Қатты немесе дымқыл қаракүйе.Қоздырғышы –Tilletia secalis Kuhn. Ауру белгілері дән балауызданып пісіп келе жатқанда байқалады.Залалданған масақтар күңгірт-жасыл реңімен ерекшелінеді,масқашаларда дән орнына қаракүйе түйіршектері түзіледі. Масақша қауыздары толық жабылмай, ішінен жұқа үлбірмен көмкерілген қаракүйе түйірлері көрініп тұрады. Телиоспоралардың пішіні шар тәріздеснемесе сопақтау, көлденеңі18-22 мкм,реңі күңгірт-қоңыр,сыртқы қабықшасы сәл торланған. Инфекция топырақта сақталуы мүмкін және тұқым арқылы таралады.
Сабақ қаракүйесі.Қоздырғышы– Urocystis occulta Rab. Ауру белгілері өсімдіктердің сабақтану мезгілінен бастап, дән сүттенуге дейінжапырақ қынабы мен сабақ буынаралықтарында жұқа үлбірмен көмкерілген,саңырауқұлақтелиоспораларынан тұратын қара жолақтар ретінде байқалады. Кесел қатты жайлаған өсімдіктердің өсуі кенжелейді, жапырақтар ширатылып,масақтанбауы мүмкін.Кей жағдайда оныңбелгілері масаққауызында байқалады. Қарабидаймен қатар бұл саңырауқұлақ күздік және жаздық бидайды және тритикалені залалдайды. Спора жиынтығы дөңгелектеу немесе сопақтау келген,мөлшері 15-40 мкм,ортасындадиаметрі 10-18 мкм дөңгелектеу немесе эллипс тәріздес, алшетінде көлденеңі3-13 мкм,қоңыр жасушалармен қоршалған.Инфекция тұқым арқылы таралады және топырақта ұзақ сақталады. Көбінесе жас өскіндер залалданып, ауру сабақты бойлай жүйелі таралып, жапырақтарда да байқалады. Оның дамуына топырақылғалдылығы25-40% , температурасы 15-20 0Саралығында болғанықолайлы.
Қастауыш немесе қарамық.Қоздырушысы–Ascomycota класының Клавицепиталдылар қатарына жататын Claviceps purpurea Tul. Масақшада дән орнына ұзындығы 3-4 см жететін,мүйізше тәріздес, саңырауқұлақ склероцийлері түзіледі. Олар жиын-терін кезінде аңызғашашылып, немесе үгітілген сынықшалар орылған дәнмен араласып қоймаға түседі. Көктемде тұқыммен бірге себілген немесе топыраққа түскен склероцийлер өніп, жеміс денелерінің жиынтығынан тұратын, диаметрі 3-4 мм 200-300. әрқайсысында 8-16 қалташалар бар қызғылт н перитецийлертүзеді. Дәнді дақылдар мен жабайы астық тұқымдастар гүлдей бастаған мезгілде олар жарылып,босаған аскоспоралар ауа ағынымен егіске таралады. гүлдеп тұрған масаққа қонып, тамшы ылғал болса өнеді, түзілген мицелий аналық түтікшесі арқылы ұрыққа еніп, жаңадан байланып келе жатқан дәнді торлап, склероций жиынтығына айналдырады.Аналық аузында саңырауқұлақшық тәріздес қоймалжың зат бөліп шығарады, ол гүл шырынымен қоректенетін бунақденелілерді еліктіреді, олар инфекцияны басқа өсімдіктерге таратады.Қастауыш бидай егілетін барлық аймақтарда таралған. Дегенмен де қарабидай мен арпа және кейбір жабайы астық тұқымдастарда бұл ауру жиірек кездеседі.Оңтүстік-шығыс, солтүстік және шығыс аймақтарда егілетін күздік және жаздық бидай егістерінде өте сирек асатын болса, дән ұн тартуға және малға жем ретінде пайдалануға жарамайды. Себебі склероций құрамында зәрлілігі өте жоғары эргоалкалоидтар бар. Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады, тұқым арқылы да таралуы мүмкін