«Ой мен ойын» атты интелектуальдық танымдық сайыс



Дата31.01.2018
өлшемі54,55 Kb.
#36393
« Ой мен ойын» атты интелектуальдық танымдық сайыс

Мақсаты:


Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру  және      қосымша материалдармен еркін сөйлеуге баулу, талдауға дағдыландыру,өзбетімен жұмыс жасау арқылы білімдерін арттыру.Топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке,іскерлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Жүргізуші:

-Уа халайық халайық!

Бәріңе жар салайық.

Шабыт тасып шалқысып

Көңілді кеш жасайық.

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.

«Құрметті қатысушылар мен көрермендер! « Ой мен ойын» атты сайысты  бастауға рұқсат етіңіздер!

Шақырамыз келіңдер жарысуға,

Күш- өнер, Білімменен алысуға

Бар өнерді салайық, ортамызға

Ал қанеки, кім шығады сайысуға?

Әр топты ортаға шақырамыз, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырамыз, сайыс алты кезеңнен тұрады.

1 кезең- «Таныстыру» (команданың атын қорғау, төс белгісі, слайд)

2 кезең-“Айтқанды ұғамыз, Білуге құштармыз!” (Жұмбақтың жауабын тауып үш тілде айту)


3- кезең. Суретті мақал.

4 кезең – «Ойлы болсаң, озып көр» (Капитандар сайысы)

5-кезең - « сөйлеме»

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!- демекші, қатысушылардын  еңбектеріне баға беруші ұстаздарымызды таныстырып өтейік.
Жүргізуші:

1 кезең – Ал, қанеки сайысты біз бастайық

Өзімізді таныстырып тастайық – келесі сөз кезегін, «Болашақ», «Жасылел» командаларына береміз (Таныстыру). (5 бал)

Жүргізуші:

Мықты болсаң- алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт –деп келе екинши кезеңге өтейік.

 

2 кезең-“Айтқанды ұғамыз, Білуге құштармыз!” бұл бөлімде берілген жұмбақтың шешуін қазақша, орысша, ағылшынша айту керек.(1Бал)




1.Күші десең күші бар,

Тісі десең, тісі бар.

Торуылдап ауылды,

Түнде жортар ісі бар.

(қасқыр, волк, wolf,вулф)
2.Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай.



(әтеш,петух, cock,кок)
3.Үшқаны қызық жалпылдап,

Өзі  сондай қарқылдақ.



(Қарға,Ворын,Crow,креу)
4.Көзге көрінбейді,

Қолға ілінбейді.

(ауа, воздух, air,эар)
5.Қабат-қабат киінген,

Төбе шашы түйілген.

Шешіндірген кезенде,

Жас тұрады көзінде,



(Пияз,лук,onion)

6.Ұшады,

Қонады,


Гүлдердің қонағы.

Қысында көрінбей,

Жазыңда болады.

Түр-түсі сары ала,

Не нәрсе?-

(Бал ара,Пчела,Вее,би)
7.Жоқ тігетін жейдесі,

Жоқ үзілген туймесі.

Жібі де жоқ, алайда

Толып жатыр инесі.



(Кірпі,ежёк,Hedgehog,хэджхог)

8.Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды.

(Ағаш,дерева,tree,три)
9.Шұбатылып қалыпты

Керемет- ау кернеуі –

Тасты кесіп жарыпты.

( өзен, река,River, риве).

 

10.Сулы жерді мекендеп,



Құрлықта да секеңдеп,

Шыбын-шіркей аңдиды,

Жемге қашан жетем деп.

(Бақа,Легушка,frog,фрог)
11.Жымыңдатып көздерін,

Түнде алыстан жанады.

Таң атқанда өздері,

Жасырынып қалады.



(Жұлдыздар, звезда, stars,старс)
12.Көкке қарап наздана

Қолын созар күнімен.

Күз,

Қыс,


Көктем,

Жазда да


Өзгермес бір түрінен.

(Шырша, елка, fir-tree,фри три)
13.Жолбарыстан аумайды,

Пеш түбінде аунайды.



(мысық, кошка,cat,кэт)
14.Қалқиған ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

(қоян, заяц, rabbit,ребит)

.

15 Жезге ұқсас сабағы,


Дәні халық тағамы (Бидай)


16. Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты (Велосипед)


Жургізуші:

Өмірменен білімді,

Әркімнің өз жолы бар

Сайысарлық бүгінде

Өзіндік менің үнім бар
3- кезең. « Суретті мақал»


Білекті бірді жығады,

білімді мыңды жығады


Қыз өссе елдің көркі,

гүл өссе жердің көркі


Көзің ауырса – қолыңды тый,
Ішің ауырса – ауызыңды тый.
Оқу білім бұлағы,

білім өмір шырағы


Оқу инемен құдық қазғандай
Шешеге қарап қыз өсер

Әкеге қарап ұл өсер

Ата – бәйтерек,

Бала- жапырақ.

Дәнді шашпа,Нанды баспа
Ас атасы - нан
Өнерлінің қолы алтын,

өлеңшінің сөзі алтын


Қына тасқа бітеді, (білім басқа бітеді)

.Тіл тас жарады,


(Тас жармаса, бас жарады)

Батыр туса – ел ырысы, Алтау ала болса ауыздағы кетеді,

(Жаңбыр жауса – жер ырысы) Төртеу түгел болса төбедегі келеді.

Жургізуші:

Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа,
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа .
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ ,
Бөленіп күннің нұрлы шуағына-дей келе 4 шы бөлім, бұл бөлім  «Ойлы болсаң, озып көр»деп аталады,топ басшылары теріс қарап тұрады,ал қалған қатысушылар тақтаға шыққан суреттерді кезекпен  кезек топ  басшысына түсіндіреді. Суретті айтпайды басқа жағынан түсіндіреді.(1 бал)


  1. Топ Мысық. Алма, арба, оқушы, бала, телефон, ата, мақта, балта,




  1. Топ ине, жең, жастық, мұрын, ит , тәрбиеші, теледидар, сумка, шай,

5 кезең «сөйлеме»



  1. Дәрігер

  2. Мұғалім

  3. Аспазшы

  4. Күзетші

  5. Құрылысшы

  6. Тігінші

  7. Сән көрсетуші

  8. Оператор

  9. Әнші

  10. Биші

  11. Актер

  12. Шофер

  13. Ұшқыш

  14. Теңізші

  15. Еден жуушы

  16. Есепші

  17. Тәрбиеші

  18. Шаштараз

  19. сауыншы

  20. полиция

  1. Жүргізуші:

  2. Жарыс заңы ежелден,

  3. Жеңімпазды анықтау

  4. Жеңімпаз болу шарты сол,

  5. Еңбектену  жалықпау.

  6. Шеберлік пен білімді,

  7. Сарапқа сап көріңіз.

  8. Әділ қазы алқасы,

  9. Әділ баға беріңіз.

  10. Әділ қазылар бағасын бергенше музыкалық сәлемдеме. Жеңімпаз топ марапатталады.



  11. Жүргізуші

  12. Мінеки, сайысымыздың аяқталуына да бірнеше секундтар қалды. Ендеше сөз кезегі әділқазыларда (Әділқазылар баға беріп, сыйлықтарын тапсырады). « ой мен ойын »  сайысымызды жабық деп жарялаймын.Қатысқандарыңыз үшін көп – көп рахмет!




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет