Ойын және жоба қызметінің технологиясы


Денсаулық сақтау технологиясы



бет13/13
Дата19.12.2021
өлшемі56,69 Kb.
#103509
түріРеферат
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
2 модуль тапсырмалары

Денсаулық сақтау технологиясы
Денсаулық – адамның табиғаттан алатын бірден-бір бағалы сыйлығы. Оны шыңдау үшін, әр адам өзінің ағзасын шамасынша шынықтырып, салауатты өмір сүруге ұмтылуға тиіс. Бұл ұмтылыс жас шағынан басталғаны өте дұрыс екенін өмірден байқауға болады.Денсаулық сақтау технологиясының мақсаттарына жету- дене шынықтыру сабақтары, денені сауықтыру жұмыстары, түрлі гимнастика, сергіту сәттері, түскі ұйқыдан кейінгі шынықтыру жаттығулары, ойындар арқылы іске асырылады. Баланың жеке бас тазалығын сақтау ережелерін қалыптастыру, дене жаттығуларын, қозғалыс ойындарын, сергіту сәттерін, табиғи әдістермен (күн, су, ауа) ағзаны шынықтыруды ұйымдастыру, пайдалы дағдыларды дарыту, зиянды әдеттерден сақтандыруды үйрету күнделікті өткізілетін іс-шара болып табылады. Технологияның бір бөлімі- сергіту жаттығулары, баланың жұмыс қабілетіне, ойлау жүйесіне игі әсер етіп, жүйкесін, сезімталдығын арттырып, денсаулығын нығайтып, зейінін тұрақтандырады. «Денсаулық сақтау» технологиясының басты шараларының бірі- шынықтыру шаралары. Балаларды «денсаулық жолдарымен»: массаждық кілемшелер, түймелі, тығынды, бұршақты кілемшелер, иректі тақтайша, кішкене тасты, құмды қораптармен жүргізу, бүлдіршіндердің қоршаған ортадағы температура өзгерісіне шыдамдық танытатын ағза қалыптастыру, шынықтыру шараларының негізі болып табылады.

Денсаулық сақтау технологиялары - бұл балалардың денсаулығының сақтауы және дамытуы бойынша бiлiм беретiн кеңiстiк жұмысының жүйесi.  Денсаулық сақтау технологиялары - балалардың денсаулығын сақтау мәселесін үстiрт емес, сезiніп, балалардың өзіндік жеке даму  ерекшелiктерiн есепке алып шешу.

         Тәрбиеші баланың денсаулығын сақтай отырып білім беруде ең алдымен баланың диагнозын, әлеуметтік жағдайын жақсы білу керек. Ол үшін балабақша дәрігерімен, мамандарымен және тәрбиеші көмекшісімен қарым-қатынас өте тығыз болуы тиіс. Олармен кеңесе отырып және әр баланы жеке зерттей отырып түзете білім беру жоспарын құру қажет.

Балабақшада күн кестесіне сәйкес жұмыс күнін денсаулық сақтаудың тиімді әдісі- таңғы жаттығудан бастайды. Ертеңгілік жаттығулардың орындалу барысында балалардың бойында жинақылық, шапшаңдық, дене бітімінің түзу, әрі сымбатты, жүрісінің жеңіл болуы қадағаланады. Жаттығулар денедегі зат алмасуын жақсартады, мойын, иық, бел, іш, арқа, балтыр бұлшық еттерін қатайтады, жүйкесін нығайтады, бала өзін-өзі сергек сезінеді, көңіл–күйі көтеріледі. Қимыл-қозғалыстар бір орында тұрып жүруден бастап, аяңдап жүрумен аяқталады. Жаттығу түрлері ай сайын алмастырылып отырылады. Жылы күндері аулада, салқын күндері спорт залында өткізіледі.

Технологияның бір бөлімі- сергіту жаттығулары, баланың жұмыс қабілетіне, ойлау жүйесіне игі әсер етіп, жүйкесін, сезімталдығын арттырып, денсаулығын нығайтып, зейінін тұрақтандырады. «Денсаулық сақтау» технологиясының басты шараларының бірі- шынықтыру шаралары. Балаларды «денсаулық жолдарымен»: массаждық кілемшелер, түймелі, тығынды, бұршақты кілемшелер, иректі тақтайша, кішкене тасты, құмды қораптармен жүргізу, бүлдіршіндердің қоршаған ортадағы температура өзгерісіне шыдамдық танытатын ағза қалыптастыру, шынықтыру шараларының негізі болып табылады. Балабақша тәрбиеленушілеріне маусым өзгешеліктеріне орай аурудың алдын алу шаралары ретінде итмұрын шырыны мен дәрумендер, балық майы беріледі. Қыс айларында балалардың мойнына сарымсақ тұмаршалары ілінеді, қабылдау бөлмелерінде тәрелкелерде салынып тұрады. Балалардың денесін шынықтырудағы маңызды бөлігі – түскі ұйқыдан кейінгі жаттығулар. Көзделетін мақсат: ұйқыдан баланы біртіндеп ояту арқылы сергектікке, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына көңіл бөліп, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Түскі ұйқыдан кейінгі кешенді жаттығулар кез келген жайлы бөлмеде классикалық музыканы, табиғат әуендерін пайдаланып жүргізіледі.

Бекітілген жоспар бойынша ата–аналар, тәрбиеші олардың тәрбиеленушілерімен біріккен алуан түрлі спорттық сайыстар, жарыстар, «денсаулық күндері» жыл бойы өткізілуде. Мәселен, «Көңілді эстафета», «Біз – спорттық отбасы», «Спорт – біздің досымыз», т.б.

Балабақшада ұлттық ойындарды үйретіп, ойнату үнемі жоспарланады. Қазақ халқының бала денесін жетілдіру әдістері, оларды қолдану жолдары әрқашан ескеріліп отырылады. Өйткені, ата-бабаларымыз балаларын ат құлағына ойнатып, қырда жарыстырып, шабандоздыққа, отбасының тіршілігіне үйреткен. Осы ұлттық дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру мақсатында балабақшамыздың әр топтарында ұлттық нақыштағы қимыл-қозғалыстарына арналған жаттығулар мен ойындар әрдайым жүргізіледі. Балабақшамызда аудандық «Балабақшада түскі ұйқыдан кейінгі шынықтыру жаттығулары», «Мектепке дейінгі мекемеде сауықтыру-шынықтыру шараларының маңызы» атты семинарлар өткізілді. Семинар барысында педагогтармен пікір алмасып, ой бөлістік. Қазіргі уақытта мұндай жан-жақты үйлесімді дамыған адамзат тәрбиелеудің негізі мектепке дейінгі ұйымдарда күн тәртібінде қолданудан, дене тәрбиесі сабақтарын жақсартудан және оның маңызын халықтық тәрбиемен ұштастырудан қаланады. Жаңа стандарт бойынша үнемі балалардың іс-әрекетінің даму деңгейі мен берілген талаптарды орындау барысындағы көрсеткіштер шығарылады.

«Денсаулық сақтау» технологиясы бойынша бұл өткізіліп жатқан шаралар баланың аурудың алдын алуға деген алғашқы қадамы болып саналады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келмек болсақ, «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен болады бақыт өмір», -деп сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, мектепке дейінгі мекемелердің әрбір ісі жан-жақты жарасымды, рухани бай тәрбие берумен қатар, денсаулығы мықты болашақ өсіруге бағыттау баршамыздың міндетіміз.

         Ұлы ойшыл Вергилий «Ешкім бәрін білуші де, бәрі қолынан келуші де бола алмайды» деп айтқандай, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып балаларды денсаулығын сақтауға үйрету керек.

Баланың кіші жастан өз денсаулығын күте білуге үйрете отырып, дені сау, қайратты азамат етіп шығару еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінің оқу-тәрбие ісінде басты мақсатқа айналып отыр. Ендеше оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы алдымен баланың денсаулығын сақтай жүргізілуге бағытталуы тиіс. Денсаулығы түзу болмаған баланың толыққанды білімі мен тәрбиеге ынтасы бола қоймайтынына күнделікті өмірде көз жеткізіп жүреміз. Мектепалды даярлық тобында баланың денсаулығын сақтау мен нығайтуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені дені сау бала оқу процесіне белсене араласады. Әрдайым жайдары көңіл-күйі жоғары болады. Денсаулық бұл баланың физиологиялық- психикалық мүмкіндігін толықтай анықтайтын негізгі жағдайлардың бірі.

Балалардың денсаулығы келесі факторларға тікелей байланысты болады:

- ата –ана денсаулығы;

- экология;

- өмір сүру жағдайы;

- баланың мектепке дейінгі ұйым және отбасындағы тәрбиесі.   

Мектепалды даярлық тобындағы балалардың денсаулығын қалыптастыру бойынша жүргізілетін негізгі жұмыс бағыттары:

дене шынықтыру мен сауықтыру, шынықтыру шараларының  

комплексінің жүйесін дамыту.

- дене мүшесінің бұзылуы мен май табанының алдын алу және түзету;

- үйлесімді қимылдық тәртіп тұрғызу;

- жиі ауыратын балалармен сауықтыру шараларын ұйымдастыру.

    Мейірбикенің көмегімен дене дамуында ауытқушылығы бар және жиі ауыратын балалармен сауықтыру, шынықтыру, аурудың алдын алу шараларын жүргізілуі.

1. Шынықтырудың дәстүрлі формалары: ауаны тазарту, су құю, даладағы қабылдау, күн сәулесімен шынығу, жалпы және жартылай су процедураларын жүргізу – ығалды сүртіну, аяққа, денеге су құйыну, тұзды алаша, жалаңаяқ жүру.

2. Ұтымды –қимылды күн тәртібін ұйымдастыру: жаттығулар, жүгіру, сазды-би қимылдары, гимнастика, сауықтыру және алдын алу жаттығулары.

3. Әдеттен тыс сауықтыру шаралары:

  • Ауамен шынықтыру;


  • Психогимнастика;


  • Өзін-өзі сылау;


  • Дене мұшелерін босаңсыту жаттығулары.


 Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына жаңа технологиялар енгізуде, ең алдымен бақытты балалық шақты қамтамасыз ету – бұл әрбір баланың жан-жақты және қазіргі заман талабына сай дамуына, оның көңілінің тыныштығына, денсаулығына қамқорлық жасауды басшылыққа алып алдағы уақытта мынадай қорытынды жетістіктерге қол жеткізуді көздейміз: 




  • Балалық кезеңде денсаулықты жоғалтпау;


  • Денсаулықтың соматикалық көрсеткіштерін жақсарту;


  • Гигиеналық мәдениет қалыптастыру;


  • Салауатты өмір сүру салтын ұстану қажеттілігін және оған мүмкіндік туғызу;


  • Дене шынықтыру тәрбиесін баланың жас және жеке ерекшеліктеріне байланысты даралау;


  • Дене тәрбиесінің үздіксіз жүйесін құру.


Мемлекеттің болашағы — жас ұрпақ. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, бүлдіршіндердің бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіріп, оларды халықтық тағылым нәрімен сусындатып, танымдық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу керек.

Ұлтық ойындар денсаулық сақтау технологиясында өзінің бір орынын алады. Қимыл, қозғалыс техникасымен және олардың орындалуындағы қолдануға болатын әртүрлі әдіс-тәсілдерді ұсыну. Спорттық жаттығуларға, жарыстарға, сайыстарға қызығушылықтарын арттыру. Өз қимыл- қозғалыстық мүмкіндіктерін жақсартуға ынталандырып, олардың орындалуына шығармашылық тұрғысынан қарау қажет. Әртүрлі жағдайда кеудені тік ұстауды үйрету.

Бағытты түрде физиологиялық қасиеттерді және жалпы төзімділікті, шапшаңдылықты, жүйріктікті, тәсілқойлылықты, тепе-теңдік сезімі мен қимыл - қозғалыс координациясын дамыту. Амалшылдық, тапқырлықты бойларына дарыту. Балаға көзбен шамалауды үйрету. Спорттың әр түрімен таныстырып, спорттық үлгі-нұсқаларға беріп отыру.

Дүние жүзіңдегі денсаулық сақтау саласы елдің даму және нығайю тарихын көрсетеді. Бүгінгі күні елдің денсаулығы қиын жағдайда, сондықтан да кең түрде сауықтыру бағдарламасы керек. Соның бірі – массаж. Кейбір жаңалықтардың ашылуы да тез, жабылуы да тез. Ал бұл жаңалықтың болашағы бар және ол одан әрі дамып, көркейеді. Әрбір адам, жас баладан, егде кісіге дейін, осы әдіс арқылы өзін-өзі емдей алады. Адамның қол басы мен аяқ табан бұлшық етпен байланысты болады. Сондықтан да, Пак Чжи Вудың айтуы бойынша, адамға қозғалыс қажет.

Қазіргі уақытта көп факторлы сыртқы әсерлердің талдауына, әр баланың денсаулығының маниторингіне, оның ағзасының ерекшеліктерінің есебіне негізделген балалармен тәрбие сауықтыру жұмысына жаңа әдістемелер іздеу, белсенді түрде жүріп жатыр. Балалармен сауықтыру жұмысында балалардың дұрыс тыныс алуына үйренуі маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Дұрыс тыныс алу- бұл көптеген аурулардың алдын алады; адамның денсаулығы, физиологиялық және ақыл-ой қызметі оның тыныс алу қызметіне байланысты сонымен қатар, дұрыс тынысалуы әр түрлі емдік әсер береді. Ырғақты демнің екпінімен шығуы-шаршаудан арылудың бір де бір құралы. Баяу ырғақта демалу, тыныс алу кезінде кідіріс жасауға да болады. Қан айналымын белсенді ететін көміртегінің мөлшерін, артылған мөлшерінің жиналып қалуына әсер етуі жүрек қан тамырларының және де мидың жақсаруына себепші болады яғни қан айналымын күшейтеді. Демалу бұлшық еттерінің шынығуы физиологиялық жұмыс қабілеттілігін және шыдамдылықты арттырады.

Салауатты өмір салты қажеттіліктерін қалыптастыру. Допты лақтыруға жаттықтыру. Әртүрлі жаттығуларда, доппен ойнайтын ойындарда және басқада құрал - жабдықтармен балаларды өз мүмкіндіктерін көрсетуге баулиды.

Денсаулық саласында массаж бағыты да кіреді. Массаж халықтық медицинаның үлкен бір бөлігі. Ол барлық жер шарына кеңінен таралған, сондықтан емдеу әдістерінің ең негізгісі болып табылады. Массаж адам денесіне мөлшермен берілетін механикалық тітіркендіру. Массаж өкпедегі зат алмасуын үдетеді, тыныс алу үшін оның терендігін, жиілігін, өкпенің қимылын, тіпті кеуде қуысының дем алуға дұрыс қатынасуын реттеп, бір жүйеге түсіруге үлкен көмек көрсетеді. Адам денесінде болып отыратын зат алмасулардың бәріне әсер етеді.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Пассов Е. И. Урок иностранного языка М.1988


2. Н. В. Гальскова Современная методика обучения иностранным языкам М.2004
3. Қазақстан мектебі 11.2003 ж.
4  С. Г. Тер-Минасова Язык и межкультурная коммуникация 2000 ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет