Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет10/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Сабақ қаракүйесі.Қоздырғышы Urocystic tritici Korn.Өсімдіктердің жапырақтары мен қынаптарын, немесе сабақты бойлай орналасқан,жұқа үлбірмен көмкерілгенсаңырауқұлақ телиоспораларынан тұратын,, ұзыныраққара жолақтар ретінде байқалады. Олар көлденеңі 20-45х12-38 мкм, түрі мен мөлшері әртүрлі келетін, бір-біріне жабысқан спораларжиынтығынан тұрады.Ортасында реңі қоңырқай,пішіні дөңгелектеу, немесе сопақтау, көлденеңі 12-16 мкм3-4, шетіндежартылай дөңгелектеу, немесе жалпиған, көлденеңі 6-12 мкм,ақшыл-сары спораларорналасады. Бұл ауру көбінесе астық тұқымдас шөптерде, әсіресе жатаған бидайықта жиі, бидай мен қарабидайда сирегірек кездеседі. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады, тұқым арқылы да таралуы мүмкін.
Үнді немесе карнал қаракүйесі.ҚоздырғышыTilletia indica (син. Neovossia indica Mand.). Бұл ауру карантинді нысанға жатады,бірінші рет Үндістанда байқалған. Ол бидаймен қатар қарабидай мен тритикале және кейбір астық тұқымдас шөптерді залалдайды. Ауру Үнді мемлекетімен қатар Ауғанстан мен Пәкстан және Мексикада таралған, Орталық Азияда кездеспейді.Астық дақылдарының басқа қаракүйелерінен біраз айырмашылығы бар.Ауру белгілерін бидай қамырланып немесе толық піскен кезде ғанабайқауға болады,кеселге масақтағы дәндердің кейбіреуі ғана шалдығады.Ұрық жағындағыдән қарығында жұқа үлбір астында спораларжиынтығы түзіледі, қатты қаракүйе тәріздес жағымсыз иіссезіледі. Ауру қоздырғышының телиоспоралары ірілеу,қызғылт-қоңыр немесе қоңырқай, көлденеңі 18-40, көбінесе 25-30 мкм, дөңгелектеу, беткі үлбірі торланған. Инфекция тұқым арқылы таралады және топырақта бірнеше жылға дейін сақталады.Ауру қоздырғышы үшінтемпература15-22 0С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70-80% аралығында болғаны қолайлы.

Қарабидайдың қаракүйелері

Бұл дақылда аурудың төрт түрі кездеуі мүмкін, атап айтқанда - тозаңды (Ustilago vavilovii), қортық немесе ергежейлі (Tilletia controversa), қатты (T. occulta) және сабақ (Urocistis occulta) қаракүйелері. Олардың сырт белгілері бидайдың осы аттас ауруларына ұқсас, бірақ қоздырғыштары қарабидайға маманданған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет