Ойын технологиясын сабақтарда қолдану тиімділігі (бастауыш сыныптарға арналған) Құрастырған: Зейнуллина Рахила Әмірханқызы



бет11/11
Дата04.07.2018
өлшемі7,72 Mb.
#47038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

-Бағалау


Пәні : Математика

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үш таңбалы санды көбейту және бөлуді меңгерту.Тапсырмаларды орындау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.Шапшаңдыққа топтық есеп шығару арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ

Әдіс –тәсілдері: түсіндіру , сұрақ –жауап.

Көрнекіліктері: плакат,глобус, ойындар,семантикалық карта,сәйкестендіру тесті

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Көп ойнаған бала болады,

Көп ойланған дана болады.

I Қызығушылығын ояту:

Балалалар ,қазір жылдың қай мезгілі?

Қыста қандай ойын түрлерін ойнағанды ұнатасыңдар?

-Олай болса,балалар ,бүгін қысқы ойын түрлерімен жақынырақ танысамыз және ойнаймыз.

Балалар осы ақпан айында болып жатқан қысқы олимпиада қай мемлекетте , қай қалада болып жатыр? Бүгінгі біздің сабағымызда жарыс түріндегі сайыс сабақ болғалы тұр. Жарыс сабақ болғандықтан екі топқа бөлінеміз.1 топ « Шаңғышылар» 2 топ « Хоккейшілер»

Спорт –көркі өмірдің , Жеңімпаз болу оңайма,

Спорт –досың, серігің Арман болған талайға

Жаттықсаң шымыр боларсың Болмасаңда ұқсап бақ,

Шынығып , өсіп толарсың. Жарысқа түсіп қалайда

II Өткенді пысықтау


  1. Үй тапсырмасын тексеру

  2. « Күш білімде» № 5 есеп


Ойын « Кім жылдам ?»

  1. Қашықтықты табу үшін не істейміз?

  2. 40пен 8-дің көбейтіндісі нешеге тең ?-320

  3. Уақытты қалай табамыз?

  4. Неше рет арттырса да өзгермейтін қандай сан ?

  5. Жылдамдықты қалай табамыз?

  6. Көбейтудің қасиеттерін ата ?


III Жаңа сабақ

5*457


№1 5*(400+50+7)=(2000+50+7)=2000+250+35=2285

№2 5*457=2285 2285:5=457

№3 Бөлуді орында және оны тексер

3720:465=8 8*465=3720

2552:319=8 8*319=2552

2944:736=4 4*736=2944

5562:927=6 6*927=5562

№4 Қалдықпен бөлуді орында

3781:465=8(қ 61) 2987:736=4(қ 43)

2552:319=8 (қ 146) 5693:927=6 (қ13)


№5

Үстел-6 Шешуі: 99000:(6+5 )=99000:11=9000т

Парта-5 Жауабы: 9000т

Бір парта бағасы? 9000*5=45000т ж: 5п 45000т

Бір үстел 9000*6=54000т ж: 6ү 54000т

5 парта қанша

6 үстел төленді?

№7

376376:56=6721 209*205=42845



8ц7кг*56=4872 18т:250кг=72

№8

88101+9870:35=88383



49469-14382:47=49163

51643-22320:36=51023

67431-2772:21=67299

452*16-3101=4131



IV Шығармашылық жұмыс

Барлығы :3936 Ш: 32*54=1728



  1. Сиыр -32 3936-(32+1728)=3936-1760=2176

  2. Жылқы-1728

  3. Қой -?

V Семантикалық карта

(20+3)*2



350

150

46

472



















(40+5)*3











(72-2)*5











236*2












Сәйкестендіру тесті

( 20+3)*2 472

(40+5)*2 350

236*2 135

(72-2)*5 46

VI«Ғажайып алаң » ойыны



  1. 8-ге көбейткенде 32 шығатын санды тап

  2. Қандай санды 4есе арттырғанда 28 шығатын санды тап ?

  3. Тік төртбұрыштың периметрі неге тең ?

  4. Қандай санды 3есе арттырса 900 шығады?

  5. Қандай санды 9-ға бөлегенде 4 шығатын санды ?

  6. Қандай санды 4есе кеміткенде 6-шығатын санды тап ?

ѴІІ . Үйге тапсырма № 6


ѴІІІ. Бағалау.


Пәні : Еңбекке баулу
Сабақтың тақырыбы: Бүрмелі қалта

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: жапсырма қалта мен бүрмелі қалтаны тігу технологиясын, тігіс түрлерін үйрену.

Тәрбиелік: жапсырма қалтаның орындалуы арқылы оқушылардың шеберлігін шыңдау мақсатында тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойында икемділік пен қос тігістерді орындау арқылы іскерлікті дамыту.

Пәнаралық байланыс: математика: тігіс адымы, бөліктерді қосуда жиектерін есептеп қалдыру мақсатында шб: N1:1 сызғыш пайдаланылады Сурет: қалта, киім бөліктерін эстетикалық талғамға сай түс таңдап, қиып қосып тігу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, мата, ине, жіп, буклеттер, карточкалар, оймақ, қайшы, сантиметрлік таспа, бұрыштық, тігін боры

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

- Балалар, бүгін сыныпта кім кезекші?

- Оқушылар түгел ме?

- Қазір еңбекке баулу сабағы.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау



  • Үйге қандай тапсырма берілді?

  • Жапсырма қалтаның үлгісін жасау.

  • Үлестірмелі қағазбен жұмыс.

Сыныпты екі топқа бөлемін.

1) шебер 2) Іскер

Өтілген сабақтар бойынша қойылатын сұрақтар:


  • Көркем еңбек тақырыбы неше сағатқа берілген?

  • Көркем еңбек тақырыбының неше сағатын өттік және қандай тақырыптарға тоқталдық?

  • Матамен жұмыс туралы не білесің?

  • Матамен жұмыс кезінде қажет құрал-жабдықтарды атап бер.

  • Мата қиындыларынан сүлгіше қалай жасалады?

  • Құрақ өрнек құрастыру дегеніміз не?

  • Құрақ жылан жасауды қалай құрастырамыз?

«Кім тапқыр?» ойыны. Жұмбақтар шешу.

  1. Киімдегі қуыс, ұсақ түйекке ыдыс. (қалта)

  2. Сырты тегіс, іші егіз. (тон)

  3. Бір шұңқыр, бір шұңқырда қырық шұңқыр. (оймақ)

  4. Жіпсіз жүрмейді, жүрген жерін түйрейді. (ине)

  5. Тоққа тисе мұрты ұзын

Табанымен жазық

Киімдердің қыртысын

Береді тез жазып. (үтік)

ІІІ. Жаңа сабақ. Бүрмелі қалта.



  • Балалар, біз бүгін «Бүрмелі қалтамен» танысамыз.

Кіріспе

Қазақ халқының қол өнері көне заманнан тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай қазақ халқы қалтамен жүруді әдетке айналдырған.

Қалта - киімнің құрамдас бөліктерінің бірі. Жапсырма қалта, жарма қалта, төс қалта, омырау қалта, ішкі қалта болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Қалтаға өзіндік матадан жасалған жиек шілтер, түрлі таспа баулар пайдаланылады.

Қалтаның енін әдеттегі жапсырма, қалтаға қарағанда 10 см артық етіп пішеміз. Жоғарғы шетін қалта түсінен басқа түсті жіппен жиектеп кестелейміз. Жиегін кестелеген кезде жоғарғы шетінен 3-5 мм әдіп қолданамыз. Ені 6 мм, ал ұзындығы қалтаның ұзындығынан 10 см қысқа созылғыш (эластикалық резеңкелі) таспа аламыз. Жоғарғы шетінен 3-4 см төмен түсіп сиясы тез өсетін жұмсақ таңбалағыш қарындашпен қалтаға белгі саламыз. Белгіленген сызық бойынша, қалтаға созылғыш таспаны қойып тігеміз. Қалтаның төменгі шетіне әрқайсысы 2-3 см-ден екі бүрме аламыз. Тігіс әдібін әдеттегі қалтадағыдай етіп үтіктейміз. Міне, біз бүгін бүрмелі қалтаны осылай тігеміз.

Оқулықпен жұмыс: Оқушыларға бүрмелі қалтаны тігуді көрсету. Бүрмелі қалта жасау.

Сөзжұмбақ «Еркем-ай»



  1. Түйенің баласы қалай аталады?

  2. Төрт түліктің төресі?

  3. Ненің сүті тілінде?

  4. Тышқанды аулайтын үй жануарын тап.

  5. Өсімтал малды ата.

  6. Ешкінің баласын ата.

  7. Төрт түліктің момыны.

  8. Иттің баласын айт.

  9. Не кісінейді?

  10. Жылқының баласы қалай аталады?

  11. Құлыннан үлкен не?

  12. Үй құсының атын тап.

Осы сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, бүгінгі өтіп жатқан жаңа тақырыбымыз шығады.

«Ойлан, тап» ойыны. Маталардың атын табу.

Венн диаграммасы
Жапсырма қалта Бүрмелі қалта


Жапсырма қалта

тік бағыттағы қалта

Киімге

орналастырылады

Қалта орналасқан

жерде бүрме болмайды



Жапсырма қалта

тік бағыттағы

орналастырылады қалта

Киімге


Қалта орналасқан

жерде бүрме болмайды






Киімдердің сәндік декоративтік бөлігі,

тігілу әдістері бірдей





Бүрмелі қалта киімнің

бүрме жиналған жеріне орналастырылады.

(айталық, резеңке белді

көйлек немесе юбка)

Кокеткаларда болады.

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

Сұрақ-жауап


  1. Бүрмелі қалтаның үлгісін қалай жасайды?

  2. Жапсырма қалтаның бүрмелі қалтадан айырмашылығы қандай?

  3. Қалтаның жоғарғы жағының өлшемін қандай?

Ү. Үйге тапсырма. Бүрмелі қалта

ҮІ. Бағалау. Оқушыларды жауаптарына қарай бағалау

Сонымен, бір сабақтың үстінде бірнеше жаңа технологияның элементтерін пайдалануымызға болады деп ойлаймын. Сабақтың басты мақсаты тек технологияларды қолдану ғана емес, сонымен бірге оқушыларға әр түрлі жолдармен білім беру және бекіту.

Қорытынды жасай отырып, жаңа педагогикалық технологияларды әр сабақта қолданудың тиімді жақтарын көрсетуге болады:



  • Оқушының тұлғасын дамыту;

  • Пәнге қызығушылығын арттыру;

  • Ауызша және жазбаша тілін дамыту;

  • Тез әрі тереңне ойлау қабілетін дамыту;

  • Жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу;

  • Өз ойын ашық айта білу;

  • Деңгейі төмен оқушыларға өз білімін көтеруге мүмкіндік туғызу.

Бүгінгі таңда қоғам білім беру саласына және мұғалімдерге үлкен де жоғары талап қояды. Сондықтан мұғалімдер әркез және үздіксіз ізденісте болуы керек. «Қырық бес жыл мұғалім болсаң да, қырық бес минуттық сабаққа мұқият дайындал» дегендей, әр сабақтың қызықты да тартымды, сапалы өтуі үшін үлкен дайындық қажет.


Пәні : Математика
Сабақтың тақырыбы : Натурал сандар

Сабақтың мақсаты : Бірліктерден ондықтардың құралатындығын түсіндіру, ондық терминін енгізу.

2. Шапшаң есептеу , тез ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Ізденгіщтікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдісі : ойын, көрнекілік, сұрақ –жауап, түсіндіру , аукцион.

Құрал- жабдықтары: Компьютер, интерактивті тақта.

Түрі : ойын.

Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық .

Қайырлы күн, достар!

Бүгінгі күн міне,

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз,

Кіл бестіктер болсын !



  • Балалар , бүгңн біз сендермен ондық тақырыбындағы сабағымызды ойын ойнау арқылы өткіземіз. Сендер ойын ойнаудыжақсы көресіңдер ме ?

  • 1слайд Ойын түрлерімен таныстыру

Ойын түрлері


Балық аулау

Гүл теру

ІІ Үй тапсырмасын тексеру және бекіту.

1./Бірнеші оқушыға оқыту, өзара тексереді/

2. Балық аулау ойыны. Экраннан санды өрнек, әріпті өрнек, теңдеулер жазылған балықтар суреттері көрсетіледі./3оқушыға шығарту/

3слайд . Санды өрнек : Әріпті өрнек : Теңдеулер :

7+2 7 – а 9-а =8

6+3 а+5 7+а= 9

9-2 10-а а-6= 2

3Үй тапсырмасын бекіту

4слайд . Сурет бойынша теңдеу құрастыру



  1. 5алма ÷ х =10алма 2) дөңгелектер 0 + х = 0 3) Төртбұрыш ÷ х= төртбұрыш

5слайд. 5÷х= 10 5+х= 3 3÷х = 4

  1. Өткенді пысықтау.

  1. Геометриялық фигураларды ата ?

  2. 5санының көршілерін атап бер ?

  3. Қосудың компоненттерін ата ?

  4. 7 санының құрамын атап бер ?

  5. Қосу амалының қасиеттерін ата?

  6. Азайтудың компоненттерін ата ?

  7. Ұзындықты өлшейтін құрал.

  8. Заттарды бір –біріне біріктіруге қандай амал қодданамыз ?

ІІ. Жаңа сабақ : Ондық Натурал сандар




Көршісін тап

Акцион ойыны

Көркем жазу/суреттер ішінен цифрларды тауып, өсу ретімен жазу/1,3,6,8,13,6,8

2.»Гүл теру»ойыны

1,2,3,4,5,6,7,8,9, бір таңбалы натурал сандар .Жұмбақ шешу.

-Гүл қайда өседі? /бөлмеде, далада/

-Гүлдерді кімге сыйлайды ? /аналарға /

-Гүл қандай өсімдік ? / нәзік, әдемі/

1-1-ден санай отырып , гүлді жинаймыз

1÷ 1 2÷ 1 3÷ 1 4÷ 1 5÷ 1 6÷ 1 7÷ 1 8÷1

1,2,3,4,5,6,7,8,9,-бұлар натурал сандар.


3. 9гүлге 1гүл қоссақ 10гүл болады, яғни 1 ондықты құрау үшін он бірлік керек екен.


10бірлік = 1 ондық

4. тапсырма Проблемалық тапсырма

Таяқшалардан 1 ондықты құрастыру тапсырылады.

ІѴ. Оқулықпен жұмыс :

№ 1 Таяқшаларды санап, ондық шығатына назар аударылады.

№2 10см-дің 1дм құрайтындығын экрандағы кесінді арқылы түсіндіріледі.

Сызғыш суреті


10см = 1дм

Сергіту сәті

1,2,3 қарлығаш боп ұш,

4,5,6 қарлығаш боп қалқы

7,8,9,10 ұяңа қон

Ѵ. Тақтамен жұмыс

№3 8˂ 10 9см ˂ 1 дм Тиісті сандарды таңда :

№ 4 3+7= 10 6-2= 2 8-7= 1 5+4= 9 10-2=8 4+5= 9 7-4= 3

Кел ойнайық «Жұбын ата »

0+1 0+3 5+0 2+0 0+7 8+0

ѴІ Шығармашылық тапсырма Қандай сурет болуға тиіс ?

Математикалық диктант



  1. 1мен 7 –нің қосындысын жазып, мінңн тап .

  2. 10мен 3-тің айырмасын жазып, мәнін тап.

8слайд «Көршісін тап » ойыны

*7* * 2* *3* *5* *4* *6* *8* *9*

9слайд Логикалық тапсырма

1.Табақта -4алма 2. Көлден ұшты 7қаз

Қалтамда -2алма Қайтып қонды екі қаз

Үстелде -3алма Қонбады оның нешеуі

Барлығын қосқанда болады неше алма ?/9/ Қане, кім , тез шешеді?

3.Тауық екі аяқпен тұрғанда 3кг, ал бір аяпен тұрғанда неше кг ?

4.Бір жұмыртқа пісу үшін 5 минут қажет, 2жұмыртқа пісу үшін неше минут қажет ?

ѴІІ Сабақты бекіту

Аукцион ойыны .

/Заттардың суреттері көрсетіліп, осы заттар сатылатыны хабарланады. Заттарды сұраққа жауап беріп сатып алады ?/


  1. 1және 10 санының ұқсастығы неде ?

  2. 10санында 1ондық бар екенін қай цифр білдіреді ?

  3. 0цифры нені білдіреді?

  4. 1,2,3,4,5,6,7,8,9 –қандай сандар ?

  5. 1ондықты неше бірлік құрайды?

  6. 10см-де неше дм бар ?

  7. Ағаш басында 7құс отыр еді. Оларға тағы бір құс ұшып келді. Барлығы неше құс болды ?

  8. Жаңғақты 5-тен бөліп алайын десе 1жаңғақ жетпейді . Ыдыста неше жаңғақ болды ?/9/

  9. 10асықтың 3-еуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? /7/


  1. Табақта бес алма

Қолымда 3алма

Інімде 2алма

Қосқанда барлығы

Болады неше алма ? /10/

ѴІІІ. Сабақты қорытындылау . 2 қатарға жеке-жеке тапсырма беру


  1. Салыстыру 2) Өрнектің мәнін табу

ІХ. Бағалау.

Х . Үйге тапсырма беру. №5 есеп




ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 27.07. 2007 ж., № 319-III ҚРЗ Заңы. Астана. Ақорда

  2. ҚР МЖМБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.

  3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004.

  4. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999.

  5. Е. Өтетілеуов, «Балақай» - Алматы қ.: Жалын баспасы, 1986 ж.

  6. Гризик Т.И., Аймагамбетова К.А., Майкова Г.Ж. «Познаю мир»: Метод. рекомендации для воспитателей. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007.

  7. Грибовская А.А., Левченко Т.А. «Народное искусство и детское творчество»: Метод. пособие для воспитателей – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 год.

  8. На пороге школы: Методические рекомендации для воспитателей. Т.Н. Доронова и др. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 год.

  9. Арушанова А.Г. «Речь и речевое общение детей». – М.: Мозаика-Синтез, 1999.

  10. Рунова М.Н. «Двигательная активность ребенка в детском саду». – М.: Мозаика-Синтез, 2003.

  11. Рыжова Н.А. «Экологическое образование в детском саду». М.: Карапуз-Дидактика, 2004.

  12. Терпугова Е.А. «Валеологическое воспитание детей дошкольного возраста: методич. пособие для педагогов. - Ростов н/Д: Феникс, 2007.

  13. Соловьева Е.В., Коренькова Л.Г., Копытова В.И. «Математика и логика для дошкольников»: Метод. рекомендации для воспитателей. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007.

  14. Парамонова Л.А. «Теория и методика творческого конструирования».- М.: Академия, 2001.

  15. Шулешко Е.Е. «Наглядно-дидактическое пособие по обучению дошкольников чтению, письму, счету» - М.: Мозаика-Синтез, 2002.

Мазмұны


1.Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------------

2.Бастауыш кластарға арналған ойын түрлері ---------------------------------

3.Бастауыш класс оқушыларын шығармашылыққа баулу------------------------

4.Дамытушы ойындар --------------------------------------------------------------------

5. Жаңаша бағытпен -----------------------------------------------------------------------

6.Сауат ашу ----------------------------------------------------------------------------------

7.Математика------------------------------------------------------------------------------

8.Қоршаған орта -----------------------------------------------------------------------

9.Математика --------------------------------------------------------------------------------

10.Еңбекке баулу ----------------------------------------------------------------------------



11. Математика -----------------------------------------------------------------------------
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет