Ойын мектепке дейінгі балалар үшін қызықты шаруа бола отырып, сонымен бірге оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады



бет17/18
Дата06.01.2022
өлшемі122,06 Kb.
#110325
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Жас ерекшелік топ

« Тауық қорадағы түлкі »№59

Алаңның бір жағынан тауық қораның орны сызылады. Тауықтар қорадағы орындарда тауықтар отырады. Алаңның қарама-қарсы жағында түлкінің іні болады. Қалған жердің бәрі-қора.

Ойнаушылардың біреуі түлкі белгіленеді, ал қалғандары-тауықтар. Тәрбиешінің белгісі бойынша тауықтар бағанадан секіріп-секіріп түседі де қорада жүгіріп ойнап жүреді де дән шоқиды, қанаттарын қағады. Тәрбиешінің: « Түлкі» деген белгісі бойынша тауықтар тауық қораға қашып барып, ағаштарға отырады, ал түлкі қаша алмаған тауықты ұстап, ініне алып кетеді. Қалған тауықтар отырған ағаштардан қайтадан ұшып түседі, ойын жаңадан басталады. Түлкі екі-үш тауық ұстағаннан кейін, ойын аяқталады. Ойынды басқа түлкімен қайталауға болады.

« Ұшақтар »№60

Балалар алаңның әр жерінде 3-4 жалаушалармен белгіленген калоннамен тұрады. Ойнаушылар ұшқыштарды бейнелейді. Олар ұшуға әзірленеді. Тәрбиешінің: Ұшуға әзірленіңдер! Деген сигналы бойынша балалар қолдарымен қимыл жасап, маторды іске қосқан болады. Тәрбиеші: « Ұшыңдар» -дейді. Балалар қолдарын екі жаққа жазып, алаңда жан-жаққа бытырап, ұшып жүреді. Тәрбиешінің: « отырыңдар» деген сигналы бойынша ұшақтар өз орындарын тауып, жерге қонады: балалар калоннаға тұрып, бір тізерлеп отырады. Тәрбиеші қай калоннаның тез сапқа тұрғанын атап өтеді. Алғашқы кезде калоннаның бастаушысы етіп екпіндірек балаларды белгілеу керек.

« Ақ серек, көк серек »№61

Ойын ашық алаңда өткізіледі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралығы 30-40 метрдей жерге бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Қаз-қатар қол ұстасып тізіліп тұрады.

Жеребе бойынша ойынды бастаған топтың балалары әндете өлең айтады:

Ақ серек те көк серек,

Бізден сізге кім керек?

Екінші топтағылар бір ойыншының атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобынан шығып, екпіндей жүгіріп келеді де, қарсы топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Егер үзіп кетсе, бір баланы жетелеп апарып, өз тобына қосады. Үзе алмаса, өзі сол топта қалады.

Енді кезек бойынша ойынды екінші топ әлгі әдіспен бастайды. Осылайша ойын кезекпен жалғаса береді. Қай топ өз ойыншыларынан көп айырылып қалса, жеңілген боп есептеледі.

« Қара құлақ »№62

Ойынға 5-10 бала қатысады. Оңаша жерге топтасады. Өз араларынан бір баланы қазық етіп арнайы белгілейді. Қазық тұрған жерінен қозғалмай қала береді. Басқалары әрі таман кетіп қалады. Содан кейін ойынға қатынасушылар қазық ойыншыны қоршап, бірте-бірте жақындай түседі.

Таяп кеп:

Мына жатқан кім

-деп шошынғандай бірінен-бірі сұрасады. Біреуі:

Ойбау-ау, бұл қара құлақ қой?-деп тұра қашады. Басқа ойыншыларда.

Қара құлақ! Қара құлақ!-деп, жан-жаққа қаша жөнеледі. Қара құлақ біреуін ұстап қалуы үшін тұра қуады. Қолға түскен бала « Қара құлақ» болады. Ойын қайта басталады да, сол ретпен жалғаса береді

« Зат қоятын бөлмедегі тышқандар »№63.

Балалар- тышқандар індерінде бөлменің ұзын бойына немесе алаңның бір жағына қойылған орындықтарда отырады. Алаңның қарама-қарсы жағында 40-50 см биіктікте жіп тартылған. Бұл зат- қоятын бөлме ойнаушылардан шеттеу, бір бүйірде мысық отырады. Ол рөльді алғашқыда тәрбиеші, ал одан кейін-балалар орындайды.

Мысық ұйықтайды, ал тышқандар зат қоятын бөлмеге қарай жүгіреді. Зат қоятын бөлмеге кіріп бара жатып, жіпке тиіп кетпес үшін, ол еңкейеді. Одан кейін сол жерде кертірген нан немесе басқада тағамдар жеп отырған сияқтанып бүгіп отырады. Кенеттен мысық оянып кетеді, мияулайды да тышқандарды қуа жөнеледі. Тышқандар індеріне қашып кетеді ( мысық тышқандарды ұстамайды, тек ұстағысы келгендей сыңай білдіреді). Мысық орнына келіп ұйықтайды, ойын қайтадан басталады.

Қимылды ойындар

Паравоз

Ұшты-ұшты



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет