Техникалық дақылдар аурулары Бұл топқа еліміздің оңтүстік –шығыс өңірінде егілетін қант қызылшасы мен темекі және оңтүстігінде өсірілетін мақта жатады. Қант қызылшасында ақұнтақ, пероноспороз, церкоспороз, ризомония, тамыр жегі, тамыржемістердің өсу және шоқада сақтау кезіндегі шірулері сияқты көптеген аурулар, темекіде - ризоктониоз бен пероноспороз және мозаика кездеседі. Мақтаның негізгі ауруларына гоммоз, верициллездысолуы ментамырдың фузариоздышірулері жатады.
Қант қызылшасының аурулары Тамыржегі. Қоздырушылары – Оomycota класының Пероноспоралылар қатарынан Pythium debarianum Hess.,Deuteromycota класынан Rhizoctonia solani Kuhn мен Fusariumтуысына жататын саңырауқұлақтар. Ауру белгілері қызылшаның өскіндерінде байқалады. Питиозды тамыр шірігіне шалдыққан тұқым жарнақтары сабағында мөлдір немесе қоңырқай дақтар мен жолақтар пайда болып, жіңішкеріп, өскіндер солып, біртіндеп қурап опат болады. Аурудың дамуына топырақ температурасы төмен (10-15 0С), ылғалдылығы жоғары (70-80 %) болғаны қолайлы. Тұқым себілгеннен кейін жаңбыржиі жауып, топырақ беті қалың қабыршақтанса, өскіндер жер бетіне шықпай опат болуынан, оны қайта себуге тура келеді. P. debarianum мицелийі тарамдалған, көлденең перделерсіз, ұшында зоспорангийлер түзіледі, олардыңкөлденеңі 15-25 мкм. Өскіндер фузариозды тамыр шіруіне шалдықса, онда, ақшыл немесе ақшыл-сары , ақшыл күлгін, көлденең перделермен бөлінген мицелий түзіледі, конидиялар орақ немесе жаңа туған ай сияқты. Кейде өскіндер тамыржегісінің қоздырғышы Стерилді мицелийлер қатарына жататын Rhizoctonia solani болуы мүмкін. Аталған ауру қоздырғыштарының инфекциясы топырақта және өсімдік қалдықтарында сақталады.
Ақұнтақ. Қоздырушысы– Erysiphe communisGrev.sp. f. betaePot. Аscomycota класының Эризифалылар қатарына жатады. Жаз ортасында, ауа температурасы жоғарылап, ылғалдылығы төмендей бастағанда жапырақтары мен сағақтарында алғаш ақшылселдір ұнтақ, біртіндеп нығыздалып сұрғылт тартатын саңырауқұлақ мицелийі мен споралану мүшелерінен тұратын өңез түзіеді. Кеселге қатты шалдыққан өсімдіктерде фотосинтез үрдісі тоқырап, тамыр-жемістердің түсімділігімен қатар қант мөлшері төмендейді. Тұқымдық қызылшада ауру белгілері ертелеу - жапырақтармен қатар гүлсидам мен шоғырларында сұрғылт өңез ретінде байқалады. Конидиялар сағақтарда тізбектеле орналасқан, бөшке, немесе цилиндр тәріздес, бір жасушалы, түссіз, мөлщері 25-30х8-10 мкм. Өткінші жаңбырмен алмасатын құрғақ және ыстық ауа-райы аурудың тез таралып, дамуына қолайлы.Жаз бойы саңырауқұлақ жыныссыз дамып, бірнеше конидиялар ұрпағын береді, ауа ағыны мен жаңбыр тамшылары арқылы инфекция егіске тез таралады. Күзге қарай мицелий жастықшаларында оның жынысты сатысы жай көзбен көрінетін,реңі қоңырқай, жеміс денелері -клейстотецийлер, ішіндегі қалташаларда 8-ден, пішіні эллипс тәріздес, мөлшері 19-30х10-15 мкм аскоспоралартүзіледі . Инфекция өсімдік қалдықтарында, тұқымдық тамыр жемістердің жоғарғы ұшында жәнетұқым шоғырында келесі жылға дейін сақталады.