Сары немесе қабыршықтанған тат.Қоздырғышы–Puccinia striiformis West.(син. Puccinia glumarum Eriks. et Henn.). Еліміздің оңтүстік жәнеоңтүстік- шығыс өңірлерінде таулы және тау бөктерінде орналасқан аймақтарда таралған, кей жылдары бидай және арпа егістерінде эпифитотия дәрежесіне дейін дамиды.Шығыста,солтүстік және солтүстік-шығыс, батыс өңірлерде бұл ауру сирек кездеседі, аса қатер төндірмейді. Ауру белгілері жапырақ тақтасында жіңішкелеу жолақтар, немесе бір-біріне ұласқан сызықшалар ретінде байқалады.Масақ қауыздарында дасарғылт жолақтар түзіледі, олардың астында саңырауқұлақ споралары шоғырланып, нәтижесінде дән толыспай шөпек болып қалады. Урединиоспоралардыңпішіні дөңгелектеу, немесе эллипс тәріздес, сыртқы қабықшасы түссіз, сүйел сияқты ұсақ бедерлері бар, мөлшері -15-30 мкм. Өсімдіктер өсуінің соңына қарай урединийлердің орнына реңі қара, жылтыр телийлер мен телиоспоралар түзіледі. Соңғылардыңпішіні түйрегіш тәріздес, екі жасушалы, мөлшері20-43 х 16-24 мкм.Астық дақылдарының сары татын қоздыратын саңырауқұлақтың аралық ие-өсімдігі соңғы жылдарға дейін белгісіз болып келді.Жақында қытай ғалымдары оның эций сатысы бөріқарақаттың бірнеше түрлерінде дамитыныын анықтап, молекулярлық маркерлер пайдалана отырып, бидай мен аралық ие-өсімдікте дамитын саңырауқұлақ түрінің бірдей екенін анықтады.
Көпшілік аймақтарда сары тат қысқа айналыммен дамиды, урединиомицелий сатысында күздік бидай егісінде, жабайы астық тұқымдастарда қыстап шығады, көктемде урединий түзеді. инфекция жаздық бидай мен арпа егістеріне күздіктентаралады. Жаз бойы саңырауқұлақ бірнеше урединий ұрпақ береді, сондықтан ауру тез таралады.Урединиоспоралардың өніп-өсуіне 15-17 0С аралығындағы температура қолайлы, ол 20-25 0С және одан жоғары болса аурудың дамуы баяулайды. Сол себептен сары тат көбінесе оңтүстік және оңтүстік –шығыс аймақтарда сәуір мен мамыр айлары жаңбырлы, температура төмен жылдары, ауа-райы қоңыр- салқын келетін таулы аймақта күздік бидай мен арпа егістерінде жиі байқалады. АҚШ және Батыс Еуропа ғалымдарының деректеріне қарағанда соңғы жылдары ауру қоздырғышының жоғарғы температураға бейімделген нәсілдері байқалуда.Еліміздің оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерінің тау бөктерінде жиын-терін жұмыстары шілде айында аяқталып, күздік бидай 2-3 айдан кейін ғана егіліп, қазан немесе қараша айларында өскін шығады. Табиғи ортада ие-өсімдік болмағандықтан инфекция ұзақ уақыт сақталмайды, көбінесе ол көрші мемлекеттерден мамыр айының бірінші жартысында ауа ағысы және жаңбыр бұлттары арқылытаралады. Ауру қоздырғышының табиғатта үздіксіз айналымы үшін Алматы облысының таулы аймағы өте қолайлы.Жазы салқын және қысқа келетін бұл өңірде ауру қоздырушысы күздік бидай егісіндеурединий сатысында дамиды. Ол тамыз айының ортасы мен егілетіндіктен қыркүйек айының бірінші жартысында егілетіндіктен осы кезде жиналып жатқан өткен жылғы егістен ұшқан урединиоспоралар жаңа шыққан өскіндерді залалдайды,олар ауруға 50-100%- ға дейін шалдығады.Ауру қоздырғышы жабайы астық тұқымдастарда қыстап шығуы мүмкін.