Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет150/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Қысқа мерзімдік болжау. Белгілі бір өсімдік ауруының таралуы мен дамуын болжау үшін төменде келтірілген факторларды жете білу қажет. Біріншіден, ауру қоздырғышының биологиялық және экологиялық ерекшеліктері, әсіресе инфекцияның табиғатта сақталу және таралу жолдары. Көпшілік жағдайда аурудың дамуы өсімдіктердің алғашқы залалдануынан түзілетін спора мөлшерімен анықталады. Екіншіден, өсімдіктердің өсу кезеңіндегі ауа райы фитопатоген спораларының өніп, өсімдікті залалдап, аурудың дамуына қолайлы ма, немесе қолайсыз ба. Бұл үшін нақты және дәлдігі жоғары онкүндік немесе айлық метерологиялық болжау қажет. Үшіншіден, мәдени дақылдардың фенологиясы, егілетін сорттардың ауруға беріктігі немесе бейімділігі және агротехникалық шаралардың әсері. Аурудың инкубациялық мерзімі, қоздырғышының жаңа ұрпақтарының түзіліп, егіске таралуы қоршаған ортаның, әсіресе ауаның температурасы мен ылғалдылығынатығыз байланысты.
Мысал ретінде астық дақылдарының тат ауруларына тоқталайық. Жаздық және күздік бидай егілетін аймақтарда олардың қоздырғыштары қыстап шығады. Осы себептен де ерте көктемде, өсімдіктердің өсуі басталысымен күздік егісте аурудың бар-жоғын мұқият анықтаған жөн. Бұл кезде ол өте сирек кездесетіндіктен зертханада 1000-ға жуық жиналған жапырақтар тексеріледі. Таттың бірнеше түрі кездессе, олар жеке-жеке есепке алынып, аурудың таралу мөлшері анықталады. Сонымен қатар,сабақ және жапырақ таттарының қоздырғыштары аралық ие-өсімдіктерде дамып, одан астық тұқымдас шөптерге таралуы мүмкін. Осыған байланысты бөрі қарақат пен маралотын және т.б. олардың спермогония және эция сатылары дамуы, инфекцияның астық тұқымдас шөптерде таралуы анықталады.
Қазақстан аумағына тат ауруларының инфекциясы көбінесе ауа толқыны арқылы басқа аймақтардан таралады, осыны ескере отырып олардың спораларының ауада бар-жоғы және мөлшері анықталады. Бұл үшін ПСЛ-71, ЭСЛ сияқты құралдар, тіпті олар болмаған жағдайда зат әйнегі орнатылғн флюгер қолданылады. Өткен ғасырдың 80- жылдары ұшаққа орнатылған арнайы қондырғылар арқылы тат аурулары спораларының жерге жақын ауа қабатында бар-жоғы, тасымалдану бағыты, мөлшері анықталған еді. Жаңбыр тамшыларында споралардың бар-жоғын анықтау үшін арнайы сүзгісі бар қарапайым құрал пайдаланылады. Ауада тат саңырауқұлақтарының споралары байқалған мерзімнен бастап, алдағы бір-екі аптаның ауа -райы ерекшеліктерін ескере отырып, егісте аурудың бірінші белгілері қай уақытта байқалатынын есептеуге болады. Өсімдік ауруларының эпифитотия дәрежесіне дейін дамуы, көбінесе споралардың мөлшеріне немесе қорына байланысты. Инфекция мөлшері аурудың таралуына жеткілікті және өніп, өсімдікті залалдауына ауа райы қолайлы болса, егісті фунгицидпен бүрку жөнінде ұсыныс беріледі. Қосымша оның инкубациялық мерзімін немесе өсімдіктің алғашқы залалданған уақытынан сырт белгілері байқалғанға дейінгі мерзімнің ұзақтығын білген жөн. Ол көбінесе ауаның температурасына және егілетін сорттардың ауруға бейімділігіне тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет