Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Тамыр-жемістердің шіріктері



бет84/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Тамыр-жемістердің шіріктері.Ауру белгілері мен қоздырушыларының ерекшеліктеріне байланысты фузариозды, ризоктониозды және т.б. түрлері кездеседі.
Фузариозды шірік.Негізгі қоздырғыштарыDeuteromycotaкласының Монилиялылар қатарына жататын Fusarium туысының 2-3 түрі. Тамыржемістер үлкейе бастағанда шіру ішінен басталады, кеселге шалдыққан өсімдіктер-дің жапырақтары біртіндеп солып, қурайды. Олардың ішіндегі қуыстар мен жарықшықтарда саңырауқұлақ мицелийі мен споралану мүшелерінен тұратын ақшыл, ашық-сары өңез түзіледі. Макроконидиялар орақ немесе жаңа туған ай тәріздес, бірнеше көлденең перделермен бөлінген, пішіні мен мөлшері айтарлықтай ауытқиды. Жиі кездесетін F.oxysporum- ның макроконидиялары сәл иілген, 3-5 қөлденең перделермен бөлінген, мөлшері 25-50х4-5 мкм. Микроконидиялар бір немесе екі жасушалы, сопақтау, цилиндр тәріздес, мөлшері 11-18х 2-3 мкм. Мицелий тармақтарының ортасында 1-2 жасушалы көптеген хламидоспоралар түзіледі.Кеселге шалдыққан өсімдіктер өсу кезеңінің соңына қарай опат болады, немесе олардың шіруі жиын-теріннен кейін шоқада жалғасады. Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады.
Ризоктониозды қоңырқай және қызыл шіріктер. Қоздырғыштары Deuteromycota класының Стерилді мицелийлер қатарына жататын Rhizoctonia solani Kuhn. мен R. violocea Tul. саңырауқұлақтары. Ауру белгілері тамыр-жемістің төменгі жағындакішірек дақтар ретінде байқалып, біртіндеп қарайып, терең шытынаған жарақаттарға айналады. Кеселге шалдыққан өсімдіктердің төменгі жапырақтары сарғайып, кейде қоңырқай тартып, ширатылып, қурай бастайды. Ауру қатты өршіген жағдайда тамыржемістер жартылай немесе толық шіріп кетуі мүмкін. Олардың ішіндегі қуыстар мен жарышақтарда реңі қоңырқай, көлденеңі 7-10 мкм саңыраукұлақ мицелийінен тұратын өңез түзіледі. R. violocea қоздыратын қызыл шірігі көбінесетамыржемістердің төменгі ұшынан басталады, залалданған ұлпаларда күңгірт-қызыл мицелийден тұратын өңез байқалады Олардың кейде жоғарғы ұшы қарайып, терең жарақаттарға айналады. Жапырақтар мезгілінен ерте солып, тамыржемістер шіри бастайды. Мицелий шоғырларында қалың қабықшамен көмкерілгенқоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына берік склероцийлер түзіледі. Ризоктониозды шірік көбінесе жер асты суы жақын орналасқан немесе суғарудан кейін топырақ нығыздалып, қалың қабыршықтанатын, ауа алмасуы төмен ойпаң жерлерде жиірек кездеседі. Аурудың өршуіне қызылшаны бір жерге қатарынан бірнеше жыл отырғызу, азот тыңайтқышын шамадан тыс қолдану және т.б. жағдайлар әсер етеді.
Фузариозды және ризоктониозды шіріктерменқатар қызылша тамыр -жемістері бактериялар қоздыратын тамыр түбүркілезі менобыры, сүйел тәріздесжәне актиномикоздытаз-қотырлар және т.б. ауруларға шалдығуымүмкін. Тамыр-жемістерді жиын-теріннен кейін сақтау кезінде танаптарда басталған шірік аурулары шоқаларда жалғасады, әсіресе бактериялы сулы шірік өте қатерлі. Botrytis cinera қоздыратын сұр шіріктен де жиналған өнімнің біразы ысырап болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет