Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет7/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Микоплазмалар біраз ерекшеліктері бойынша вирустарға, ал кейбір қасиеттері бактерияларға жақын. Пішіні көбінесе дөңгелектеу, дене көлемі 300-ден 800 нанометрге (нм) дейін жетеді. Электронды микроскоп арқылы олардың жасушалары жұқаүш қабатты мембранамен көмкерілген, рибосом тәріздес грануладан тұратынын байқауға болады. Цитоплазмада ДНК-дан тұратын ядро, ал шеттерінде нуклеин қышқылдары және зат алмасу үрдісіне жауапты ферменттер жинақталған.Олар аналық жасушаның бөлшектенуі, немесе бүрленуі арқылы көбейеді. Бұрын өсімдіктердіңвирус аурулары деп саналып келген,сарғылттану деп аталатын 40-тан асаауру түрлерін микоплазмалар қоздырады. Тасымалдаушылары цикадалар,олардың 60-тан астам түрі белгілі.
Вирустар жай микроскоппен көрінбейтін, мөлшер өте ұсақ, паразиттік тіршілікке бейімделген микроағзалар. Олардың жеке бөлшектері бір, немесе бірнеше қабат ақуыз молекуласымен қоршалған нуклеин қышқылынан тұрады. Генетикалық ақпаратбір немесе бірнеше рибонуклеин немесе дезрибонуклеин қышқылы арқылы таратылады. Вирустардың бір-біріненбіраз айырмашылықтары бар, сырт пішіндері таяқша, жіп немесе шар, кейде спирал тәріздес келеді. Таяқша тәріздестерінің ұзындығы 2000 нм жетуі мүмкін, ал шар пішінділерінің диаметрі 17 нм.Вирус бөлшектерін қоршап тұрған ақуыз қабықша - капсид деп аталады.
Вирус бөлшектерінің өсімдік ағзасында көбеюі басқа патогендерден ерекше. Олар ие-өсімдіктің нуклеин қышқылының белсенділігін доғарып, зат алмасу үрдісін өз пайдасына өзгертеді. Соның нәтижесінде өсімдік жасушасында тек вирустарға қажет ферменттер түзіледі. Дайын органикалық заттардан ақуыз бен нуклеин қышқылынан тұратынжаңа вирус бөлшектері түзіледі, олар плазмодесма арқылы көрші жасушаларға таралады. Өз кезегінде олар да жаңа вирус жасушаларын түзеді. Осылай миллиондаған вирус бөлшектері пайда болады, бұл өсімдік ағзасындағы қоректік заттардың сарқылуына әкеп соғады. Вирус инфекциясы өсімдіктердің тұқымы және көбею мүшелері арқылы, ал біразы олар бір-бірімен жанасу немесе түйісу кезінде жұғады. Инфекция бунақденелілер, атап айтқанда өсімдік биттері, бітене және тағы басқаларымен таралады. Тасымалдану ерекшеліктеріне байланысты оларперсистентсіз, персистентті және жартылай персистенті деп аталатын топтарға жіктеледі. Бірінші топқа жататындар өсімдік шырынымен қоректенісімен ауруды таратуға қабілетті, бірақта бұл қасиетін тез жоғалтатын болса, екіншілеріқоректенгеннен кейін вирус бөлшектерін денесінде көбейтіп, ауруды біраз уақыт өткенннен соң ғана жұқтыра алады және бұл қасиетін ұзақ мерзім сақтайды.
Вирустардың жіктелуіаса өзгере бермейтін қасиет - нуклеин қышқылдарының түріне, жіпшелерінің саны мен бөлшектерінің геномда орналасу ерекшеліктеріне негізделген. Осыған байланысты ДНК және РНК-дан тұратын вирустар деп үлкен екі топқа, ал олардың әр қайсысы бір және екі жіпті ДНК, үздіксіз геномдывирустар деп аталатын топтарға жіктеледі.
Вироидтар –өсімдік ауруларын қоздыратын микроағзалардың ішіндегі ең ұсағы, ақуыз қабықшасы жоқ, сақиналанған РНК-дан тұрады. Тіршілігі ие-өсімдік ферментімен тығыз байланысты, жоғары температураға, аса көгілдір және иондалған сәулелерге берік. Мәдени дақылдар мен сәндік өсімдіктердің вироидтар қоздыратын бірнеше аурлары белгілі. Оларға картоп түйнектерінің түйрегіштенуі, қияр жемістерінің бозғылттануы, қызанақ сабағының жоғарғы ұшының бұталануы, хризантема гүлінің хлорозды теңбілі, құлмақтың ергежейленуі, цитрус және кейбір субтропикалық дақылдардың аурулары жатады. Вироидтар адам мен жануарлардың ауруларын да қоздыруы мүмкін.

ДӘНДІ және ЖАРМА ДАҚЫЛДАРДЫҢ АУРУЛАРЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет