Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 30 сағат


Өзара әрекеттің негізгі сипаттары



бет47/87
Дата25.12.2021
өлшемі158,22 Kb.
#105461
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   87
Өзара әрекеттің негізгі сипаттары:

  1. Өзара әрекет қажетті және міндетті біріккен әрекеттің тәсілін ойлап табу;

  2. Өзара әрекеттің негізі әртүрлі бейнелер тұлғаарлық контакт және әрекет құрайды. Оларға жанамалы және тікелей кездейсоқ және алдын-ала ойластырылған, жеке және бұқаралық, ұзақ және қысқа мерзімді, вербальды және вербальды емес әрекеттер жатады.

  3. Өзара әрекетке серіктестің бір-біріне тәуелділігі тән. Егер әр адамның әрекетіөзгелермен бір уақытта жүргізілсе, өзге қатысушыларға да әсерін тигізеді. Осы серіктестік арасында өзара байланыс пайда болады.

Осы мақсатқа байланысты мінез-құлықтар мынадай стратегияға бөлінеді:

  1. Бірлесу – ол қатысушының өзара әрекет кезінде өз мақсатына максимальды түрде жетуін көздейді.

  2. Қарсыластық, бәсекелестік – мұнда сыбайластарөз мақсатын көздейді.

  3. Компромисс – мұнда сыбайластар тең жағдайды сақтап қалу үшін әрекет етеді.

  4. Жол берушілік – сыбайластың мақсатына жету үшін өз қажеттілігіңді құрбан ету.

  5. Қашқақтау – қарым-қатынаста алшақтау, өзге адамның жеңіп шығуы үшін өз мақсатыңнан бас тарту.

Басқарушылық әрекеттің түрлері төмендегідей:

  1. Сендіру

  2. Иландыру

  3. Еліктеу

  4. Күштеу

  5. Манипуляция

  6. Сынау

Сендіру – бұл іс-әрекетін тудыру себебінде ақпаратты беру және еркін қабылдауды мақсат еткен интеллектуалдық, психологиялық әсер. Басқаша айтқанда сендіруде текақпаратты қабылдау ғана емес, онымен іштей келісу және соңғы қорытындыны, ақпаратты өздігінен қабылдаушы жасау керек. Сендіру әсер ету әдісі ретінде иландыру,жұқтыру механизмдерінен бұрын әлеуметтік практикада жайырақ қолданыла бастады.Ақпаратты қабылдау немесе қабылдамау түскен сыни игерудің қажеттігі адамның интеллектуалдық дамуының жоғарғы деңгейде екендігін көрсетеді.Сендіру әсері процесінің қиындығы, рационалды әсер ету сияқты тұлғаның эмоциялық сферасына да әсерін әсер етуші инициатор мен адресаттың бірлескен белсенді әрекетін бастайды. Сендіруге көбінесе мына адамдар беріледі:қиялы ашық, өзіне қарағанда басқаларғабағытталатын, өзін-өзі бағалауы төмен адамдар.

Сендіру тиімділігімына талаптарды сақтау керек:

-контакт орната білу, сенімділік тудыру;

-шыдамдылық, төзімділік, такт;

-дәлелдеу, түсіндіру, жоққа шығара алатын;

-бұрын игерген нәрселермен байланысатын жаңа идеялар беру;

-тұлғалық ашықтық;

-екі жақ қолданатын терминдерді, түсініктерді бірдей түсіну;

-сендіретін адамның жеке тұлғалық ерекшелігі мен шағын топтың психикасын есепке алу.

Сендіру 3 әсер ету түрінен тұрады:ақпараттық, түсіндіру, дәлелдеу немесе жоққа шығару

Ақпараттық тыңдаушының нақты іс-әрекет тудыруға қажетті оған фактілер мен қорытындыны жеткізу мақсатында ақпаратты бейнелі, әсерлі түрде жеткізу,жұмысшыға бар нәрсені айта отырып, индуктивтік немесе дедуктивтік жолдарды таңдап алады. Біріншісі, жалпылау қорытындысы бар фактілерді, құбылыстарды, оқиғаларды қарастыру. Дедуктивтік жол – бірінші жалпы жағдайдың өзін айтып, содан кейін фактіге дәлелдемелер келтіру.

Б. Түсіндірудің бірнеше түрін көрсетеді:

1. Инструктивтік – жұмысшы жеткен ақпаратты игеріп, есінде сақтауы керек.

2. Хабарлау – жұмысшыға фактілер, шынайы әңгіме ретінде түсіндірді – бұл белгілі бір сәйкесті қорытындығы алып келеді.

3. Талдау – жұмысшының ойлау әрекеті, оған бірнеше сұрақтарқою арқылы белсендендіреді, ол логикалық талдауға және керекті қорытынды жасауға алып келеді.

4. Мәселелік – басшы қойылған сұрақтарға жауап бермейді. Жауапқа жұмысшының өзі келеді., бірақ түсіндіруге қажетті материалдар басшыны қорытындыға итермелейді.

Сендіруге дәлел логикалық заңдылықта, қарым-қатынаста жеткілікті негізде құрылады. Дәлел тиімді болады, егер өз мәнінде дұрыс болып келетін фактілерге сүйенсе немесе жұмысшы дұрыс деп қабылдаса. Логиканың көзқарасымен қарасақ, жаққа шығару да дәлел сияқты сипат алады.

Бағынышты адамдарға бір идеяны дәлелдей отырып, басшы басқасын жоққа шығарады. Психологиялық жағынан айырмашылық анық байқалады.

Дж.Майерстің пікірінше, сендіруәсерінің жүзеге асуында Кім? Не? Қалай? Және кімге беретінін есінде сақтау маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет