Ойын арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру



Дата25.08.2017
өлшемі84,14 Kb.
#26131
Ойын арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес , Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс –әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған.Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі.Басқа да кез – келген іс – әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді , ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезіну керек.Негізгі рөль оқушының ойынға қатысудағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен сипатталады. Ойын кезіндегі көңіл – күй, өзара түсіністік , достық қарым – қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға қатысушының мінез – құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек. Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижиесі анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс. Әр баланың ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік – дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күделікті әсерлі шешімдер қабылдауға , өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді. Әр сабақ мұғалім жемісі.Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтың мазмұны ашыла түседі. Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым- қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабілеті дамиды.Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады.Әрбір ұстаздың мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққаоқушының қызығушылығын арттыру. Сондай – ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолдануымыз керек .Сондай технологияның бір түрі – ойын арқылы оқыту технологиясы. «Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі.Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады.Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі, педагогикада бұрын да , қазір де қарастырылып келеді.Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс – әрекет деп түсінеді.Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: «Ойын балалар өмірінде өте маңызды зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды».Ойында бала қандай болса , өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады.Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне , осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек.Білімді алуда іс – әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуде, ізденуге, таңдауға , т. б. үйренеді. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі.Өйткені кейбір сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бүлдіршіндердің оқуға деген ынта – ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады.Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі «сергіту сәті». Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар аудару қажет.Түрлі би қимылдары арқылы да сергіту сәтін жандадыруға болады.Мысалы: «Шөжелерім», «Айгөлек», «Қара жорға».Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып, балаға тәрбиелік мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады. Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қоймайды. Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз мүмкіндігінше іс – шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады.Қорыта айтқанда, кез – келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді.Сөйтіп оқушы ой – өрісін ойын арқылы дамытады.Соңғы нәтижиеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады.Артта қалған , жасық ,мектептен қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше , баланың өмірі , қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойындар – оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды. В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дуниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады.Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», - деген екен.Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласына әрі сапалы орындайтын болады.Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Ойын түрлері:

  1. Ұлттық.

  2. Дидактикалық.

  3. Логикалық.

«Ақсүйек», «Қанталапай», «Көкпар» , «Мың бір мақал», «Ғажайып алаң», «Сөз құрау», «Жұмбақ есеп», «Әріпті кубиктер», «Сергіту сәті».

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

  • Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.

  • Ойынға кірісер алдында оның жүргізулі тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.

  • Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.

  • Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне , ойлана білуіне жетелеу.

  • Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.

  • Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

  • Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.

  • Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары.

Ұлттық ойын ойнаубаланың салт – дәстүріне, әдет – ғұрпына деген сүіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Мәселен , ұнамды әдеттер – өзара қарым – қатынастар, адамгершілік сезімдері дамиды.Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады.Оқушының бәрә жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл – ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуға бірдей емес.Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады.Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны.Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғурлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі – грамматикалық ойынның түрлері.Грамматикалық ойындар – арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді,ошы шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Балалардың ойлауын , қиялын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтынойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Бір ойын түрі ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе, ал екіншісі ойлау қабілетін, үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді. Сонымен қатар үстінде ойын түрлерін қолдану оқушылардың оқып, отырған сабағына қызығушылығын арттырады, түсінуге мүмкіндік туғызады.Қай елдің болсын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелейбайланысты. Себебі қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады.Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады. Сондықтан оқу барысында қашанда баланың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту керек. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу – тәрбие жұмысының негізі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімнің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижиені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет.Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшелігі әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға келеді. Ал ойын элементтері кез – келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен , белсенділікпен орындайды. Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын , зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда , мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, көрнекілікпен бірге әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын да молайтып, сауатты жазуға да баулиды.Қай сабақ болмасын , оқушыларды ізденіске шығармашылыққа баулуы керек. Бүгінгі күн талабы да біз мұғалімдерден осыны талап етуде. Оны жүзеге асырудың бірден – бір жолы – сабақ процесіне дидактикалық ойын түрлерін көрнекіліктер арқылы тиімді пайдалану. Сабақты дидактикалық ойындар арқылы көрнекіліктермен тиімді пайдалану, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар олардың талабын ұштастырып, ой - өрісін кеңейтуге, іздену қабілеттерін дамытуға әсерін тигізеді.Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан – алуан. Бастауыш сыныпта заттың түріне қызығушылық басым болады.Сондықтан олардың өзіндік дара қабілетін дамыту керек.Орта буындағы оқушыларға өз бетінше іздену мақсатындағы жұмыстарды баріп, ойын түрлерін шығармашылық түрінде ұйымдастыру пайдалы. Сабақтағы ойын түрі – ұжымдық еңбек, сондай – ақ тәрбиелік мәні зор тәсілдерге жатады. Ойын барысмында оқушының қабілеті , іскерлігі көрінеді. Мұғалім әр оқушының жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге үйретеді, іздестіру, іздену дағдыларын қалыптастырады.Ойын арқылы сабақты қызықтырып , өмірмен байланыстыра отырған ұтымды.Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы, меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез серігіп , тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ал мұғалімнің міндеті – балаларды ойынға өз қызығушылығымен , ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды.Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа иновация болып табылады. Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап – ақ маңызы зор.Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері , өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойындарды тиімді қолдану 1-4 сыныптарда өте тиімді деп ойлаймын, себебі тез жазу,оқу, мазмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын керісінше пәнді сүюге, қызыға ықпал жасайды. Сөзімді қорыта келе , оқушылардың қызығушылықтарын әр түрлі тәсілдермен арттыра түсіп, сол алған білімді сапалы игеріп, оны күнделікті тұрмыс - тіршілікте пайдалануға үйрету және ойлау қабілетінің дамуына , шығармашылық дағдыларын жетілуіне жол ашады.

Қолданылған әдебиеттер:



  1. Тұрғынбаева Б.А. , Шабденова Б.Ш. «Шығармашылық баспалдақтары.». Алматы 2003ж.

  2. Қамалбекова . «Оқушылардың қызығушылығын ойын арқылы арттыру.» Бастауыш мектеп. 2005ж.

  3. М. Аманқұлова . «Бастауыш мектепте оқыту» 2007ж.

  4. Журнал «Педагогика жаршысы » №4 2010ж , №3 2011ж

  5. Журнал «12 жылдық білім» №4 2006ж

  6. Зұлпыхарова Т. «Оқушының ой - өрісін дамыту. ». Бастауыш мектеп №4 2004ж

  7. Қайран Ә. Тәрбие құралы №2 2013ж №3 2014ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет