Қызылжоңышқа (эспарцет) аурулары
Тат.Қоздырғышы Basidiomycota класының Урединиялылар немесе Тат саңырақұлақтары қатарына жататын –Uromyсes оnobrychidis Lev. Ауру белгілері жапырақ тақталарындасаңырауқұлақ урединиоспораларынан тұратын ұнтақ тәріздесқоңырқайкүлдіреуіктер ретінде байқалады.Бұл саңырауқұлақтың Аралық ие-өсімдігі белгісіз, бір иелі болуы мүмкін.Мицелийлерөсімдіктердің тамыр мойынында немесе урединоспоралар түсік жапырақтарда қыстап шығады.
Аскохитоз.ҚоздырғышыDeuteromycota класының Сферопсидалылар қатарының өкілі –Ascochyta onobrychidis Al.Жапырақ тақталары мен сабақтарда, бұқшаққындар мен дәндерде дөңгелектеу немесе сүйірленгенкүңгірт -қоңырдақтарбайқалады.Олардың ортасында нүкте тәріздес көлденеңі 90-200 мкмреңі қоңырқай,сопақтау пикнидалар түзіледі.Конидиялар цилиндр тәріздес, ортасы жіңішкерген, мөлшері 8-11х3-5мкм. Ауру қоздырғышы қызылжоңышқаға маманданған бұршақ тұқымдастардың басқа түрлерінде кездеспейді,. Инфекция сабақтың төменгі буынында жапырақтарда сақталады, тұқым арқылы да таралады. Ұзақ пайдаланылып келе жатқан танаптарда аурудың дамуы өрши түседі.
Рамуляриоз.Қоздырғышы – Deuteromycota класының Монилиялылар қатарына жатаын Ramularia onobrychidis All. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтардың екі жағында жиектелген сарғылт-қоңыр дақтар байқалады. Ауа ылғалды болса, немесе жаңбырдан кейін оларды ақшыл-күлгін өңез басады. Жапырақ саңылаушаларынан саңырауқұлақ сағақтары топтасып шығады, конидиялардың тұрқы түзу немесе сәл иілген, 1-3 көлденең перделермен бөлінген, мөлшері 15-30х3,5-5,5 мкм. Ауруға қатты шалдыққан өсімдіктердің жапырақтары мезгілінен ерте қурап, түсіп қалады. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады.
Астық тұқымдас шөптердің аурулары
Куаңдалада көбінесе еркекшөп пен судан шөбі, ылғал жеткілікті түсетін дала және орманды дала аймақтарында арпабас, бидайық және т.б. көпжылдық шөптер егіледі. Бұл дақылдарда қоздырушылары Basidomycota класының Устилагиналылармен Урединиялыларқатарларына жататынқаракүйе ментаттүрлері және т.б. аурулар кездеседі. Олар мамандағантүрлерге және формаларға жіктеледі, кейбіреулері мәдени дәнді дақылдарды залалдайды.
Қоңыр тат.Қоздырғышы–Урединиялылар қатарынажататын Puccinia persistens Plowr.sp. f. bromi Chochr.Арпабас тұқымдастарына жататын өсімдіктерде жиі кездеседі. Жапырақтарда пішіні дөңгелектеу келген, қызғылт-қоңыр,ұсақурединийлер түзіледі.Күзге қарай олардың орнын жылтыр келген телийлер басады. Ауруға қатты шалдыққан жапырақтар мезгілінен ерте қурайды, соның салдарынан шөптің түсімділігі мен тұқымның өнгіштігі төмендейді. Инфекция жаз соңына немесе күзге қарай жаңадан шыққан жапырақтарда урединия сатысында қыстап шығуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |