Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 30 сағат


Психологиялық түзету процесінің динамикасы



бет61/87
Дата25.12.2021
өлшемі158,22 Kb.
#105461
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   87
Психологиялық түзету процесінің динамикасы оның этаптарының, сатыларының және қадамдарының кезектесуінен тұрады. Эмоционалды-рефлексті босанудың 1 этапында негізгі күш өзінің қарым-қатынас стилін өзгерту ниетін туындауына бағытталған. Бұнда клиент психологтың кәсіби көмегін ала отырып, басқалармен қарым-қатынас стилін өзгертуге шешім қабылдап, сенімді қарым-қатынасты бағалау мүмкіндігін ұғынады.

Екінші этапта клиенттің психикалық және денелік белсенділігін психологиялық түзету процесі орындалады. Психолог клиентке жағымсыз эмоциядан арылып, өзіне және өзгеге деген жағымды қарым-қатынас қабілетін иемденуге көмектеседі. Бұнда өзіне және басқаға сенімділіктің маңызды екені ұғынылады. Сонымен қатар, өзін бұзуға және дамытуға деген жауапкершілікті сезінеді.

Үшінші этапта тұлғаның әлеуметтік белсенділігіне психологиялық түзетулер жүргізіледі. Психолог клиентке өздерінің дамуы және өмір сүруі үшін жауапкершіліктің жүктелу құқын басқаға сену қабілетін, қарым-қатынастың құрылымдық позициясын меңігеруге көмектеседі.

1 этап. Сенім.

Бұл этапта психолог сөзсіз қолдау және қабылдау жағдайын жасап отырып, клиенттің өзіне деген сенімділігін арттырады. Сонымен қатар бұл этапта рефлексияның бағалылығы жете түсіндіріледі және өзінің басқалармен қарым-қатынас кезіндегі жетістікке жауапкершілік негізін құрайтын дербестік және инициативаны дамыту мәселесі тұр. Сөйтіп, бірінші этапта клиент сенімнің жауапкершілік және рефлексияның бағалылығын ұғынады. Алайда 1 этаптың орталық мотиві – сенім, өйткені психологпен сенімсіз контакт орнату мүмкін емес.

Егер клиент те өзінің қазіргі және өткен қарым-қатынас қиындығын зерттеуге басқа адамдармен және өзінің ішінде жаңа қарым-қатынас ниеті пайда болса, психологиялық түзету жұмысының 1 этапы аяқталды деп санауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет