Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет71/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Еркекшөптің қаракүйесі. ҚоздырғышыУстилагиналылар қатарының өкілі Ustilago agrestis Sydov. Өсімдік сабақтарының жоғарғы ұшында саңырауқұлақ телиоспораларынан тұратын қарае сызықшалар немесе жолақтар байқалады. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің бойының өсуі кенжелеп, масақтанбайды, Көп жыл пайдаланылып келе шабындықтардакеселге шалдыққан өсімдіктер саны арта береді. Инфекция залалданған өсімдіктердің тамыр мойынында және өсімдік қалдықтары мен топырақта сақталады, тұқым арқылы да алысқа таралуы мүмкін.
Сабақ қаракүйесі.ҚоздырғышыУстилагиналылар қатарына жататынUrocystis agropyri Schroet. Өсімдіктердің сабақтарын бойлай саңырауқұлақ телиоспораларынан тұратын қара сызықшалар немесе жолақтар байқалады.Ауру жатаған бидайық, арпабас және т.б. астық тұқымдас шөптерде кездеседі, оған шалдыққан өсімдіктер масақтанбайды. Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады.
Судан шөбінің қаракүйесі.Қоздырғышы– Sphacelotheca sorghi Clint. Ауруға шалдыққан өсімдік шашақтарындажұқа ақшыл немесе күлгін үлбірмен көмкерілген ұзынырақмасақша қауызынаншығып тұратын қаракүйе түйірлері байқалады. Жиын-терін кезінде олар үгітіліп, орылып жатқан тұқымды тозаңдап, топыраққа шашылып келесі жылға дейін сақталады.
Судан шөбінің бактериозы.Қоздырғышы–Pseudomonas andropogonis Stapp.бактериясыАуру белгілері жапырақтармен сабақтарда қызыл-қоңыр жиекпен көмкерілген дөңгелектеу, немесе созылған дақтар ретінде байқалады. Бактерия тары мен қонақ-жүгері және басқа да астық тұқымдас өсімдіктерді залалдайды Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады,өсу кезеңінде бунақденелілер және жаңбыр тамшылары арқылын таралады.


Бұршақ және астық тұқымдас шөптерді аурулардан қорғау шаралары
4-5 жылдан ұзағырақ пайдаланылған көпжылдық шөптер танаптарында ауру қоздырғыштарының инфекциялары қорланып, өсімдіктердің ауруға шалдығу дәрежесі арта түседі. Сондықтан тұқым алу үшін 2-3 жылдық шөптер 1-2 шабыстан кейін қалдырылғаны жөн. Күздік және жаздық бидай мен арпа егістерінкөпжылдық астық тұқымдас шөптерден алшақ орналастыруақұнтақ, тат және т.б. ауруларды шектеуде біраз фитосанитарлық рөл атқарады. Жоңышқа тұқымы мұхият тазаланып, себер алдында ас тұзының ертіндісінде (10 л суға 2,5 кг)ұсталса, ауруға шалдыққан және толық пісіп жетілмегендері бетіне қалқып шығады,шөгінді тұқым таза сумен шайылып, кептіріледі. Бұршақ және астық тұқымдас шөптердің тұқымдарын фундазол, 50 % с.ұ. (2-3 кг/т), ТМТД, 40% с.с.к. (3-4 л/т) немесеқұрамында тирам бар басқа препараттардың (витавакс 200 ФФ, 34% с.с.к., витарос, 38 % с.к.е., 3-4 л/т)бірімен дәріленіп себілгені жөн.Тат, ақұнтақ, пероноспороз, аскохитоз және т.б. тамшы ылғал арқылы таралатын аурулары қатер төндірген жағдайда жоңышқа егістерібайлетон немесе фундазол (0,5-0,6 кг/га) фунгицидтерінің бірімен егісті бүрку қажет. Осы мақсатқа тилт, альто және т.б.триазол тобына жататын фунгицидтердің бірін қолдануға болады.Астық тұқымдас шөптердіңтұқымға арналған егістерін ауа толқыны арқылы таралатын тат, ақұнтақ және т.б. саңырауқұлақтар қоздыратын аурулардан қорғау үшін дәнді дақылдарда тіркелген тилт, 25%э. к. (0,5 л/га), альто- супер 330 (0,4-0,5 л/га) және т.б. фунгицидтердің бірін қолдануға болады.

Студенттердің алған білімін тексеруге арналған сұрақтар


Жоңышқа мен қызыл жоңышқаның саңырақұлақтар қоздыратын қандай ауруларын білесің? Олардың қоздырушылары қай кластарға жатады?
Жоңышқаның тат және қоңыр теңбілі ауруларының бір-бірінен айырмашылығына және даму кезеңдеріне тоқтал, инфекциялары қайда сақталады?
Жоңышқаның вирустар қоздыратын аурулары жайлы не білесің, олардың инфекциясы қалай таралады?
Астық тұқымдас көпжылдық шөптердіңсаңырауқұлақтар қоздыратын қандай ауруларынбілесің? Олардың қоздырушыларының жіктелуіне тоқтал, ауру ошақтары қайда сақталады?
Астық тұқымдас шөптерде қаракүйе ауруларының қандай түрлері кездеседі? Олардың дәнді дақылдардың осы тектес ауруларынан айырмашылығы бар ма, инфекциясы қайда сақталады?
Көпжылдық шөптер тұқымын аурулардан айықтыру үшін қолданылатын шараларға тоқтал, қандай препараттар тіркелген?
Көпжылдық шөптердің қай аурулары тамшы ылғал арқылы таралады, олардың дамуын шектеу үшін қандай фунгицидтер қолдануға болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет