Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Көпжылдық бұршақ және астық тұқымдас шөптердің аурулары



бет67/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Көпжылдық бұршақ және астық тұқымдас шөптердің аурулары

Көпжылдық бұршақтұқымдас шөптерден жоңышқа мен эспарцет бағалы мал азықтық дақыл ретінде белгілі. Сонымен қатар, гумус мөлшері төмендеген танаптардың топырақ құнарлылығы мен қарашірігін қалпына келтіріп, құрылымын жақсартумен қатар,суғармалы жерде егілетін көкөніс, қант қызылшасы, мақта, күріш және т.б. дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып саналады. Жоңышқа көбінесе еліміздің оңтүстік және оңтүстік өңірлерінде суармалы, эспарцет б3раз аймақтарда, көбінесе тәлімі жерлерде егіледі.Түйежоңышқа фитомелиорант ретінде сортаң топырақтыжерлерді игеруде үлкен рөль атқарады.Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер тат, ақұнтақ, пероноспороз, жапырақтардың теңбілденуі, тамыр шірігі мен солу, бактериялар мен вирустар қоздыратын бірнеше түрлі ауруларға шалдығады. Олар өсімдіктердіңөсу мерзімін қысқартады, фотосинтез екпінділігін, алынатын өнімнің түсімділігімен қатар, сапасын төмендетеді.

Жоңышқа аурулары




Ақұнтақ.Қоздырғышы– Ascomycota класының Эризифалылар немесе Ақұнтақтылар қатарына жататын Erysiphe communis Grev., f. medicaginis.Ауру белгілері жапырақ тақталары мен сабақтардасаңырауқұлақ мицелийлері мен конидияларынан тұратын, алғаш селдірлеу, біртіндеп нығыздалып сұрғылт тартатын өңез ретінде байқалады. Конидияларұзынырақ сағақтарда орналасады, пішіні сопақтау, мөлшері 19-35х8-16 мкм.Жеміс женелері - клейстотецийлер күңгірт-қоңыр, шар тәріздес, көлденеңі 80-160 мкм, сыртындағы түктер арқылы өсімдік ұлпасына жабысады.Олардың ішінде дөңгелектеу, немесе жұмыртқа тәріздес, мөлшері 46-72х30-45 мкмқалташалармен эллипс пішінді, мөлшері 19-35х9-14мкмаскоспоралар түзіледі. Күз және көктем айларында олар пісіп жетіліп, ауа ағысы немесе жаңбыр тамшыларымен егіске таралады. Кеселге қатты шалдыққан өсімдіктердің жапырақтары ертерек қурап, түсіп қалатындықтан шөптің азықтық сапасы мен салмағы төмендейді.


Пероноспороз.Қоздырғышы– Peronospora aestivalis Gaum. Oomycota класының Пероноспоралылар қатарынан. Жапырақ тақталарында сұрғылт дақтар, астыңғы жағында саңырауқұлақ мицелийлері мен спораларынан тұратын күлгін өңез байқалады. Конидияларқоңырқай, эллипс тәріздес, мөлшері 16-37х9-27 мкм,сағақтары тарамдалған, жапырақ саңылаушаларынан топтасып шығады. Залалданған өсімдік мүшелерінде қалың қабықшамен көмкерілген, пішінішар тәріздес, беті біртегіс, кейде кедір-бұдыр,реңі сарғылт ооспоралар түзіледі. Олар қоршаған ортаның қолайсыздықтарына берік,келесі жылға дейін сақталады. Ауруға шалдыққан жапырақтар мезгілінен ерте түсіп қалатындықтан шөптің азықтық сапасы мен түсімділігі,тұқымның өнгіштігі төмендейді. Саңырауқұлақ мицелийі жоңышқа тамырының жоғарғы ұшында және ооспоралар жиын-теріннен кейінгі өсімдік қалдықтарында қыстап шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет