Пәні: Информатика
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы:§4.13 Графикалық нысандарды және декоративтік жазбаларды кірістіру
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін жаңа сабақта пайдалану, тақырып бойынша білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Word-тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларға мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу. Тақырыптың мазмұнын түсіну, топтық талқылауларға қатысып, өзіндік пікір қалыптастыра білу,бағалау арқылы өз білімінің деңгейін саралау.
Күтілетін нәтиже:
Тақырып бойынша білімдерін кеңейте алады.
Топ арасында ынтымақтастық қалыптасады
Ауызша сөйлеу қабілеттерін дамыта алады
Сыни тұрғыдан ойлана білуге үйренеді.
Өзін –өзі бағалай алады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы
Пәнаралық байланыс: сурет, ағылшын, орыс, қазақ тілдері
Оқыту әдітері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер,слайд, анимация, оқулық, электронды және деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
ІІ. Өткен сабақты бекіту (10 мин)
«Зерделеу» (Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар беріледі.)
«Ой қозғау»
Плакатпен жұмыс- екі топқа плакаттар беріліп, оқушылар өз жұмысын қорғайды
«Ақпаратты қабылдау» (2 мин)
Сұрақ қою әдісі арқылы сөздерді құрастырып шыққан сөздерді оқу арқылы жаңа сабақты ашып аламыз.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (10 мин)
«Ақпарат алмасу» практикалық тапсырмалар. ( Оқушылар компьютерде WORD- мәтіндік редакторінде Жеңістің -70 жылдығына арналған шақыру бетшелерін жасайды.)
ІV. Жаңа сабақты бекіту (10 мин)
Суретті кірістіру үшін қай әрекеттерді орындайды?
(дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды!)
Мәтінді туралайтын батырмалардан тұратын асқабақтарды жина!
V. Қорытынды. Кері байланыс. Бағалау (5 мин)
VІ. Үйге тапсырма (5 мин)
I. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
Психологиялық дайындық «Күн шуағы шашылсын!»
Топқа бөлу. (Оқушылар күн суретін ұстап бір – біріне жақсы тілектер айта отырып, конверттен билет суырып, кім қай топқа баратынын анықтайды)
І топ -Файл тобы
І топ Бума тобы
ІІ. Өткен сабақты бекіту (10 мин) Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар беріледі
1. Интервал жоларалық
2. Нөмірленген тізім
3. Маркерленген тізім
4. Редакциялау
5. Пішімдеу
6. Кесте деген не?
7. Ұяшық деген не?
8. Tab пернесінің қызметі?
9. Мәтінді қиып алу?
10. Мәтіннің орның ауыстыру
11. Ұяшықтарды біріктіру
12. Кестені жою
13. Мәтінді көшірмелеу
14. Мәтінге шегара қою
15. Абзац қою
«Ой қозғау» Плакатпен жұмыс- екі топқа плакаттар беріліп, оқушылар өз жұмысын қорғайды
3. «Ақпаратты қабылдау» 2 минут
Сұрақ қою әдісі арқылы сөздерді құрастырып шыққан сөздерді оқу арқылы жаңа сабақты ашып аламыз.
1. Мәтіндік процессор? – WORD
2. Септік жалғауы? – тың
3. Ағылшынша ‘’grapho’’ сөзінің қазақша, орысша аудармасы қандай? – графика
4. Сын есім тудыратын жұрнақ? – лық
5. “Возможности”- сөзінің қазақша аудармасы қандай? – мүмкіндіктер
Жаңа сабақтың тақырыбы:
Графикалық нысандарды және декоративтік жазбаларды кірістіру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (10 мин)
1. Графикалық редакторында сурет салу
2. Суретті ерекшелеп алып, алмасу буферіне енгізу
3. Суретті алмасу буферінен алып, құжатқа кірістіру.
4. Мәтіндік құжатты ашу және меңзерді сурет кірістірілетін жерге апару.
«Сурет салу» (Рисование) панелін қолданып графикалық бейне жасау
1. Аспаптар панелінен Автофигуралар командасынан қажетті фигураны таңдау.
2. Суретті ерекшелеп алып, сызықтың түсін, типін өз қалауыңша ауыстырасың.
3. Суретті белгілеп алып, құю командасын орындай отырып бояйсың.
4. Салынған сурет еркін бағытта жылжу үшін оны белгілеп алып, аспаптар панелінен Обтекание қосымшасынан вокруг рамки және т.б.таңдап, ОК шерту.
Дайын суреттер кітапханасынан алынған суреттерді кірістіру
Достарыңызбен бөлісу: |