Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Майлы дақылдардың аурулары



бет72/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Майлы дақылдардың аурулары
Еліміздің шығысы мен солтүстігі және батысында күнбағыспенрапс егіледі. Солтүстік өңірдесоңғы жылдары зығырдың егіс көлемі арта түсуде. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлердің тәлімі жерлерінде қуаңшылыққа аса төзімді дақыл - мақсары егіледі, ол құрғақшылық басым келетін батыс өңір үшін де бағалы. Күнбағыс пен мақсары күрделі гүлділерге, рапс айшық гүлділерге, зығыр осы аттас тұқымдастың өкілі. Демек, олар ботаникалық қасиеттері бойыншаәртүрлі тұқымдасқа жатады, сондықтан аурулары да әр алуан.


Күнбағыс аурулары

Бұлдақылда саңырауқұлақтар қоздыратын сұр және ақ шіріктер, пероноспороз, тат, фомопсис және т.б. біраз аурулар кездеседі.


Пероноспороз немесе жалған ақ ұнтақ.Қоздырғышы – Oomycotaкласының Пероноспоралылар қатарына жататынPlasmophora halstedii Berl. Даму ерекшелігіне байланысты аурудың бірнеше түрі байқалады. Көпшілік жағдайда кеселге шалдыққан өсімдіктердің өсуі баяулап, буынаралықтары қысқарып, сабақтары жіңішкереді, жапырақтары бұйраланып, бозғылттанады.Ауа ылғалдылығы жоғары болса, немесе жаңбырдан кейіндақтардың үстінде жұқа ақшыл өңез түзіледі. Ауру белгілері тамыр мойыны мен жаңа байланып келе жатқан себеттерде байқалуы мүмкін. Кесел жайлаған жапырақтар саңылаушаларынан зооспорангийлер топ-топ болып шығады. Олардың пішіні эллипс тәріздес, төменгі ұшы бұртиған, мөлшері 25-30х15-20 мкм, ооспоралардың реңі сарғылт, көлденеңі 25-30 мкм. Инфекция Жиын-теріннен кейінгі өсімдік қалдықтарында ооспоралар және залалданған тұқымдардамицелий ретінде сақталады.
Ақ шірік.Қоздырғышы– Sclerotinia libertiana FuckDeuteromycota класының Стерилді мицелийлер қатарынан. Ауру белгілері өсімдіктің барлық мүшелерінде байқалады. Тұқымменжарнақ жапырақтар шіруінен өніп келе жатқан өскіндер опат болады. Күнбағыс 3-5 нағыз жапырақ жайған кезде саңырауқұлақ сабақ өзекшесіне еніп, оның ішінде мақта тәріздес мицелий жиынтығын түзеді. Кеселге шалдыққан ұлпалар жұмсарып, қоңырқай тартады, өсімдіктердің сабақтары опырылғыш келеді. Жаңадан байланып келе жатқан себеттердің төменгі жағындасуланған қоңырқай дақтар байқалады. Кейінірек саңырауқұлақ мицелийлері пістелер мен қуыстарына таралып,себет торлайды. Олар сұрғылттанып, қоңырқай тартады, иісі жағымсыз, толысып жетілмей шөпек келеді. Ауруға шалдыққан өсімдік мүшелерін ақшылселдір өңез басады, кейінірек ол сұрғылт тартып, сырты қарасұр, іші ақшыл склероцийлерге айналады. Инфекция өсімдік қалдықтары мен тұқымда және топырақта сақталады. Жазғытұрым склероцийлер жиынтығында саңырауқұлақтың жеміс денелері – табақша тәріздес апотецийлер түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет