Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін, елітірісін Өндіру технологиясы



бет5/12
Дата24.07.2017
өлшемі2,23 Mb.
#21949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1 – тапсырма. Массасы 2850 кг кір жүн партиясының сәйкес массасына 200 грамм жүн үлгілерінің жуу нәтижесінде және оларды ЦС – 53 құралында сығу кезінде сығылған бір үлгінің орташа салмағы 62,6 г тең болған жағдайда анықтау.

Аталған тапсырманы орындау үшін алдымен сығылған үлгінің тұрақты құрғақ массасын, содан кейін жүннің барлық партиясын анықтап, сосын төменде келтірілген формула бойынша жүннің сәйкес салмағын есептеу қажет.

Құралдың гильзасынан алынған үлгіні талдау жүргізетін орынның жаңында орнатылған техникалық таразыда тез өлшейді. Өлшеуді нақтылығы 0,1 г жүргізеді. Содан кейін құралға қоса берілген таза талшық шығару проценті кестесі бойынша сығылған жүн үлгісінен алынған массасы санына қарсы сәйкес бағанадан оның шығу процентін іздейді. Мысалы, егер біртекті жүн үлгісі кір түрінде 200 г болса, жуып, құралмен сыққаннан кейін 97,4 г массаға төмендеген, онда «97,4 – 97,7 г» үлгі массасы қарсы кестесінде, оған 40,5 таза жүн шығымының процентінің шығатынын табамыз.

Егер мұндай кесте болмаса, таза жүн шығару проценті сығылған жүн үлгісі массасын эксперименттік жолмен бекітілген арнайы коэффициентке көбейту жолымен анықталуы мүмкін.

Біртекті жүн үшін бұл коэффициент 0,41535, ал біртекті емес жүн үшін 0,4095 мөлшерінде бекітілген.

Жоғарыда келтірілген мысалды алсақ, онда жуылған біртекті жүн үлгісі сығылғаннан кейін 97,4 г құрайды. Бұл массаны біртекті жүн үшін бекітілген коэффициентке – 0,41535 көбейткенде, таза жүн шығымын 40,45 % аламыз, орташа алғанда – 40,5 %.

Тәжірибелік жолмен күші 100 кг/см2 құрал гильзасында сығылғаннан кейін біртекті жүнде 29 %, ал біртекті емес жүнде 30 % су қалатыны бекітілген. Осыдан құралда сығылған біртекті жүнде 71%, ал біртекті емес жүн үлгісінде 70 % тұрақты құрғақ жүн болады.

Тұрақты құрғақ массаны бекіткеннен кейін сәйкес жүн үлгісі массасын есептейді, ол үшін тұрақты құрғақ массаға КСРО – да бекітілген жуылған жүн ылғал нормасына сәйкес ылғал (су) массасын қосады.

Сәйкес жүн үлгісі массасын келесідей формула арқылы анықтайды:
Ак = а2 + а2 ∙ Вк ,

100


мұндағы:

Ак - ізделініп отырған сәйкес жүн үлгісі массасы, г;

а2 – таза жүн үлгісінің тұрақты құрғақ массасы, г;

Вк – барлық жүн түрлеріне ылғал нормасы 17 % тең.

Таза жүн үлгісін анықтау үшін келесі формуланы қолданады:
П= У(100+К),

А


мұндағы:

П – таза жүн шығымы, % ;

У – жүн үлгісінің тұрақты құрғақ массасы, г;

А – жуылмаған жүннің бастапқы массасы, г;

К – сәйкес ылғалдылық - 17 %.

Шешім:__2-_тапсырма.'>Шешім:

2- тапсырма. Келесі есептерді шығару:

1 – есеп. Колхозда 25000 қой бар, олардың 75 % биязы және 25 % қылшық жүнді. Биязы жүнді қойлардың орташа қырқылуы 5,5 кг, қылшық жүнділер үшін 3,2 кг-ды құрайды. Сатуға ұсынылған жүнді тексеру кезінде, 200 граммдық үлгілерді ЦС – 53 құралында жуып сыққаннан кейін оның орташа массасы жіңішке жүн үшін 72,7 және қылшық жүн үшін 130,2 г-ды құрайтыны анықталған.

Шешім:__3_–_есеп.'>Шешім:

2 – есеп. Колхоз мемлекетке шығымы 50% жартылай биязы жүннің 3000 кг сатуды жоспарлады, бірақ шығымы 48% 3250 кг жүн сатқан. Колхоз жүн сатуда өзінің жоспарын орындады ма және жоспарды асыра орындау салдарынан қандай айырма пайда болды?

Шешім:

3 – есеп. Колхоз мемлекетке шығымы 40 % биязы жүннің 3120 кг сатуды жоспарлады, бірақ шығымы 36 %, 3360 кг жүн сатқан. Колхоз жүн сатуда өзінің жоспарын орындады ма және жоспарды асыра орындау немесе орындамау салдарынан қандай айырма пайда болды?

Шешім:

4 – есеп. Совхозда 45 мың қой бар, олардың 57% биязы, 26 % жартылай биязы және 17 % тұрпайы жүнді. Бір қойдың төменгі сорттарсыз орташа қырқылымы жіңішке биязы – 6,5 кг; жартылай биязы – 5,5 кг; қылшық жүнді - 2,9 кг, таза жүн шығымы кезінде сәйкес – 47, 58 және 78%. Қалыпты бірінші классты биязы меринос жүннің 1 кг сатылым бағасы 100 % таза талшық шығымында – 19 т. 43 тиынды, жартылай биязы кроссбред – 17 т. 27 тиын, және қылшық 17 т. 36 тиынды құрады.

Шаруашылықта өндірілген жүн бағасын есептеу.



8 Жүннің шайыры және оның түрлері
Тапсырма. Жүнді ластандырушы қоспалардан және судан сақтандыруға қажетті зат болып енетін, жүн шайырының мөлшерін және сапасын сараптамалық жолмен анықтау.

Әдістемесі. Қой өсіруде неғұрлым кеңінен қолданылатын әдіс болып енетін жүн шайырының мөлшерін жабағы жүннің ластық мөлшері бойынша жүн шайырының мөлшерін анықтауды меңгеру қажет. Жүннің құрамындағы шайырдың мөлшері егер бөшкедегі минералдық қоспалар түріндегі ластану штапельдің 1/3 тереңдігінен аспай енетін болса қалыпты болып есептелінеді (жүннің қалыпты қалыңдығы кезіңде).

Егер штапельдегі жүн оның 1/3 тереңдігінен артық ластанған болса, онда жүн шайыры жеткіліксіз немесе сапасы жоғары емес деп есептеуге болады. Қойларды бонитировкалау кезіңде, күдікті жағдайлар туындаған кезде жүн шайырының мөлшерін штапельді жіп қылып орау жолымен анықтайды. Жүн шайыры қалыпты болған жағдайда, шайыр жіп қылып оралған штапельдің жекелеген талшықтарын жіңішке бір келкі қабатпен жаба отыра, бетіне шығады. Жүн шайыры артық болған жағдайда көбіршектеніп, кейде тамшы ретінде шығады, ал жеткіліксіз болғанда оралған штапельдің бетіне шықпайды, барлық талшықтары айқын көрінеді.


8.25 - кесте – Жүн шайырының сипаттамасы

Үл гі



Түс

Қою

лығы


Штапель

биіктігі,

см


Ластану терең дігі,жуылған дығы, см

Жүн шайыры ның сапасы

Жүн шайыры ның мөлшері































































Жүн шайырын екі түрге бөледі: 1) бөлме температурасында қарапайым суда ақ түстен ақшыл қоңыр түске дейін жылдам еритін, біркелкі майлы қою 2) сапасы жаман еруі қиын қатты қалдықтары бар, түсі арасында жасыл-сарғыш болып келетін; оларды жуу процессі көп күш жұмсауды талап етеді және өнімді ұстап қалуға әкеледі.

Сабақта қолданылып отырылған жүн үлгілерін көз мөлшерімен және қолмен ұстап оның құрамындағы шайырдың мөлшерін, оның түсін сапасын анықтандар және жүн шайырының жеткіліксіздігін және артық мөлшерде болуын қандай белгілері бойынша анықтайды және қойларды асыл тұқымдандыру жұмысында маңыздылығы қандай.

Жұмыс үшін жүн үлгілері (түрлі қой тұқымдарының жүні болғандығы дұрыс болады) және миллиметрлік сызғыш қажет.



9 Жүннің кемшіліктері
Жүн кемшіліктері деп, қойларды азықтандыру және күту, қырқу ержелерін ұстанбау, жүнді жинау және бастапқы өңдеу жағдайында кемшіліктер нәтижесінде және сонымен қатар қойлардың жеке ерекшеліктері салдарынан болатын жүн шикізатының кемшіліктері аталады. Жүн кемшіліктері екі топқа бөлінеді: 1) жүннің өсімдік қоспаларымен ластануы; 2) жүн ақаулары.

Өсімдік қоспалары жылдам бөлінетін және бөлінуі қиын болып бөлінеді. Жүн ақаулары деп жүн шикізатының сапасын күрт төмендете отыра жүн талшықтарының технологиялық қасиеттерін төмендететін кемшіліктерді атайды.

Жүн үлгілерінен кемшіліктерін, ақауларын анықтау және олардың қалыптасуының себептерін атау.

1 - тапсырма. Жүн кемшіліктерін және оның туындау себептерін анықтау

2 - тапсырма. Жүннің ақауларын, олардың туындау себептерін, алдын-алу шараларын анықтау және сипаттау.

Жұмыс үшін, түрлі кемшіліктері және ақаулары бар жүн үлгілері қажет (беріктігі әлсіз, көгерген және т.б.).


9.26 - кесте – Жүннің кемшіліктері

Үлгі



Жүн ластанған

Барлық үлгідегі ластанған жүн % (шамамен алғандағы мөлшері)

Жылдам бөлінетін, бөлінуі қиын қоспалар











9.27 - кесте – Жүннің ақауы



Жүн үлгісінің



Жүн ақауының аталуы

Ақаулардың қалыптасу себептері

Олардың алдын-алу бойынша шаралар












10 Қойды қырқудың технологиялық картасын құру
Биязы және аралас жүнді қойларды, қойлар тоңазуға өте сезімтал болатындықтан бір рет көктемде күн жылынғаннан соң қырқады. Жүндері бір тектес емес қойларды жылына екі рет қырқады (көктемде және күзде), ал романдықтарды үш рет (көктемде, жазда және күзде). Қырқу кезеңі көбінесе 10-15, 20 күннен артыққа созылмайды. Қылшық және аралас жүнді тұқымдардың қозыларын 5-7 айлық жасында қырқады, көбінесе күзде егер олардың жүні 4см-ден қысқа болмаса. Олардың жүнінің ұзындығы сату кезіңде 2,0-2,5см- ге жетуі үшін, жемдеудегі ересек қойларды союға 1,5-2 ай қалғанда, биязы жүнді қой тұқымдарын союға 2-3 ай қалғанда қырқады.

Қырқу басталғанға дейін 1-1,5 ай қалғанда оны өткізудің күнтізбелік жоспарын және операциондық-технологиялық картасын құрады.

Күнтізбелік жоспарды құрар алдында, қырқу пунктінің тәуліктік өндіргіштілігін анықтайды, ол қырықтықшылардың санын және олардың күндік өңдеулерінен тұрады.

Ол үшін, жекелеген тапсырмада көрсетілген жұмысты мерзімінде орындауға қажетті машинкаларға қырықтық агрегатын таңдайды.


10.28- кесте – Агрегатты таңдау үшін мөлшерлі нормативтер

Бас саны

Машинкалар

Күндік өндіруі

Қырқылатын қой, бас

1күн


Жұмыс ұзақтылығы, сағ.

5000 ға

12

50

600

8-9

5100-10000

24

50

1200

8-9

10100-15000

36

50

1800

8-9

15100-20000

48

50

2400

8-9

Қойдың басы 20 мыңнан асатын шаруашылықта екі пункті ұйымдастыруға да болады. Отандық қырқу агрегаттарының күндік өндіргіштілігі 1 қырықтықшыға 66 басты құрайды. Алайда болуы мүмкін өндірістік шығындарға байланысты іс жүзінде олар 1,5-2 есеге аз.

Барлық агрегаттың күндік өңдеулерін анықтау үшін, қырқу агрегаттарының мынадай келесі сипаттамаларын қолдануға болады

(1 сағ. бас): ВСЦ-24/200 – 200, АСТ-36-300, КТО-24 – 200, КТО-48 – 400, ЭСА-12 – 100, ЭСА-12Г – 90.

Қырқу агрегатаның күндік өндіргіштігін анықтап барып, қырқудың күнтізбелік жоспарын құруды бастайды.

Қырқу кезіңде түрлі жас-жыныс ерекшеліктеріне байланысты топтарда өндіргіштілік әр түрлі болады, бір күндік норманы анықтау кезіңде оның қиындықтарының коэффициенттерін қолдану қажет: саулықтар үшін -1,0; қошқарлар үшін – 2,2; сынама-қойлар – 2,0; жөндеу қойлары – 1,8; ісектер – 1,5; 1 жылдан ересек қозылар – 0,7; 1 жылдан ересек тоқтылар – 1,2; ағымдағы жылдың төлдері үшін – 0,5.

Отарлардың қырықтыққа түсу кезегін малдардың құндылықтарын есепке ала отыра бекітеді: қырықтықшылар қырқуға дағдылансын деген мақсатта ең алдымен құндылығы аз бастарды (өткен жылғы ісектерді жемдеуге, бракталған саулықтарды жемдеуге, төменгі класс төлдерін) қырқады, себебі олар басында дағдыланбағандықтан малдың терісін көп кесіп алады, руносын бүлдіріп алады; одан әрі қыста қоздайтын қойларды, себебі қырқу бөгелген жағдайда, жүн шығыны болуы мүмкін; содан кейін – жоғары классты төлдерді және асыл тұқымдыларды сатуға арналған асыл тұқымды тоқтыларды, ісектерді, көктемде қоздайтын саулықтарды. Ең соңғы кезекте еркек қойларды қырқады және егер олар болатын болса оқшауландырылған және карантиндегі қойларды қырқады. Шаруашылықта бір текті емес жүнді қойлар болған жағдайда ең алдымен қылшық жүнділерді, одан әрі аралас, биязылау және биязы жүнділерді қырқады. Соңында оқшауландырылған және карантиндегі қойларды тағы да қырқады. Қырқылатын қойдың басының тәуліктік нормасынан асыру 100 бастан артық болмауы қажет, ал азайтылуы 50 басқа дейін.

Қойларды қырықтыққа дайындау, олардың жүніне жабысқан қоқыстарды және бүлінген учаскелерін қайшымен қырқуға 2-3 жұма қалғанда алып тастау. Жануарлардың күйлілігі орташа семіздіктен төмен болмауы қажет. Қойларды қырқу алдында азықтандырмай 12-14 сағат, ал сусынсыз 10-12 сағат арнайы бөлмеде (қорада) ұстайды. Жүндері дымқыл малдарды қырқуға болмайды. Қойларды қырқудың технологиялық жалпы ықшамсызбасы былайша: қырықтық басталуға 0,5-1 сағат қалғанда, қойларды таңертен торға кіргізеді, одан жығушылар (берушілер) бір-бірден қырықтықшыларға әперіп отырады және қырқып болғаннан кейін қайтадан қабылдайды.

Қырқылған руно қолмен немесе жылжымалы тасымалдаушы арқылы жеке өлшеуге жіберіледі, одан әрі жүннің классын анықтау үшін топқа жіктеуші үстелге және содан кейін бастырмалауға жіберіледі, сосын барып тюкке салынып тігіледі. Қырықтық пунктіне қажетті қызметкерлердің санын анықтау үшін мынадай келесі нормативтерді қолдануға болады.

Қажетті жабдықтардың, материалдардың және арнайы киімдердің есебін мынадай келесі нормативтерге қарап жасайды: қырқуға арналған үстелдерді көлемі 1,5х2,0м тақтайлардан қырықтықшылардың әрбір жұмыс орнына жасайды; жіктеу үстелін торкөзбен осы жұмысты атқаратындардың санына қарай 1,5х2,5м көлемінде, руноларды таситын себеттерге – олардың тасымалдаушылардың санына қарай – бір жіктеушіге бесеуден, үстел үстіндегі таразы – есептеушілердің саны бойынша, қоймалық таразы – қырқу орнында біреу, тюктерді тігуге арналған кендір жіп – 1000 қойға 2-3 кг, тюктерді бастырмалап байлауға арналған сымдар – 1 тюкке 8 метрден, тюктерді таңбалауға арналған бояу – 1000 қойға 1-2 кг-нан, қол қайшы – қырықтықшылардың, қойшылардың және ветеринарлық қызметкерлердің саны бойынша; комбинезондар тек қырықтықшыларға, қойларды беріп тұрушыларға, машиналарды жөндеушілерге беріледі, қалғандарына халаттар; сыпыртқылар – руноларды тасушылардың саны бойынша, трафареты басыртқылауға – 2, ауыз суы бар бактар ішетін ыдысымен 20 адамға біреуден; дәрігерлік аптечка – 12-24 машинкаға біреу, тюктерді тігуге материал – 100кг жүнді басыртқылау үшін 4м.кв.; қырықтық кезіңде қойларды ұстауға торкөз істеуге арналған ауыспалы қалқандар (бір, екі, үш және төрт метрлік) күніне 120 бас үшін 40 дана; өртке қарсы құралдар – суы бар ыдыс, құм салынған жәшік, балталар, шелектер; көрсеткіштер тақтасы.



Қорытындысында қойларды қырқудың операциондық-технологиялық картасы құрастырылады, оған алдынғы есептің материалдары енгізіледі.
10.29 - кесте – Қырықтық пунктінің қызметкерлерінің жүктемелік нормалары

Жұмыскерлер санаты

Агрегаттағы машиналар саны

Ескертпе

12

24

36

48

Қырықтықшылар

12

24

36

48

Күндік норма 50 қой

Жөндеушілер

1

2

2

3

Механизаторлар ішінен бөлінеді

Қайрақшылар

1

1

2

2

---

Қойларды беріп тұрушылар

2

4

6

8

Күніне 300 қойға біреу

Руноларды тасушылар

2

3

4

5

Тасымалдаушымен алмастыруға болады

Бастыртқылаушылар

2

3

4

6

1 бастыртқыға – 3адамнан

Жіктеушілер

1

2

2

3

Күніне 600-800 руноға біреу

Жіктеушінің көмекшісі

1

2

2

3

Әрбір жіктеушіге екеуден

Есепшілер

1

1

2

2

Асылтұқымдандырушы фермада екі есе көп

Вет.жұмыскер

1

1

2

2

Оларға қойшылар көмектеседі

Қырықтық пунктінің меңгерушісі

-

1

1

1

Көбінесе ферма меңгерушісі

Машинкаларды майлаушы және ыстық ерітіндіні

тасушы


-

1

1

2



Қызметкерлердің міндеттері: қырықтықшылар тек қана қойды қырқады; жөндеушілер кескіш жұптарды ауыстырады және машинкаларды реттейді; қайрақшылар – кескіш жұптары қайрайды; беріп тұрушылар қойларды ұстайды, қырықтықшыларға әкеледі және оны дұрыстауға көмектеседі; тасушылар руноны таразыға әкеледі және қырықтықшының қойдың нөмірі жазылған жетоның береді; әрбір руноны өлшеуші есепші оның салмағын журналға жазады; жіктеуші көмекшісімен руноны арнайы үстелге оны жазып, одан ең төменгі сұрыптарды алып тастайды, содан кейін дайындау стандарты бойынша жіктейді, содан кейін оны орайды, көмекшісі руноны осы ассортиментке арналған орынына апарады; бір ассортименттің жинақталуы бойынша жүнді бастырмалайды.

Асылтұқымды фермаларда қойлардың нөмірлерін оқу үшін, жүннің қырқылуын жеке есептеу және оны асылтұқымдылық карточкасына жазу үшін асылтұқымдыларды есептеушілер бөлінеді.

Вет.жұмыскерлер қойшылардың көмегімен малдарды тексереді, өсіп кеткен тұяқтарын кеседі және жараларын өңдейді. Қойшылар осыдан басқа отарды қырықтық пунктіне айдады, аулау загондарын толтырады, қырқылған қойларды шығарады, алдын-ала шомылдыру жұмыстарын жүргізеді, сонымен қатар жүнді шаруашылықтың қоймасына тапсыруда көмектеседі. Қырықтық жұмыстарына бөлмені дайындауға жұмыскерлер, электрлік қырқу агрегатын, бастыртқыны қайта жөндеу жұмыстарын жөндеушілер, қайрақшылар және электр жөндеушілер МЖФ бойынша инженердің басшылық етуімен жүргізеді. Пунктегі механизмдерден жүнді қоймаға таситын көлік құралдарын, қоймалық таразыны, сонымен қатар механикаландырылған шомылдыру ваннасын қарастыру қажет.



1 - тапсырма. Әдістемелік нұсқаулықтың мәліметтерін қолдана отыра, қойларды жеке нұсқа бойынша қырқудың күнтізбелік жоспарын құрындар, әрбір студентке жазба үшін 10.30 - кестені қолдану.
10.30 - кесте – Қойларды қырқудың күнтізбелік жоспары

Жоспардың көрсеткіштері – отардың нөмірі, жынысы, класстығы, отардағы қойлар саны, 1 бастың қырықтығы, отардан бір күнде қырқылатын жалпы жүн

Отарды қырқу пунктіне әкелу күні

Қырқу күні

Алдын-алу үшін шомылдыру күні

Басталуы

аяқталуы































































Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет