Ботритиоз, немесе сұрғылт шірік.Қоздырушысы–Deuteromycotaкласы Монилиялылар қатарының өкіліBotrytiscinerea Pers. et Fr.Өсімдіктердің гүлдеу кезеңінде сабақтар мен бұршаққындарда күңгірт-қоңыр дақтар байқалады. Ауру жайлаған сабақтар мен гүл шанақтары шіри бастайды. Ауа-райы ылғалды болса олардың үстінде саңырауқұлақ мицелийлері мен конидияларынантұратын,мөлшері 8-24 мкм,реңі сұрғылт немесе қарасұр өңез түзіледі. Инфекция көбінесе өсімдік қалдықтарында сақталады,тұқым арқылы таралуы мүмкін.
Тат.Қоздырғышы–Basidiomycota класының Урединиялыларқатарына жататынUromyces ciceris-arientini Jacz.Ауру белгілері жапырақтардың төменгібетінде дөңгелектеу немесе сопақ пустулалар ретінде байқалады. Аралық ие-өсімдігі анықталмаған, ноқатта саңырауқұлақтың урединийжәне телий сатылары дамиды.
Фузариозды және вертициллезді солу.Қоздырғыштары– Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарынажататын Fusarium oxysporium Schlecht. жәнеVerticillium albo-atrum Berth. Дақылдың кең таралған және зияндылығы жоғары аурулары. Фузариозға көбінесе жас өскіндер шалдығады,олар біртіндеп солып, опат болады. Кесел жайлаған жапырақтар сарғылт тартады, тамырларын қиғаштай кессек өзекшесінің қарайғаны байқалады.Ауа ылғалдылығы жоғары болса,кесел жайлаған мүшелерді саңырауқұлақ мицелийлері мен макро және микроконидияларынан тұратынақшыл немесе сарғылт, күлгінөңез басады.
Вертициллез ауруына шалдыққан өсімдіктер сарғайып, біртіндеп солады. Тамыр мойынын көлденеңінен кессек, су түтікшелерінің қоңырқай тартқаны байқалады.Ылғалды ортадаконидия сағақтарыныңұшында шоғырлана орналасқан,түссіз, бір жасушалы немесе қөлденең пердемен бөлінген, эллипс тәріздес, мөлшері 6-12х2-3 мкм конидиялар түзіледі.Verticillium туысына жататын саңырауқұлақмицелийлерінде 2-3-тен тізілген немесе түйнек тәріздес шоғырланған микросклероцийлер немесе хламидоспоралар кездеседі . Ноқаттың фузариозды және вертициллезді солуларының қоздырғыштары бірнеше тұқымдастарға жататын мәдени және жабайы өсімдіктерді залалдайды. Олар ие-өсімдік болмағаннның өзінде топырақта ұзақ мерзімге дейін тіршілік қабілетін сақтайды.