«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


 Топырақтың фазалық қҧрамы мен топырақ қҧнарлығы



Pdf көрінісі
бет11/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
 
1.5 Топырақтың фазалық қҧрамы мен топырақ қҧнарлығы 
Қҧнарлық дегеніміз–топырақтың ерекше қасиеті, яғни оның ӛсімдікті 
органикалық және минералдық қоректендіру қабілеті, оның суға, ауаға, жылуға 
тҧтынушылығын қанағаттандыру. Қҧнарлық топырақтың физикалық және 
химиялық қасиеттеріне және оның қҧрамына байланысты. Топырақ 


қҧнарлығының маңызды кӛрсеткіш деңгейлерінің бірі – топырақтағы қарашірік 
мӛлшері және гумус қабатының қалыңдығы.
Топырақтар бір-бірінен ӛзінің қҧнарлық деңгейімен ерекшеленеді, яғни 
ӛсімдікті керекті қоректік заттармен және су, ауа, жылу тәртібімен қамтамасыз 
етеді. Ӛте қҧнарлы топырақ қаратопырақ болып саналады, ал ең қҧнарсыз - 
сортаң және сорлар.
Кӛптеген зерттеушілердің (В.В.Докучаев т.б.) мәліметтері бойынша 
табиғи жағдайда 1см топырақ қабатындағы қҧнарлықты қалпына келтіру ҥшін 
500 жыл керек екен, сондықтан топырақ қарашірігін сақтау қоғамдағы 
адамдардың денсаулығымен тікелей байланысты, яғни біздің ағзамызға керекті 
қоректік элементтер мен витаминдердің барлығы осы топырақ гумусында 
шоғырландырылған.
Топырақ қҧнарлығының мынадай категориялары болады:
1.
Табиғи қҧнарлық–адам әрекетінсіз. 
2.
Жасанды–мелиорациялау, тыңайту, яғни адам әрекеті. 
3.
Экономикалық–жерден алынған ӛнімді қаржылай бғалау. 
Топырақтың қҧнарына әсер ететін факторларды тӛменгі топтарға 
ажыратуға болды: 
1.
Топырақтың физикалық қасиеттері дегеніміз – оның суға тӛзгіш 
қҧрылымы, ауа ӛткізгіш кеуектілігі, ылғалды жақсы сіңіріп, ҧстап тҧра алатын 
қабілеті, ӛңдеуге қолайлы механикалық қасиеттері.
2.
Топырақтың химиялық және физико-химиялық қасиеттері дегеніміз
қарашіріндінің молдығы, ӛсімдіктерге сіңімді азот, фосфор, калий және 
микроэлементтердің 
жеткіліктілігі, 
топырақ 
ортасы 
реакциясының 
бейтараптылығы, топырақ сіңіру кешенінің кальций катионына қанық болуы, 
топырақтың 
ауамен 
қамтамасыз 
етіліп, 
оның 
тотығу-тотықсыздану 
мҥмкіндігіні, зиянды тҧздардың суда неғҧрлым аз еруі немесе аз болуы.
3.
Топырақтың биологиялық қасиеттері дегеніміз – микробиологиялық 
белсенділіктің жоғарылығы, ауадан азот жинаушы микроорганизмдердің
биологиялық белсенді ферменттерді шығаратын микроорганизмдердің, топырақ 
қҧрылымына және оны қопсытуға әсер ететін жәндіктердің болуы.
4.
Бҥкіл ӛсімдіктердің ӛсіп-ӛну кезінде гидротермикалық режимнің болуы, 
яғни ӛсімдіктерді қажетті ылғал мен жылумен қамтамасыз ету.
Осы кӛрсеткіштердің қосындысы топырақтың қҧнарлығын анықтайды. Кӛп 
жағдайда топырақ қҧнарлығы табиғи жағдайдың ӛзінде-ақ қамтамасыз етілген. 
Алайда топырақтың әр тҥрлі табиғи аймақтарда орналасуына қарай олардың 
жоғарыда келтірілген топырақ қҧнарына әсер ететін қасиеттері әр тҥрлі. 
Мәселен, бір аймақтарда ылғал жетіспейтін болса, керісінше басқа жерде кҥн 
сәулесі тапшы. Ал кейбір аймақтарда топырақ қҧрамындағы зиянды тҧздар 
қосындысы тым мол. Осы жағдайларға байланысты әр тҥрлі табиғи аймақтарда
топырақ қҧнарлылығының әр тҥрлілігі - заңды қҧбылыс. Табиғи кҥйінде кейбір 
топырақтар ӛзінің ӛте жоғарғы қҧнарлық кӛрсеткішімен кӛзге тҥседі. Мҧндай 


топырақтар қатарына В.В.Докучаев ―топырақ патшасы‖ деп атаған қара 
топырақтар жатады. Топырақтың табиғи қҧнарлығының ӛлшеміне: оның 
биологиялық ӛнімділігінің деңгейі, яғни белгілі бір ӛлшемдегі жерден алынған 
ӛсімдіктер ӛнімі, кӛлемі есептелінеді. Бҧл кӛрсеткіштер ӛсімдіктердің әр тҥрлі 
табиғи жағдайларда ӛніп-ӛсуіне байланысты әр тҥрлі. Олардың ӛнімдері 
гектарынан ондаған центнерден бастап жҥздеген, мыңдаған центнерге жетеді. 
Бҧл ӛнім топырақтардың табиғи немесе мҥмкіндік қҧнарлығы жағдайында 
алынған ӛнімдер. Топырақтың табиғи кҥйіндегі қҧнарлығымен қатар оның 
тиімділік немесе экономикалық қҧнарлығы болады. Топырақ қҧнарлығы адам 
қоғамының белсенді араласуының нәтижесінде іске асады. Игерілген 
топырақтар бҧрынғы табиғи дене ғана емес, бҧл енді адам қоғамының ӛндіргіш 
кҥші арқылы ӛзгерген денеге айналады. Осыған байланысты топырақтардың 
табиғи қҧнарлығы деген тҥсінік орнына енді адам әрекетіне байланысты 
ӛзгерген тиімділік немесе экономикалық қҧнарлылық тҥсінігі пайда 
болады.Топырақ қҧнарлығына әсер ететін жағдайдың бірі – оның эрозияға 
ҧшырауы. Бҧл ғасырлар бойы тҥзіліп, жиналған топырақтың қҧнарлы беткі 
қабатының қатты соққан жел дауылдың әсерлерінен немесе қатты нӛсерлетіп 
жауған жаңбырдан, тез еріген қардан, кей жағдайларда суармалы егістік 
жерлерді суару кезінде суды мӛлшерден артық жіберудің нәтижелерінде 
жуылып-шайылуынан болады. Әлемде топырақтың жел эрозиясына да, су 
эрозиясына да ҧшыраған алқаптар аз емес. Сондықтан да табиғаттың бҧл 
апатымен кҥресу жолдары топырақтанудың бір саласы.
Әлемдегі ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде, әсіресе ӛндірістің 
қарышты дамуынан табиғатқа, оның ішінде топырақ қҧнарына зиянды әсері де 
толып жатыр. Соның ішіндегі ең негізгілері жер қойнауының әр тҥрлі 
тереңдігінде жатқан қазба байлықтарды барлап, қазып алу және оларды байыту 
кезінде қҧнарлы топырақ қабаттары бҧзылып, жер бетіне жер астындағы 
қҧнарсыз тау жыныстары шығып кӛптеген жерлер қҧнарсызданады. Оған қоса 
кӛптеген зауыт-фабрикалар мен жылу электростанциялардан шығатын кҥл–
қоқыстармен ластанып, қҧнарларынан айырылатын жерлер баршылық.Осындай 
жерлеріміздің қҧнарын қайта қалпына келтіруді қайта культивациялау 
(рекультивация земель) деп атайды. Қазіргі кезде топырақтың дағдарысы 
кӛптеген факторларға байланысты кӛптеген кҥйзеліске ҧшырауда. Оны 
топырақ деградациясы деп атайды, бҧл қҧбылыс кӛбінесе жерді білімсіз 
пайдаланудан болатын нәтиже. Негізінен топырақ деградациясы дегеніміз оның 
қасиетінің жылдар бойы білінбей, біріндеп нашарлауы (ағза ауруы сияқты), ал 
мҧндай дағдарыс топырақтағы қарашіріктің азаюына әкеліп соғады. Мҧндай 
нәтиже – адамзаттың жер шаруашылық әрекетін сауатты атқармауының 
салдары. Танаптардан негізгі (дән, тамыржемістілер, кӛкӛністер, техникалық 
дақылдар т.б.) және қосымша ӛнімдерді (жапырақтар, сабандар, сабақтар-ботва 
және т.б.) жинап адамзат биологиялық айналымдағы заттарды тҥгелдей немесе 
жартылай бҧзады да топырақтың ӛзін-ӛзі реттеу қабілеті тӛмендейді, яғни оның 
қҧнарлығы азаяды. Осы ҥрдістер тҥбінде керексіз дағдарысқа әкеліп соғады да, 
гумустың жоғалуы дегумификацияға әкеліп соғады. Әуелі топырақтағы азғана 


гумустың азаюының ӛзі дағдарыс әсерінен топырақ қҧнарлығының тӛмендеуіне 
әкеліп топырақтың экологиялық қасиетін атқару мҥмкіншілігі жойылып, ол 
деградацияға ҧшырайды, яғни оның физикалық қасиеті нашарлайды.
Кӛптеген топырақтың жоғарғы қабаты қоңыр немесе қара қоңыр тҥсті 
болып келеді, ал бҧл олардың қарашірігі (гумус) болып табылады. Табиғи 
жағдайда қандай да болмасын топырақтың қҧрамына ӛсімдіктер мен жануарлар 
қалдықтары кіріп, ондағы ӛтіп жатқан процестерге қатысады. Олардың 
қалдықтарының кейбір бӛлігі толық минералданатын болса, басқа бӛлігі 
қайтадан топырақтың органикалық заттарының жаңа тҥрін – қарашірікті 
(гумусты) қҧрайды. Топырақ қарашірігі негізінен ӛсімдіктердің және 
топырақты мекендейтін микроорганизмдер мен жәндіктер қалдықтарының 
қоспасынан тҧрады. Қарашіріктің тҥзілуіне жергілікті жерлердің климат 
ерекшеліктері, топырақ микроорганизмдері, адамдар әрекеті де ҥлкен әсер 
етеді. Органикалық заттардың шіріуінде микроорганизмдер – бактериялар
саңырауқҧлақтар, актиномицеттер, балдырлар ҥлкен роль атқарады.
Тҥрлі топырақта қарашірік мӛлшері де тҥрліше болады. Кейбір топырақта 
оның мӛлшері топырақ салмағының жҥзден бір бӛлігіндей (1 % шамасында) 
болса, екінші біреулерінде оннан бір бӛлігіндей (10 % шамасында), кейде одан 
да кӛбірек болады. Мысалы, еліміздің европалық бӛлігінің аса қҧнарлы қара 
топырағының қарашірік мӛлшері 12-13 % дейін жетеді, ал Орта Азия мен 
Қазақстан жерінің кейбір сҧр топырағында оның мӛлшері 0,6-0,8 %-дан 
аспайды.Топырақ қарашірігінің қоректік маңызы зор. Ӛсімдіктер ӛсіп-ӛну 
барысында топырақтан сумен бірге қоректік заттарды алады, ал бҧл қоректік 
заттардың негізгі қоры осы қарашірік болып табылады. Агротехникалық 
шаралар дҧрыс қолданылып, сапалы ӛңделген топырақтарда қарашірік қоры 
кӛпке 
дейін 
таусылмайды, 
қайта 
ол 
ӛсімдіктердің, 
жәндіктердің 
қалдықтарының шіріуінен және ыдырауынан жылма-жыл толығып отырады. 
Кейбір шіру ҥрдістері тек аэробты немесе анаэробты жағдайда жҥреді. Мысалы, 
нитрификация ҥрдісі аэробты бактериялар қатысуымен ӛтеді, соның 
нәтижесінде топырақта азот қышқылының тҧздары қҧралады.
Денитрификация ҥрдісі нитрификацияға қарама-қарсы жҥреді. Оның 
негізі – анаэробты бактериялардың азот қышқылының тҧздарынан оттегін 
тартып алып бос азотты шығаруында, оны одан әрі аммиакқа айналдыруында. 
Сондықтан бҧл ҥрдіс ауасыз жағдайда ӛтеді, оған анаэробты бактериялар 
қатысады. Егіншілікке керек топырақ қҧнарлылығының кӛрсеткіші – топырақта 
нитрификацияның басым болуы; ӛйткені нитрат тҧздары ӛсімдіктердің қорек 
заттарының ең бастысы болып саналады. Денитрификация – сол тҧздарды 
ыдыратып, бос азоттың пайда болуы, ал бос азот ауаға араласып, ӛсімдікке 
бҧйырмайды. Сондықтан бҧл процестің ӛсімдікке пайдасы жоқ. Азот 
ауадан 
тікелей топыраққа келуі мҥмкін, оны азото-бактериялар, бҧршақ ӛсімдіктерінің 
тамырында ӛмір сҥретін тҥйнекті бактериялар тҧрады.Шірінді заттар ӛздерінің 
ыдырауы мен минералдануы арқылы топырақтағы ӛсімдіктерге керек 
заттардың қорын толықтырып отырады. Шірінділер топырақтың сулы, азотты, 
қоректік заттарды сіңіру қабілетін арттырып, оларды топырақтың тӛменгі 


қабатында шайылып кетуден сақтайды. Шірінділер топырақ қҧрамының 
тҥйіртпектенуін, тҥйірге байланысуын жоғалтады, топырақ қабатында ауаның 
алмасуын жақсартады, соған байланысты топырақта қолайлы (оптималды) су 
режимі жасалады, ылғалды буға айналуын сақтайды, топырақтың су сіңіру, су 
ӛткізу қабілетін кӛтереді. Топырақ тҥйірлерінің ӛзара байланысын нығайтып, 
қҧм тҥйіршіктерін байланыстырып, оның физикалық-механикалық қасиеттерін 
жақсартады. Шірінділер топырақтың жылу тәртібін жақсартып, топырақ 
температурасының қҧбылысын бәсеңдетеді.Шірінді заттар ӛсімдіктердің жалпы 
дамуына, тамырларының ӛсуіне қолайлы әсер етеді.
Топырақтың ең негізгі пайдалы қасиеті – оның қҧнарлылығы болып 
табылады, тек қҧнарлы топырақтарда егілген дақылдардан ғана мол да сапалы 
ӛнім алуға болады. Қҧнарлы топырақта қоректік заттар кӛп болады, оның су, 
ауа, микробиологиялық тәртіптері бір қалыпты, топырақ реакциясы орташа 
және механикалық қҧрамы жақсы болады. Барлық агротехникалық шаралар 
дҧрыс және дер кезінде жҥргізілсе, мәдени топырақ қҧнарлылығының 
кемімеуін қамтамасыз етуге әбден болады. 
Топырақ - кҥрделі дене, ол бірнеше фазалардан тҧрады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет