Ойынның психологиялық негіздері



Дата03.06.2020
өлшемі23 Kb.
#72104
Байланысты:
ойын лекция


Бүгінгі ұлттық мәдениетке, халықтық дәстүрге, олардың тарихы мен даму жолдарына қайта үңіліп, мәдениет пен білімді дамытуға барынша қолдау жасалынып отырған кезеңде жалпы білім беретін мекемелердегі оқу тәрбие үрдісіндегі мәдениетті, білімді, саналық ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарымызды тиімді пайдалана білу, жеке тұлғаның жан – жақты өсіп дамуына, рухани адамшгершілік мәдениетінің қалыптасуына мүмкіндіктер жасалынуда. Конфуций: «Ең үлкен саясат – тәрбие» депті. Өйткені тәрбие – бәрінің де негізі, жас буынның адамдық тұлғасының қалыптасуының негізі. Жасөспірімнің елін сүйетін қайратты, намысты азамат өсуі де, немесе «өзі үшін оттаған хайуандай» (Абай) айнала – төңірегіне самарқау, тоғышарлық көзбен қарайтын жан болуы да тәрбиеге тікелей қатысты. Сондықтан да жас ұрпақтың бойында халқына, оның өткені мен бүгініне деген мақтанышты, ұлттық сезім мен сананы, ұлттық биік рухты қалыптастыруда ойын түрлерін пайдаланудың маңызы зор.



Ойынның психологиялық негіздері.
Жоспары:
1. Ойын әрекетіне жалпы психологиялық сипаттама.
2. Сәби шақтағы баланың ойын әрекеті.
3. Бейнелеу ойыны – сюжетті ойынның алғашқы кезеңі.

Мектепалды даярлық тобының балалары 5-6 жасты қамтиды. Бұл кезең балалардың танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен өзара байланыс жасауы, өзін-өзі бағалауы, жетекші әрекеттерінің дамуымен сипатталады. Бұл кезең психикалык және әлеуметтік даму үшін өте қажетті, себебі, баланың әлеуметтік мәртебесі түбегейлі өзгеріп, біртіндеп оқушыға айналады. Әлеуметтік жағдайының өзгеруіне байланысты жаңа әлеуметтік міндеттері туады, жетекші әрекеті ойыннан танымдық бағытталған әрекетке біртіндеп ауысады. Баланың психикалық (көрнекті - бейнелі және абстрактылы-қисынды ойлау, ырықты ) дамуында да өзгерістер байқалады.



Ойынның педагогикалық мәні
Жоспары:
1. Ойын теориясының өзекті мәселелері. Ойынның педагогикалық теориясы. 
2. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ойынның орны.
3. Қазақстан Республикасында ойын теориясының дамуы.

Балалардың тілін дамытуда ойынның орны ерекше. Ойында адамдар өмірінің сан қыры, тұрмыс-тіршілігі, еңбегі, дүниетанымы, арман-тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректілік пен жігерлікке құлшынысы көрініс табады. Халық педагогикасында ойындар өте көп және мазмұндары да, бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан - алуан, әрі қызғылықты. Олар, «Алақан соқпақ», «Тақия тастамақ», «Айгөлек», «Аңдардың айтысы» т.б. Мәселен, «Аңдардың айтысы» атты ойында жүргізушінің талабына сай әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде нақты ұғымды, шығармашылық қабілетті, жеке және топтасып ән айту дағдысын жетілдіріп, тілін дамытады. Ойын ережелерінің тәрбиеленуші үшін үлкен тәрбиелік маңызы бар. Олар ойын барысын белгілейді, тәрбиеленушінің тәртібі мен іс-әрекеттерін, олардың өзара қарым- қатынасын бақылап, ерік - жігерінің қалыптасуына ықпал етеді.



Балалар ойынының жіктелу формалары
Жоспары:
1.Ойынның(ақыл-ой, сенсорлық, моторлық ойын) жіктелуі.(Ф.Фребель).
2. Неміс психологі К.Гростың ойынды педагогикалық мәніне қарай жіктеуі.
3. Балалардың шығармашылығы мен дербестігін дамыту принципі, жіктелуі.

Эстетикалық тәрбиенің мынандай категориялары бар: эстетикалық, қажеттілік - эстетикалық бағалы заттарға баланың ұмтылуы, қажет етуі, қызығуы; эстетикалық бағалау - белгілі-бір нысанның «әдемі - әдемі емес», «ұнайды – ұнамайды» түсініктерімен реттелетін эстетикалық бағалауын орнату тәсілі; эстетикалық сезім - баланың шындыққа тікелей қатынасы, уайымдауы; эстетикалық талғам - әр түрлі эстетикалық нысандарды дифференциалды қабылдап, баға беруі, жалған және шынайы сұлулықты ажырата білу Мектеп жасына дейінгі балалардың сөжеттік-рольдік ойындары.


Жоспар:
1. Сюжеттік-рольдік ойындарға сипаттама. Педагогикалық зерттеулер.
2. Сюжетті-рольді ойынды ұйымдастыру әдістемесі.
3. Аталған ойынның алғышарттары.

Ойында мазмұнына,өзіне тән ерекшеліктеріне,олардың балалар өміріне,тәрбиесі мен оқыуна қандай орын алатынына қарай ажыратылады.


Сюжетті-рольді ойындарды тәрбиешінің кейбір басшылығымен балалардың өздері жасайды.Бұл ойындардың негізі-балалардың өз өнерпаздығы.Кейде мұндайдарды творчестволық сюжетті-рольді ойындар деп атайды,сол арқылы балалардың қайсыбір құбылыстарды жай көшіріп қоя салмай,олардың творчестволық ой елегінен өткізетінін,сөйтіп өздері жасайтын бейнелерде,ойын әрекеттерінде қайталайтынын атап көрсетеді.Дараматизацияланаған және құбылыс ойындары сюжетті рольді ойындардыңбір түрі болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау және режиссерлік ойындарына сипаттама.
Жоспары:
1. Драмалау ойынының психологиялық, педагогикалық негіздері.
2. Драмалау ойыны, оның түрлері.
3. Режиссерлік ойынның шығармашылық сипаты, мәні, ерекшелігі.
4. Режиссерлік ойынды дамытудың педагогикалық шарттары.

Драматизация ойындарында мазмұн, рольдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің және т.б сюжеті мен мазмұнына шарттас болады.Олар сюжетті-рольді ойындарға ұқсас екеуі де құбылыстарды,оқиғаларды, адамдардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарын, т.т. шартты түрде елестетуге негізделген,сондай-ақ екеуінде де творчество элементтері бар. Драматизация ойындарының өзіндік ерекшелігі сол, ертегінің немесе әңгіменід сюжеті бойынша балалар белгілі бір рольдерді атқарады,оқиғаларды дәл жүйелілікпен Мектеп жасына дейінгі балалардың 


шығармашылық және ережелі ойындар 
Жоспары:
1. Шығармашылық ойындар, оның теориялық негіздері.Дамытушылық сипаты, түрлері.
2. Фантазиялық ойындар, оның псигологиялық-педагогикалық негіздері.
3. Ережелі ойындар, оның теориялық негіздері

Эстетика - сезім әлеміне қатысы бар құбылыстарды зерттейтін философияның бір саласы болса, эстетикалық тәрбие көбінесе адамның сезімін тәрбиелеу арқылы санасына әсер етіп, іс-әрекетіне бағыт-бағдар беруді көздейді. Жүріс-тұрыс, адамдар арасындағы қарым-қатынас талаптарын түсініп сезіну оның эстетикалық жағын қамтиды. Этика мен эстетика іс-әрекет, жүріс-тұрыс, мінез-құлық көріністері арқылы бірі-бірімен байланысып жатады, Әр нәрсенің мөлшері мен өлшемін білу эстетикалық жақтан сезіну арқылы келеді. Эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі - сезім әлеміне әсер ету, оны дамыту, қалыптастыру.



Мектеп жасына дейінгі балалардың құрылыс ойындарына сипаттама.
Жоспары:
1. Құрылыс ойынының теориялық негіздері.Ф.Фребельдің, Л.К.Шлегердің жүйесі.
2. ТМД елдеріндегі мектепке дейінгі педагогика ғылымында құрылыс ойынының теориясы.
3. Ойынның алғы шарттары.

Құрылыс ойындарының өзіндік ерекшеліктері.Олардың тәобиелік мәні.Құрылыс ойыны — балалар іс-әрекетінің бір түрі,оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі,құрылыстарда және соларға байланысты іс-әрекеттерде бейнелеу болып табылады. Құрылыс оиыны қайсыбір жағынан сюжетті-рольді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу — қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар темір жолдар, театрлар, цирктер және басқа көптеген құрылыстар салады Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің творчестволық ойын, конструкциялық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді. Сюжетті-рольді және құрылыс ойындарының тағы бір ұқсастығы сол екеуі де балаларды ортақ мүдде, бірлескен қызмет негізінде біріктіреді және коллективтік ойын болып табылады.



Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындары
Жоспары:
1. Дидактикалық ойындар – оқыту құралы. Ойынның мәні.
2. Ұлттық дидактикалық ойындар мен педагогикалық жүйедегі дидактикалық ойындар.
3. Дидактикалық ойынның түрлер мен үлгілері.

Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу – тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Дегенмен оқу – тәрбие үрдісінің барлық мүмкіндіктері толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданылатын құралдарының бірі - ойын.



Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс ойындары.
Жоспары:
1. Ойынның теориялық негіздері.
2. Қимыл-қозғалыс ойындары, олардың жіктелуі

Қимыл – қозғалыс ойындарының тәрбиелік мәні педогоктық нысаналары басшылығымен қамтамасыз етіледі ,ол сөз кезегіненде ойын материалдары еркін меңгерумен балардың бойында эмоциялық өрлеу туғызатын сан алуан методиканы пайдаланады айқындалады.


Қимыл қозғалыс ойындарын іріктеп алу және жоспарлау сәйкес жүзеге асырылады Осығапн орай балалардың жасына байланысты белгілі бір тобындағы жұмыс жағдайын: балардың дене күші мен ақыл-ойы дамуының жалпы дәрежесін олардың қимыл жасау білеуінің даму дәрежесін әрбір баланың денсаулық жағдайы жеке басының типалогиясы ерекшіліктерін жыл мезгіл күн режимнің ойын өтгізілетін орынды сондай –ақ балалардың көзқарасын жан-жақтан ескеру қажет бағдарлама талаптарына сәйкес баларына өскелең саналығына олардың қимыл тәжірибесінде жинақтауы біртіндеп нысаналы түрде мектепке дайындалуы ескеріліп қимыл ойындары күрделеніп түрлендіреді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық ойын түрлері, мәні мен маңызы
Жоспары:
1. Ұлттық ойындардың тарихи мәні мен маңызы.
2. Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары, жіктелуі.
3. Ұлттық ойындарға басшылық жасау әдістемесі.

Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі


1. Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Балада жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр. Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет