауада жарылудың шамасы төмен, сұйық фаза ұлғаюының жоғары көлемді коэффициенті және оларды қолдану барысында талапты жоғарылататын басқа факторлар.
Сұйылтылған көмірсутекті газдардың физикалық-химиалық қасиеттері - кестеде келтірілген.
Көмірсутекті сұйылтылған газдардан отын ретінде көбінесе пропан, бутан және олардың қоспалары қолданылады. Бұл газ қоспаларында пропан мен бутанның ара қатынасы тұтынушы және газ жеткізуші арасындағы келісім бойынша белгіленеді.
Техникалық пропан әмбебап сұйылтылған газ болып табылады, себебі ол температураның – 45-тен – 35-ке дейін өзгеру шегіндеқолданыла алады. Бұл жылдың кез келген уақытында от жағылатын және от жағылмайтын тұрғынжайларда, ғимараттың сыртында және топырақты жерде сұйық пропанды баллондар мен резервуарлардыорнатуға мүмкіндік береді. Пропанның құндылығы ыдысты босатудың басында және соңында пайда болатын булар кез келген буландыру әдісінде құрамына қарай біркелкі.
Қалалар мен елді мекендерге сатылатын газ ГОСТ 5542-78 сәйкес келесі талаптарды қанағатандыруы тиіс. 100 м3 газға ондағы зиянды қоспалар (г) төмендегідей болуы керек.
Күкіртті сутек ………… 2 қара май мен тозаң …… 0,1
Аммиак ………………... 2 нафталин жазда ………. 10
НСN-ға шаққандағы нафталин қыста ………. 5
Цианий қоспалары ……. 5
Оттегі аумағы бойынша 1%-дан артық болмауы тиіс.
Улағыш емес газдардың иісі тұтанудың төменгі шегінен 1/5 артық емес шамада ауада болғанда, ал улағыш газдардың иісі – ауада және санитарлық нормамен рұқсат етілген шамада болған жағдайда сезілмеуі керек, егер ол жеткілікті күшті және ерекше иісі болмаса, ол үшін газ иістендіру керек.
Өнеркәсіптік, коммуналдық және тұрмыстық тұтынушылар қолданатын сұйылтылған газдар ГОСТ 20448-80 сәйкес кестеде келтірілген талаптарға сай болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |