Октябрь орта мектебі



Дата25.08.2017
өлшемі163,63 Kb.
#27691
түріСабақ
Кожахметова Акжибек Мырзалиевна 

Қарасу ауданы әкімдігінің білім бөлімі

"Октябрь орта мектебі" ММ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Киіз үй тақырыбына сабақ жоспары



Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

dinara_kozh@mail.ru

Күні: 19 қараша 2014 жыл.

Сынып: 9 «Б».

Тақырып: Киіз үй.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Модуль бойынша оқушылардың киіз үй тақырыбы туралы сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу. 
Тәрбиелік. Қазақ халқының тарихын, рухани-мәдени байлығын және тұрмысын білу, ізгі құндылықтары мен қасиеттерін тануға баулу. 
Дамытушылық. Алдын ала зерттелген материалды қорытындылау, нәтиже шығару. Сөздік қорын байытып, сөйлеу дағдыларын дамыту. 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру,
Сабақта қамтылатын модульдер: сын тұрғысынан оқыту, ОүБ және ОБ, АКТ қолдану, талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Стратегиялар: «Зат арқылы ауызша сөйлеуді грамматикамен байланыстыру», «Ой қозғау», «Венн диаграммасы», «Мәтін құрастыру», Сергіту сәті,«Жұптастыру», рефлексия, бағалау.
Көрнекілік: шағын жасанды киіз үй, интерактивті тақта, бейнематериал, үлестірмелі тапсырмалар, стикерлер.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу.
2.Үй тапсырмасын тексеру: сәлемдеме, сәлем айту туралы әңгімелеп айту. 
3. Жаңа тақырып: «Киіз үй» 
Оқушыларды сабаққа дайындау. 2 топқа бөлу. 
1 топ - «Кереге» тобы. 
Ұраны: «Кереген кең болсын, терезеңмен тең болсын!» 
2 топ -«Шаңырақ» тобы. 
Ұраны:«Шаңырағын биік болсын, босағанмен берік болсын!» 

Топтарға шағын киіз үй беріледі, «Зат арқылы ауызша сөйлеуді грамматикамен байланыстыру» тапсырмасын орындау. Киіз үйдің жан-жағына: кім? не? Қандай? Қалай? Қайда? Не істеді? Қашан? т.б. сұрақтар қойылады. Әр топосы сұрақтарға жауап беру арқылы киіз үй туралы шағын ақпарат жазады. Топтарды тыңдап болғаннан кейін киіз үй туралы интерактивті тақтадан бейнекөрнекілік көрсетіледі.



Қазақы киіз үйлер түрлері: 
1.Қара үй /3 қанат/ 
2.Қоңыр үй /4 қанат/ 
3.Боз үй /5 қанат/ 
4.Ақ үй/6 қанат/ 
5.Ақ ала орда /8 қанат/ 
6.Ақ орда /12 қанат/ 
7.Ақ шаңқан /18 қанат/ 
8.Алтын үзік /24 қанат/ 
9.Алтынорда /30қанат/

1-топтың тапсырмасы: 81-беттегі 3-тапсырма. Мәтінді оқып? Оқулықтағы сурет бойынша жұмыс жасау. Мәтінде кездескен сөздік сөздерін жазып, олармен мысал келтіру.

 2-топтың тапсырмасы: 82-беттегі 7-тапсырма. С.Мұқановтың пікірін оқып, кездескен этноатауларға сипаттама беру.

Топтар бір-бірін тыңдайды.

82-беттегі 4-тапсырма тақтада орындалады. Сөйлемдерге сұрақтар құрап жазу.

  1. Киіз үй дегеніміз не?

  2. Оны қай халық пайдаланған?

  3. Қазақ халқы киіз үйді қалай дәріптейді?

  4. Қазақ халқы киіз үйге қандай сипаттама берген?

 
Қазақ халқы киіз үйге байланысты көптеген ойлы ұғымдар, қанатты сөздер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, тыйым сөздер шығарған.

Мысалы: ұғымдар: «Шаңырақ көтерді» /үйленді/, «Түндігі кеш ашылатын келін» /келіні жалқау дегенді білдіреді/. 
ақ бата: «Түндігің түтінді болсын!» 
2/ Үй жұмысын тексеру кезеңі:  1 – тапсырма.
«Киіз үй» тақырыбына байланысты тыйым сөздерді іздеп, мағынасын ашып, түсіңдіріңдер. Қазақ халқында тыйым сөздер көп. Олар арқылы балаларына тәлім-тәрбие берілген. Оларды есте сақтап жүріңдер: 
1. Керегені керме 
2. Табалдырықта тұрма / босағадан атап өту керек екен / 
3. Есікті теппе /үйдің есігін, үйді, малды тебуге болмайды/ 
4. Үйге жүгірме /үйге қарай аяндап жүру керек/ 
5. Үйді айналма /жаман іс болғанын білдіреді/ 
6. Үйде ысқырма /ақша болмайды дейді, жаман болады дейді/ 
7. Есікті қатты жаппа /үйдің есігін абайлап жабу керек/ 
8. Бақаннан аттама 
9. Басыңды босағаға беріп ұйықтама /басын төрге қарай беріп ұйықтама/ 
10.Ауылға атпен шауып келме./Суық хабардың белгісі демеу үшін/ 

Сергіту сәті/өздріне жасату/. 
«Киіз үй» тақырыбына алдын ала материал жинадық, таныстық. 
2- тапсырма. «Киіз үй» тақырыбына қатысты тірек сөздерді бағдарсызыққа орналастырып жазыңдар. Киіз үйдің бөлшектері туралы тірек сөздерді қолдана отырып, шағын мәтін құрастырыңдар. 
1-топ
киіз үй шаңырақ 

2-топ 
босаға кереге, уық 
Мақсаты: 1.тақырыптағы ең керекті дегенін жазып алады 
2.тақырыпты тез меңгеруге қолайлы 
3.сызыбаға қарап сөйлем, мәтін құрастыруға болады 
Шаңырақ /-тың / маңызы зор 
-үй,әулет,отбасы деген мағынада айтылады 
-ерекше бөлігі 
/ -ты/ «Қара шаңырақ» деп атайды 
/ -ты/ жаңартпайды 
/ -ты/ ер адам көтереді. 
Кереге- тігу оңай емес 
-биіктігі 2 метрдей 
-3,4,5,6,8,12,18,24,30 қанатты болады 
- 30 қанат хан ордасы 
/-нің/ әр бөлігін «қанат» деп атайды. 
Босаға-ерекше бөлшегі 
-маңдайшадан тұрады 
-табалдырықтан тұрады 
-екі жақтағы ағашты «таяныш» дейді 
-сықырлауық-есік орнатылады. 
Уықты - шаңыраққа шаншады 
-керегеге баумен байлайды. 
Киіз/-дің/ 4 түрі бар 
- туырлық,үзік,түндік,киіз есік 
- туырлықпен керегені жабады 
- үзікпен уықты жабады 
- түндікпен шаңырақты жабады. 

3- тапсырма. 
Киіз үйдің ішіне кірейік. Киіз үйдің іші неше бөлімге бөлінеді? 
1 топ- сол жақ пен оң жақты толтыру. 
2 топ- төр мен от орынын толтыру. 

Төр сол жақ оң жақ от орыны 

Бұл тапсырмаға осындай жауапты қолданады. 

Төр сол жақ оң жақ от орыны 
1.Мұнда жүк жиналады. 
2.Қонақтар орналасады. 
3.Бұл киіз үйдің жоғары, сыйлы орны. 
4.Жас кеіндер бұл жерде отырмайды.

1.Үй иесінің отыратын және жататын орны. 
2.Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады. 
3.Оны шимен жауып қояды. 1.Балалар орналасады. 
2.Босаға жаққа қарай 
ер-тұрмандар, киімдер ілінеді. 
1.Қасиетті орын болып саналады. 
2.Мұнда от жағылады. 
3.Қазан асылады. 
 
1 топ- сызбаны толтыру. 
Киіз үй 3 бөліктен құралады: 
1. 
2. 
3. 
Шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері. 

2 топ- сызбаны толтыру. 
Киіз үйдің түрлерін атау. 

4- тапсырма. Берілген жаңылтпаштарды тез, шапшаң және дұрыс оқыңдар. 

1 топ- жаңылтпаштарды тез, шапшаң және дұрыс оқу. 
Бір қыз кесте тікті, 
Кестені түсте тікті, 
Кешке тікті 
Құрақ құрап көкөтеді, 
Қырық құрақ көрпе көктеді. 

2 топ- жаңылтпаштарды тез, шапшаң және дұрыс оқу. 
Ала-ала алашалар, 
Тамаша олар. 
Оған кім таласа алар, 
Алашаларды, 
Таба алса алар. 

5- тапсырма. Сөздерді жұптастырыңдар 
1 топ-сөздерді жұптастырыңдар 
қабырғасын оң қанат 
төбесін сықырлауық 
Киіз үйдің дейді 
есігін кереге 
оң босағасын шаңырақ 

2 топ -сөздерді жұптастырыңдар. 
керегесін жабатынды қанат 
төбесін жабатынды сол қанат 

Киіз үйдің дейді 
сол босағасын туырлық 
жиналған керегесін түндік 

Бекіту. 
6 –тапсырма. 
Сабақты бекіту үшін «Венн» диаграммасын қолдану. 
«Киіз үй» мен «Қазіргі кездегі үйлермен» салыстыру. Оның айырмашылыға мен ұқсастығын табыңдар. 
«Киіз үй» «Қазіргі кездегі үйлер» 
«Киіз үйдің» айырмашылығы: 
«Қазіргі үйдің» айырмашылығы: 
Ұқсастығы: 
Қорытындылау: 
Сабақты қазақ халқының мақал-мәтелдерімен аяқтағым келеді. 
«Қазан қайнап тұрса ақыл сайрап тұрады» 
«Асы бар аяқ әдемі» 
«Құр аяққа бата жүрмес» 
«Кісі кірмеген үй көрмен тең, ішілмеген ас умен тең» 
«Қайтып кірер есікті қатты жппа» 
«Көппен қарай көсел» 
«Өз үйінде ою оймаған, кісі үйінде сызу сызады» 
«Жаман өз үйіне қонақ» 
«Жақсы бала атасын төрге сүйрейді, жаман бала көрге сүйрейді» 
«Үйлерін толы бақыт пен береке болсын!» 

Бағалау. 
Үй тапсырмасы: «Ұлттық киімдер» туралы материал жинау, сызба, мазмұнын айту. 

Бағалау парағы 
р/с тапсырмалар «кереге» тобы «5» баллмен 
бағалау «шаңырақ» тобы «5» баллмен бағалау 
1. Таныстыру 
2. Үй тапсырмасы. 
Тақырыпқа байланысты тыйым сөздерді табу,іздену жұмысы 
3. Киіз үйдің бөлшектерімен таныстыру. Мұғалімнің берілген тапсырмасын сурет, сызба бойынша қысқа-нұсқа жеткізу / Киіз үй, шаңырақ, кереге, босаға туралы / 
4. Киіз үйді сурет бойынша тігу. Оны орын-орындарына дұрыс қою. 
5. Киіз үйдің ішкі бөлімі /төр, оң жақ, сол жақ, от орны / 
6. 1 танымдық тапсырманы орындау. 
7. «Тілді шынықтыру» 
Киіз үйге байланысты жаңылтпаштарды тез айту. 
8. Сөйлемнің дұрыс -бұрысын анықтау. 
9. Сөздерді сөйлем арқылы жұптастыру. 
10. Сөздерден сөйлем құрастыру 
11. «Венн» диаграммасын қолдану. Салыстыра отырып, айырмашылығы мен ұқсастығын табу. 
12 Қорытындылау. Нәтиже шығару.

1 топ - «Кереге» тобы. 
Ұраны: «Кереген кең болсын, терезеңмен тең болсын!» 

2 топ -«Шаңырақ» тобы. 
Ұраны:«Шаңырағын биік болсын, босағанмен берік болсын!» 

1-топ 
1. Керегені керме 
2. Табалдырықта тұрма / босағадан атап өту керек екен / 
3. Есікті теппе /үйдің есігін, үйді, малды тебуге болмайды/ 
4. Үйге жүгірме /үйге қарай аяндап жүру керек/ 
5. Үйді айналма /жаман іс болғанын білдіреді/ 

2-топ 
6. Үйде ысқырма /ақша болмайды дейді, жаман болады дейді/ 
7. Есікті қатты жаппа /үйдің есігін абайлап жабу керек/ 
8. Бақаннан аттама 
9. Басыңды босағаға беріп ұйықтама /басын төрге қарай беріп ұйықтама/ 
10.Ауылға атпен шауып келме./Суық хабардың белгісі демеу үшін/ 

9- тапсырма.Сөйлемдерді дұрыстап құрастырыңдар. 
1-топ 
1. халқымыз/ жартысында / балшықтан/ сала бастады. /екінші/ 
/ шымнан /қыстық үй / 18 ғасырдың / ғана/ 
__________________________________________ . 
2. орын / қазақтардың / қолөнер / ерекше / алған. / тұрмысында / 
__________________________________________ . 
3. қаңқасын / қару-жарақтар /жасаған./ еркектер 
жиҺаздарын, / киіз үйдің/ _________________________________________ . 
2-топ 
4 . ши тоқып, / әйелдер,/ кілем, / киім тіккен, / киіз басып/ 
__________________________________________ . 
5. зергерлер / алтыннан / бұйымдар / күміс / пен / әшекей / соқты./ 
__________________________________________ . 
6. киіз үй / соққан/ дауылдан / жаңбырдың/ нөсерлеп / жауған / 
өткізбейді / қатты /жығылмайды, / суын/ 
_________________________________________ . 

Киіз үйдің ішкі бейнесі, тыйым сөздер, бата сөздер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет