Деформация.Вирус ауруларына шалдыққан өсімдіктердежиі байқалады. Жапырақтардың тақтасы мен жүйкелерінің біркелкі өспеуінен олар бұйраланады, қатпарланып, түтікше тәріздес ширатылады. Гүлдердің реңі өзгеріп алапестенеді, күлтешелері мен тостағаншалары жапырақшаға айналады, аталық пен аналықтары шамадан тыс көбейеді.
«Шайтан(мыстан) сыпырғышы».Қалталы және тат саңырауқұлақтарының әсерінен сүректі жеміс ағаштарыныңнегізгі бұталарында жанама бұташалар қаулап өседі. Соның салдарынан кейбір бұталардың сырт пішіні сыпыртқыға ұқсап кетеді. Көпжылдық шөптесін өсімдіктерде,мәселен жоңышқада, кездесетін осындай ауруды вирустар мен бактериялар қоздырады.
Жапырақ хлорозынемесе бозғылдануы– жұқпалы және жұқпайтын деп екі топқа бөлінеді. Егер аурудың себебі азот пен магнийдің жетіспеуі болса, онда алдымен төменгі жапырақтар сарғаяды.Көпжылдық жеміс ағаштарының өсуі үшін темір жетіспесе, ауру белгісібұтақ ұшындағы жас жапырақтардан байқалады.Инфекциясыз хлорозда жапырақтың сарғаюы тек мезофилдебайқалады, орталық және жанама жүйкелерге таралмайды.
Фитопатогенді саңырауқұлақтар.Саңырауқұлақтар патшалығы Myxomycota және Mycotaдеп аталатын 2 бөлімнен тұрады.Mycotaнемесе нағыз саңырауқұлақтарплазмодиофоромикота (Plasmodiophoromycota), хитридиомикота (Chytrodiomycota),оомикота(Oomycota),зигомикота(Zygomycota), аскомикота немесе қалталы саңырауқұлақтар (Ascomycetes),базидиомикота(Basidiomycota) және дейтеромикота(Deyteromycоtа)немесежетілмеген саңырауқұлақтардеп аталатын кластарға жіктеледі. Алғашқы төрт кластың өкілдері төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады. Олардың мицелийлері көп ядролы, көлденең перделермен бөлінбеген.
Плазмодиофоромикота– Plasmodiophoromycotaөкілдерінің өсіп-өнуі үшін сулы немесе аса ылғалды орта қажет, сондықтан ауа райында құрғақшылық басым келетін Қазақстанда бұл саңырауқұлақтар қоздыратын аурулар сирек кездеседі. Олардың жалаң протоплазмадан тұратын,арнайықабықшамен көмкерілмеген плазмодия деп аталатынөсу және көбею денесі бар. Ол бірнеше зооспорангийге бөлшектеніп, гаплоидты зооспоралар түзеді. Соңғыларының бір-бірімен қосылуының нәтижесінде өсімдік ұлпасына таралатын диплоидты амебойдтар пайда болады. Кейіннен олар көп ядролы плазмодий түзіп, оның екіге бөлінуінің нәтижесіндеинфекция көзі болып саналатын – цисталар пайда болып, келесі маусымға дейін өсімдік қалдықтарында тыныштық қалпында сақталады.