Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Жетілмеген саңырауқұлақтар немесе дейтеромицеттер



бет6/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Жетілмеген саңырауқұлақтар немесе дейтеромицеттерDeytermycota класына тән белгі –денесі көлденең перделермен бөлінген көп жасушалы мицелийден тұрады,жыныссыз, яғни конидиялы споралану жолымен көбейеді. Олар әр түрлі жынысты ядродан тұрады, гетерокариозис нәтижесінде қос ядролы, гаплоидты жағдайға көшеді. Дейтеромицеттердің тіршілік айналымының басым көпшілігі конидия сатысында өткенмен, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайында олар хламидоспоралар мен склероцийлер сияқты тыныштық қалпында ұзақ сақталатын мүшелер түзеді. Бұл кластың өкілдері көптеген дақылдардыңжапырақтары мен сабақтарында неше түрлі теңбіл дақтар (гельминтоспориоз, септориоз және т.б.), картоптың құрғақ, көкөніс дақылдары мен күнбағыстың ақ және сұр шіріктеріменқатар, фузариозды және вертициллезды солуын қоздырады.
Актиномицеттер – Actinomycоtа. Ферменттік белсенділігі жоғары болғандықтан басқа микроағзалар пайдалана алмайтын өсімдік қалдықтарындағы органикалық заттармен қоректеніп, оларды қарапайым қосылыстарға дейін ыдыратады. Actinomyces туысына жататын кейбір түрлеркартоп түйнектері мен қант қызылшасы тамыр-жемістерінің актиномикозды таз қотырыныңқоздырғышы ретінде белгілі. Топырақ пен өсімдік қалдықтарында фитопатогенді саңырауқұлақтарға белсенділігі жоғары антоганистер де кездеседі.
Бактериялар- Eubacteryale.Табиғатта кездесетінкөптеген түрлерінің тек біразы ғана өсімдік патогендері ретінде белгілі.Морфологиялық қасиеттері бойынша фитопатогенді бактерияларбір-біріне өте ұқсас келеді. Оларбір жасушалы, ядросы анық байқалмайтын, қарапайым бөліну арқылы көбейетінхлорофилсіз микроағза.Мөлшеріөте кіші, ұзындығы 0,5-4,5, ені - 0,3-0,6 микрон, пішіні көбінесе таяқша тәріздес.Көпшілігідара немесе қосарланғанжасушалардан тұрады, кейбір түрлері қысқа тізбек түзеді, денесіндегі талшықтары арқылы сұйық ортада еркін қозғалады.
Көп уақытқа дейін бактериялар тек морфологиялық белгілері бойынша ғана жіктелді. Жасушаның сырт пішіні мен мөлшері, капсула(сауыт) мен спораның түзілуі немесе түзілмеуі, талшықтардың бар-жоғы, Грам әдісімен боялуы немесе боялмауы және жасанды ортадағы себінділік ерекшеліктері негізге алынды.Өсімдік бактериоздарының қоздырғыштары нағыз бактериялар немесе Eubacteriales қатарына жататын Pseudomonas, Xantomonas, Agrobactеrium, Corinebacterium және Erwiniaтуыстарының өкілдері. Алғашқы екі туысқа жататын бактериялар жапырақтармен сабақтардың және жемістердің теңбілденуін, су тасымалдайтын түтікшелердің бітелуін, некрозжәне түрлі ісіктерді қоздырады.Ervinia туысына жататын бактериялар жеміс ағаштарының күйігімен қатар, көкөніс пен жемістерді,тамыр жемістерді сақтау кезінде дамитын сулынемесе шырышты шіріктің себепшісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет