Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық



бет2/6
Дата06.12.2023
өлшемі64,58 Kb.
#195380
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
БӨЖ ТАРИХ[1] Бескен Аяулым[1]

Тақырыптың зерттелуі. Бұл тақырып бойынша В. Радлов, В. Томсен, П. Мелиоранскийден басқа көне түркі руникалық жазуын зерттеу ісіне үлкен үлес қосқандардың қатарында В. Бангті, Г. Рамстедті, А. Мнокті т.б. Түркі тілдерінің нақты бастауы болып саналатын көне жазбаларды зерттеуде қазақстандық ғалымдарымыздың Ғ.Айдаров, М. Жолдасбеков, ААманжолов, Өміралиевтердің де еңбегі ерекше.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Көне түркі ескерткішінің мазмұндық мәнін ашу, зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, Орхон-енисей жазбаларының Қазақстан тарихы үшін маңыздылығы мен байланысын анықтау. Ұрпаққа ұлағат болатын көне түркі ескерткіштерінің тарихын тану, оның тілдік ерекшеліктеріне, рухани мазмұнына лайық баға беру. Көне түркі мәдениетінің қазіргі заманның құндылықтарымен байланысын дәріптеу.
Негізгі ой. Тарихты білу, оның бастау алар кезеңдеріне үңілу, бүгінгі күнге қажетін табуға ұмтылу – барлық халықтарға тән дәстүр. Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес. Оның шыққан ата-тегі бар. Қазақ тілі түркі тілі деп аталатын алып бәйтеректің аса бір ірі тармағына жатады. VІ-VІІІ ғасырларда біз бүгінде дүние жүзінде түркілерден тараған қырықтан астам ұлт болса, солардың барлығын бір ғана атаумен «түркілер» деп атаған. Сол кезде бабаларымыз Түркі қағанатын құрған. Әлемдегі өзге халықтар сияқты, түркі халықтарының да –өзіне тән қалыптасу, даму тарихы бар. Ешбір тайпа, халық және ұлт тарихсыз болмайтыны белгілі. Әрбір халық ұлт болып қалыптасу үшін талай тарихи кезеңдерді басынан өткізеді.
1.Орхон – Енисей ескерткештері мен Көне түркі жазуларының зерттелуі.
Түркі халықтарының тарихи мұралары тарих, мәдениет және тіл тұрғысынан алғанда аса құнды қазына екенін бағалай білу, таныту – кезек күттірмейтін негізгі міндеттердің бірі. Біз көне түркі жазба нұсқаларынан тасқа қашалған мынадай сөздерді кездестіреміз:
Бұны көрү білің! Түрк бүдүн бүдүн аты йоқ болу бармыс ерті өлтечі ерті. Ічре ашсыз, ташра тонсыз йабызйаблық будунта мен өзүм қаған олуртым. Іл йеме іл болты, йеме болты.
Мұны көре білің(дер)! Түркі халқы аты жоқ бола бастаған еді. өлімші (болған) еді. Іші ассыз, сырты киімсіз нашар халыққа менің өзім қаған (болып) отырдым. Ел еңді ел болды, халық енді халық болды.(Ескерткіштен үзінді)
«Түркі бектері мен халқы, мұны естіңдер! Қандай сөздерім бар болса, соларды мәңгі тасқа жаздырдым. Оларды көріңдер, ұғыңдар».
Бұл арнау сөздер түркі халықтарының кейінгі ұрпақтарына арналған.Мұндай тасқа қашалған ескерткіштер туралы жазылған деректер аз емес.Түркі тілдерін зерттейтін әдебиеттерде «Орхон-Енисей жазулары» руника жазуы деп те аталады. Руна – ежелгі гот тайпасының құпия деген сөзіінен алынған. Өйткені бір кездері Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған таңба жазудың қай тілде екені оқылмай, көпке дейін құпия болып келген.
Көне түркі жазу нұсқалары сонау І Петрдің тұсынан бері белгілі болса да, оларды ешкім зерттеп, сырын ашпаған.1889 жылы фин ғалымдары Енисей өзені бойынан табылған тастағы белгісіз жазулардың атласын жариялайды. Сол жылы орыстың География қоғамы Моңғолияға арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырады. Көрнекті орыс ғалымы Н.М.Ядринцев осы сапарында Орхон өзені бойынан бірнеше жазуы бар бірнеше тасты кездестіреді.1889 жылы көрнекті орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон-Енисей өзендерінің бойынан табылған таңба жазуы бар тастарды өзі барып, тексеріп қайтады. «Солтүстік Моңғолияда VІІІ ғасырға қатысты жазба ескерткіштердің бар екендігі ғылым соншалықты қажет, Орхон өзені бассейніндегі ескерткіштерді тереңірек зерттеу үшін өте қажет. Сондықтан Императорлық Ғылым академиясы ғылыми экспедиция ұйымдастыруы қажет деп есептелінеді».Осы екі экспедициядан кейін Моңғолиядан табылған жазулардың атласы жарияланады. Сөйтіп, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған құпия жазулар біртіндеп дүние жүзі оқымыстыларына белгілі бола бастайды.[1]
1893 жылы Дания елінің ғалымы В. Томсен тұңғыш рет ескі түркі (орхон-енисей) жазуларының оқылу кілтін тауып, оның сырын ашуға мүмкіндік туғызды. «Он пытался самым детальным образом сначала изучить соотношения одних букв с другими. Для В.Томсена при этом выяснилось, что некоторые буквы могут быть в близком соседстве с рядом другими буквами, другие же нет. Это привело Томсена к мысли о делении букв на два класса по числу звуков переднего ряда. А все это вело мысль к строю тюркских языков. И, наконец, 25 ноября 1893 года ему удалось уже найти полный ключ к своему этих до этого неизвестных надписей с берегов Енисея и Орхона» деп жазады В.В.Радлов өз еңбегінде. В.В.Радлов бірінші болып, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған үлкен-үлкен ескерткіштердің аудармасын жасап, жұртшылыққа таныстырды.Даңқты түрколог С.Е.Малов та өзінің ғылыми еңбектерінің көбін осы көне түрік жазу нұсқаларының сырын ашуға арнады.[2]
Орхон Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштер–VІ-VІІІ ғасырлардағы түркі тайпаларының сол кездегі қоғамдық құрылысы, күн көрісі, мәдениеті мен тілі жөнінде мол деректер беретін құнды материалдар.
Орхон-енисей ескерткіштері жұртшылыққа ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап белгілі болса да, ХІХ ғасырдың соңына дейін олармен ешкім арнайы шұғылданбады. Жазба ескерткіштері сол құпия қалпында қала берді. Оларды ешкім арнайы зерттемегендіктен, тастағы жазулар жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер мен теріс болжамдар да айтылып жүрді.
Бұл белгісіз жазуға алғаш көңіл бөліп, оның сырын ашуға әрекет жасаған шетел ғалымдарынан Т.Байер 1729 жылы мұны ескі кельт жазуы болар деп жорамалдады. А.С.Паллас 1793 жылы көне готтар жазуы деп ұйғарды. 1818 жылы орыс ғалымы Г.Спасский бұл жазуларды алғаш қалмақ және моңғол жазуы деп ұйғарып, моңғолдар мен қалмақтар бұрын ұйғырлар арқылы соғды жазуын қабылдағанын да ескермеді. Кейінгі бір еңбегінде (1857 жылы) бұл жазуларды славьян жазуларына жатқызып, тіпті қателесті. Сол дәуірдегі көрнекті ғалымдардың бірі А.Ремозе 1822 жылы құпия жазуларды индогот ұрпақтарының жазуы болуы мүмкін деген жорамал жасады. М.А.Кастрен ерте кездегі фин жазуы деп есептеді. Ю.Клапрот 1824 жылы оны грек жазуының негізі деп қарады.
Жазуларға көбірек мән берген В.Томсен, В.Радлов,П.Мелорианский т.б. оны ескі қырғыз жазуы деп есептесе (ХІХ ғасырдың аяғы), 1933 жылы Г.Ксенофонтов бұл жазуларды якут тіліне қатысты қарады.Қалай болған күнде де, белгісіз болып келген құпия жазулардың оқылу кілтін тауып, олардың қай халықтікі екендігін анықтау керек болды.
Ескерткіштердегі жазуды оқу, талдау Дания елінің ғалымы В.Томсеннің үлесіне тиді. Көне түркі жазуларына кезінде мән берген Г.Спасский мен В.Р.Розеннің «Келешекте Сібір ескі жазуларының өз Шампольені (ескі грек жазуының оқылу кілтін тапқан ғалым) болуы мүмкін» және оның «күні бүгінге дейін құпия болып келген жазулардың сыры ашылмай ХХ ғасырға өтеді дегенге сенбеймін деген қағидалары жүзеге асты.
В.Томсен өз заманындағы білгір фонотисьтердің бірі. Ол кісі түрколог емес еді. Сонда да бұл дәуірге дейін құпия болып келген жазуларға ерекше мән берді. Томсен, ең алдымен, ескерткіштердегі таңбаларға назар аударды: таңбалардың бір-бірімен қатар келу және келмеу ерекшеліктерін байқады. Жазуда жуан және жіңішке дыбыстардың барлығын, ол түркі тілдеріндегі үндестік заңына қатысты екендігін жете түсінді. Бұдан кейін ғалым жазудың солдан оңға қарай емес, оңнан солға қарай оқылатындығын ажыратты. Енді ескерткіштерді қанша таңба барлығын анықтады. Орхон ескерткіштерінде – 38, ал енисей ескерткіштерінде 150-ден аса таңба бар екенін айқындады.
Күлтегін және Білге қаған ескерткіштерінен дейтін сөздерді бөліп алып оларды қытай тілдеріндегі түрлерімен салыстырып, олардың теңрі (көк, аспан), Күлтегін бектің аты, білге (білгіш, дана) деген сияқты түркі сөздері екенін оқып білді. В. Томсен осыдан кейін Күлтегін және Білге қаған ескерткіштеріндегі сөздерді түгелімен оқып шығады.
Сөйтіп, 1893 жылғы желтоқсан айының 15-і күні Дания королінің ғылыми мәжілісінде бұл дәуірге дейін құпия болып келген жазудың оқылу кілтін тауып, ол түүркі халықтарының жазуы екендігін дүние жүзі ғалымдары алдында дәлелдеді. Мұның өзі түркология ғылымына қосылған жаңа зор үлес болып есептелді. Сол дәуірдегі көптеген ғалымдар В.Томсеннің бұл еңбегін жоғары бағалады. [3]
Бұдан соң, көп ұзамай В.Радлов бірқатар ескерткіштерді өзінше бағытта зерттеу мен аударма жасауды әрі қарай жалғастырды. Жазба ескерткіштер кейін көптеген ізденімпаз ғалымдардың зерттеу обьектісіне айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет