Сұр шірік.Қоздырғышы–Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарының өкіліBotrytis cinerea Pers.Ауруға күнбағыс өскін кезінен бастап, шекілдеуік пісіп жетілгенге дейін шалдығады.Жапырақ қынабындасуланған ситяқты күңгірт дақтар пайда болады, кейінірек оларда ұсағырақ қара склероцийлер түзіледі. Ауруға шалдыққан өсімдіктер күн қызған кезде солады, сабақтары опырылғыш келеді. Себеттер мен шекілдеуіктерде майланған сияқты қоңырқай дақтар түзіліп, кейінірек оларды сұрғылт өңез басады. Конидиялар жұмыртқа немесе эллипс тәріздес, мөлшері 9-15 х 7-10 мкм, сағақтары бұғы мүйізі сияқты тарамдалған.Шілде ментамыз айларында ауа райы салқын және ылғал мол,ГТК 0,85-1 және одан жоғары, орташа температуратөмен (14-210С) болған жылдары ауру қатты өршиді,зияндылығы жоғарылайды. Ақ және сұр шірікке шалдыққан пістелердің салмағы,өндірілетін майдың технологиялықсапасы,тұқымның өнгіштігі төмендейді. Ауру қоздырғышы өсімдік талғамайды, әр түрлі тұқымдастарға жататын қосжарнақтылардың біраз түрлерінде кездеседі.Инфекция өсімдік қалдықтары және топырақта сақталады, тұқым арқылы да таралады.
Тат.Қоздырушысы– Basidiomycota класының Урединиялылар қатарына жататынPuccinia helianthi Schw.Бір иелі саңырауқұлақ, барлық өсу сатысы күнбағыста өтеді. Алдымен залалданған жапырақтардың жоғарғы бетінде сарғылт дақ байқалады, бұл ауру қоздырғышының спермогония сатысы. Олардың төменгі жағында күңгірт-сары жәнеқоңырқай күлдіреуіктерде эцийлер мен урединиоспоралар түзіледі. Жаз бойы саңырауқұлақ бірнеше ұрпақ береді, споралар ауа ағысымен егістікке таралып, басқа өсімдіктерді залалдайды.Урединиоспоралар жұмыртқа немесе эллипс тәріздес, ашық-қоңыр, мөлшері 23-34х17-26 мкм. Күнбағыстың өсу кезеңінің соңына қарай жапырақтарда күңгірт-қоңыр, тіптен қара реңді телийлер түзіледі. Олар өсімдік қалдықтарында қыстап шығып, көктемде өніп,базидиоспоралар жасушыларының қосылуынан пайда болған мицелий жас өскіндерді залалдайды.
Аскохитоз.Қоздырғышы–Ascochyta helianthi Abr.Deuteromycotaкласының Сферопсидалылар қатарына жатады.Аурудөңгелектеу,көлденеңі 1-2 см жететін күңгірт-қоңыр дақтар ретінде байқалады. Конидиялар көлденең пердемен бөлінген, түссіз, мөлшері 10-12 х 3-5 мкм. Ауруға шалдыққан жапырақтар мезгілінен ерте қурайтындықтан, өсімдіктердің түсімділігі төмендейді. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады,тұқым арқылы да таралуы мүмкін.