Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 30 сағат


Рефлексия – психологиялық категория



бет65/87
Дата25.12.2021
өлшемі158,22 Kb.
#105461
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   87
Рефлексияпсихологиялық категория, оның тарихы өте күрделі. Рефлексивтілік психологиясының өзіндік және ғылым болып қалыптасу кезеңінде (XIX ғасыр) психологиясының бірден-бір негізгі сапасы болып танылады. XX ғасырдың басы жоғары психикалық функцияның экспериментальды дифференциясы кезеңінде де көрінеді. Жаңа ғасырдың Джон Локктан басталатын философтары мен психологтары рефлексиның таным процесінде (И.Фихте) және ойлауда маңызды роль атқаратынын көрсетті. Рефлексияны психологиялық танымның интроспективті бастамасы ретінде (Джон Локк), жанама білімнің танылу ортасы (Л. Нельсон), таным категориясының өзара әрекеті ретінде (И.Кант), өзін-өзі бақылау мен танудың тәсілі ретінде (С.В. Кравков, А.ОМоновельский) қарастырды.

Психологиялық рефлексия терминін енгізген А.Будемен (1925 ж.) 1948 жылы А.Марк бірінші болып рефлексия туралы психологиялық және философиялық жүйелеу жүргізуді ұсынды. С.Л.Рубенштейн рефлексияны тұлға сезіміне әлемдік көзқараспен қарау ретіндегі аксеологиялық аспектті енгізді. Л.С.Рубенштейн адам тіршілік етуінің екі негізгі тәсілін көрсетті: 1-ші адамның өмірі, ол біртұтас және табиғи процестермен жүреді, 2-ші рефлексиямен байланыс-тәсілдір. Олар өмірдегі үздіксіз процесті тоқтатады, адамның ойында ойша қорытылады. Адам одан тыс позициямен айналысады. Бұл бұрылысы көп, шешуші сәт. Мұнда тіршілік етудің бірінші тәсілі аяқталады және жанның босаңсуына, нигилизмге құлықтық аснетизмге, цинизмге жол ашылады. Нмесе адамның жаңа өмірін қалыптастыратын құлықтық қалыпқа саналық негіздегі басқа жол ашылады. Рефлексияның пайда болуына өмірдегі философтық ой-қорытындысы негіз болды.

XX ғасырдың III ж. соңында ғалымдар психикалық ғалымдар психикалық процестердің қызмет жүйесін түсіндіретін принцип ретінде рефлексияны ұсынды. (У.Джеймс, Дьюи, Б.Г.Ананьев, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Ф.Ломов, С.Л.Рубенштейн).

З.Фрейд пен оның оқытушысы И.Брейер, сонымен қатар А.Адлер, К.Юнг, Э.Берн, Ф.Перлз рефлексия ұғымын қалыптастырды. Нақ осы аспектіде рефлексия психологиялық түзетуде: тренинг, іскерлік ойын, өзін-өзі тәрбиелеу, тұлғаның өзіндік білім алуында соңғы кезеңде практикалық тапсырмаларды шешуде қолданылды.

Психологтың зерттеуін толықтыра қамти отырып, рефлексияны анықтауға тағы да түсініктеме береміз. Рефлексия ұғымын біз тұлғаның тұлғаның ерекшелігін тану қабілеті ретінде қолданамыз және басқалармен қарым-қатынаста өзімен бірге тұру ретінде алып, сонымен қатар конструктиті және деструктивті байланыс орнатуда қолданамыз. Негізгі себептер,күрделі мәселелердің пайда болу кезеңін қазіргі мәселенің өткен даму тәжірибесімен байланысы, тұлғаның жеке ерекшелігі мен қоршаған орта мінез-құлықтың өзара байланысы, өзін өзгерту мүмкіндіктері, бірге әрекетету кеңістігінде балалармен өзара әрекеттің өзгеруі сияқты қатынастар қолданылады.

Рефлексия дамуындағы белгілер: өз тұлғасының ерекшелігін тану, өткенге тәуелді болмау, қазірге және болашаққа бағытталу, оқиғаның жағымсыз жүру барысын өз бетімен өзгерте алу қабілеті, қиын жағдайдан шығу, өтіп жатқан нәрселерге белсенді қатысу.

2.Рефлексия адамның өз әрекетін тану және өз «менін» бейнелеу қабілеті. Рефлексия көмегімен адам өз әрекетін басқа адамның мінез-құлқымен сәйкестендіру арқылы ойлап табады. Рефлексия арқылы біз өткеннен құрылыссыз өзара әрекеттен арылып, қазіргімен және болашаққа позитивті перспектива құруға мүмкіндік аламыз. Біз енді тұлға аралық өзара әрекетті жетілдіру стилінің негізгі жолы – тұлғалық өсу, өзін-өзі өзгерту. Ол үшін бірінші, тұлғаның рефлексивті потенциалын кеңейту қажет. Өзімізге өмірді тану қабілеті арқылы біз қалай қарым-қатынас жасауды, өнімді қатынас қалыптастыруға не кедергі келтіретінін түсінеміз.

Рефлексия сабырлы адамға күдік ұялатады және ол ненің салдарынан туындайды осыны ұғындырады, өзінің рефлексивтік потенциалын кеңейте отырып, адам мынаны тануы мүмкін:

-ол әдетте, қарым-қатынас барысында контактының қандай модельдерін қолданады;

-өзара әрекеттестік жағдайды қалай қабылдайды және оған қандай эмоцияны пайдаланады;

-бұл эмоциялар өнімсіз іс-әркетте қалай жүреді және өткенмен қалай байланысты?

Басқалармен өзара әрекетті жақсартуға өзгеріс толық шынайы мүмкіншілік, егер рефлексия құралын қолданса. Өз тағдырының қожасы болу. өзінің қолынан келеді, ол үшін не болып жатыр, не үшін қалай осыны ұғыну қажет. Тану тұлғаның позитивті жақтарын ашады. Адамға жаңа күш береді. Және контактінің жаңа тәсілін қалыптастырады. Бұл жалпы түрде «өз-өзіңді таны» тапсырмасына ұқсас. Фокус назарында мынадай екі зерттеу пәні өзара әрекеттесудің өнімді стилінің белгілері және өнімсіздіктің себептері қойылады. Ол үшін мынадайекі айна қажет. Біз жанымыздағылармен қалай әрекет етеміз және неге біз оқшаулану жолымен жүреміз. Бізді осыған қандай эмоция мен жағдайлар әкеледі. Біздің сәтсіз болған әрекетіміз үшін өз қарым-қатынас лабиринтімізді талдап, түсінбеушілікпен өзімізге және басқа адамдарға үңілуді кедергі келтіретін «қараңғы көзілдірікті» алып, үлкен үмітпен және сеніммен әрекет етуіміз керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет