Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Жапырақтардың қоңырқай дақтары



бет77/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Жапырақтардың қоңырқай дақтары.Қоздырғышы– Ramularia carthami Zapr. Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарына жатады.Жапырақ тақталарындаортасы күңгірт-қоңыр немесе қоңырқай,көлденеңі 0,6-0,8 см-ге жететіндөңгелектеудақтар байқалады. Ауа райы ылғалды болса олардыңүстінде саңырауқұлақ мицелийлерімен споралану мүшелерінен тұратын сұрғылт өңез түзіледі. Конидиялар цилиндр тәріздес, бір жасушалы, немесе 2-3 пердемен бөлінген, мөлшері 14-42х3,5-6 мкм. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады.
Церкоспороз.ҚоздырғышыDeuteromycotaкласының Монилиялылар қатарына жататынCercospora carthami Sud.Жапырақтарда үлкенірек, ортасы бозғылт, бурыл дақтар байқалады.Саңырауқұлақ конидиялары түссіз, түйрегіштәріздес, 3-5 көлденең перделермен бөлінген, мөлшері 45-100 х 2,5-4 мкм.Инфекция өсімдік қалдықтарында қыстап шығады.
Дәнектіңнемесе тұқымның қараюыҚоздырушылары–Alternaria tenuissima ( Nees. ex Fr. жәнеA. infectoria Simm. Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарына жатады.Біріншісі астық тұқымдастармен айшық гүлділер және басқада мәдени және жабайы өсімдіктердің шартты патогені ретінде белгілі. .Пістенің жоғарғы ұшында пішіні мен мөлшері әртүрлі келетін қоңырқай дақтар байқалады.Сорттардың ауруға шалдығу дәрежесідән қауашақтарының морфологиялық ерекшелігіне байланысты. Олар бірі-бірімен тығыз қабысатын болса, тұқымға инфекция аз түседі, сорт ауруға қатты шалдықпайды.Залалданған тұқымның өнгіштігі айтарлықтай төмендемегенмен, өнімнің сапасы біраз нашарлайды. Аурудың дамуы мақсары гүлдеп, пісте байланып, жетілу кезеңіндегі ауа райына тығыз байланысты, осы кезеңде жаңбыр жиі жауып, салыстырмалы ылғалдылық жоғары болуы оған қолайлы. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады, тұқым арқылы да таралуы мүмкін.
Қорғау шаралары. Ауыспалы егіс жүйесін сақтау аурулардың таралуы мен дамуын шектеуде біраз рөл атқарады. Республика аумағында мақсары ауруларына қарсы қолдануға бірде-бір өсімдік қорғау құралы тіркелмеген.Тұқым арқылы таралатын ауруларға қарсы 40 % ТМТД немесе витавакс 200 ФФ, 34% с.с.к. 3-4 л/т препараттарының бірін қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет