Оқытушының жеке веб-сайтына материалдарды дайындау және орналастыру



Дата02.06.2022
өлшемі53,46 Kb.
#145765
Байланысты:
f61ece9454dab7


Оқытушының жеке веб-сайтына материалдарды дайындау және орналастыру
WorldSkills мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылатын халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. Әлем бойынша халықаралық сайыстар өткізу арқылы жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру. Маман тапшылығын азайтып, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инновациялық дамуына қосар үлесі зор. Жас мамандардың кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін үлкен бағыт.
Оқу бағдарламасына енгізудің басты мақсаты: білімгерлердің қабілеттіліктерін, қызығушылықтарына қоса қажеттіліктерін арттыру. Міндеті: білімгерлердің бойындағы шығармашылық даралығын, белсенділігін, өзіне деген сенімділігін арттыру, бәсекеге қабілетті маман етіп тәрбиелеу.
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гумантарлық колледжінде өткен шарадан үзінді.
«WorldSkills AKTAU-2019» колледжішілік чемпионатының басты
мақсаттарымен міндеттері:
жұмысшы кәсіптерінің абыройын арттыру, жас жұмыскерлерге қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие практикалық дағдылар мен жоғары біліктіліктерді алу мүмкіндігін беру;
- білім алушылардің мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға, халықаралық стандарттарды оқыту-әдістемелік құралдарында пайдалануға, материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға, сарапшылар мен колледж оқытушыларінің біліктілігін арттыруғы өзіндік үлесін қосу;
- «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығына ынталы жастарды тарту арқылы дарынды мамандарды анықтау;
студенттердің мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру;
- студенттік өзін-өзі басқару органдарының рөлін арттыру.
Алғашқы мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің сауатын ашып, қоршаған ортаны, қоғамды танып білуінде бастауыш сынып мұғалімінің рөлі жоғары. Баланың ақыл-ойының, қабілетінің, эмоционалды, интеллектуалды дамуына ықпалы зор.
Бастауыш сынып мұғалімі құзіреттелігі бойынша чемпионаттардың мақсаты- студенттердің педагогтік мамандықтың кәсіби шеберлігін жүйелі көрсету, өз қызметіне талдау жасау арқылы жобалау қабілеттерін дамыту. WorldSkills International стандарттарында аталған құзіреттілік бойынша чемпионат барысында қатысушылар модульде берілген тапсырмаларды орындайды: «Ауызша эссе», "Сабақ фрагментін дайындау және өткізу», "Ата-аналармен және білім беру ұйымының қызметкерлерімен қарым-қатынас"», «5 минут ішінде үйретемін» және т.б.
Сайыс аясында студенттер өз қызметін ұйымдастыруға, кәсіби міндеттерді орындаудың типтік әдістері мен тәсілдерін таңдауға, олардың тиімділігі мен сапасын бағалауға, стандартты және стандартты емес жағдайларда дұрыс шешімдер қабылдауға және оларға жауапкершілік алуға, кәсіби міндеттерді тиімді орындауға, кәсіби және тұлғалық даму үшін қажетті ақпаратты өзінің қызметінде ұтымды пайдалануға үйренеді.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады.
Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн.
Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. 
Тапсырма:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет