Бактериялар мен вирустар қоздыратын аурулар. Ноқаттабактериялы солу кездесуі мүмкін, оның қоздырғышы –Xanthomonas cassiae Kulk.et Сel.Кеселге шалдыққан өскіндер тез арада солып, опат болады. Саңырауқұлақтар қоздыратын солудан бұл аурудың айырмашылығы айырмашылығызаладанған мүше алдымен алдымен олар суланған тәрізді болып, кейінірек күңгірт-қоңыр тартады.Бұл дақылда асбұршақ және асқабақ тұқымдастардың мозаикасын қоздыратын вируспен қатар, жапырақтардың пролиферациялануы мен жіңішкеруікездеседі. Табиғатта олардың қоздырғыштары бұршақ және асқабақ тұқымдас мәдени және жабайы өсімдік түрлерінде сақталады.
Жасымық аурулары
Соңғы жылдарыбұл дақыл еліміздің солтүстік өңірінде егіле бастады. Батыс және Орталық Азия елдерінде жасымық өніміне сұраныс жоғары болғандықтан, келешекте оның егіс көлемі арта түсетініне күмән жоқ.Жасымықта Пероноспороз, ризоктониоз, сұр шірік және бактериялар қоздыратын 1-2 ауру түрлері кездесуі мүмкін.
Пероноспороз.Қоздырушысы–Oomycota класынанPeronospora lents Gaum. Ауру белгілері жаңа жаылған жапырақтарда байқалады, олар ширатылып, жуандайды, опырылғыш келеді. Ауаның ылғалдылығы жоғары болса, дақтардың үстінде сұрғылт-күлгін өңезтүзіледі. Конидиялар жұмыртқа тәріздес, сағақтары қосарлана тарамдалған. Аурудың дамуына ауа температурасы 15-200С аралығында, ылғалдылығы 70-80%-дан кем болмағаны қолайлы. Инфекция ооспора ретінде өсімдік қалдықтарында сақталады, тұқым арқылы да таралуы мүмкін.
Ризоктониоз. Қоздырғышы–Deuteromycotaкласының Стерилді мицелий қатарына жататын Rhizoctonia solani Kuhn. Ауру белгілері көбінесе тамыр жүйелері мен сабақтар қарайып шіріп,өскіндердің опат болуы байқалады. Бұл саңырауқұлақ қос және дара жарнақтылардан 200-ден астам өсімдік түрлерін залалдайды. Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады.
Сұр шірік.Қоздырғыштары–Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарынан Botrytis fabae Sardine жәнеB. cinerea Pers. Жапырақтарда кішілеу келген, қызғылт-қоңыр жиекпен көмкерілген, бір-бірімен ұласатындөңгелектеуқоңырқайдақтар байқалады. Өсімдіктер сарғылттартып қурайды. Залалдаған жапырақтармен сабақтарын және гүл шоқтарын саңырауқұлақ мицелийлерімен споралану мүшелерінен тұратын сұр өңез басады. Конидиялар жұмыртқа тәріздес, бір жасушалы, 15-24х11-18 мкм, сағақтары ұзын, тарамдалған.. Аурудың дамуына 25-300С аралығындағытемпература қолайлы,ауа райы ылғалды болса залалданған мүшелер шіри бастайды. Инфекция мицелий және склероций ретінде өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады, тұқым арқылы да таралуы мүмкін.
Аскохитоз.Қоздырғышы–Deuteromycotaкласының Сферопсидалылар қатарына жататын Ascochyta lents Wassil. Ауру белгілері жарнақ және нағыз жапырақтар мен сабақтарда, тамыр мойынында шашыраңқы орналасқан,ортасындакөлденеңі 150-200 мкм жететін пикнидалар орналасқан қоңырқай, күңгірт-қоңыр дақтар ретінде байқалады. Конидиялар эллипс тәріздес, бір жасушалы. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады және тұқым арқылы да таралады.
Бактериоз.Қоздырғышы–Pseydomonas lupini Belt.Ауру белгілері өсімдіктің барлық өсу кезеңінде байқалады. Жарнақ жапырақтарда майланған тәріздес шытынаған қоңырқай терең жаралар, өскіндерде сарғылт дақтар түзіледі, олар біртіндеп солып, қурайды. Жапырақтарда ұсағырақ, майланған сияқты бұрышталған, жарық өткізетінсарғылт-қоңыр дақтар, сабақтарда ұзындығы 1 см жететін жолақтар байқалады. Бұл дақылды қытайбұршаққа маманданған Ps.syringae pv. glycinea бақтериясы да залалдауы мүмкін.