Фомознемесе шеңберленген дақ. Қоздырғышы – Phoma betae Sacc. Deuteromycota класының Сферопсидалылар қатарының өкілі. Ауру белгілері өсімдіктің барлық мүшелерінде байқалады, әсіресе тұқымдық өсімдіктер үшін аса зиянды. Тамыржемістер алу үшін өсірілген қант қызылшасының жарнақ жапырақтары мен тамырларында қоңырқай дақтар мен терең сызаттар байқалып, өскіндер біртіндеп солып, қурайды. Топыраққа жақын орналасқан төменгі жапырақтарда үлкен, қоңырқайдөңгелектеушеңберленген дақтар, ортасында қара нүкте тәріздес - пикнидаларбайқалады. Олардың ішінде түссіз, пішіні шар немесе эллипс тәріздес, мөлшері 3-7х3-4 мкмкөптеген конидиялар түзіледі. Жапырақтар кеселге қатты шалдықса, дақтар біртіндеп ұлғаюынан ортасы ойылып, түсіп қалады. Тұқымдық өсімдіктер жапырақтары мен гүлсидамы және шоғырларында кішірек қоңырқай дақтар байқалады. Бұл ауруға тамыр-жемістер де шалдығады, өзекшесі қараяды, жиналған өнімде шоқа шірігі ретіндежалғасуы мүмкін. Инфекция тұқымда, өсімдік қалдықтарында және тұқымдыққа арналған тамыржемістерде сақталады.
Тат. Қоздырушысы Basidiomycota класының Урединиялылар қатарына жататын Uromyces betae(Pers.) Lev. Өте сирек кездесетін ауру. Бір иелі саңырауқұлақ, барлық өсу кезеңі қызылшада өтеді. Көктемде жас жапырақтардың төменгі бетіндереңі ақшыл-сары эцийлер дамиды. Кейінірек жапырақтардың екі жағында қоңырқай урединийлер түзіп, жаз бойы саңырауқұлақ бірнеше ұрпақ береді. Урединиоспораларкүңгірт-сары, жұмыртқа тәріздес, сыртқы қабықшасында ұсақ бүртіктері бар, мөлшері 24-32х19-24 мкм. Жаз соңына қарай қыстап шығып келесі жылы инфекция ошағы болатын,пішіні дөңгелектеу,қысқа сираққа орналасқантелейтоспоралар түзіледі.
Жапырақ бактериозы. Қоздырушысы - Pseudomonas syringaepv. Aptata.Жапырақтарда күңгірт-қоңыр дақтар, сағақтар мен жүйкелерде көлденеңі 10-15 мм жететін, ортасында өскіндері бар ұзын жолақтар байқалады. Кесел қатты өршіген жағдайда тамыржемістер сулы шірікке айналуы мүмкін. Бактерия таяқша тәріздес, бір жасушалы, сұйық ортада қозғалады, мөлшері 1-1,5х 2-3 мкм, Грам әдісімен боялмайды. Ет агарында беті жылтыр, біртегіс, ортасы көтеріңкі, дөңгелектеу ақшыл-сұр шоғырлар түзеді. Қоректік ортада өсуіне 27-300 С аралығындағы температура қолайлы.