Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Дәнді дақылдардың тұқым арқылы таралатын аурулары



бет151/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Дәнді дақылдардың тұқым арқылы таралатын аурулары. Қаракүйе аурула-рының егісте таралу мөлшерін болжау үшін төмендегі ақпараттар қажет:
► әр дақыл бойынша тексерілген және ауру байқалған егіс көлемдері (га) және ауруға шалдыққан масақтар саны (%);
өнімнің шығыны, %;
► қатты немесе жабық қаракүйе аурулары үшін тұқым өніп, жер бетіне шыққанға дейінгі топырақтың беткі қабатының (5-7 см ) орташа температурасы;
►бидай мен арпаның тозаңды қаракүйе үшін гүлдеу кезеңіндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасы;
► тұқымның қатты немесе жабық қаракүйе спораларымен тозаңдану мөлшері;
►бидай мен арпа тұқымының тозаңды қаракүйе қоздырғышының мицелийімен залалдануы жайлы гистологиялық зерттеу нәтижелері;
► тұқымныңдәріленуі, қолданылған препараттың мөлшері ментиімділігі.
Дәнді дақылдар сорттарының қатты немесе жабық қаракүйеге шалдығуымен тұқымның олардың спораларымен тозаңдануы арасында байланыс бар. Мәселен, тарының жабық қаракүйеге шалдығуы мен тұқымның споралану мөлшері арасында корреляциялық байланыс өтежоғары(ґ=0,64- 0,97±0,13).Сонымен қатар, өсімдіктердің ауруға шалдығу мөлшеріне тұқым себілгеннен өскіндердің өніп шығу кезеңіндегі 5-7 см тереңдіктегі топырақ температурасы мен өсімдіктер шашақтанғанға дейін түскен ылғал мөлшері әсер етеді. Аталған байланыстар төмендегі теңдеу арқылы сипатталады:
У = 0,00187Х1–2,4Х2+0,12Х3+1,15
У – тары шашақтарының қаракүйеге шалдығуы, %
Х1- тұқымның телиоспоралармен тозаңдану мөлшері, дана
Х2 – тұқым себілгеннен өскін шыққанға дейінгі орташа температура, 0С
Х3 – тұқым себілгеннен тары шашақ жайғанға дейінгі түскен ылғал мөлшері, мм.
Ресей ғалымдарының деректері бойынша Батыс Сібір мен Алтай өлкесінде бидай егістерінде тозаңды қаракүйенің таралуы шілде айының орташа температурасы мен маусым айында 5 мм-ден аса ылғал түскен тәулік санына тығыз байланысты (ґ= 0,77±0,21). Ол төменде келтірілген теңдеу арқылы сипатталады:
У= - 0,334- 0,0002Х1 + 0,022Х2 ± 0,04
Х1 –шілде айындағы ауаның орташажоғарғы температурасы 0С;
Х2 – маусым айында 5 мм-ден артық ылғал түскен күндер саны.



11- сурет – Тұқымның споралану мөлшеріне байланысты тарының қаракүйеге шалдығуы


Қазақстанның әр түрлі табиғат аймақтарында дәнді дақылдар тұқымының гельминтоспориозжәне альтернариоз ауруларына шалдығуы, оның толысып пісу кезеңіндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығына байланысты. Бұлардың арасында қанағаттанарлықтай корреляциялық байланыс бар (r=0,40- 0,46±0,29), ол төменде келтірілген регрессия теңдеуімен сипатталады:
У = 0,25Х + 8,0±5,0
Х – дән байланып, толысу кезеңіндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (%).
Республиканың батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде тарының меланоз ауруына шалдығуы дән байланып -пісетін кезеңдегі немесе шілденің үшінші онкүндігі мен тамыз айының гидротермиялық коэффициентіне тығыз байланысты. Осы мерзімде ГТК көрсеткіші 0,2–0,4 болса ауру мүлде байқалмайды, 0,5- 0,6 аралығында кеселге шалдыққан дән мөлшері 0,5-1,5%, 0,75 –1,2 аралығында - 3-5% жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет